Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154312

Дінмұхамед Қонаев

(1912-1993 жж.)
Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері, ғалым, таукен инженері, 1952 жылдан Казақстан Республикасы ҮҒА академигі, ал 1968 жылдан техника ғылымының докторы.
1936 ж. Мәскеудегі түсті металдар мен алтын институтын тәмәмдап, таукен инженері деген мамандық алады. Институтты бітіргеннен кейін "Прибалхашстройға" жіберіледі, бұрғылау станогы машинисінен Қоңырат руднигінің директорына дейінгі жолдан өтеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында "Алтай полиметалл" комбинатының бас инженерінің орынбасары және техника бөлімінің бастығы, сондай-ақ Лениногор кен басқармасының Риддер кенінің директоры болады. 1942 жылдан 1952 жылға дейінгі аралықта қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынбасары қызметін атқарады. 1952 ж. Қазақ КСР Ғылым академиясының Президенті болып сайланады. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып екі рет тағайындалған (1955-1960 және 1962-1964 жж.). 1960-1962 жж. және 1964-1986 жж. - Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, 20 жылдан аса уақыт - СОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 25 жыл бойы КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, 27 жыл бойы - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі, СОКП ХІХ-ХХҮІІ сьездерінің делегаты, 3-тен 11-ге дейін шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутаты болды.
Қазақстанның қуатты аграрлы-индустриальды мемлекет ретінде қалыптасуында Қонаевтың сіңірген еңбегі ерекше. Қонаевтың қайраткерлік мезгілінде Өскемендегі қорғасын-цинк және титан-магний, Соколов-Сарыбай, Лисаков, Балқаш, Жезқазған таукен-металлургия комбинаттары кұрылды және дамыды. Оның көмегімен химия, метталлургия институттары ашылды.

Қазақстандағы ВАСХ-НИЛ, Ақмоладағы Бараев институты әлеуметтік тапсырыс пакеттерін алды, ядролық физика саласындағы интенсивті жұмыстар басталды, орта азиялық әскери округ, әскери-инженерлік база кұрылды. Алматыдағы құрылыс пен жағдайластыруда да ол аз нәрсе жасаған жоқ. Оның бастамасы бойынша бой көтерген Республика Сарайы, Достық даңғылындағы тұрғын үйлер, "Медеу" спорт кешені, Б.Шолақ атындағы спорт және мәдениет Сарайы, Республика алаңы, "Казақстан", "Жетісу", "Алматы", "Алатау" мейманханалары, цирк, аэровокзал, аэропорт және көптеген басқалары Қазақстан Республикасының визиттік карточкасы болып қалды.
Қонаев республика мәдениетін бағалады және қолдады. Ол Е.Серкебаевтың, Б.Төлегенованың таланттарын көтерді, О.Сүлейменовтың
"АЗ и Я" атты зерттеуінің философиялық мәнін түсінді, оны "орталықтың" жаласынан арашалады. Өнерді тоталитаризмнің идеологиясынан қорғай білді.
Қонаевтың ғылыми еңбектері кен орындарын ашық әдіспен зерттеудің теориясы мен тәжірибесінің маңызды мәселелеріне арналған. 1948 ж. кандидаттық, ал 1968 ж. докторлық диссертация қорғады. 1952 жылдан - Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі. 100-ден аса ғылыми еңбектері бар.
1992 ж. оның "Менің кезім жөніңде" атты естелік кітабы жарық көрді, 1994 жылы ол "Сталиннен Горбачевқа дейін" деген атпен қайта басылды. Оған алдындағы сіңірген еңбегі үшін Қонаев  Ленин орденімен және басқа орден, медальдармен марапатталған. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері. 1994 жылы Дінмүхамед Ахметұлы Қонаевтың есімімен колледж, таукен ісі институты, көше аталды. 1978 ж. Алматыда бюсті орнатылды. Д.Қонаев атында қайырымдылық қоры құрылған.
 
15.10.2009 22:47