Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155101

Египет

Мысыр
Жалпы ақпарат
Туристік жаднама
Климаты мен маусымдары
Ауа райы және валюта бағамы
Карта
Sharmel – Sheikh
Pyramisa Sharm El-Sheikh
Hilton Sharm Dreams 
Жалпы ақпарат
Жалпы ақпарат
Осы уақытта Египет деп аталатын Араб Республикасы елінің жерінде бағзы заманда қазіргі кездегі барлық адамдардың назарын өзіне магнитше тартқан күшті және құпиялы өркениет пайда болған. Европа мен Америкада тас мен жабайы аңшылық ғасыры үстемдік еткен сол бір замандарда ежелгі египет инженерлері Ұлы Ніл бойында ирригациялық құрылыстар тұрғызып, ежелгі египет математиктері Ұлы Пирамиданың негізінің тік төртбұрышы мен қисаю бұрышын есеп шығарған, көне египет сәулетшілері маңыздылыңы мен мәнін уақыттың өзі өшіре алмаған керемет шаһарлар тұрғызған.
Бүгінгі Египет – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр.Екі континенттің арасындағы шекара Суэцк каналының бойымен өтеді.
Египеттің миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі –құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 проценті әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нільдің алқабы мен атырауы.
Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот «Египет – Нілдің сыйы» деп айтқан болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы «тіршілік жолағының» арнауы оңтүстігінде бір километрден Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді.
Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті – сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.
Египет – төтенше қонақжай ел. Қонақтарын қашанда ашық көңілмен қарсы алады. Сіздің жанұяңыз, жұмысыңыз, Египеттен алған әсеріңіз туралы қызықтап сұрайды. Ең болмаса бір шыны шәй ішіп кетіңіз деп, ақ көңілімен қонаққа шақырады. Египетке миллиондаған саяхатшылар келген – олардың көптегені мұнда қайта-қайта келіп кеткен. Олардың ішіндегі ең танымалдары Нілдің бойындағы ғажайып елді сипаттаған жол жазбаларын қалдырған: математик Евклид, географ Страбон, жазушылар Гюстав Флобер и Агата Кристи, Лоренс Даррелл и Э.М. Форстер. Тіпті жаугершілер де бұл елдің сұлулығына жәйбірақат қала алмаған. Ұлы Александр оған Александрияны сыйлаған; Наполеон, оның архелогтары Ежелгі Египетті ашқан, бір сапарында әскерлеріне қарап, толқи тұра: «Солдаттар, мына пирамидалардың биіктігінен сендерге қырық ғасыр қарап тұр!» деген сөздер айтқан.
Египеттің тарихы 7 мың жылды қамтиды. Оның аумағында сақталған ежелгі мәдениеттің ештеңеге тең келмейтіндей ескерткіштері жер бетіндегі орасан зор туристерді өзіне тартып отыр. Орасан зор пирамидалар және Үлкен Сфинкс, Жоғарғы Египеттегі ұлылық шаһарлар, басқа да көптеген тарихи және архитектуралық қайталанбас туындылар – осының бәрі мұндай таңқаларлық елмен жақын танысқандардың бәрінің қиялын шарықтата түседі.
Табиғаты.
Ніл алқабында Египеттің бай өлкесі мен атырауында жердің әрбір текше метрі барынша пайдаланылады. Мұнда бидай, арпа, қарақұмық, күріш, жүгері, мақта, қант құрағы, көкөністер, маслина мен дәмдеуіштер өсіріледі. Орман, тоғайлар мүлдем жоқ, бірақ та Нілдің жағалауында құрма пальмалары өседі. Жеміс ағаштары, банан плантациялары мен жүзімдер Нілдің шұрайттары мен атырауында өздерін өте тамаша сезінеді. Жерорталық жағалауларда негізінен пальма тығыз өскен жағажайлар, Синай түбегінде – көлденеңінен кесілген жатқалдар, барлық түске боялған тау ландшафтары көз тартады. Шөлейттің ортасында шоқ тоғайлары мол өскен шұрайттар, плантациялар мен мол өнімді дәнді дақылды егістіктері бар жасыл аралдар.
Тұрғындары.
Бүгінгі күні Египеттің тұрғындары 70,5 млн.адамнан асады және жыл сайын 1,3 млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз 50-ші жылдардағы барлық елдің тұрғындарының саны. Ежелгі египеттіктердің арабтанған ұрпақтары тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар бедуиндер және өзге де көшпелі тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% - шаруалар (феллахтар)
Египттің діні.
