Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Добавляйте или присылайте работы на сайт и получайте призы!           >> Узнaть подробности...

Банк рефератов KZ

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ


154322

Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері

Мазмұны

 

Кіріспе....................................................................................................................3-8

І-тарау. Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының құрылуы бойынша деректер

...................................................................................................................................9

1.1. Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы.....................9-30

1.2. Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі.....................................31-40

ІІ-тарау. Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде жарияланған

мақалалары...............................................................................................41

2.1. Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы тағдыр жолдары..........41-60

2.2. Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары...61-78

Қорытынды..........................................................................................................79-80

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер………………...………………..81-83

 

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Совет өкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады.

1919 жылдың сәуірінде А.Байтұрсынов Қазақ Өлкелік революциялық комитетінің мүшесі болып бекітілді. 1920 жылы қазанда Қазақ АССР-і болып өзгертіліп, әкімшілік атқару комитеті қайта құрылды. Біздің тәуелсіздік алу идеямыз 1917 жылы желтоқсан айында құрылған Алашорда үкіметінің құрылуынан басталады1.[№1,85б.]

ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан  шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды.

Жұмыстың мақсаты: Алаш партиясы және Алашорда үкіметінің саяси тарих процесіндегі рөлі мен қазақ зиялыларының қызметін деректік материалдар негізінде тарихи зерттеулер тұрғысынан көрсету. Тарихшы ғалымдардың тұжырымдамалары мен берген бағаларын анықтау. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіндегі қазақ зиялыларының атқарған еңбектеріне деректік мазмұн беру.

 

Жұмыстың міндеттері:

1.Алаш қозғалысы, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы және саяси рөлін тарихи тұрғыдан кезеңдеу.

2.Алаш қозғалысының бастау көздерін және Алаш партиясының бағдарламасын тарихшы ғалымдардың тұжырымдамалары негізінде мәнін ашып көрсету.

3.Алашорда үкіметінің заңдары мен іс-қағаз құжаттарына тарих, саясат тұрғысынан баға беру.

4.Қазақ зиялыларының қазақ мүддесін көтерген қызметтеріне тоқталу.

5.Қазіргі таңда жарық көрген әдебиеттер мен материалдар негізінде тұжырымдамалар жасау.

Жұмыстың дерек көздері:

1.Архив материалдарынан Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивінен алынған №19,25,33,317,643 қорлары Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатының барысы мен нәтижелерін терең түсінуге мүмкіндік беретін деректер мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде сақталған 20-30 жылдардағы ОГПУ архиві ІІ томнан тұратын №124, IV томдық  №06610 тергеу және соттау істері материалдары көп мәліметтерді толықтыра түседі2.[№2, 27б.]

2.Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын сүргін құрбандарының мұражайынан алынған «Алаш-Орда» құжаты Алаш әскерін құру және атты әскер құрамы туралы мәлімет береді3.[№3,1-7б.]

3.ҚРШҚО Қазіргі заман тарихының құжатнама орталығынан Р-37қор, 1-тізбе,126-ісі Алаш қозғалысы  мен Алашорда үкіметінің құжаттары мен кеңселік іс-қағаз бланктері, мөрі баспаханалық әдіспен басылған құжаттары алынды4.[№4,44-47б.]

4.Құжаттар мен материалдар негізінде Алаш қозғалысының құжаттары мен материалдар алынды. Бұл құжаттар жинағында 1913-1918жылдар арасында «Қазақ», «Сарыарқа», «Бірлік туы»баспасөздерінде жарияланған мақалалар топтастырылған. [5.]

5.Интернет сайт материалынан:  http:// www. Egemen.kz\? act Ж.Самрат. Қазақтың Мемлекеттік Думаға сайлануы, http://www. iie freent kz\ gazag tarih 8html  Қойгелдиев М. Мемлекеттік Думада қызмет еткен қазақ зиялыларының еңбегін талдап, терең зерделеу керек материалдары жарияланған5.[№6, сайт]

6.Бұқаралық ақпарат құралдары бойынша Саясат, Қазақ тарихы, Абай, Арай, Егемен Қазақстан газет-журналдарында жарық көрген тарихшы ғалымдардың, зерттеушілердің К.Нүрпейісовтың, М.Қойгелдиевтің, Е.Сайлаубайдың Алаш қозғалысына байланысты  жарияланған мақалалары пайдаланылды6.[№7,6-9б.]

Жұмыстың зерттелу деңгейі (тарихнамасы): Алаш қозғалысының тарихы бойынша жазылған еңбектерді екі кезеңге бөліп қарастырамыз. Бірінші кезеңі: ХХ ғасырдың басынан бастап- 50жылдарға дейін жарық көрген әдебиеттер; екінші кезең: ХХғасырдың 50 жылдардан қазіргі заман тарихшылардың еңбектері жатады.

1.ХХ ғасырдың басында жарық көрген А.Байтұрсыновтың «Ревлюция және қырғыздар» мақаласы 1917жылғы қазан, ақпан революцияларын қазақ халқының қалай қарсы алуына өз бағасын беріп, Алаш автономиясын жариялау мен оның үкіметін құрудағы себептерді ашып көрсетіп, Алашорданың Уақытша Сібір үкіметі, құрылтай жиналысы комитеті (комуч) және Колчак билігімен қандай қарым-қатынаста болғандығы туралы өз пайымдауларын баяндайды.[8.]

2.С.Сейфуллиннің «Манап Шамиль» деген бүркеншік атпен жазылған «Қазақ интелегенциясы туралы» мақаласы «Қырғыз интелегенциясының арасындағы партиялық» және «Қазақстанның кешегі революционерлері» деген екі бөлімнен тұрады. Мақала 1905-1912 жылдары қазақ зиялылар қызметіне арнаған.[9.]

