Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Добавляйте или присылайте работы на сайт и получайте призы!           >> Узнaть подробности...

Банк рефератов KZ

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ


154440

Сапа менеджмент жүйесін металлургия зауттарына енгiзу

КІРІСПЕ

1 “ТАРАЗ МЕТАЛЛУРГИЯ ЗАУЫТЫ” ЖШС туралы жалпы мәлімет

1.1 Тараз металлургиялық зауытының әлеуметтік саясаты

1.2 «Тараз металлургиялық зауыты» (ТМЗ) ЖШС-ның  ISO 14001 және OHSAS 18001  «Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны сақтау» стандартымен жұмыс жасауы

2 «ТАРАЗ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС-ІҢ САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

2.1 Сапа менеджменті жүйесін зауытқа енгізудің артықшылықтары

2.2 ТМЗ жшс ISO 9001 халықаралық стандартқа сәйкес менеджмент сапасының жүйесі

3 «ТАРАЗ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС ІШКІ АУДИТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САПА СТАНДАРТТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУІ

3.1 ТМЗ ЖШС ішкі аудит қызметі

3.2 ИСО-9001-2009 стандартын зауытқа енгізу арқылы сапа менеджменті жүйесін ұдайы жақсаруын қадағалау ішкі аудит міндеті

3.3 СМЖ стандарттарын ұдайы жаңарту арқылы тараз металлургиялық зауыты жшс-ың нарықтық экономикадағы өндірісінің дамуы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ

Мазмұны:

КІРІСПЕ

Сапа менеджментінің жүйесі -дүние жүзі мойындаған және кез-келген ұйымды басқару құрудың тиімді құралы болып табылады.. Бүгінгі таңда Сапа менеджменті жүйесін ИСО 9000:2000 сериялы халықаралық стандарттар талабына сәйкестендіріп жасау және сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сапа менеджменті жүйесі - сапаға қатысты басшылық және ұйым басқармасы үшін өзара байланысты және өзара әрекет ететін элементтердің жиынтығы.

Сапаны жалпы басқаруды жетілдіру және даму жүйесі әр ел үшін өте ерекше болып табылады, оған ұлттық ерекшеліктер, экономикалық заңнамалар өте қатты әсер етеді.

СМЖ- ИСО халықаралық ұйымының стандартарының формулаларымен жасалsнады.

СМЖ-ны құру үшін өнеркәсіп басшысының стратегиялық шешімі қажет, себебі бұл өнеркәсіпті басқаруда және жұмыстарды ұйымдастыруда маңызды ықпал етеді. СМЖ басқарушы жүйе, яғни бұл жүйені кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын менеджменті ішкі басқару тапсырмаларын шешуде қолданады. Ол сол кәсіпорынға сай ұйымдасу структурасы, әдістемесі, ресурсы және процесі болуы керек. СМЖ бұл басқа кәсіпорынға тәуелді емес және өзгеріске ұшырамайды. СМЖ кәсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі, ол сол кәсіпорында жасалнып, кәсіпорынның өз ішінде өсуі, дамуы керек. СМЖ жүйесін мұқият ойлап, жоспарлы түрде ұйымдасып дайындау керек.

СМЖ жүйесінің қазіргі таңдағы басты принципі тұрақты жақсару, сонымен қатар сапа негізіндегі басқаруға философиялық көзқарасы. Талаптардың орындалуының қабілеттілік әрекетінің жоғарлауының қайтымдылығы тұрғысында түсіндіріледі.

Жақсару әрекеті:

 

  • -Қалыптасқан жағдайды бағалау және анализдеу
  • -Жақсартудың мақсаты және анықтау сферасы
  • -Қойылған мақсатқа жету шешімін табу және оның ішінде оптималдысын таңдау
  • -Таңдалынған шешімді орындау
  • -Таңдалынған шешім орындағаннан кейін оны бағалау және анализдеу.
  • -Процесті және процедурадағы өзгерістерді әзірлеу

 

Бұл принциптерді іске асырудың басты объектісі болып барлық бөлек процестің жиынтығы болуы керек. Іске асыру жетістіктері басқа принципті қолдану болады. Ол сапа менеджменті жұмыскерлерді еліктіру. Олар үшін менеджмент өндірісінде барлық жағдайлар жасалнуы керек.

1 “ТАРАЗ МЕТАЛЛУРГИЯ ЗАУЫТЫ” ЖШС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Қазақстанның оңтүстік өңірінде қарқынды металлургиялық өнеркәсіп құру мақсатымен, 2006 жылдың аяғында «Орта Азия инвесторлық – консалтингілік компания» атты қазақстандық инвесторлар тобы, кезінде химия өнеркәсібінің алыбы есептелген «Химпром-2030» ЖШС-н химия өндірісін металлургия кәсібіне бейімдеп, қайта құруға бел байлаған болатын. Жаңа жоба Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан қолдау алып, «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС ел экономикасындағы алдыңғы қатарлы өндірістік- инвестициялық жобалар қатарына кірді. Бұл Қазақстан индустриясының даму тарихындағы жаңа кезеңін ашты.

Аталған инвестициялық жобаны игеру басында екі балқыту пештерін (№5, №6 пештері) қайта құру жұмыстары қолға алынды. Осының нәтижесінде 2007 жылдың шілде айында №5 пеш іске қосылды. 2007 жылдың аяғына таман, оған қоса, кенді-термикалық №6 пеш жаңғыртылып өндірісін бастады. Сонымен қатар, ферроқорытпалар өндіретін РКО-25 маркалы тағы екі пештің (№3, №4) құрылысы басталды. Бұл пештер атмосфераға тарайтын өндірістік зиянды қоқыстарын 97 пайызға дейін кемітетін газ тазарту жүйелерімен жабдықталған.

2011 жылы жаңа құрылған кенді-термикалық РКО-25 пештері іске қосылды. Сонымен бірге, қайта құрылған №5 және №6 пештерді әрмен қарай жаңғырту жұмыстары, РКО-25 маркалы тағы екі жаңа пештер құру бойынша жобалық жұмыстарға кірісу, оларды да қажетті газ тазартқыш жүйелермен жабдықтау және өндіріс телімдерінде күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу жоспарлануда.

Маркетингілік саясат тиімділігін ұйғастыру және Ресей Федерациясы кеңістігіндегі тұтынушылармен қарым-қатынастарды нығайту мақсатымен, астанасы Мәскеу қаласында «САТ» Сауда Орталығы ашылды. Бұл Ресей нарығынан сұраныс қоржынын толтыру мүмкіндігіне жол ашып отыр.

Жаңа пештердің іске қосылуы бәсеке қабілеттілігі жоғары сапалы өнім шығарумен қатар, жұмыс орындар санын көбейтуге және соның арқасында аймақтағы әлеуметтік мәселелерді шешуде қатысуға мүмкіндік ашады.

Инвесторлар келген кездегі дүние жүзілік дағдарыстың келеңсіз салдары мен кәсіпорынның қаржы таршылығына қарамастан, зауыт өндірісін қалыпты түрде сақтау мен жұмыс орындарын қалдыру ұжымның қолынан келді. Қазіргі таңда Тараз металлургиялық зауытында 1400-тан астам қызметкер жұмыс атқарады.

Біз шығарған өнімдердің сапалық дәрежесі мен ішкі және сыртқы нарықтардағы сұраныс көлемдері жағдайын зауыт өнімдерімен қамтамасыз етілетін географиялық бағыттар анық көрсетеді. Қазірдің өзінде ТМЗ қоржынында Ресей және ТМД елдерінің сұраныстары толық қалыптасқан.

Қызмет бағыттары:

-Құрыш легирлендіруге арналған шикізат өндіру;

-Келесі өнім қатарын шығару: ферросиликомарганец, марганецті лигатура, электродтық масса, ремонттық масса, қиыршық тас, фосфор өндірісінің шлак құмдары, электрокальциланған антрацит (термоантрацит)

Стратегиялық мақсаттары:

 

  • -Қазақстан металлургиялық өнеркәсібінің алып кәсіпорынына айналу;
  • -Нарықтағы нақты орынын бекіту;
  • -Қаржы салымдарынан түскен пайдасын арттыру;
  • -Өндіріс қарқынын қамтамасыз ету;
  • -Өнім сапасын көтеру;
  • -Өндірісте озат технологияларды ендіру;
  • -Зауыт қызметкерлерінің әл-ауқаты мен әлеуметтік жағадайларын қаматамасыз ету;

 

Тараз металлургиялық зауытының құндылықтары:

 

  • -Кәсіпорынның қаржылық тиімділігі;
  • -Әр қызметкерді бағалау;
  • -Байымды басқару стратегиясы;
  • -Зауыт дәстүрлерін дәріптеу;
  • -Зауыт белсенділігін арттыру;

 

«Тараз металлургия зауыты» ЖШС

Компания ТМД елдерінің нарықтық капиталдандыру мөлшері бойынша 30 ірі өнеркәсіптік холдингтер қатарына кіруге ұмтылады.  Осы мақсатқа жету барысында «SAT & Company» АҚ келесі мәселерді шешу қажет:

-Топтың қызмет әрекеттерін келешегі зор салалар - энергетика, металлургия, машина жасау мен тау-кен өндірісіне жұмылдыру;

-Жаңа кәсіпорындарды іске қосып, өндірістік қуаттарына шығару;

-Топ активтерінің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету, капиталдың сыртқы нарығына шығу және акциялардың бақыланбайтын пакеттерін сату арқылы оның капитализация мөлшерін арттыру.

Қазақстан экономикасының дамуын бәсеке қабілеттілігі жоғары өндірістер құру арқылы жетілдіріп, еліміздің әлеуметтік өркендеуіне ат салысу, қоршаған ортасын сақтап, табиғи байлықтарын барынша тиімді пайдаланады.

«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-і «Химпром» ЖШС-ң базасында құрылған, ферросиликомарганец өндіреді. Өндірілген өнімнің негізгі тұтынушылары болып, Ресей, Қазақстан, Украина және Өзбекстан болып саналады. Ферросплав өндіруде жаңарту және кеңейту бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында зауытта 2010 жылдың 30-шы желтоқсанында ферросплав өндірісін жаңарту және ұлғайту жобасы жүзеге асырылды. Жобаның құны – 11 млрд. 505,0 млн. теңге (несие қаржылары «Орта азиялық инвестициялық- консалтинтік компаниясы» және «Қазақстан даму Банкі»), жаңа 300 жұмыс орны ашылды. 2011 жылдың қорытындысы бойынша зауыттың өндіріс көлемі 30 318 тонна ферросплав немесе 5 573,5 млн. теңге, немесе 2010 жылдың көлемімен салыстырғанда 146,3 % құрады. Қиындық туғызып отырған мәселелер:

1.Өзіміздің кен орындарының негізгі шикізатпен қамтамасыз етуінің жеткіліксіздігі – марганцевалық концентраттың құрамында марганецтің 35% кем болмауы.

2.Темір жол қызметінің бағасының жоғарылауы, шикізаттың да бағасының өсуіне әкеп соғады. Сонымен өндірген өнімді жүзеге асыруда шығындардың өсуі.

3.Қазақстан Республикасы Үкіметінң 25.03.2009 жылғы № 392 қаулысына байланысты 2015 жылға дейін жыл сайын электроэнергия бағасының өсуі, бұл дегеніміз өнімнің жыл сайын өзіндік құнының өсуіне әкеп соғады.

