Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155433

Қазақтардың атамекенге оралу кезеңдері

Шетелдердегі қазақтардың (Оралмандардың) атамекеніне оралу мәселелері

Кезінде 1931—1933 жылдардағы ашаршылықтан Адай округінен көшіп кеткен 5 мыңдай Красноводск қазақтары қайтып орала бастады.

1960—1965 жылдары жұмыс іздеген екі мыңға жуық Астрахан қазақтары Атырау облысына қоныс аударып келді. Осының бөрі Маңғыстау, Атырау облыстарындағы халықтардың механикалық жолмен өсуіне әкелді.

1956—1962 жылдары Кеңес Одағы тұсындағы әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің қыспагынан Қытайға өтіп кеткен қазақтарға Отанына оралуға рұқсат етілді. Сол жылдары келушілердің қолында аты-жөні жазылған және көлемі 4×5 см фотосуреті бар қағаз болды. Оларға бұрынғы кеңестік негізінде 1930 жылы 2 тамыздағы «КСРО азаматтығы туралы» Заңды басшылыққа ала отырып, жаңа төлқұжаттар берілді. Сол заңның 2-бабы бойынша 30-жылдардағы аштық кезінде кеткендерге азаматтық берілді. Ал заңның 3-бабы 1917 жылғы төңкерістерден шетелге кетуге мәжбүр болғандарға қатысты қолданылды. Осы 2- және 3-баптары бойынша Қытайдан келген оралмандарға КСРО азаматтығын беру туралы қорытындылар шықты. Бүл қорытындылар бекітіліп, төлқұжат берілетін мекемелерге жөнелтілді.Қытайдағы қазақтардың оралуы қазақтардың механикалық жолмен ұлғаюына жағдай жасады. 1959—1970 жылдары қазақтар механикалық жолмен 143 мыңға көбейді. Тек қана Алматы облысына 62 мың адам көшіп келді.

1956—1962 жылдардағы қазақтардың кері көші-қон ағымдары олардың этнодемографиялық жағдайына әсер етті. Мәселен, 1962 жылы туғандардың жалпы саны ең жоғары көрсеткішке жетті.

1962 жылы 60 мыңдай ұйғырлар мен қазақтар кеңес-қытай шекарасынан бері өтті.

XX ғасырдың 90-жылдарының басында қазақтардың тарихи отанына оралу мәселесі үкімет деңгейінде шешіле бастады. Бұл мәселенің күрделілігіне орай, мемлекет қазақтардың шетелдерден оралуын біртіндеп жүзеге асыру бағдарламасын дұрыс көрді.

1991 жылы көктемде Талдықорғанға таяу Сарыөзек станциясына Монғолиядан шыққан оралмандар (7 отбасы) келіп түсті. 1991 жылы 18 қарашада Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы және Қазақ КСР Жоғаргы Кеңесінің шешіміне сәйкес республиканың Министрлер Кабинеті «Өзге республикалар мен шетелдерден Қазақстанға келіп, ауыл шаруашылығында еңбек етуге тілек білдірген жергілікті ұлт өкілдерін көшіріп алу тәртібі мен жағдайлары туралы» қаулы қабылдады.

Мұндай шешім шығарудың себебі, Қазақстан бұл кезде әлі оралмандарды қабылдаудың заңды мүмкіндіктеріне ие емес еді. Содан кейін-ақ өзге елдерден қазақ оралмандарын қабылдаудың заңды негізін анықтау туралы мемлекетаралық келісімдер жүргізу үшін қажетті заңды құжаттар даярлауға байланысты шым-шытырық жұмыстар басталды.

1993 жылы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті «Иран Ислам Республикасынан және басқа мемлекеттерден отандастарымызды көшіріп алуды ұйымдастыру шаралары және иммиграция квотасы туралы» қаулыға қол қойды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 21 сәуірде қабылдаған қаулысына сәйкес, «Көші-қон туралы» Заңдарда көзделгендей оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй сатып алу үшін ұзақ мерзімге несие беру мәселелері көрсетілген. Алайда жылда үкімет тарапынан квотаға бөлінетін қаржының жетіспеуінен бұл мәселелер әлі де толық шешілген деп айту қиын. Қаржы тапшылығы мен тұрғын үй қорыны жеткіліксіздігінен, азаматтық алу тәртібі мен тіл мәселесіне байланысты кедергілер және жұмыссыздыққа байланысты қиындықтар кездеседі.