3.Алаш қозғалысының тарихын ресми тұрғыдан таптық және партиялық тұрғыдан А.К.Бочагов 1971жылы жарияланған еңбегінде Алашорданың контрреволюциялық мәні жөнінде, деректер негізінде совет өкіметіне қарсы етіп жазған.[10.]

4.1929 жылы Алашорда тарихына арналған құжаттар жинағын құрастырған Қазақ Өлкелік Комитетінің Насихат бөлімінің меңгерушісі Н.Мартыненко, кітап редакциясын Қазақ АССР Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев жасады. Кітапқа енген құжаттарға берілген түсініктемелерден коммунистік идеология мен таптық принцип тұрғысынан Алаш қозғалысына теріс баға берілген. [11.]

5.1935 жылы С.Брайнин мен Ш.Шафиро  «Алашорда тарихы бойынша очерктер» атты кітабы жарық көрді. Кітап «Алаш қозғалысының бастау көздері», «1916жылғы көтерілістегі алаш интелегенциясының ролі», «Алашорда- ұлтшыл контрреволюцияның үкіметі» Алаш қозғалысының тарихын дәріптеушілікке қарсы деген бөлімдерден тұрады.[12.]

6.М.Шоқайдың «1917 жылғы естеліктерден үзінділер» атты еңбегі 1917 жылы бүкіл Рессейдегі, бірінші кезекте Түркістан өлкесімен Қазақстандағы саяси хал-ахуалды жан-жақты, әрі терең түсінуге мүмкіндік береді7.[№13,106-181б.] 7.Американдық зерттеуші Марта Олкоттың 1987 жылы Стэнфорт университеті баспасынан ағылшын тілінде жарық көрген «Қазақтар» атты монографиясы үш бөлімнен көне дәуірден ХХ ғасырдан бастап,  80жылдарға дейінгі Қазақстан тарихының басты мәселелерін қарастырған. Үшінші бөлімі 1917-1920 жылдарға арналған тарауында 1917 жылғы екі ревоюция мен азамат соғысы жылдарындағы Қазақстанға арналған.Алаш партиясы мен Алашорда қозғалысының тарихының әртүрлі кезеңдеріне , 1917жылы болған жалпы қазақ сьездеріне шолу жасады.[№14]

Тәуелсіздік алған жылдары тарихшы ғалымдарымыз архивте сақталған құжаттармен жұмыс істеуге қол жеткізді. Зерттеушілер бұл мәселені белсенді зерттеп, мерзімді баспасөз беттерінде ғылыми нәтижелерін жекелеген мақалалар топтамалары етіп жариялады. 8.К.Нүрпейісовтың «Алаш һәм Алашорда» еңбегі бойынша «Алаш» қозғалысының бастаулары, Алаш партиясының құрылуы, Алашорда мен Кеңес үкіметінің өзара қатынастары  деген бөлімдерге бөліп қарастырған.[№2.]

9.М.Қойгелдиевтің  «Алаш қозғалысы» атты монографиясында «1905-1916 ж.ж. қазақ зиялыларының қоғамдық саяси қызметі», «Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы» бойынша тарауларға бөлініп қарастырылған.[15.]

10. М.Қойгелдиевтің «Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры»[16.] 11.С.Өзбекұлының «Арыстары алаштың: тарихи очерктер» еңбектері қазақ зиялылардың өмірі мен қызметіне арналған көлемді шығармалар қатарына жатқызамыз8.[№16,24б.]

12.Г.Дулатова, С.Иманбаеваның «Міржақып Дулатұлы» еңбегі  М.Дулатұлының қазақ баспасөзінде жарияланған «Жер мәселесі», ,  «Алаш азаматтарын», «Қайтсек жұрт боламыз» т.б. мақалалары топтастырылып, авторлар әр мақала бойынша түсініктеме берген9.[№17, 44-46б.]

Жұмыстың мотодологиялық негіздері: Алаш қозғалысы, Алаш партиясының құрылуы мен Алашорда үкіметінің тарихын және қазақ зиялыларының ұлттық идеяларын жандандыруға байланысты күресін тарихилылық, партиялық, обективтік принциптерге сүйеніп, тарихи-салыстырмалық, проблемдік және нақты логикалық анализ әдістері арқылы зерттеулік жұмыстар жасалынған. Қазіргі таңда тарих ғылымында тарихи процестерді бағалауда тақырыпты хронологиялық шегін анықтауда ғалымдардың тұжырымдамалар негізі ретінде алынды. ҚР тұжырымдамасы Алаш қозғалысының ұлттық идеясы методология ретінде алынған. Дүние жүзінде Ұлттық тарихи мектептердің тарихи оқиғаларды баяндауда өркениеттік,  мәдениеттік, фармациялық принциптер негізінде баяндалған. Алаш қозғалысы және Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің методологиясы осы принциптерге сүйеніп, қазақ ұлттық идеяларын негізі ретінде асырылған, бағаланған. Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметін  сипаттап бағалауда тоталитарлық, модернизациялау, кооперативтік клиентализмдік топтардың идеясы тұжырымдамалық моделдер арқылы зерттеп баяндалған.

Жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі тараудан: бірінші тарауы Алаш қозғалысы мен Алаш партиясының құрылуы бойынша деректер деп аталып  мынадай бөлімнен тұрады: Алаш қозғалысы және Алаш партиясының құрылуы, Алашорда үкіметінің қызметі мен күйреуі. Екінші тарау: Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде жарияланған мақалалары  Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы тағдыр жолдары, Ұлттық басылымдағы зиялылардың жарияланған мақалалары бөлімдерінен және қорытынды бөлімінен тұрады.

 
23.10.2013 13:53