Ресми деректер бойынша египеттіктердің 90% - мұсылмандар, 10% - христиандықты дәріптейтін коптар.
Ислам.
Ислам, үш әлем діндерінің ішіндегі ең жасы. Оның негізін салушы 570 ж. Меккеде (бүгінде Сауд Аравиясы) дүниеге келген саудагер Абу әл-Қасым Мұхаммед ибн Абд Аллах ибн Абд әл-Мутталиб ибн Хашим. Мұхаммед пайғамбар арабтардың арасында Аллахтың жалғыз екендігі сенімін бекіту үшін жіберілген болатын.
Библиядағы фактілер мен кейіпкерлер Мұхаммедтің миссиясы туралы, мұсылмандық, христиандық және иудизмнің арасындағы байланысты ашып көрсетеді. Мұхаммедке ақиқат хабарды Жебірейл (Гавриил) жеткізген. Исламда Моисей, Иисус және Марияны дін тарихындағы қасиетті тұлғалар деп санайды. Христиандар мен иудеилер Мұхаммедтің пайғамбар екендігін мойындамағаннан кейін, ол исламды жеке дін ретінде танытты. Алайда, христиандық және иудистік діни ілімдері исламның өздерінің ізін басушылар екендігін мойындайды.
Ислам ілімінің негізі христиан дінінен негізгі мәселелер бойынша айрықша болып келеді. Ол адамзаттың алғашқы күнәсін, Иисустың құдайдан туылуын, оның айшықта өлуін мойындамайды, өйткені мұсылмандардың сенімі бойынша құдай мәңгі өмір сүреді – туылуы да, тууы да мүмкін емес.
«Ислам» сөзін жие «барлығы алладан», немесе «барлығы алланың еркінде» деп аударылады. Ілімнің мәні мұнымен шектелмейді. Сенім «бес парызға» иек артады: сыйыну «Аллахтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед – оның елшісі» сөздерімен басталады; намаз – құдайға сенушілер күн сайын бетін Меккеге қаратып, бес рет намазға жығылады; мұқтаждарға садақа тарату; рамазан айында ораза ұстау; әрбір мұсылман өмірінде ең болмаса бір рет қаражаттық және өзінің жағдайына қарай Меккеге хажылыққа бару. Өкінішке қарай, нағыз мұсылмандар үшін бұл парызды өтеу қиыншылық туғызып отыр, себебі Мекке қаласы барлық келем деушілерді қабылдай алмайды.
Дилетанттардың айтуы бойынша сенімнің алтыншы парызы джихад – нақтыланбаған аудармасы қасиетті соғыс деп аталады. Негізінде алғанда соғыстың бұл жерде ешқандай қатысы жоқ – бұл түсініктің негізінде аллаға адал берілу, жақсы болу немесе ең жақсы болуға ұмтылыс жатыр. Мисионерлік исламның міндетті мақсаттарына жатпайды.
Мұсылмандардың қасиетті кітабы Қоран (арабша – «оқу, декламация (мәнерлеп оқу өнері)») өзінің сүрелерінде (тарауында) Мұхаммедке жіберілген ғажайып ашылуды (откровении) баяндайды. Қоранды аллах елшісінің айтқандары мен істеген істерін қысқаша мазмұндайтын Хадис толықтырады. Хадис екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде Мұхаммед пайғамбардың айтқандарын өз құлағымен естіген немесе қылықтарын өзі көрген адамнан бастап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырған адамдардың аттары жазылған; екінші бөлігінде: әңгіменің өзі берілген. IX-Х ғғ. белгілі теологтар таңдап алған және мойындаған Хадистің үзінділері сүнна деп аталады, бұл мұсылмандардың «қасиетті жеткізуі». Египетте исламның негізгі екі бағыты – сүнниттер мен шииттер өмір сүреді. Тұрғындардың көбі сүнниттер. Шииттер сүниттерге қарағанда діни және саяси мағына жағынан радикалды, бірақ та олардың саны Египетте көп емес.