Көші-қон барысында кеденнен оралмандар дүние-мүлкін алып өтуде қиындыққа кезігеді. Кеден салықтарының жоғарылығынан олар бүкіл мал-мүліктерін кеденнен өткізе алмайды. Сондай-ақ бұрынғы одақтас республикалардың ішінде Түрікменстан мен Өзбекстанда үй-жайларды сатуға 10 жыл мерзімге дейін шектеу қойылған. Сондықтан олар жеке меншік үйлерін долларға немесе теңгеге сата алмай, тастап кетуіне тура келеді. Бұл мәселені мемлекет тарапынан бақылап отыру үшін Қазақстанда көші-қон мәселесімен 1997 жылы құрылған «Көші қон және демография агенттігі» айналысады. Көші-қон мәселесі тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірінде елеулі рөл атқарады.

Көші-қон мәселесінің барлық құқықтык әрекетін 1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» Заңы реттеп отырады. Осы Заң негізінде Республика үкіметі қабылдаған шаралар жүзеге асады. Заңда көшіп келушілерге жан-жақты көмек көрсету, қамқорлық жасау шаралары белгіленген. Мәселен, 2001 жылы 600 отбасына көшіп келушілердің квотасы белгіленді. Жобада әр жылға орта есеппен 20 мың отбасын көшіріп әкелу қарастырылған.

XX ғасырдың 90-жылдарында Қазақстанда демографиялық жағдайдың нашарлауына, республика халқының құрамында жастар азайып, қариялар санының артуына байланысты халық санын арттыруға бағытталған белсенді демографиялық саясат жүргізуді қажет етеді. Бұл саясаттың бір бағыты шетелдердегі қазақ ұлтын Қазақстанға қайтару болып табылады.

1991 жылдан 2000 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанға жалпы саны 176 мың адам болатын 41 мың отбасы оралды, оның ішінде 63,5 мың — Монғолиядан, 4,8 мың — Ираннан, 2,4 мың — Түркиядан, ТМД елдерінен 103 мың адам болды.

Қоныс аударып келушілерді шыққан елдеріне қарай екі топқа бөлуге болады: алыс шетелдерден және бұрынғы Кеңес Одағы республикаларынан келген қазақтар. Бұрынғы КСРО-дан шыққан оралмандардың әр түрлі республикада болғандарына қарамастан, ортақ кеңестік менталитеті байқалып тұрады, сондықтан оларға Қазақстанның тұрмыс жағдайына бейімделіп кету оңай.

Шетел қазақтары болса, өмір сүрген елдеріне байланысты іштей ерекшеленіп тұрады. Бұл әсіресе дін ұстауы, білім деңгейі, сыртқы жағдайға бейімделе білу дәрежесінен байқалады. Оралмандар неғұрлым аз елдер әлеуметтік-экономикалық және саяси жағынан анағұрлым дамыған қоғам.

XX ғасырдың 90-жылдары әлемдегі геосаяси өзгерістерге орай, жергілікті, аймақтық жанжалдар саны арта түсті. Осы отқа оранған елдердегі қазақтар босқын статусымен Қазақстанға келе бастады. 1998 жылгы желтоқсанда Қазақстан 1951 жылғы БҰҰ конвенциясына және оның 1967 жылғы босқындар статусы туралы хаттамасына қосылды.

Осы игілікті заң шараларына орай республикаға 15 мың босқын, негізінен, Ауғанстаннан оралды. Олардың көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысына орналастырылды. Халықаралық ұйымдардың қолдауымен босқын-оралмандарға гуманитарлық жәрдем беру бағдарламасы қолға алынды.

Оралмандар мәселесі

Тарихи Отанына келген қоныс аударушыларды жұмыспен, баспанамен қамтамасыз ету, азаматтық алу мәселелері алаңдатуда. Осы қажетті жағдайларды жүзеге асырудың күрделілігінен қоныс аударушылар қазіргі Қазақстанның тәртібі мен жағдайына қиындықпен көндігуде. Мемлекет тарапынан оралмандарды жұмыспен қамту жөнінде бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Олардың көпшілігі ауылдық жерлерден шыққандықтан, оларға жер және фермер қожалығын құруға қажетті құрал-сайман бөлінді. Шағын несие беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Алайда оралмандардың бәрі бірдей алғашқы тоқтаған жеріне тұрақтап қалмады, Монғолиядан келген оралмандар Көкшетау, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда облыстарын қолайлы көрсе, Ираннан келгендер — Алматыға, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарына орналасуға тілек білдірді.

Соңғы кезде олардың республикаішілік көші-қоны байқалуда, бірсыпыра оралмандар Қазақстанның оңтүстік облыстарына көшсе, бірқатары елді мекеннен ірі қалаларға қарай жылжуда. Бұл оралмандардың әлеуметтік-экономикалық мүдделеріне байланысты.

Оралмандардың көпшілігі азаматтық алу моселесінде күрделі кедергілерге кезігуде. Өзбекстандағы көптеген қазақтар «өзбек» болып жазылып, қалың өзбектердің арасында ғүмыр кешуде. Түбі қыпшақ, қоңырат руларынан шыққан құрамалардың арасында да қазақтар көптеп кездеседі. Сонымен қатар Өзбекстан Республикасының азаматтығынан шығу ісі де қазақтарға оңайға түсе қоймайды.

Оралмандардың басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында, Алматы қаласына, Қарағанды облысына қоныс тепті. Елімізге қайта оралғандар Қазақстанның азаматтығын алуда.

Ауғанстаннан келген қандастарымызға да азаматтық іркіліссіз беріледі. Өйткені оларда ешбір елдің азаматтығы жоқ.

Өзбекстанда бұл мәселе жылына бір немесе екі рет-ақ қаралады екен. Өзбекстаннан және Түрікменстаннан келген ағайындарымызда бұрынғы КСРО-ның Қызыл төлқұжаты болса, ол бірден біздің еліміздің азаматтығына қабылданады.

1995 жылы Қазақстан Республикасында туратын «шетел азаматтарының құқықтары туралы» Заң шықты. Сол заңда шетел азаматы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын болса, оның құқығы Қазақстан азаматтарының кұқығымен бірдей болатыны тайға таңба басқандай етіп жазылған. Олар сайлауда дауыс беру құқығына ие емес. Қазақстанда қос азаматтыққа жол берілмейді, ол келген елінің азаматтығынан шығу да айтарлықтай заңды түрде күрделендірілген.

Әсіресе Монғолия азаматтығынан шығу өте қиын, бұл осы елдегі қазақтардың отанына оралу үдерісін қиындата түсуде. Ал Қазақстан азаматтығының жоқтығы оралмандар жағдайына көлеңке түсіруде. Мемлекет оралмандардың бейімделу барысын жеңілдету мақсатында бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Отанына көші-қон квотасымен оралған қазақ отбасына баспана беріледі.

Квотасы келіп, баспананы өздері салғандарға миграция және демография басқармасы комиссиясы арқылы мүмкіндігінше қаржылай көмек көрсетеді. Мемлекет өзін және отбасын қамтамасыз ете алмайтын, бұл жөніндегі қажетті құжаттары түгел адамдарға қамқорлық жасауды мойнына алған.

Көшіп келгендерге бірінші кезекте үй бөлу, қарыз ақша беру туралы «Тұрғын үй» Кодексінде де айтылған. Алайда мұндай шаралар қолға баяу алынуда.

Жергілікті атқару органдары оралмандармен жұмысқа ерекше мән береді. Аймақтарда «Оралмандар күні» өткізіліп, мұнда олардың мәселелері қаралады және әкімдердің қатысуымен кез келген мәселеге байланысты нақты шешімдер қабылданды.

Пайдаланған әдебиет

↑ Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлык бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 304 бет,суретті. ISBN 9965-36-106-1

05.11.2015 17:33