Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154164

Ұлыбританияның сыртқы саясаты

Ұлыбритания әдетте Еуропалық және дүниежүзілік саясатта ерекше орын алып келді. Ел құрлықтағы соғыстарға сирек қатысатын, бірақ дипломатиялық күрестің кездейсоқ қалтарыстарында әруақытта жетекші күш ретінде көрініс табатын сыртқы саясат саласындағы көпжылдық тәжірибе Ұлыбританияға Еуропалық «концертте» «бірінші скрипка» рөлін ойнауға мүмкіндік беріп келді.

Екінші дүниежүзілік соғыстан соң жағдай күрт өзгерді: «дүние-жүзінің тағдырына жауапкершілік» рөлі АҚШ-қа көшті де, Ұлыбритания Еуропада өгей бала күйінде қалып қойды. Оның ерекше орны мына үш жақты рөлмен анықталды: Ұлыбритания халықаралық аренда АҚШ-тың басты әріптесіне айналды, екінші жағынан, ол басты Батыс Еуропалық елдердің бірі қалпында қала берді, ең соңында, ол көлемі метрополия көлемінің 20 есе артық доминиондарды біріктіретін ұлттар достығының басшысы ретінде дүние жүзінде танымал еді. АҚШ пен арада әсіресе соғыстан кейінгі алғашқы жылдары «ерекше қатынастар» — бағыныштылық пен қаржы-қаражат саласындағы тәуелділік қатынастары орнады.

Ұлыбритания барлық батысеуропалық одақтарға мүше болды (НАТО, Батысеуропалық одақ). Ұлыбритания Францияның ГФР-мен жақындасуына сенімсіздікпен қарады. Франция болса, өз тарапынан, ағылшын-американдардың тығыз байланыстарына сенімсіздік білдіріп, Англияны АҚШ-тың «троян аты» деп есептеді.

Ұлыбритания ядролық қаруға байланысты ерекше ұстанымда болды. Британ үкіметтері, француз үкіметтері сияқты, өздерінің партиялық тегіне қарамастан, Ұлыбританияның өзінің ядролық үштігіне иелік жасау, тіпті болмағанда, Францияға тең ядролық мәртебеге ие болуға құқын қорғады.

Ұлыбритания Корея, БҰҰ мен АҚШ-тың басқа да әрекеттеріне қатысты.

Ұлыбританияның 1991 ж. Маастрихттегі батысеуропалық бірігу процестері мен ХХІ ғасыр басындағы саяси, экономикалық және валюталық одақ құру туралы құжаттарды дайындау мен қабылдауға қатысуын британ саясатының атлантикалық бағдардан (АҚШ-қа бейімделуден) Еуропалық бағытқа ойысқандығын көрсетті. Ұлыбританияның КСРО мен социалистік елдерге қатынасы бірқалыпты, ұстамды болды, әрине, кейде дипломатиялық жанжалдар да болып отырды.

 
14.05.2014 15:31