4.Зауыттың тұрақты қызмет етуіне білікті мамандардың жетіспеушілігі - металлургтар, инженерлер, құймашылар, технологтар.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің шешімімен  Жамбылда фосфор және минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысы басталып, 1968 жылдың аяғында пайдалануға берілді. «Химпром» өндірістік бірлестігі сары фосфор, ортофосфор қышқылы, диаммонийфосфат, суперфосфат, электрод және жөндеу массаларын шығара бастады. Қазақстан егемендігін алып, тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, 1992 жылы бірлестік «Химпром» ашық акционерлік қоғамына, 2002 жылдан «Химпром-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айналды. Атауы өзгергенімен, осы кезең ішінде кәсіпорынның негізгі қызметі химия өнімдерін өндіру болған [2].

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен 2006 жылы зауытты жұмыс жағдайында сақтап қалу және аймақта жұмыс орындарын ашу мақсатында өндірісті металлургиялық өнімдер шығаруға бейімдеп, 2007 жылдың шілдесінен ферросиликомарганецтің алғашқы өнімдері алынды. Сол кезден оның атауы тағы да өзгеріп, «Тараз металлургиялық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі деп аталды. Зауыт негізгі өнімі ферросиликомарганецке қоса бұрынғы электрод және жөндеу массаларын да шығарып жатты.

Марганец, кремний және темір қоспаларынан тұратын бұл өнім қара металлургияға қосынды қоспа ретінде пайдаланылып, темірге тозбайтын, соққы мен ыстыққа төзімді қасиеттер берді.  Бұл өте сирек әрі қажет тауар. Сондықтан оған сұраныс та көп. Кезінде Ресей, Украина, Белоруссия, Латвия және Қазақстан оның тұтынушылары болған. Тіпті, сол уақытта кәсіпорынның Ресей астанасы Мәскеуде тауарларын өткеретін «Тараз металлургиялық зауыты» сауда үйі де ашылған. Бұл зауыт өнімінің өтімді болғанын көрсетсе керек.

Корпоративті басқару  Қоғамды корпоративтік басқару әділдік, адалдық, жауаптылық, ашықтық, кәсібилік және біліктілік негізінде құрылады. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы, Қоғам қызметіндегі барлық мүдделі тұлғалардың құқығы мен мүддесін құрметтеуді меңзейді және Қоғамның табысты қызметіне, оның ішінде оның құнын арттыруға, қаржы тұрақтылығы мен табыстылығын қолдауға мүмкіндік жасайды. Корпоративтік басқару қағидаттары, Қоғамның Басқармасына байланысты туындайтын қатынастарға сенімді қалыптастыруға бағытталған. Қоғамды корпоративтік басқаруға негіз болатын қағидаттар мыналар болып табылады:

 

  • -Қоғам мақсаттары мен міндеттерінің дәлдігі мен теңгерімді қағидасы;
  • -Жалғыз акционердің құқығы мен мүдделерін қорғау қағидасы;
  • -Директорлар кеңесінің және Басқарманың Қоғамды тиімді басқару қағидасы;
  • -Дербес қызмет және Жалғыз акционер мен мемлекеттік органдардың Қоғамның оперативтік қызметіне араласпауы қағидасы;
  • -Қоғамның қызметі туралы ақпараттарды жариялаудың ашықтығы мен шынайылығы қағидасы;
  • -заңдылық және этика қағидасы;
  • -тиімді дивидендтік саясат қағидасы;
  • -корпоративтік әлеуметтік жауаптылық қағидасы;
  • -еншілес және тәуелді компанияларды тиімді корпоративтік басқару қағидасы;
  • -корпоративтік шиеленістерді және мүдделер қақтығысын тиімді реттеу қағидасы. Компания корпоративтік басқарудың негізгі талаптарын ұстанады. 2014 жылы Корпоративтік басқару кодексін ұстану туралы есеп, зауыттың  Директорларының кеңесінде 2015 жылғы 27 наурызда қаралды.

 

Корпоративті басқару жүйесін жетілдіру Корпоративтік басқарудың жекелеген төменгі жүйелерін жетілдіру жөнінде жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, жыл басынан бастап тәуекелдерді басқару, персоналды басқару, ақпаратты жариялау, тұрақты даму, заң бұзуға (алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және басқа да құқықтар бұзуға) қарсы тұру бойынша бірқатар құжаттар әзірленді.

Тұрақты даму жөніндегі жұмысты жүйеге түсіру басталды. Тұрақты даму саласындағы стратегияны әзірлеу және Тұрақты даму саласындағы есептілікті дайындау регламенті әзірленді және бекітілді. 2015 жылы Тұрақты даму саласындағы есепті жарыққа шығару, Стратегиясы мен Саясатын өзектендіру, тұрақты даму саласындағы өзге де саясаттарды өзекті етуді қарау жоспарланып отыр. 2013-2015 жылдарға жоспарланған, Компаниядағы сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) әзірлеу және енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру аясында, Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары өзектендірілді, СМЖ маңыздылғы мәселелері, Компанияның құжаттама жүйесі, Компанияның басшылығы мен қызметкерлері үшін «Тау-Кен Самұрық» АҚ СМЖ әзірлеу және енгізу жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарындағы өзгерістер бойынша бірқатар ақпараттық сессиялар өткізілді.

Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиторларын әзірлеу жүргізілді, "Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудитор» тренингі бойынша 9 адам білім алды.

ISO9001/СТ РК ИСО 9001 стандартының талаптарына сәйкес әзірленген 8 жаңа құжат, оның ішінде сапа саласындағы Саясат мен Мақсат, Процестерді мониторингтеу, өлшеу және талдау қағидасы, Сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудитін өткізу және сәйкессіздікті басқару, әрекеттерді түзетуші және алдын алушы, Топтастырғыш қағидалар мен бизнес-процестер картасы Сапа жөніндегі басшылық бекітілді.

Бизнес-процестерді регламенттейтін, негізгі бизнес-процестерді регламенттейтін және көмекші бизнес-процестерді регламенттейтін 3 құжат өзектендірілді.

Зауыт органдарының құрылымы және құзыреті мыналар:

1.жоғарғы орган – Жалғыз серіктестік;

2.басқарушы орган – Директорлар кеңесі;

3.атқарушы орган – Қоғам басқармасы;

4.компанияның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды, ішкі бақылау саласындағы бағалауды, корпоративтік басқару саласындағы тәуекелдерді, құжаттарыдың орындалуын басқаруды және Компанияның - Ішкі аудит қызметін жетілдіру мақсатында кеңес беруді жүзеге асыратын орган.

5. Заңнамаға және Компания Жарғысына сәйкес өзге де органдар.

1.1 Тараз металлургиялық зауытының әлеуметтік саясаты

Әлеуметтік саясат зауыттың персоналға барлық кепілдіктер мен жеңілдіктерді ұсыну бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық көлемде жүзеге асыруына мүмкіндік берген кәсіпорынның табысты экономикалық дамуын көрсетеді. Ұжымдық шарт қабылданған.

Еңбек кодексінің еңбекақы төлеу жөніндегі барлық талаптары мұқият орындалуда. Зауыт еңбек жағдайы зиянды кәсіпорын болып табылады және кәсіпорынның үздіксіз жұмыс циклын ескере отырып:

-түнгі уақыттағы және мереке күндеріндегі жұмыс үшін жоғарылатылған ақы төленеді;

-жұмыскерлердің жеке санаттары үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыс істеген кезде қысқартылған жұмыс аптасы – 36 жұмыс сағаты белгіленген;

-еңбек жағдайлары аса зиянды, зиянды және ауыр жұмыс істегені үшін жұмыскерлерге 24% дейін жоғарылатылған тарифтік мөлшерлемелер белгіленген;

-кәсіптерді қоса атқару және жұмыста уақытша жоқ жұмыскерлердің міндеттерін орындау үшін қосымша ақы төленеді;

-жұмыскерлер үшін минималды ұзақтығы 24 күнтізбелік күнді құрайтын еңбек демалысы белгіленген;

-қосымша демалыс беріледі (12 күнтізбелік күнге дейін), оның нақты ұзақтығы жұмыскердің қосымша демалысқа құқық беретін жұмыстармен айналысатынына сәйкес белгіленген.

ҚР Еңбек кодексі кепілдіктердің белгілі тізбесін ғана көздейтінін, ал басқа жеңілдіктердің барлығы жұмыс берушінің өз есебінен берілу мүмкіндігін ескере отырып, зауытта еңбекақы төлеу, демалу тәртібін және қосымша әлеуметтік жеңілдіктердің берілуін реттемелейтін жергілікті нормативтік актілер, соның ішінде еқбекақы төлеу туралы, еңбек демалыстары туралы, материалдық көмек көрсету туралы ережелер әзірленіп, бекітілді.

Кәсіпорын жұмыскерлерін әлеуметтік қолдау туралы ережеге сәйкес 2010 жылғы қаңтардан бастап жұмыскерлерге ұсынылатын әлеуметтік кепілдіктер тізбесі неғұрлым кеңейді.

ТМЗ жұмыскерінің әлеуметтік пакетіне төмендегілер кіреді:

-жұмыскерлер мен олардың отбасы мұшелерін медициналық сақтандыру;

-жыл сайынғы еңбек демалысына шығуына байланысты сауығуға қатысты бір айлықақы мөлшеріндегі бірреттік төлемдер;

-жұмыскер 1 айдан артық уақыт сырқаттанғанда уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақыға қоса төленетін қосымшаақы;

төмендегі жағдайларда:

-зауыт жұмыскерін жерлеуді ұйымдастыруға;

-зауыт жұмыскерінің отбасы мүшесін жерлеуді ұйымдастыруға;

-зейнеткерлікке шыққан кезде;

-ЖШС Басқармасының шешімі бойынша емдеуге;

-бала туғанда;

-жұмыскердің неке қиюына байланысты материалдық көмек көрсету;

-ақылы әлеуметтік демалыстар (ақы төленуі заңнамамен көзделмеген қосымша демалыстар) беру:

-неке қиған кезде;

-туғандардың қайтыс болғанына байланысты;

-бала туған кезде ақылы әлеуметтік демалыстар (ақы төленуі заңнамамен көзделмеген қосымша демалыстар) беру.

2014 жылы зауыт жұмыскерлеріне әлеуметтік қолдауға 1294,7 млн теңге бөлінді, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 74 есе көп.

Зауыт зейнеткерлеріне көмек көрсетуге, мәдени-спорттық іс-шараларды, жұмыскерлер мен балаларының жазғы демалысын ұйымдастыруға қаражат көзделген.

Зауытта персонал еңбегі, тұрмысы мен демалысы үшін жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінуде. Персоналды ыңғайлы автобустар жұмысқа жеткізеді. Жұмысшылардың барлығы сапалы арнайы киіммен, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген, оларды та 2012 жылғы желтоқсанда соңғы 18 жылда алғаш рет зауыт 146 пәтерлі тұрғын үй салды. Пәтерлердің барлығы жақсы жоспарланған, толықтай әрленген, ауласы көріктендірілген..

Медициналық көмек көрсету үшін зауытта денсаулық сақтау пункті жұмыс істейді, оның негізгі міндеті - жұмыскерлер аурушаңдығының, мүгедектігінің алдын алу және азайту, санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу.

«ТМЗ» ЖШС денсаулық сақтау пунктінің келесі мамандықтар: терапия, неврология, гинекология, массаж, физиотерапия, еңбекке жарамдылық сараптамасы, наркологиялық сараптама, зертхана, күндізгі стационар бойынша медициналық қызметпен айналысуға қатысты мемлекеттік лицензиясы бар.

Күн сайын зауыттың денсаулық сақтау пунктінде 200-ге жуық адамға қызмет көрсетіледі және 500-ден астам адам ауысым алдында медициналық тексеруден өтеді. Зауыт жұмыскерлері өндірістен ажырамай өздеріне ыңғайлы уақытта ем алып, қажетті тексеруден өте алады.

Қабылдауды жұмыс тәжірибесі мол білікті дәрігерлер жүргізеді. Олардың көбі - бірінші және жоғары біліктілік санатындағы мамандар.

Реаниматолог дәрігерлер мен фельдшерлерден құрылған жедел жәрдем бригадасы тәулік бойы кезекте болады.

Денсаулық сақтау пунктінде қосалқы және емдеу-диагностикалық кабинеттер жұмыс істейді:

-жалпыклиникалық және биохимиялық талдаулар жүргізетін клиникалық зертхана;

-күндізгі стационар;

-физиотерапия кабинеттері (дарсонвализациялау, ультрадыбыс, фонофорез, аплипульс, СМТ-форез; дәрілік электрфорез, гальван тоғын жіберу, УВЧ терапия, кварц, тубус-кварц, магнит терапиясы, диадинамотерапия, электрстимуляция, электрмен ұйықтату емшаралары жүргізіледі);

-емшара және егу кабинеттері;

-массаж кабинеті;

-функционалдық диагностика кабинеті;

-зарарсыздандыру бөлмесі.

Зауыт қаражаты есебінен жыл сайын денсаулығына зиянды, қауіпті өндірістік факторлар әсер ететін жұмыскерлер алдын алу-медициналық тексеруден өткізіледі. Кезеңдік медициналық тексерулердің нәтижелері бойынша аурушаңдықтың алдын алу және азайту, санитарлық-гигиеналық еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар әзірленеді. Жаңа айқындалған аурулары бар жұмыскерлердің барлығы қажетті Кәсіпорын жұмыскерлері үшін кәсіпорындағы еңбек өтіліне қарай жолдамалар мен курсовкаларға жеңілдікті бағалар белгіленген.

Шипажай 62 орынға арналған, физиотерапевтік бөлімшесі, мейрамханасы, жылумен және сумен емдеу бөлімдері бар спорттық-сауықтыру кешені, емдік дене шынықтыру кабинеті, жаттығу залы, фитнес-залы, аэробика залы, саунасы, хауызы бар.

Демалушыларды үнемі қайта даярлаудан өтіп отыратын жоғары санатты физиотерапевт дәрігерлері қабылдайды. Орта медициналық персонал физиотерапевтік емдеу және массаж жасау бойынша мамандандырылған.

Профилакторийдің емделу базасы қозғалу аппараты, жүйке және эндокриндік жүйелері, тыныс алу, ас қорыту органдары, жүрек-тамыр және несеп-жыныстық жүйелері ауруларына шалдыққан науқастарды білікті емдеуге мүмкіндік береді.

Профилакторий мен денсаулық сақтау пункті дәрігерлерінің тығыз байланысы кәсіпорын жұмыскерлерін сауықтыру жұмысын тиімді жүргізуге ықпал етеді[3].

1.2 «Тараз металлургиялық зауыты» (ТМЗ) ЖШС-ның  ISO 14001 және OHSAS 18001  «Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны сақтау» стандартымен жұмыс жасауы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны сақтау саласында кәсіпорын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары және халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алады. Бұл үшін кәсіпорында өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті, еңбекті қорғауды басқару жүйелері құрылып, табысты қызмет етуде. Олар қолданыстағы Қазақстан заңнамасына толық сәйкес, ең жақсы отандық және шетел тәжірибесі қолданыла отырып, құрылған. «ТМЗ» ЖШС экология және қауіпсіздік саласындағы саясаты мына мақсаттарды алға қояды:

-ҚР қолданыстағы заңнамасына және ISO 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттарға сәйкес экологиялық және кәсіби денсаулық және қауіпсіздік менеджментінің интеграциялық жүйесін енгізу және кейіннен дамыту;

-өнеркәсіптік қауіпсіздікті, еңбекті, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін ұдайы жақсарту және осы міндеттемелердің орындалуының бақылануын қамтамасыз ету;

-қолданыстағы технологияларды үздіксіз жақсарту мен қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға әсер ететін жаңа технологияларды әзірлеу;

-өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздіктің, еңбекті қорғаудың ең маңызды міндеттерін шешуге бағытталған бағдарламаларды жоспарлау және іске асыру;

-жобалық құжаттаманы дайындаудың сапасын жақсарту және мемлекеттік сараптама жүргізу арқылы қоршаған ортаға жаңа енгізілетін объектілерден түсетін техногендік жүктемені төмендету;

-қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, техникалық диагностика және дистанциялық бақылау әдістерін енгізудің негізінде кәсіпорын объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік пен экологиялық мониторинг талаптарының сақталуын өндірістік бақылаудың тиімділігін арттыру;

-инфрақұрылым мен өндірістік ортаны жақсарту, әлеуметтік қамтамасыз ету және өзара сыйластық пен өзара түсіністік атмосферасын құру арқылы кәсіпорын қызметкерлерінің қолайлы еңбек жағдайлары мен демалысын қамтамасыз ету;

-«ТМЗ» ЖШС –да өнеркәсіптік қауіпсіздігі, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру.

Қазіргі уақытта белең алып жатқан мәселелердің бірі - экология. Экология мәселесі ең керекті, қолға тез алатын проблема болып отыр. Өнеркәсіп - бұл халық шаруашылығының маңызды құраушысы болып табылады. Қазақстан Республикасының жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарда халықаралық ISO 14000 стандартына сай заманауи экологиялық менеджмент жүйесі қалыптастырылған. Экологиялық менеджмент - экологиялық мақсаттар, міндеттер мен бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған кең ауқымды қамтитын қызмет.

ISO 14001 стандарты ISO 14000 сериялы барлық құжаттардың ішінен экологиялық менеждмент жүйесінің міндетті талаптарын толық қамтитын жалғыз құжат. ISO 14000 сериялы халықаралық стандарттарын экологиялық менеджмент жүйелері ретінде кәсіпорындар мен компанияларға енгізуді мемлекетаралық ауқымдағы табиғатты қорғаудың қозғаушы күші деуге болады. Экологиялық менеджмент жүйесіне жалпы талаптар мынадай болуы керек:

1.Өнеркәсіп экологиялық менеджмент жүйесін әзірлеуде, құжаттауға, енгізуге, жұмыс қалпында ұстауға және үнемі жақсатуға тиіс, осы талаптарды орындау тәсілдерін анықтауы тиіс;

2.Өнеркәсіп  экологиялық  менеджмент жүйесінің қолданылуы саласын анықтауы және құжаттауы тиіс.

Басшылық экологиялық менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу, жұмыс қалпында ұстап тұру және жақсарту үшін қажетті ресурстардың болуын қамтамасыз етуі тиіс. Өндiрiстiң экологиялық қауiпсiздiгiн басқару жүйесi халықаралық стандартты енгiзумен қатар, кәсіпорындарға бәсекелестік жолында жаңа жетістіктерге жеткізеді және олардың әлемдiк нарықта дамуына түрткі болады. Осылайша экологиялық менеджменттің талаптарын орындау мақсатында осы қабылданған нормалар мен талаптар, мемлекеттік және өндірістік сараптамалық бақылау, өндірістік және технологиялық тәртіпті сақтай отырып, көптеген табиғатты қорғау шаралары жүргізіліп келеді. Қазіргі кезде өнім сапасын арттыру, бәсекеге қабілеттілікті жоғарлату мақсатында аткарылып жатқан жұмыстар көп. Дамыған елдердің қатарына қосылу үшін халықаралық стандарттарға сай жоғары сапалы өнім шығару керек.

«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС  (осыдан былай мәтін бойынша -«ТМЗ» ЖШС) «Тараз металлургиялық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Қазіргі қуаттылық жағдайында ферроқорытпа өндірісінің номенклатурасын кеңейтудің» қоршаған ортаға әсер ету бағамын түзету жобасын зерттеу» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Жартығасырлық тарихы бар кәсіпорын әр кезеңде уақыт талабына сай өнім өндіру және жұмыс жүргізу бағытын өзгертіп отырған. Бұл - өндіріс тиімділігін арттыру және сұранысқа сай өнім өндіру мақсатынан туындаған қажеттілік

Осы саясат «ТМЗ» ЖШС қызметкерлері мен «ТМЗ» ЖШС  жұмыстарын орындайтын мердігерлік ұйымдар үшін міндетті болып табылады[4, 158б].

Біздің өніміміз бен технологиялық үдерістеріміз жұмысшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға елеулі әсер ететінін ескере отырып, «ТМЗ» ЖШС қызметінің ерекшелігі мен ауқымына сәйкес, олардың зиянды әсерін аса төмендетуге, сонымен қатар өндірістік жарақаттанудың, кәсіби аурулардың деңгейін үнемі төмендетуге, экологиялық қауіпсіздікке қолдау жасауға  ұмтыламыз.

Біз сапа, экология, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз ету саласында салалық көшбасшы болуға ұмтыламыз.

Саясатымыздың  басты қағидаттары келесілер:

-Қазақстан Республикасында қолданыстағы заңнамасына, басқа нормативтік талаптарға сәйкес, өндірістік  қызметті іске асыру;

-менеджменттің біріктірілген жүйесін үнемі жақсарту;

-өндірістің экологиялық қауіпсіздігін барлық қолжетімді ұйымдастырушылық- техникалық тәсілдермен сақтау;

-өндірістік жарақаттанудың, кәсіби аурулардың, апаттар мен апаттық жағдайлардың, оқыс оқиғалардың алдын алу;

-тұрғындар мен қоршаған ортаға денсаулық сақтау саласында тәуекел басқару, еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз ету және  экология  саласының аспектілері арқылы зиянды әсерлерді төмендету;

-менеджмент жүйесінің даму және қызмет жасау процесінде барлық қызметкерлердің қатысуын уәждеу, сапа, экология, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз ету саласында жалпы мақсаттарға қол жеткізуде әрбір қызметкердің өз қосқан рөлін сезіну;

-өндірістік қызметтің нәтижелерінен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының, қоршаған орта жағдайының басымдығы;

-«ТМЗ» ЖШС денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, экология саласындағы қызметі туралы барлық мүдделі тараптардың, оның ішінде жеткізушілер мен мердігерлердің, хабардар болуы;

-еңбек жағдайларын қауіпсіздікпен, экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, өнімнің сапасын жоғарылату мақсатымен, іс жүзіндегі және енгізілетін жаңа технологияларды үнемі жетілдіру;

-еңбекті қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі, экология, техникалық реттеу және метрология саласында мемлекеттік уәкілді органдармен өзара әрекет жасау.

«ТМЗ» ЖШС  басшылығы өз қағидаттарын басшылыққа алып, келесідей  ниет білдіреді:

-Қазақстан Республикасының заңнамасын, қолданылатын халықаралық келісімдерді, мемлекеттік, салалық және экология мен еңбек қауіпсіздігінің корпоративті нормативтік талаптарын орындау;

-менеджмент жүйесін нәтижелі қызметпен қамтамасыз ету;

-тұтынушыларымыздың қанағаттанушылығын жоғарылату;

-«ТМЗ» ЖШС  нарықтың стратегиялық  сегменттерінде үлесін көбейту;

-өндірістік шығындарды азайту, ресурстарды үнемді пайдалану;

-өндірістік қызметтің қалдықтарын азайту;

-шешімдер қабылдауда аталған саясатты басшылыққа алу және оны іс жүзіне асыруға талап етілетін қажетті ресурстарды ұсыну;

-денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын әзірлеу және іс жүзіне асыру мақсатымен, жазатайым оқиғалардың, апаттардың және апаттық жағдайлардың, оқыс оқиғалардың, оның ішінде басқа ұйымдарда орын алғандарының, себеп-салдарлары мен жағдайларына үнемі талдау жасау;

-денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз ету саласында іс жүзіндегі тәуекел деңгейлерді, қоршаған ортаға зиянды әсерлердің аспектілерін төмендету, өнім сапасын арттыру үшін, технологиялық үдерістерді жетілдіру, жабдықтарды жаңарту, өндірісті жетілдіру;

-сапаға, экология мен еңбек қауіпсіздігіне жеке жауапкершілікпен қарап, жұмыстарды орындау үшін, персоналды үнемі оқытумен, біліктілігін жоғарылатумен  және уәждеумен қамтамасыз ету;

-өндірістік жарақаттану және кәсіби аурулардың алдын алу, қоршаған ортаны ластауды төмендету бойынша нәтижелі профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру және оның көрсеткіштерін жақсарту;

-басшылықтың және персоналдың жазатайым оқиғаларды, апаттарды және апаттық жағдайларды, оқыс оқиғаларды болдырмауға және олардың салдарларын жоюға үнемі дайын болуын қамтамасыз ету;

-«ТМЗ» ЖШС  экологияға, еңбек қауіпсіздігіне, сапаға қатысты қабылданған талаптарының мердігерлік ұйымдармен орындалуын қамтамасыз ету;

-тапсырыс берушілерді, көлікті ұйымдарды жеткізілетін өнімді қауіпсіз тасымалдау тәсілдері туралы хабардар ету;

-денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігімен қамтамасыз ету, саласында үнемі тексеру жүргізу және нәтижелерін бағалау, мониторинг және қоршаған ортаға тигізетін елеулі әсеріне байланысты қызметтердің түрлері мен негізгі операцияларының сипаттамаларына өлшеу жүргізу;

-мүдделі тараптарға қоршаған ортаның мониторинг нәтижесін жеткізу;

2 «ТАРАЗ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС-ІҢ САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Тараз металлургиялық зауытының даму стратегиясының миссиясы - Қазақстандағы металлургия секторын аумақтық дамытуды негізінен жақсарту.

Болашақ - алдыңғы қатарлы технологияларды және әлемдік үздік тәжірибені енгізетін, Қазақстанның металлургия кешеніндегі аса ірі ұлттық зауытқа (компанияға) айналу.

Негізгі мақсат - геологиялық барлауды жандандыру, өсу бағдарламасын жүзеге асыру және активтерді тиімді пайдалану есебінен Қазақстанның металлургиялық саласының сапалы-жаңа деңгейіне қол жеткізу.

Компания арқылы 2014 жылы 2013-2022 жылдарға арналған Даму стратегиясының бірінші кезеңінің және Компанияның Директорлары кеңесімен 2013 жылы бекітілген Стратегияны жүзеге асыру бойынша іс-әрекет бағдарламасының іс-шаралары жүзеге асырылды.

Стратегиялық мақсатты жүзеге асыру үшін Компанияның негізгі міндеттері анықталған:

1.Геологиялық барлау жұмыстарын (ГБЖ) инвестициялау көлемін жылына 200 млн. АҚШ долларына жеткізе отырып, геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру есебінен қатты пайдалы қазбалардың (ҚПҚ) басымдықтары бойынша ресурстық базаны дамыту;

2.Өндіру жобаларын іске асыру және жаңа бөліністерді игеру;

3.Компанияның кадрлық әлеуетін нығайту және кеңейту;

4.Компанияның инновациялық-технологиялық әлеуетін дамыту;

5.Жаңа активтерді сатып алу және қоғамға табысталатын сала кәсіпорындары акциялары пакетімен жұмыс бойынша қызметті дамыту.

Даму стратегиясын жүзеге асыру үшін алдыға қойған мақсаттар разрезінде Жол қартасы әзірленді.

Сапа менеджменті, қоршаған орта менеджменті жүйелерін TÜV «Thuringen e. V» менеджмент және персонал жүйесін сертификаттау жөніндегі органы келесі салаларда ЕN ISO 9001:2008, EN ISO 14001:2004 және OHSAS 18001-2007 стандарттарының талаптарына сәйкестікке сертификаттаған.

2013: «ТМЗ» ЖШС әлеуметтік менеджмент жүйесі SA 8000:2001: Әлеуметтік жауапкершілік стандартының талаптарына сәйкес  деп танылды.

Тексерілістен өтті

«ТМЗ» ЖШС–да сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің интеграцияланған менеджмент жүйесінің (ИМЖ) ISO 9001:2008, ISO 14001:2009, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттарына сәйкестігі қайта сертификаттау сараптамасынан (аудит) сәтті өтті. Менеджмент жүйесін сертификаттау - әлемдік нарықтағы табысты бизнес үшін ең маңызды шарт.

Төрт күн бойы 12 -15 мамыр аралығын «Интерсертифика-TЮФ БҚБ ТЮФ Тюрингенмен бірлесір» (Мәскеу) құрамында жеті адамы бар аудиторлар командасы, қолданыстағы ИМЖ сәйкестігіне тексеру жүргізді. Сараптаманы бас аудиторлар Владимир Качалов және Василий Бойтик, аудиторлар Дмитрий Быстров, Максим Зырянов, Алексей Богатырев, Владимир Буланов және Дархан Ахметов жүзеге асырды. Кәсіпорын бөлімшелерінде аудиторларды, сапа жөніндегі директор қызметінің басшылары мен мамандары, өндіріс қауіпсіздігі жөніндегі директор алып жүрді. Барлық негізгі бизнес - бағыттар (уран, тантал, ниобий және бериллий) сондай - ақ менеджмент жүйесінің барлық үдерістері тексерілістен өтті.

Аудит қорытындысы бойынша тексеру барысында бір де бір ауытқушылық (сын ескерту) анықталмаған, сондықтан аудиторлар «ТМЗ» ЖШС қолданыстағы (ИМЖ) ISO 9001:2008, ISO 14001:2009, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттар сәйкестігін растайтын жаңа сертификат беру туралы сертификаттау жөніндегі мекемеге нақты ұсыныс беріледі. Сертификат жыл сайынғы аудит бақылау аудиттерінен табысты өткеннен кейін үш жыл мерзімге беріледі.

Тексеру нәтижелерін шығару кезінде аудиторлар сараптау барысында жүйелік сипаты жоқ екі ескерту бергені, менеджмент жүйесі қызметін жақсартуға бағытталған ұсыныстардың берілгендігі туралы атап айтты. «ТМЗ» ЖШС ұжымына айқынды және жолға қойылған жұмыстары үшін алғыс білдіреді.

«ТМЗ» ЖШС менеджмент жүйесінің тарихы аз еместістігіне қарамастан - сапа менеджмент жүйесі бойынша алғаш сертификат 2007 жыл берілді - жетілуге және сертификаттын қолданылуын табысты растауға мүмкіндік беретін үлкен тәжірибие жинақталған.

Алда бізді өндірістік үрдістерді және менеджмент жүйесін жақсарту бойынша күрделі жұмыстар күтіп тұр, сондықтан 2015 жылғы нұсқадағы халықаралық стандарттарға сәйкестік деңгейіне жеткізуге міндеттіміз.

«ТМЗ» ЖШС  басшылығының саясаты дамыл-дамыл баға беруге, қайта қарастыруға және, қажет болса, өзгертілетін қағидаттарды анықтау үшін, жаңартуға жатады.

«ТМЗ» ЖШС басшылығының саясаты өндірістік жайларда плакаттар орналастыру, «ТМЗ» ЖШС ішкі корпоративті порталы арқылы «ТМЗ» ЖШС  персоналына хабардар етіледі.

«ТМЗ» ЖШС басшылығы осы саясатты іске асыруға өзіне жауапкершілік алады, оның қағидаттарын бұлжытпай орындауға, менеджмент жүйесін үнемі жетілдіруге, оның нәтижелігін жоғарылатуға ниеттенеді және «ТМЗ» ЖШС әрбір қызметкерін осыған шақырады.

Қазіргі кезде елдегі кәсіпорындарға халықаралық стандарттарды пайдалану, соның ішінде, әсіресе, сапа менеджменті жүйесі бойынша 9000 стандарттар топтамасын жаппай енгізу мәселесіне мемлекет тарапынан баса назар аударылуда. Оның айқын көрінісі менеджмент жүйелері бойынша халықаралық стандарттарды қолданудың барлық алғышарттары жасалуында.

Мәселен, кәсіпорындарда қажетті заңнамалық база құрылып, мемлекеттік қолдау тетіктері анықталды[5].

Сонымен қатар, менеджмент жүйесін даярлап енгізу және сертификаттау бойынша білікті кеңесшілер мен сарапшы-аудиторлар тобы қалыптасып, көптеген кәсіпорын басшылары халықаралық стандарттарды, соның ішінде сапа менеджменті жүйесін енгізудің пайдасы мен қажеттілігін толықтай түсіне бастады.

Бүгінде дүние жүзінде мененджмент жүйелеріне талаптар белгілейтін бірнеше стандарт бар.  Оларға ISO 9000 (сапа менеджмент жүйелері немесе СМЖ), ИСО 14000 (экологиялық менеджмент), OHSAS 18000 (өндіріс қауіпсіздігі және денсаулық сақтау), HASSP нормалары және ИСО 22000 (тамақ өнімдерінің қауіпсізідігі), SА 8000 (әлеуметтік және этикалық менеджмент) стандарт топтамалары жатады.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметіне сүйенсек менеджмент жүйесі бойынша сертификаттаудан өткен кәсіпорындар саны 2010 жылдың бірінші мезгілінде төмендегідей болды: ИСО 9001-2662 ИСО 14001-193 OHSAS 18001-135 ИСО – 22000-43.  Жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда кәсіпорындар СМЖ енгізу мәселелеріне артықшылық беретіні байқалады.

Алайда экология, денсаулық, жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігіне т.б. қатысты менеджмент жүйелерін ескермеу кәсіп-орын жұмысын толыққанды ете алмайды. Себебі, СМЖ кәсіпорынның жалпы менеджментінің бір ғана бөлігі болып табылады.

Жалпы, менеджментке сонымен бірге «Қаржы менеджменті», «Қызметкер менеджменті», «Инновациялық менеджмент», «Хорлар менеджменті», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Өндіріс қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» т.б. менеджменттер қамтылуда. Сапа менеджменті жүйесін енгізген кәсіпорындар соған қоса біртіндеп басқа менеждменттерді енгізу арқылы немесе барлық менеджмент жүйелерін кешенді түрде біріктіре отырып толықтай интеграцияланған менеджмент жүйесін (ИМЖ) құруды жүзеге асыруына болады.

Интеграцияланған менеджмент жүйнсін құру ИСО 9000 стандарттар топтамасы қағидаларына негізделуі тиіс. Яғни интеграцияланған менеджмент жүйесін енгізудің базалық қағидалары ретінде үрдістік және жүйелік тәсіл, басшының озықтығы, қызметкерлерді тарту (жұмылдыру) принциптерін негізге алу қажет.

Менеджмент саласы бойынша Еуропа мен Америка компанияларының тәжірибелеріне қарағанда компания өзінің менеджмент жүйесіне ИСО 9001 стандартын біріктіре отырып ұйымның барлық іс қызметін қамтыған менеджмент жүйесін құра алады. Бұл дегеніміз, шын мәнінде интеграцияланған менеджмент жүйесінің негізі болып табылатын жаппай сапа басқару қағидасын жүзеге асыру деген сөз (TQM- Total Quality Management). TQM нің ИСО 9000 стандартттар топтпмасынан негізгі айырмашылығы оның сапаны арттыруда белгілі бір деңгейге жеткен кәсіпорын үшін бейімделгендігінде.

Ал ИСО 9000 стандарттар топтамасының мақсаты сапаны қамтамасыз етудің алғашқы кезеңдерін (деңгейін) бағындыру болып табылады. Сапаны жаппай басқару кез келген мекемені басқарудың жаңа тәсілі.Ол кәсіпорыннның барлық қызметкерлерін қатыстыра отырып, тұтұнушы талаптарын қанағаттандыру арқылы ұйым қызметкерлері мен қоғамға тұтастай пайда келтіруге бағытталған.

Интеграцияланған менеджмент жүйелерін енгізу кезінде жүйеге қамтылған әрбір стандарт мазмұндық және тәжірибелік жетістігімен ерекшеленетіндігін ескеру қажет. Сондықтан олардың талаптарын орындай отырып, кәсіпорын өз бағдарламасының кем дегенде ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие бола алады. Интеграцияланған менеджмент жүйесінің келесі артықшылығы егер кәсіпорын өндіруші болатын болса, сонымен қатар халықаралық стандарт талаптарын толықтай орындай алса онда ол кәсіпорын әлеуетті тапсырыс беруші үшін неғұрлым беделді де тартымды болып саналады. Себебі, ол кәсіпорынға сапа менеджменті стандарттарымен қоса экологиялық стандарттармен өндіріс қауіпсіздігінің стандарттары енгізілген.

Бұл дегеніміз, кәсіпорын ұжымының қоғамдық жауапкершілігінің жоғары екенін айғақтайтын көрініс болып табылады. Аталған менеджмент жүйесін енгізу нәтижесінде көзделген мақсаттар жүзеге асуы тиіс. Егер олай болмаған күнде оның себептерін анықтау қажет.Мүмкін, стандарттарды енгізу үрдісі дұрыс жүргізілмеген болар немесе қандай бір себептерден біріктірілген менеджмент жүйесінің тиімділігі төмендеген болуы мүмкін. Сондықтан кәсіпорын өз мақсатын жүзеге асыру жолында, яғни нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттыру жолында қомақты табыстарға жету үшін ең әуелі жасандылықтан аулақ бола отырып, шынайы ынта-жігермен, дұрыс іс-қимыл жасағанда ғана өз мақсатына жете алады.

Менеджмент жүйесін енгізіп, оның нәтижелігін арттыруда басшылықтың рөлі аса жоғары болып табылады. Білікті басшы кәсіпорынның болашақ межесін айқын болжай отырып, нақты идеяларды жоспарлау арқылы олардың орындалуына ұжымның барлық мүшелерін тартып, жұмылдыра алады. Бұл жерде әсіресе, адами фактордың маңыздылығына баса назар аударылуы тиіс. Егер басшы адам өз қызметкерлерінің жағдайын жақсартуға көңіл бөлмесе онда оларға сапаны жақсарту жөнінен қатаңталап қоя алмайды. Тіпті қойса да оның орындалуы ойдағыдай бола бермейді.

Себебі, ұжым ішінде көңіл күйі орташа, жұмыс нәтижесіне деген қызығушылығы мен ынта жігері жеткіліксіз жұмысшы, қызметкердің жұмыс өнімділігі де мардымды болмайды. Сапа менеджменті жүйесінің негізін қалаушылардың бірі доктор Джуранның ұстанымы бойынша сапа тұтынушыға бейімделу және қызметкерлерді қанағаттандыру дәрежесімен айқындалуы тиіс.

Осы тұрғыдан алғанда кәсіпорыннның алдына қоятын стратегиялық мақсаттары тұтынушымен тығыз қарым-қатынас орнату, инновация енгізу, шығынды азайту, сапаны арттыру арқылы бәсекелестік бәйгесінде алға озу болып табылады.

Кәсіпорынның мақсаты мен міндетін айқындай отырып ұзақ мерзімді жоспар, бағдарламасын әзірлеуші ретінде ұйым жетекшілері менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу және үздіксіз жақсарту жұмыстарына қатысты жеке бақылауды жүзеге асырады. Басшылық тапсырыс берушілермен өз әріптестерімен және қалың жұртшылықпен қарым-қатынаста болып, ұйым қызметкерлерін ынталандыру, қолдау, кәсіпорын іс-қимылына жаңаша өзгерістер енгізу қатарлы өзекті іс шараларды жүзеге асыра алады.

Сондай- ақ,ұйымның мақсаты мен даму бағытының біртұтастығын қамтамасыз ету, ұжымның ішкі тыныс- тіршілігіне қолайлы жағдай туғызу, өз іс- әрекетімен басқаға үлгі бола білу сияқты қасиеттер басшы адамның бойына табылуы тиіс. Ол үшін басшы тұлға өзін әрдайым дамытуға көңіл бөлуі қажет.

Қандай да бір өнімнің немесе қызметтің сапасы оның өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде, өнім өндіру немесе қызмет көрсету идеясының алғаш туындауынан бастап оның жүзеге асып тұтынушының пайдалануына дейінгі аралықта қалыптасатының ескерсек айналымның әрбір кезеңіндегі үдерістер өнім (қызмет) сапасына әрқилы дәрежеде әсер ететінін түсінуге болады. Сондай үдерістерге мысалы, нарықты зерттеу шикізат немесе дайын өнімді берушілермен (өткізушілермен) жұмыс жасау, құжаттарды басқару, кәсіпорынды метрологиялық қамтамасыз ету, кәсіпорын қызметкерлеріне жетекшілік жасау тағы сол сияқтылар жатады.

Сондай үдерістердің барлығын бір қатаң жүйеге келтіріп, барлық қателіктер мен кемшіліктерді, ақаулар мен ауытқуларды кәсіпорын жұмысының барлық сатыларында ең төменгі деңгейге жеткізу менеджмент жүйесінің көздеген негізгі нысанасы болып табылады. Сапа менеджментінің жүйесі қандай да бір жаңа технологияны енгізбей- ақ, арзан шикізат, материал пайдаланбай-ақ тек қана ұйымдастыру шараларын оңтайлы жүргізу арқылы өнімнің (қызметтің) өзіндік құнын азайтумен қатар, сапаны арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл өз кезегінде бәсекелестік қабілетті арттырып, нарықтағы жағдайды бекемдейді. Нәтижесінде, кәсіпорынның экономикалық күш-қуаты артып, жұмыскерлердің еңбекақысын өсіруге жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік туады.

2.1 Сапа менеджменті жүйесін зауытқа енгізудің артықшылықтары

Өмір  сапасын,  өнімнің қауіпсіздігі  мен  бәсекеге  қабілеттілігін , қоршаған орта сапасын көтеруге бағытталған стратегия кәсіпорындарда ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 тағы да басқа халықаралық стандарттарының талаптарына сай заманауи сапа менеджментін енгізуді талап етеді.

Тәжірибе көрсеткендей сапа менеджменті жүйесін бастапқыда енгізген кәсіпорындар жаңа жағдайда қызметкерлердің тез, жеңіл адаптациядан өтуін қамтамасыз етеді. Сапа менеджменті жүйесін құру үшін алдымен ұйымның жоғары басшылығының шешімі қажет. Сапа менеджменті жүйесін тез арада енгізіп, сертификаттауға сыртқы қысымдар, сәннен қалмау тілегі, жай тендерге қатысу жағдайлары себеп болмау керек. Сапа менеджменті жүйесін кәсіпорынға енгізу немесе енгізбеу сұрақтарын ұйымның жоғары басшылығы шешу керек.

Кәсіпорын басшылығы өзінің стратегиялық саясатын халықаралық ИСО 9000 сериялы стандарттарын кәсіпорынға енгізу мемлекеттік маңызды міндет екенін ескере отырып құру керек. Әлемдік және отандық тәжірибе көрсетіп отырғандай сапа менеджменті жүйесін қолдану кәспорынның қызмет тиімділігін арттыруға, тұтынушыларды сапалы өніммен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Жаңа технологияларды және менеджмент әдістерін енгізуге бағытталған, тиімді сапа менджменті жүйесін құру сол кәсіпорынның нарықта нық тұруына кепіл болады.

Сапа менеджменті жүйесін енгізу мақсаты отандық өнімнің сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру, соның негізінде еліміздің тұрақты экономикалық дамуын және әлемдік нарыққа интеграциясын қамтамасыз ету. Болашақта интеграция Қазақстан тауарларының әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді. Қызметкерлердің нағыз, саналы жұмысы белгіленген тәртіптегі сәйкес сертификатты алған соң басталады. Кәсіпорындар сапа менеджменті жүйесін жұмыс қалпында ұстап, алдыға қойылған мақсаттарға жетудегі нәтижелілігін бағалау және ғылым мен техниканың жетістіктерін қолдану арқылы процестерді жақсарту аймақтарын анықтау керек.

ИСО 9000:2000 сериялы халықаралық стандарттары жалпы болып табылады, яғни бұл стандарт өндірістің кез-келген секторында қолданыла алады. ИСО 9001:2009 халықаралық стандарты өнімге арналған стандарт емес, оны персоналдың қызметтік ортасын анықтайтын жоғары сапаға жетуге бағытталған сапа менеджменті жүйесінің ішкі кодексі, өндіріс заңдарының жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Сапа менеджменті жүйесі сертификатын кәсіпорынның визиткалы карточкасы ретінде қарастыруға болады. Сертификат қабылданған ұйымдық құрылым шегінде қабылданған сапа менеджментін қолдану арқылы персоналдың көрсететін міндеттемесі.

Осындай менеджмент ұйымда негізгіресурстардың ең аз шығынымен (адамдар, материал, уақыт т.б) сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді. Сапа менеджментін енгізу нәтижесі коллективтің ішкі атмосферасына және бірінші басшылық шешім қабылдай білуіне байланысты. Көбінесе жаңа сапа менеджменті жүйесін енгізуге өзгеріске көңілдері толмайтын, бекітілген тәртіптің бұзылуына, жағдайдың төмендеуінен қорқатын, жаңа білім мен біліктілікті қабылдауға құлқы жоқ мамандар қарсы болады. Роберт Фрей айтқандай «Адамдар өзгерісті жек көреді. Кез –келген өзгеріс қорқынышпен, ызамен, ескі көзқарастар, ойлармен күресу. » Жаңалыққа қарсы тұрудың себебі адам табиғатынан туған, сондықтан кәсіпорынға жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін жайлы атмосфераны қамтамасыз ету керек.

Өнімді дайындауға тапсырыс алған кәсіпорындар сапа менеджменті жүйесіне  сертификаттары  бар  жеткізушілермен жұмыс істеуге тырысады. Себебі заңды түрде сенімді,тез, арзан және оңай. Сапаны басқару жүйесін енгізу -тендерлік шарттардың ашықтығы мен дұрыстығының бірден бір жолы[6].

Сапа менеджменті жүйесін енгізген кәсіпорындарда өндірістік жұмыста персонал өзінің білімі мен тәжірибесін Толықтай жүзеге асыруға, ашық, еркін ойлауға себеп болатын тұрақты қызметтік орта қалыптасады. Бұндай ортаны жоғары басшылық жасайды. Бұл ең алдымен барлық деңгейдегі қызметкерлерді сапа менеджментіне толық тарту және олардың қабілеттерін тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Жаңа орта лидерліктің жоғары дәрежесін көрсетуге қажетті жоғары басшылықтан біліктілікті талап етеді. Жоғары басшылық нақты сапа саясатына жауапты.

Сапаны жақсартудың жыл сайынғы бағдарламалары барлық персоналдың күшін біріктіруші фактор болуы мүмкін. Бұндай қадам персоналды әлеуметтік- психологиялық және экономикалық ынталандыру үшін тиімді болып табылады. Өкінішке орай жаңа менеджментке ресми түрде көшкен ұйымдар да бар. Мұндай ұйымдарда процестің нәтижелілігі қанағаттанарлық емес. Еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнім сапасын сапа менеджментін жақсарту арқылы арттыра аламыз. ИСО халықаралық стандартына сай өндірістегі барлық процестер бір-бірімен тікелей байланыста болу керек.

Процестік тәсілдеме өндірістегі барлық қызметтің негізі болу керек. Менеджмент назары әртүрлі бөлімдер мен құзіретті тұлғалар атқаратын жеке функциялар емес, бір арнаға тоғысқан, соңғы нәтижеге бағытталуы тиіс.

Процестік тәсілдеме әдістемесін игеру әлі де даму үстінде. Сондықтан қазіргі кезде өндіріс персоналын процестерді жақсартудың үздіксіз әдісіне және жақсартулар бойынша жұмыстарға анализ жасау іс-шараларын ұйымдастыруға оқыту керек. ҚР СТ ИСО 9001 стандартында ұйымда процесстік тәсілдерді іске асыру үшін қажетті талаптарды бекітеді. Табысты қызмет ету үшін ұйым әрекетінің өзара байланысқан әрекеттері мен ресурстарын біріктіріп процесс ретінде қарау басқару процесстік тәсіл. Процесс дегеніміз бір-бірімен байланысты кірісі және шығысы бар анықталған ресурстар арқылы қолданылуы арқылы жасалынатын қызмет түрі. Ұйымда процестік жақын келуді орындау үшін:

1)Сапа менеджмент жүйесіне қажетті процесстерді тенестіреді; Процесстерді анықтау кезінде ұйым келесі факторларды қарап шыға алады- өнім сапасына ықпалын жасау, тұтынушының қанағаттанбай қалу тәуекелдігі,заң шығарушы және міндетті талаптар,экономикалық тәуекел, қызметші жете білушілігі,процесстердің қиындығы және т.б.

2)процесстерді суреттеп айту: әрбір процесстің кіріс және шығыс данныйларын анықтау, орындау кезеңдерін, процессті өлшеу және мониторинг, процесстің ағысы үшін қажетті ресурстар,процесстердің жұмыс жасау және мониторингі кезіндегі ұйым жұмысшыларының жауапкершіліктері және өкілет;

3)процесстер арасындағы негізгі байланыстары мен жүйелілігін анықтау;

4)процесстердің мақсаттарын жасау және осы мақсаттарға жетудің көрсеткіштер жүйесі, процесстерді басқару және бағалау нәтижелігін жүзеге асыру кезіндегі критериларды анықтау;

5)мониторинг объектілерін анықтау,периодтылығын, мониторинг әдістерін, талдау реті және монитеринг нәтижелерін дайындау;

6)Процесстердің нәтижелілік бағалау әдістерін орнату.

СМЖ- не қажетті процесстерге келесі процесстерді қосқан жөн:

-басшылық басқаратын қызмет;

-ресурстар менеджменті;

-өнімнің өмірлік циклі;

- өлшеу, талдау және жақсарту.

ИСО 9000 стандарттар топшалары сапа менеджмент жүйелеріне талаптар және өнімдерге талаптар арасына өзгешеліктерді көрсетеді. Сапа менеджмент жүйелеріне талаптар ҚР СТ ИСО 9001 бекітілген. Олар қай категориядағы болмасын өнімнің өнеркәсіптің немесе экономиканың қандай да болмасын секторындағы ұйымдарға жалпы және қолданылатын болып табылады. ИСО 9000 стандарттар 2008 жылда шыққан версиясы 4 стандарттардан турады.

1.ҚР СТ ИСО 9000-2007 СМЖ. Негізгі ережелері және сөздік (сапа менеджмент жүйелерінің негізгі ережелерін баяндайды және СМЖ үшін терминологияны бекітеді).

2.ҚР СТ ИСО 9001-2009 Талаптар. (тұтынушылар талаптарын қанағаттандыратын және міндетті талаптарға қолданатын өнімдерді ұсына алатын мүмкіндігін көрсету үшін ұйымға керек болған жағдайда СМЖ-не талаптарды анықтайды және тұтынушыларды қанағаттандыруды жоғарылатуға бағытталған).

3.ҚР СТ ИСО 9004-2010 СМЖ. Ұйымның тұрақты жетістікке жетуі үшін менеджмент. Сапа менеджменті позициясынан тәсілдеме. (СМЖ-нің нәтижелігі, сонымен бірге тиімділігін қарастыратын нұсқаулықтарға ие. Осы стандарттың мақсаты болып ұйым әрекетін жақсарту және тұтынушылар мен басқа қызығушы тараптарды қанағаттандыру болып табылады.)

4.ИСО 19011-2002 СМЖ-ін және қоршаған ортаны қорғаудың аудиті (тексеру) бойынша әдістемеліәк нұсқаулықтарға ие. Сапа менеджменті нысандарының эволюциясыСапаны басқару сапаға қойылатын талаптарды қанағаттандыру үшін пайдаланылатын әдістер мен қызметтер. Сапаны басқару процесі мен сапа ілмегінің белгілі бір сатысында қанағаттандырылмаған қызмет ету себептерін жоюға бірдей бағытталған әдістер мен шапшаң сипаттағы қызмет түрлерін қамтиды.

Сапаны басқарудың қазіргі заманғы концепцияларына СМЖ, TQM, TQC, CWQC, ИСО негізгі түрлері жатады. TQC- деңгейі жоғары экономикалық тиімді және тұтынушының талаптарын толық қанағаттандыратын өнімдер мен қызметтерді қалыптастыру, қолдау және жақсартуды ұйымдастыру кезінде адамдардың әр түрлі топтарының үйлескен әрекеттері қамтамасыз ететін тиімді жүйе. CWQC- жүйесі фирманың әр бір бөлімінде әрбір қызметкердің сапаны басқаруды іс жүзінде оқып игеруін және оған қатысуын қамтиды.

Бұл жүйе TQC жүйесіне қатысты кезеңдерді өзінің құрамына ендіреді. TQM- бұл кәсіпорын қызметінің барлық шеңберінде барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылықтың қатысуымен және техникалық мүмкіншіліктерді ұтымды пайдалану кезінде зерттеулер мен жасап дайындаудан бастап сатудан кейінгі қызмет көрсетуге дейін сапаны басқару жүйелері мен әдістерін әр жақты бағытталған және тиімді үйлестірілген пайдалануды қарастыратын тұжырымдама.

TQM- бұл теориялық пән емес, үш құрамдас бөліктен тұратын сапаны арттыру процесін басқару технологиясы: Түбірлік жүйе талдау және зерттеу үшін қолданылатын әдістер мен құралдар. Бұл әдістерде бақылау статистикалық ыңғайға, белгілі математикалық аппараттарға негізделген, сол себептен барлық кәсіпорындарда пайдаланылады.

Техникалық қамтамасыздандыру жүйесі. Бұл қызметкерлерді осы құралдарды және оларды дұрыс пайдалану жолдарын үйретуді қамтамасыз ететін тәсілдер мен бағдарламалар. Бұл жүйе әр бір кәсіпорынның орналасқан елінің ерекшеліктерін белгілейді, осы елдің ұлттық мәдениетімен және дәстүрімен байланысты. Сапаны жалпы басқаруды жетілдіру және даму жүйесі әр ел үшін өте ерекше болып табылады, оған ұлттық ерекшеліктер, экономикалық заңнамалар өте қатты әсер етеді.

СМЖ- бұл тікелей немеске жанама ықпал ететін компания қызметінің аспектісін басқару жүйесі. СМЖ- ИСО халықаралық ұйымының стандартарының формулаларымен жасалнады. СМЖ-ны құру үшін өнеркәсіп басшысының стратегиялық шешімі қажет, себебі бұл өнеркәсіпті басқаруда және жұмыстарды ұйымдастыруда маңызды ықпал етеді. СМЖ басқарушы жүйе, яғни бұл жүйені кәсіпорын басшысы мен кәсіпорын менеджменті ішкі басқару тапсырмаларын шешуде қолданады.

Ол сол кәсіпорынға сай ұйымдасу структурасы, әдістемесі, ресурсы және процесі болуы керек. СМЖ бұл басқа кәсіпорынға тәуелді емес және өзгеріске ұшырамайды. СМЖ кәсіпорынды басқару жүйесінің бірбөлігі, ол сол кәсіпорында жасалнып, кәсіпорынның өз ішінде өсуі, дамуы керек. СМЖ жүйесін мұқият ойлап, жоспарлы түрде ұйымдасып дайындау керек.

СМЖ жүйесінің қазіргі таңдағы басты принципі тұрақты жақсару, сонымен қатар сапа негізіндегі басқаруға философиялық көзқарасы.

Талаптардың орындалуының қабілеттілік әрекетінің жоғарлауының қайтымдылығы тұрғысында түсіндіріледі. Жақсару әрекеті: Қалыптасқан жағдайды бағалау және анализдеу Жақсартудың мақсаты және анықтау сферасы Қойылған мақсатқа жету шешімін табу және оның ішінде оптималдысын таңдау Таңдалынған шешімді орындау Таңдалынған шешім орындағаннан кейін оны бағалау және анализдеу.

Процесті және процедурадағы өзгерістерді әзірлеу Бұл принциптерді іске асырудың басты объектісі болып барлық бөлек процестің жиынтығы болуы керек. Іске асыру жетістіктері басқа принципті қолдану болады. Ол сапа менеджменті жұмыскерлерді еліктіру. Олар үшін менеджмент өндірісінде барлық жағдайлар жасалнуы керек.

Сапа менеджмент жүйесін ендіру ерекшеліктері мен мақсаттары:

-қызығушы жақтардың қажеттіктерін есепке ала отырып ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту;

-кез келген жағдайда өнімнің сапалы шығуына ұмтылыс жасау;

-өндірісте өнім сапасына ұдайы жақсартуды қамтамасыз ету;

-алдыңғы жыл көрсеткіштеріне қатынасы бойынша өнімнің деңгейін қадағалау;

-өнім шығаруда ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту үшін әзірленген менеджмент жүйесін үнемі жұмысшы қалыпта ұстау[7].

2.2  Тараз металлургиялық зауыты ЖШС-ң ISO 9001 халықаралық стандартқа сәйкес менеджмент сапасының жүйесі

Әрбір кәсіпорын үшін ISO 9001 негізгі халықаралық сапа стандарттары болып табылады. Оның көмегімен менеджмент сапасының жүйесі құрылады, қысқаша МСЖ. ISO 9001 стандартының ерекшеліктері неде? Сапа жеке өнім үшін ғана емес, бүкіл кәсіпорынның жұмыс шегінде қарастырылады.

Стандартты қолдану үшін аймақтық немесе басқа шектеулер жоқ, оны кәсіпорынның әрбір меншік түріне, әрбір көлемде және әрбір елде пайдалануға болады. Стандарт халықаралық сертификаттауға өтуге рұқсат береді. ISO 9001 халықаралық сертификат әлемнің әрбір нүктесінде танылады.

Сонымен бірге стандарт ISO 9001 қолданылуы бойынша нақты техникалық немесе басқа нұсқауларды қамтымайды, сондықтан ол түсініктемені (яғни зерттеуді) және әрбір кәсіпорынға жеке бейімделуді (яғни қолдануды) талап етеді. Кәсіпорын-экспорттаушы стандарттың талаптарын мұқият зерттеуі қажет.

Зауыттығ сапа саласындағы саясаты - Қоғамның жалпы саясаты мен стратегиясының аса маңызды құрамы.

Сапа менеджментінің жоғары деңгейі Қоғамның бәсекеге қаблеттілігінің қажетті шарты, тиімді қызметі мен қарқынды дамуының кепілі болып табылады.

Сапа саясаты саласындағы мақсатқа қол жеткізу мынадай принциптерді орындаумен қамтамасыз етіледі:

Зауыттыі қызметін халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің тиімді жүйесі шеңберінде, оның нәтижелілігін ұдайы жетілдіріп отыру және көтерумен, ұйымдастыру және жүзеге асыру. Қоғамның мәселелерді шешуге тек кешенді және жүйелі көмегімен Сапа менеджментінің талап етіліп отырған деңгейін қамтамасыз етуі.

Зауыт шешім қабылдаған және оны жүзеге асырған кезде клиенттер мен серіктестердің бірінші дәрежеде қанағаттануының маңыздылығын басшылыққа алады.  Қоғам өзінің серіктестерімен қарым-қатынасын өзара ынтымақтастық негізінде құрады.

Сапаның тиімді менеджментінің шешуші факторы ретіндегі зауыт  басшыларының белсенді көзқарасы. Құрылымдық бөлімшелердің өзінің функциясын тиімді жүзеге асыру мен орындалатын процестерді жүйе ретінде басқаруға мүмкіндік беретін қоғамның ұйымдастырушылық құрылымын оңтайлы құру.

Зауттың барлық қызметкерлерін сапаны басқару процесіне саналы түрде тартуға жағдай жасау, процестердің ұдайы жақсаруына жұмылдыру.

Зауытқа жеткізілетін тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді ұйымдастырудың заң талаптарына және  сапа менеджменті саласындағы стандарттарға сәйкес болуы.

Зауыт басшылары өзіне: сапа менеджментінің нәтижелілігін анықтау, талдау және ұдайы көтеріп отыруға және Қоғамның барлық қызметкерлері оны іске асыруы үшін қажетті ресурстармен және жағдаймен қамтамасыз етуге жауапкершілік алады.

Сапа саласындағы саясат Қоғам мен оның еншілес ұйымдары және тәуелді қоғамдары үшін ортақ болып табылады және оның Қоғамның қызметіне қолдануға келетіні мен бірдейлігі мәнінде тұрақты түрде талдау мен қайта қарау тақырыбы болып табылады. Осы құжат барлық мүдделі тұлғалар үшін ашық және түсінікті болып табылады.

3 «ТАРАЗ МЕТАЛЛУРГИЯЛЫҚ ЗАУЫТЫ» ЖШС ІШКІ АУДИТЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САПА СТАНДАРТТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУІ

3.1 ТМЗ ЖШС ішкі аудит қызметі

Ішкі аудит қызметі директорлар кеңесіне ұйымдастырушылық бағынысты және функционалдық есеп беретін зауыттың органы болып табылады.

Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі қызметінің жұмысына басшылық жасайды.

Қызметтің миссиясы, Директорлар кеңесіне Басқармаға Компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуі бойынша олардың міндеттерін орындауға тиісті көмек көрсету болып табылады.

Қызмет жұмысының негізгі мақсаты, Директорлар кеңесіне, Компаниядағы тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау мен корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және шынайы кепілдіктер мен консультациялар беру болып табылады. Жылдық аудиторлық жоспарды орындаған кезде, Қызмет тәуекелге бағдарланған тәсілді пайдаланады. Аудиторлық тексерулер, Аудит жөніндегі комитет мақұлдаған және Компанияның Директорлары кеңесі бекіткен жылдық аудиторлық жоспардың негізінде жүзеге асырылады.

2014 жылы, Компанияның Директорлары кеңесі Қызмет алдына қойған негізгі мақсаттар мен міндеттерді басшылыққа ала отырып, ішкі бақылаудың корпоративті жүйесіне және тәуекелді басқаруға бағалау жүргізілді, сондай-ақ Компанияның корпоративті басқаруына диагностика жүргізу басталды.

Қызмет жүргізген аудиторлық тексеріс нәтижесі бойынша көрсетілген корпоративті жүйелерді жетілдіруге бағытталған ұсыныстар ұсынылды.

Тоқсандық негізде қызмет, сондай-ақ ішкі аудиторлар ұсынған ұсыныстарды орандау бойынша мониторинг жүргізіліп отырылды.

Қызметті координациялау мақсатында тиімді қамтуды және қосарлама жұмысты азайту үшін Қызмет арқылы ішкі аудиторға қатысты зауыттың ішкі бақылау жүйесі туралы ақпарат ұсынылған.

Есептік кезеңде тәуекелді басқару саласында қызметтер саны ұдғайтылып, лауазымдар мен қызметкерлердің еңбек жалақысының деңгейі қайта қаладып, Қызметті құрамдау қамтамасыз етілді.

Үздіксіз кәсіби даму, білімді, дағдыны және біліктілікті тұрақты жетілдіру мақсатында есепті кезеңде, Қызметтің жұмысшы-қызметшілері ішкі аудит саласындағы және Компания қызметіне қатысты салалардағы сияқты білім алу іс-шараларына қатысты.

Есепті кезеңде, Қызметтің жұмысын регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды енгізу және жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізді. Ішкі аудит қызметі туралы ереже және Компанияның ішкі аудитін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық қайта қаралып, Компаниядағы болжалды бұзушылықтар туралы хабарлама саясаты әзірленді[8].

2014 жылы Компанияның аудит жөніндегі комитетімен және Директорлары кеңесімен Қызмет жұмысыныңы тиімділігіне ішкі бағлау жүргізілді.

Компанияның Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 26 ақпандағы шешімімен Компанияның 2014-2020 жылдарға арналған негізгі мақсаты Қоғамның сұранысына, қолданыстағы заңнама талаптарына және еңбек нарығы ахуалына сәйкес, Қоғам персоналының, оны дамытудың сандық және сапалық құрамын жаңалау мен сақтау процесінің оңтайлы балансын қамтамасыз ету болып табылатын Кадр саясаты бекітілді.

Кадр саясаты Компанияның даму стратегиясына сәйкес басқару жүйесін, талаптарын, кадр әлеуетін дамытудың маңызды бағыттары мен тәсілдерін белгілейтін, адам ресурсын басқару саласындағы халықаралық тәжірибе ескеріле отырып әзірленген және ресми мәлімделген миссия мен мақсатты іске асыру үшін кадрлық менеджменттің негізгі бағыттарын және тәсілдерін ескере отырып әзірленген.

Кадр саясатының маңызды бағыттары:

-Персоналдың тиімді жұмысы;

-Корпоративтік мәдениетті жетілдіру;

-Персоналды оқыту;

-Персоналды бағалау;

-Персоналдың уәждемесі;

-Персоналды әлеуметтік қолдау Кадр саясатының ережесі мен қағидаттары Компанияның еншілес тәуелді ұйымдарына да қолданылады.

[9].

3.2 ИСО-9001-2009 стандартын зауытқа енгізу арқылы сапа менеджменті жүйесін ұдайы жақсаруын қадағалау ішкі аудит міндеті

Сапа менеджменті жүйесін құру үшін ұйымның стратегиялық шешімі қажет болады. Ұйымның сапа менеджменті жүйесін əзірлеуге жəне енгізуге:

а) бизнес-орта, осы ортамен байланысты өзгерістер немесе қауіптер;

b) өзгермелі қажеттіліктер;

c) нақты мақсаттар;

d) шығарылатын өнім;

e) қолданылатын процестер;

f) ұйымның өлшемі жəне құрылымы əсер етеді.

Осы стандарт сапа менеджменті жүйесінің құрылымында біркелікті немесе құжаттаманың біркеліктілігін ұйғармайды. Осы стандартта белгіленген сапа менеджменті жүйесіне қойылатын талаптар өнімге қойылатын талаптарды толықтырады. «ЕСКЕРТПЕ» деп белгіленген ақпарат сəйкес талаптарды түсіну немесе түсіндіру бойынша əдістемелік нұсқаулық болып табылады.

Осы стандартты сертификаттау органдарын қоса алғанда, ішкі жəне сыртқы тараптар ұйымның тұтынушылардың талаптарын, өнімге қойылатын заңнамалық жəне нормативтік талаптарды жəне ұйымның өз талаптарын орындау қабілетін бағалау мақсатында пайдалана алады. Осы стандартты əзірлеу кезінде ИСО 9000 жəне ИСО 9004 белгіленген сапа менеджментінің принциптері ескерілді.

Осы стандарт тұтынушылардың талаптарын орындау арқылы қанағаттануын арттыру мақсатында сапа менеджменті жүйесін əзірлеу, енгізу жəне нəтижелігін жақсартуда «процестік тəсілді» қолдануға бағытталған. Табысты жұмыс істеу үшін ұйым қызметтің өзара байланысқан көптеген түрлерін айқындауы жəне басқаруы қажет. Кірісті шығысқа айналдыру мақсатында басқарылатын жəне ресурстарды пайдаланатын кез келген қызмет (немесе қызмет түрлерінің комбинациясы) процесс ретінде қаралады. Көбінесе бір процестің шығуы келесі бір кірістің тікелей енуіне жол ашады. Ұйымда процестер жүйесін олардың бірдейленуі мен өзара əрекетімен қатар қолдану, сондай-ақ қажетті нəтижені алуға бағытталған процестер менеджменті «процестік тəсіл» деп саналуы мүмкін. Процестік тəсілдің артықшылығы олардың жүйесі аясында жекелеген процестердің түйісуін қамтамасыз ететін басқарудың үздіксіздігінен, сондай-ақ олардың комбинациясы мен өзара əрекетінен тұрады. Сапа менеджменті жүйесінде қолданған кезде бұндай тəсіл мыналардың:

a)талаптарды түсіну жəне орындаудың;

b)процестерді құндылықтар қосу тұрғысынан қарастыру қажеттілігінің;

c)процестерді орындау нəтижелеріне қол жеткізудің жəне олардың нəтижелілігін қамтамасыз етудің;

d)объективті өлшеу негізінде процестерді тұрақты жақсартудың маңыздылығын көрсетеді.

Жоспарлау:

-Тұтынушының талаптары мен ұйымның саясатына сəйкес нəтижелерге қол жеткізу үшін қажетті мақсаттар мен процестерді əзірлеу;

-Жүзеге асыру:

-Процестерді енгізу;

-Тексеру:

-Саясатпен, өнімге арналған мақсаттар мен талаптарға сəйкес өнімдер мен процестерді тұрақты бақылау жəне өлшеу жəне нəтижелерді хабарлау;

-Іс-əрекет: Процестер көрсеткіштерін үнемі жақсарту жөнінде əрекеттер жүргізу.

ISO 9001 жəне ISO 9004 халықаралық стандарттары бірін-бірі толықтыру мақсатында əзірленген сапа менеджменті жүйесінің стандарттары болып табылады, алайда оларды сондай-ақ тəуелсіз қолдануға болады. ISO 9001 сертификаттау немесе келісім-шарт жасасу мақсатында ұйымдар ішкі қолдануы үшін пайдалануға болатын сапа менеджменті жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді. Ол тұтынушылардың талаптарын орындаған кезде сапа менеджменті жүйесінің нəтижелілігіне бағытталған. Осы стандарт жарияланған сəтте ISO 9004 халықаралық стандарты қайта қарау процесінде болатын. ISO 9004 қайта қаралған басылымында ұйымның күрделі, талап қоятын жəне ұдайы өзгеретін ортасында тұрақты табысқа қол жеткізу үшін менеджмент бойынша нұсқаулықтар болады. ISO 9004 стандартында ISO 9001 стандартына қарағанда сапа менеджменті жүйесінің мақсаттарының аса ауқымды спекторы бойынша нұсқаулықтар бар; ол қызметтерді жүйелі жəне ұдайы жақсарту жолымен олардың қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру үшін барлық мүдделі тараптарға арналған. Алайда ол сертификаттау, регламенттер əзірлеу немесе келісім- шарттар жасау мақсатына арналмаған.