Ислам - қоғам мен жанұяға христиан дініне қарағанда өлшеусіз үлкен әсер етеді. Египеттегі зиялы заңнаманың негізін мұсылмандық құқықтық норманың жиынтығы – шариат құрайды, бірақ та жұмсартылған үлгісінде қолданылады. Египетте ұрлық үшін қолын шабу сияқты қатаң жазалаулардан бас тартқан. Шариат пен қазіргі уақыттағы заңнаманы жақындастыруға қадамдар жасалуда.
Копт христиандары.
«Копт» сөзі арабтың «купт» сөзінен, ал оның өзі гректің «эгиптос» сөзінен шыққан. Бірақ түп тамыры одан да тереңіректе ежелгіегипеттік "Ха-Ка-Птах" сөзінен таралуы да мүмкін. Коптар Ніл алқабын мекендеген алғашқы египеттік христиандардың ұрпақтарымыз деп санайды. Египтегі христианшылдықтың пайда болған жері Александрия, бұл жерден ол елдің ішіндеекі негізбен: анахореттік және монаштық қоғамдастық ретінде тарады. Коптар Иисус Христосқа екі – тәңірлік және адамдық табиғат емес, тек бір ғана тәңірлік табиғат қана тән деген сенімді ұстады. Әлемдік Халкидон Соборы 451 ж. монофизиттікті қате ілім деп айыптағаннан кейін, Египеттегі копт шіркеуі ортодоксалды христиан шіркеуінен ажырады.
Египетті 641 жылы арабтар жаулап алғанға дейін бірнеше ғасырлар бойы христиан елі болып келді. Енді коптар Египеттің 68-миллиондық тұрғындарының ішіндегі шамамен 5-7 млн. деп саналады. Олар мұсылмандармен қатиар өмір сүреді, тіпті кейбір уақытта шіркеудің қоңыраулықтары мешіттердің минареттерімен көрші орналастырылған.
Копт шіркеуінің басында патриарх тұр, қазіргі уақытта Шенуда ІІІ, резиденциясы Александрияда. Коптар ұқыпты сыйынады және пост (еттен және сүт тағамдарынан бас тартады) ұстайды. Олардың литургиясы православия ғұрыптарына жақынырақ.
Спаситель (құтқарушы), Богоматерь (құдайдың анасы) және великомученниктер (ұлы азап шегушілер) мүсінделген икондарды христиандар үшін қасиетті жерлерде ғана емес, жәй ғана қолөнершілердің дүкеншелері мен каирдың дүкендерінің витриналарынан да кездеседі. Мұның өзі Каирда тек қана Ислам дінін ғана емес, христиан дінінің қасиетті тұлғаларын құрметтейтінін көрсетеді.
Египеттіктер әлемге монахтық өмірді – орыс мәдениетінің де бір бөлігі болған дәстүрді сыйлады . Алғашқы монастырь египеттің Шығыс шөл даласында ІҮ ғасырдың басында киелі Ұлы Антоний негізін қалаған.Ол қазіргі уақытта да бар. Бір уақытта сол аймақты сол уақыттарда Қасиетті Павел монастыры да бой көтерді. Нілдің жағасында осы уақытқа дейін орыстар ла құрмет тұтатын киелі Египеттік Макарий, Қасиетті Екатерина, Египеттік Мария сияқты қасиеттілер туып, өмір сүрген.
ІҮ ғасырда негізін қалаған Қасиетті Антоний моностыры Каир мен Хургаданың арасында шамамен жарты жолдық Бенни-Суэйфуде. Әдетте, таң сәріден монастырьдың қақпасының алдында, шіркеулердің бірінде сақталған бай икондар коллекциясы мен ҮІІІ ғ. қолжазбаларын көру үшін келушілер жиналып тұрады. ІҮ-ХІҮ ғасырлардың қолжазбалары сақталған кітапханада сонда. Египет үкіметі Қасиетті Антония монастырын қайта жарақтандыру туралы жоспарын жария етті.
Қасиетті Павел монастырының жасы Қасиетті Антония монастырынан қалыспайды. Аңыз бойынша Қасиетті Антонияның өзі киелі Павелді үңгірдің ішінде жерлеген, соның айналасынан монастырь тұрғызылған дейді. Қазір монастырьда төрт шіркеу бар, ал ең ежелгісі Қасиетті Павелдің өлігі (мощи, церк. – шірімей сақталған өлік) сақталған үңгірдің үстінде. Шіркеудің қабырғалары жақсы сақталған орта ғасырлық фрескамен сәнделген. Басқа шіркеулер ХