Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154268

1-мамыр ынтымак куні

1 мамыр – Қазақстан халық­тарының бірлігі күні. 1995 жыл­дың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық тату­лық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ас­самблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Ассамблея 365 мүшесі, 471-ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері 500-ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаң­ғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қам­қорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғам­дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қаты­настарды реттеудің тиімді тетік­терін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.

Өзара түсіністік, ұстамдылық, әр түрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтық идеалдар мен қасиеттерді қалып­тас­тыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық-құқық­тық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңісе білді.

Елбасының Қазақстан халқы­на Жолдауында айтылған мәсе­лелер қатарында ерекше көрсеті­ліп кеткен бағыттың бірі — Қазақ­стан халықтары Ассамблеясының рөлін нығайтуға байланысты “Қоғамдық келісімді және тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру” мәселесі. Бағыттың бұлай ата­луының өзі өзіндік этносаралық және конфессияаралық келісімнің жетілдірілген моделі қалыптасқан Ассамблеяның ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы ерекше орган болып табылатындығын көрсетеді.

Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық эт­ностардың мүддесін ортақ қазақ­стандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты. Қазақ­станда тұратын барлық ұлттар мен этностар қалыптастырған ел бірлігі мен тұрақтылықты сақтауға бағыт­талған қазіргі мол тәжірибе этнос­аралық проблемаларды шешудің әлемдік тәжірибесіне енуде.

Жолдауда атап көрсетілгендей, “қоғамдық келісімді әрі қарай нығайту еліміздің қалыпты дамуы мен әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру тәрізді үстеме міндеттерді шешудің негізі болып табылады”.

Жолдауда “Қазақстан халық­тары Ассамблеясының практика­лық қызметі мен жауапкершілігі аясын кеңейтіп, оның беделін барынша арттыра беру, әсіресе, заңнамалық деңгейде арттыру қажет” деп көрсетілген. Осыған орай Ассамблея жұмысы маңыз­дылығын арттыру мақсатында оның ғылыми және құқықтық база­сын жетілдіру қажеттілігі тәрізді өзекті мәселе күн тәртібіне қойы­лып отыр.

Жалпы, Елбасы келешекте Ассамблеяның республикамыздың алдағы даму уақытының жаңа кезеңінде келесі төрт міндетті дәйекті түрде шешу керектігін атап көрсетті. Олар: Қазақстандағы ұлтаралық тұрақтылықтың кепілі бола алатын, елдегі бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылатын халықтардың бірлігін нығайту және Қазақстан қоғамын жаңартудың саяси идеология мен ағымдағы “сұраныстан” биік тұра­тын негіз қалаушы құндылықтары бойынша арнайы қоғамдық келі­сім­ді қолдау мен дамыта беру, біртұтас қазақстандық қоғам құрудың негізі болып табылатын Қазақстанның барлық азаматтары үшін олардың ұлттық, әлеуметтік шығу тегіне қарамастан, тең мүмкіндіктерге негізделген біртұтас азаматтығын нығайту, қоғамдағы этносаралық және конфессия­ара­лық келісім мен ықыластылықты одан әрі нығайтуға қажетті қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені, сон­дай-ақ келеңсіз оқиғаларды бол­дыр­мау және әрбір азаматтың конституциялық мүддесін қорғауға бағытталып отырған қоғамдағы экстремизм мен радикализмнің кез келген көріністеріне және біздің азаматтарымыздың консти­туция­лық құқықтарына қысым жасауды көздейтін әрекеттерге қатаң, әрі дәйекті тұру міндеттері болып та­былады.

Бүгінгі таңда Қазақстан халық­тарының Ассамблеясы – ұйымдық құрылым ғана емес, ол біздің өмі­ріміздің ажырамас бөлігі, біздің тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі.

Өткен уақыт ішінде Қазақстан халықтары Ассамблеясы ұйымдық жағынан нығайып, өз іс-қимыл­дарының тиімді бағытын тапты, мемлекеттік құрылыс процестеріне, трансформациялық әлеуметтік-экономикалық жаңғырту, саяси тәуелсіздік және егемендік жағ­дайын­да принципті жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыруға оңды, жан-жақты және тиімді ықпал етуде. Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылымы ая­сын­да біз саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтай алдық. Қазақстан халықтары Ассамблеясының стра­тегиясы арқылы тұрақтылықты сақтап, кең ауқымды әлеуметтік және саяси жаңартуларды баста­дық. Ассамблея шеңберіндегі біздің жұмысымыз – Қазақстанның өркендеуінің кепілі.

Мемлекетіміздің ұстанған ұлт­тық саясатын насихаттау мақса­тында Қазақстан халықтары Ассам­блеясы шетелдік ұйымдармен қа­рым-қатынасты нығайта түсуде. Осы мақсатпен өткен жылы Гер­мания, Бельгия, Нидерланды, АҚШ, Украина, Ресейге арнайы сапарлар ұйымдастырылды. Атал­ған елдерде делегация мүше­лері Бундестаг, Еуропарламент депу­таттары, Тең мүмкіндіктер орта­лығы, БҰҰ, америкалық сыртқы саясат ұлттық комитеті басшылары және саяси қайраткерлермен кез­десулер, дөңгелек үстелдер өткізді. Конференциялар ұйымдасты­ры­лып, тәжірибе алмасулар жүзеге асырылды. Қазақстан халықтары Ассамблеясының аларынан берері көп екенін мойындаған шетелдік әріптестер оның 12 жылдық тәжі­ри­бесіне қызығушылық танытып жатты. Бельгиядағы Тең мүмкін­діктер және нәсілшілдікке қарсы күрес орталығының директоры Йозеф де Витто дәл осындай ас­сам­блеяны өз елінде құруды орын­ды деп атаса, Фордхэм универ­ситетінің профессоры П.Мордвидж “Қазақстан көп ұлтты мемлекет­тердің ішінде жоғары жетістікке жеткен алғашқы ел, сондықтан ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін әлемдік тәжірибеде қол­дану керек” дей отырып, еліміздегі бүгінгі жағдайға жоғары баға берді. Ал Ресейде біздің Ассамблеяның үлгісімен Ресей халықтарының Ас­самблеясының құрылуы қазақстан­дық тәжірибенің маңыздылығының айқын дәлелі болып табылады.

Қазір Қазақстанда елдің ұлт­тық-мәдени алуандылығын қоғам­дық дамудың оң ықпал етуші фак­торына айналдырудың барлық алғышарттары бар. Бүгінде байтақ елімізді мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстар патриотизм ұғымын жаңаша түсіне бастады. Олар бұл ұғымды тек ата тегімен ғана байла­ныстырып қоймай, Қазақстанның мемлекеттілігі, басқа ұлттың мәде­ниеті мен дәстүріне деген толе­рантты көзқарас сияқты қасиеттер арқылы қарастыруда.

Жетекші сарапшылардың пікі­ріне сүйенсек, қазақстандық қо­ғамдағы қалыптасқан толерант­ты­лықтың негізінде бірнеше фактор жатыр.

Бірінші фактор – адамдардың елдің болашағына сеніммен қа­рауы. Қазақстанның 2030 жылға дейін даму Стратегиясы нақ өмір­лік болашаққа деген сенімділікті, түсінушілікті арттырған құжатқа айналып, қоғамымыздың қарқынды түрде дамуын алға жетелеудің бол­жамды жоспарын ұсынды. Ал Стратегияда айтылған жоспарларды сатылай жүзеге асыру ел азамат­тарының әлеуетін жүзеге асыруға зор мүмкіндіктер береді.

Екінші фактор – еліміздің өткен тарихы. Халқымыз бірде кең байтақ елінің ен даласынан көз алартқан сырт дұшпанға ұлтарақтай да жерін қимай, жауымен қасық қаны қалғанша шайқасатын қаһарлы қазақ болса, енді бірде табалдырығын аттаған қонағын құдайдай күтіп, оған дастархан боп жайылуға, төсек боп төселуге дайын дархан қазақ. Толерант­тылық сөзінің бір синонимі “қаза­қы мінез” болар, сірә.

Үшінші фактор – мемлекет құ­раушы жергілікті халықтың өзіндік ерекшелігі. Қазақтар мыңдаған жылдар бойы сыртқы жағдайлар­дың өзгеріп тұруында өзіндік бейім­делу мүмкіндіктерін көрсете алған ұлы көшпенділер мәдение­тінің мұрагерлері. Қазақ жері арқылы өткен Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығыс өркениетін бай­ланыстырушы алтын көпір іспеттес қызмет атқарып, керуен жолдары мәдениет және біліммен екі бағыт­ты да сусындатты. Көне қазақ жері­не өзіндік зор ықпалын тигізді. Жал­пы, Жібек жолының қазақ же­рі­нен өтуінің өзі мәдениет әртүр­лі­лігін, басқалар мәдениетіне, тілі­не және діни көзқарасына деген түсінушілігін қалыптастырғаны белгілі.
Төртінші фактор – қазақтың ұрпағын кек сақтамайтын етіп тәрбиелей алу қасиеті. Қазақ басынан тағдырдың талай қатал сынын кешірді. Беріден қайырған­ның өзінде, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлар­дағы Жоңғар шапқыншылығы, Ресей империясының езгісі мен кешегі Кеңес өкіметі заманындағы зобалаң аштықты басынан кешіріп, саяси қуғын-сүргіннің де құрбаны болған халық. Алайда, қылышынан қан тамған замандарда таңдары азаппен атса да, басқадан кек алу мақсатында қылышын қайрамаған, тағдырдың ауыртпалығына қайсар­лық танытқан халық. Өткенге бой ұсынбай, келешекті аңсап ел бірлігі мен молшылығын бата тілегіне қосып ұрпағына аманат ретінде қалдырып отырған халық.

Бесіншіден, жазба әдебиеті кешірек дамығанмен, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде жеткен, сарқылмас мол қазына болып табылатын ауыз әдебиеті, батырлар жырлары, Қазтуған, Шалкиіз толғаулары мен Доспамбет, Бұқар жырау, Дулат, Махамбет сынды жауынгер ақын-жыраулардың отаншыл шығарма­шылығы арқылы бүгінгі ұрпағына Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеп, қазақ болып туғанын мақтанышпен ауыз толтыра айтуға мүмкіндік беріп отыр. Тарихы бар халық қана – ұлы халық.

Алтыншы – халықтың ұлы­лығын танытатын тағы бір белгі – оның тілі. Сонау ХІХ ғасырда қазақ мәдениеті мен тілін зерттеген Еуропа ғалымдары түркітанушылар В.Радлов, П.Мелиоранскийлер “түркі тілдерінің ішінде ең таза тіл – қазақ тілі” екенін атап кетеді. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсынов қазақ тілін былай деп бағалайды: “түркі тілін ХХ ғасырға дейін аздырмай, қаз-қалпында сақтап келген алғыс пен абырой қазаққа тиіс”. Тілге деген бұдан асқан баға болмаса керек. Қандай қиын кезеңдерді бастан кешірсе де, қиыннан қиыстыра алатын тілінің байлығын, оның тазалығын кейінгі ұрпағына жеткізе алған халық ұлы халық емес пе?!

Жетінші – жаугершілік замандарды басынан кешіріп, халық ретінде жойылудың аз-ақ алдында болған қазақ “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” заманды аңсап, бейбіт өмірді қалаған халық екенін танытып, бауырына сан ұлттың баласын басып, дастар­қанын бөлісіп, талайға баспана беріп отыр. Бүгінгі көп этносты Қазақстандағы татулық пен келі­сімнің болуы да, ең алдымен қазақтың ұлылығын танытса керек.

Мемлекет құраушы халық ре­тінде қазақ халқы елдегі этнос­аралық бірлік пен келісімнің сақ­та­луына қалай жауапты болса, бас­қа этностар да мемлекеттің алдын­да өз жауапкершілігін соншалықты сезінуі қажет деп ойлаймыз.

 
27.04.2010 16:55