Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154201

«ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК кәсіпорны қызметінің сапасын арттырудағы өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің рөлі (ғылыми жұмыс)

СОДЕРЖАНИЕ
«ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК кәсіпорны қызметінің сапасын арттырудағы өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің рөлі (ғылыми жұмыс)
1 Қазақстандық Гидрометеорологиялық орталық туралы жалпы теориялық аспекті 1.1 Гидрометеорологиялық орталықтың қызметі туралы жалпы түсінік
2 Қазгидромет станцияларынының қызметі
2.1 «Қазгидромет» РМК-ны метрологиялық қамтамасыз ету
2.2 Шет ел гидрометеорологиялық жағдайды зерттеу ерекшеліктері
2.3 «Қазгидромет» РМК-да метеорологиялық бақылауларды ұйымдастырудағы метрологияның рөлі
2.4 Метеорологиялық бақылау орны
2.5 Метеорологиялық бақылаулар жүргізу тәртібі мен мерзімдері
3 «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ метеорологиялық жабдықтарды техникалық пайдалану 3.1 Тараз қаласы метеостанциясына жалпы сипаттама
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған дереккөздер тізімі:
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ

Тақырыбы:«ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК КӘСІПОРНЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ  ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ РӨЛІ

Мазмұны

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Өлшеулер - адамзаттың табиғатты түсінуінің ең маңызды жолдарының бірі болып табылады. Қандай да болмасын  тәжірибелік жұмыс жүргізу аумағында  әрекеттер өлшеусіз жүзеге асырылмайды. Кез келген басқа елдердегідей, Қазақстан Республикасында өлшем құралдары адам қызметтерінің барлық саласында қолданылады. Танымал кеңестік метеорология, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Николай Багров ( 2008ж қайтыс болған) атмосфералық процестерді физикалық және статистикалық сипаттамасы негізінде ауа райы болжау саласындағы жаңа бағыт жасай отырып, гидрометеорология саласында ауа-райы зерттеу жұмыстарын жүргізуде метрологиялық өлшеу- құралдарының рөлін анықтап, қажетті дәлдіктерді алып өлшеу жұмыстарын жүргізу метрологияның қызметі болып табылатынын дәлелдеп берген.

Н.И. Тюриннің «Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету » кітабында «өлшеу қандай болсын мұқияттылықпен өткізілгенімен, дұрыс нәтижеге жету үшін метрологиялық өлшеу-құралдарының маңыздылығы орасан зор» екендігі айтылған. Сол себепте гидрометеорологиялық станцияларда өлшеу, зерттеу жұмыстарын жүргізіп дұрыс нәтижеге ие болу үшін метрологиялық өлшеу-құралдарының рөлі үлкен.

Гидрометеорологиялық станциялардағы метрологиялық өлшеу - құралдарының рөлі мен маңыздылығын анықтай отырып, Қазақстанның гидрометеорологиялық станцияларындағы өлшеу- құралдарын жаңарту ( модернизациялау) жұмыстарын ұйымдастыру керек.

Гидрометеорологиялық орталықтардың метрологиялық өлшеу-құралдарын жаңғырту жобасы бойынша 2030 бағдарламасын сәйкес «Росгидромет» алыс аймақтардағы, қол жетімсіз станцияларын ғана жаңа жабдықтармен жабдықтаған. 2030 жылға дейін бүкіл « Росгидромет» гидрометеорологиялық станцияларындағы метрологиялық өлшеу- құралдарын жаңғыту көзделіп отыр.

Соңғы онжылдықта Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде су тасқыны, жер сілкінісі, сел, қар көшкіні және де қатты жел секілді табиғи апаттар жиі орын алуда. Бұндай апаттар кезінде мемлекет үлкен шығынға, яғни адам шығыны және де экономикалық шығындарға ұшырамас үшін, табиғи апаттарды алдын алу мақсатында көптеген метеорологиялық бақылаулар жүргізіледі. Метеорологялық бақылаудан аз уақыт ішінде дұрыс нәтиже алу үшін метеорологиялық алаңдар мен зертханалар жаңа, ыңғайлы метрологялық өлшеу құралдарымен жабдықталуы керек. 10 жылдан астам уақыт бойы Қазгидромет метеостанцияларында метрологиялық өлшеу құралдарына қатысты ешқандай жаңғыртулар жасалынбаған, ал ол өз кезегінде  дамыған елдердің метеорологиялық қызметтерінен әлде қайда артта қалуының себепкері болады.

Тақырыптың мақсаты: Гидрометеорологиялық орталықтардың қызмет сапасын арттыруда өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің рөлін зерттеу.

Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

-гидрометеорологиялық орталықтың қызметі туралы теориялық зерттеулер жүргізу;

-Қазгидромет станцияларыныңың қызметтерін зерттеу;

-«Қазгидромет» РМК-ны метрологиялық қамтамасыз етілуін зерттеу;

-Шетелдік гидрометеорологиялық орталықтар қызметі және қолданылатын өлшеу құралдарының артықшылықтары туралы зерттеулер жүргізу;

-гидрометеорологиялық орталық қызметінде дәлдігі жоғары нәтижелелер алудың алғы жолдары туралы ұсыныстар жасау.

Зерттеу жұмысын орындау барысында төмендегідей әдістер қолданылды:

-«Қазгидромет» Жамбыл облысы филиялының метеорологиялық алаңындағы және экологияның ластануы мен табиғи апаттардың алдын алу жұмыстарын жүргізетін лабораториясындағы өлшеу құралдарымен танысып, теориялық зерттеу жұмысын жүргізу;

-Гидрометеорологиялық станцияларды метрологиялық қамтамасыз етуде шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, салыстыру жұмыстарын жүргізу.

Қазақстандағы гидрометеорологиялық орталықтардағы метрологиялық өлшеу құралдарын жаңарту қажет. Қазгидрометті модернизациялау арқылы Қазақстанның дамыған елдердің метеорологиялық зерттеу жұмыстарынан артта қалу мәселесі шешіледі.

 



 
21.06.2017 13:42