Осы стандартты əзірлеу кезінде пайдаланушылардың мүддесінде осы екі стандарттың үйлесімділігін жақсарту үшін ISO 14001:2004 ережелеріне баса назар аударылды. А қосымшасында ISO 9001:2008 жəне ISO 14001:2004 стандарттары арасындағы сəйкестік берілді. Осы стандартта қоршаған ортаны қорғау менеджменті, өндірістегі қауіпсіздік жəне денсаулықты қорғау саласындағы менеджмент, қаржы менеджменті немесе қауіптер менеджменті сияқты менеджменттің басқа жүйелеріне қойылатын нақты талаптар жоқ. Алайда ол ұйымға өзінің сапа менеджменті жүйесін тиісті басқа менеджмент жүйесінің талаптарымен келісуге немесе осы жүйелермен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Ұйым қолданыстағы сапа менеджменті жүйесін осы стандарттың талаптарына сəйкес келетін сапа менеджменті жүйесін құру үшін бейімдей алады

2014 жылғы 18 ақпанда ТМЗ ЖШС зауыттар үшін басымдықты болатын ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес келуге қатысты 6  сертификаттың  соңғысын иеленді. Бұл күні зауыт ISO 50001:2011 «Энергетикалық менеджмент жүйелері» халықаралық стандарты талаптарына сәйкес келу сертификатын алды.

Қазіргі уақытта «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС - Қазақстан Республикасындағы менеджмент жүйелеріне сәйкес келуге қатысты 6 сертификатты:

-ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті жүйелері»,

-ISO 9001:2008 «Сапа менеджменті жүйелері»,

-ISO 14001:2004 «Экологиялық менеджмент жүйелері»,

-OHSAS 18001:2007 «Денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйелері»,

-ISO 50001:2011 «Энергетикалық менеджмент жүйелері»,

-ҚРСТ352-2012/SA 8000:2008 «Әлеуметтік жауапкершілік» сертификаттарын иеленген алғашқы зауыт [10].

3.3 СМЖ стандарттарын ұдайы жаңарту арқылы тараз металлургиялық зауыты жшс-ың нарықтық экономикадағы өндірісінің дамуы

Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуы өндiрiстiң дамуының жаңа басым бағыттарын анықтады:

-отандық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;

-тұрғындардың үнемі артып отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыру;

-тұтынылатын өнiмнің қауiпсiздiгін қамтамасыз ету жүйесінiң жасалуы.

Қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға жедел ауысуы туралы № 175-р 2004 жылдың 6 ақпаны және № 28-р 2007 жылдың 27 маусымда қабылданған Үкіметтің шешіміне орай ЖШС «Тараз металлургиялық зауыты» бұл бағыттан тыс қалған жоқ. Сондықтан кәсіпорында келесі стандарттарға негізделген: ISO 9001:2008 сапа менеджменті жүйесі, 14001:2004 экологиялық менеджмент жүйесі, OHSAS (Occupational Health and Safety Assessment Series) 18001:2007 өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау менеджменті жүйесі, SA (Social Accountability) 8000 әлеуметтік және этикалық менеджмент жүйесі интегралданған сапа менеджменті жүйесін енгізу ұсынылды.

Әрбір жалпы процессті құжаттандыру барысында ISO 9001:2008; ISO 14001:2004; OHSAS 18001:2007 и SA 8000 халықаралық стандарттарының талаптары ескерілуі қажет. Кәсіпорында ISO 14001:2004 стандартының талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсер ететін немесе әсер ету мүмкіндігі бар экологиялық аспектілер анықталады. Мәліметтер экологиялық аспектілер реестріне тіркеледі.

Нақты экологиялық аспектілердің маңыздылығын бағалау нәтижесі бойынша экологиялық бағдарламалар жобаланады. OHSAS 18001:2007 стандартының талаптарына сәйкес, өндірістік қызметтің нәтижесінде пайда болатын, кәсіпорында бекітілген және сәйкестендірілген шынайы қауіп-қатерлерге сәйкес қауіп-қатерлер реестрі жасалады. Реестрде бекітілген аса маңызды қолайсыз факторларға сәйкес кәсіптік қауіпсіздік пен денсаулықты басқару бағдарламасы жобаланады. SA 8000 стандарты келесі аспектілерді бағалауға арналған критерийлерді анықтайды:

-бала еңбегі;

-ықтиярсыз еңбек;

-денсаулық және техника қауіпсіздігі;

-кәсіби бірлестіктердің бостандығы және ұжымдық келісім-шарт шешімі туралы жалдаушы мен кәсіподақ арасындағы келіссөзге құқығы;

-кемсітушіліктер;

-тәртіптік жазалар;

-жұмыс уақыты;

-өтем;

-басқару жүйелері.

Кәсіпорында интегралданған сапа менеджменті жүйесін енгізу бірнеше стандарттарды қатарынан немесе кезекпен тәуелсіз енгізу кезінде пайда болатын келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

-бөлімшелер функциясының, қызметтердің, құжаттардың, процесстердің қайталануы; – сапаны басқару, экология, кәсіптік қауіпсіздік пен денсаулық жүйелерін тәуелсіз енгізу кезінде болатын жүйелер арасындағы өзара байланыстың шиеленісі;

-менеджмент жүйесінің кәсіпорын басқарушысымен тұтас жүйе ретінде қабылдануының күрделілігі, соған сәйкес жобалаудың, бақылаудың және тұтас басқарудың төмен нәтижелілігі;

-кәсіпорынға стандарттар тобын енгізу мерзімінің ұзақтығы;

-стандарттар тобын өзара тәуелсіз енгізу барысындағы үлкен еңбексыйымдылық пен ресурстардың қажеттілігі.

Интегралданған жүйе ұйым ішіндегі іс-әрекеттердің үйлесімділігін қамтамасыз етеді, сол арқылы келісілген іс-әрекеттердің жалпы нәтижесі жеке нәтижелер жиынтығына қарағанда маңыздырақ деген тұжырымдамаға негізделген синергетикалық әсерді арттырады;

-интегралданған жүйеге қызмет көрсету қатарлас бірнеше жүйеге қарағанда едәуір кем;

-интегралданған жүйеде ішкі және сыртқы байланыстар саны бірнеше жүйелердегі осы байланыстар санына қарағанда кем; бірнеше қатарлас жүйелердегі құжаттардың жалпы көлемі интегралданған жүйедегі құжаттар санынан кем;

-ұйым қызметін жақсартуға бағытталған кызметкерлердің белсенділігін арттыру интегралданған жүйеде жоғары деңгейге қол жеткізіледі;

-қатарлас жүйелерге қарағанда, интегралданған жүйеде сыртқы жақтардың мүдделері ескеріледі;

-интегралданған жүйені жобалауға, оның қызмет етуіне және сәйкестігін растауға жұмсалатын шығындар бірнеше жүйелердің жалпы шығынына қарағанда төменірек;

-интегралданған жүйе негізінде бірнеше процесстерді үйлестіру мүмкіндігі (жобалау, басшылық жағынан зерттеу, құжаттарды басқару, кадрларды даярлау, оқыту, ішкі аудиттер және т.б.);

-тұтынушыларға, мүдделі тараптарға, инвесторларға жоғары тартымдылық.

Интегралданған сапа жүйесін енгізу ЖШС «тараз металлургиялық зауыты» менеджментінің тұрақтылығын және тиімділігін арттыруға бағытталған күрделі инновациялық жоба болып табылады [11].

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі кезде елдегі кәсіпорындарға халықаралық стандарттарды пайдалану, соның ішінде, әсіресе, сапа менеджменті жүйесі бойынша 9000 стандарттар топтамасын жаппай енгізу мәселесіне мемлекет тарапынан аса назар аударылуда. Оның айқын көрінісі менеджмент жүйелері бойынша халықаралық стандарттарды қолданудың барлық алғышарттары жасалуында..

Бүгінде дүние жүзінде менеджмент жүйелеріне талаптар белгілейтін бірнеше стандарт бар. Оларға ІSO 9000 (сапа менедж-мент жүйелері немесе СМЖ), ИСО 14000 (экологиялық менеджмент), ОHSAS 18000 (өндіріс қауіпсіздігі және денсаулық сақтау), HASSP нормалары және ИСО 22000 (тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі), SA 8000 (әлеуметтік және этикалық менеджмент) стандарт топтамалары жатады.

Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметіне сүйенсек менеджмент жүйесі бойынша сертификаттаудан өткен кәсіпорындар саны 2015 жылдың бірінші мезгілінде төмендегідей болды:

ИСО 9001 – 4662

ИСО 14001 – 593

ОHSAS 18001 – 535

ИСО – 22000 –343

Жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда кәсіпорындар СМЖ енгізу мәселесіне артықшылық беретіні байқалады. Алайда, экология, денсаулық сақтау, жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігіне т.б. қатысты менеджмент жүйелерін ескермеу кәсіпорын жұмысын толыққанды ете алмайды. Себебі, СМЖ кәсіпорынның жалпы менеджментінің бір ғана бөлігі болып табылады. Жалпы, менеджментке сонымен бірге “Қаржы менеджменті”, “Қызметкер менеджменті”, “Инновациялық менеджмент”, “Хорлар менеджменті”, “Ақпараттық қауіпсіздік”, “Өндіріс қауіпсіздігі және еңбекті қорғау” т.б. менеджменттер қамтылады.

Біздің елдің кейбір кәсіпорындары бірнеше халықаралық стандарт талаптарына сәйкесетін менеджмент жүйелерін енгізу жөнінен алғашқы қадамдар жасай бастады. Халықаралық стандарттардың құрылымы оларды менеджменттің бірлескен жүйесіне (интеграциялық жүйеге) біріктіруге мүмкіндік береді. Қазіргі кезеңде дүниежүзілік тәжірибеде интеграцияланған менеджмент жүйесіне (ИМЖ) негізінен сапа менеджменті, экологиялық ме¬неджмент, өндірістік қауіпсіздік және денсаулық сақтау менеджменті, әлеуметтік жауапкершілік менеджменті қатарлы менеджменттер қамтылуда.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ:

 

  1. http://www.amu.kz/kz/bilim_take_yzmeti/bilim/juesi/-сайты
  2. http://bilimdinews.kz/index.php/item/605-bastauysh-bilim-berudi-zha-a-memlekettik-standarty- сайты
  3. http://ya-student.kz/kz/high_schools_and_colleges/basic_information/-сайты
  4. Менеджмент систем качества: Учебн. пособие /М.Г. Круглов, С.К.Сергеев, В.А.Такташов и др. - М.: ИПК, Издательство стандартов, 1997, - 368 б.
  5. www.ansya.ru-сайты
  6. Международные стандарты ИСО 9000. Управление качеством продукции. М.: Изд-во станд., 1996 г.
  7. Успешная сертификация на соответствие нормам ИСО серии 9000: Руководство по подготовке, проведению и последующей сертификации / Изд.: Eckhard Kreier. Kissing: Forum – Verl. Herkert –Losebl. – Ausg. Основной том. – Состояние на 1995 год.
  8. TQM – XX1. Проблемы, опыт, перспективы. Вып. 1 Под ред. В.Л. Рождественского и В.А. Качалова – М.: ИЗДАТ, 1997. – 193 с
  9. www.tmz.kz-сайты
  10. www.sat.kz-сайты
  11. www.meta.kz-сайты

 

 
16.11.2016 17:28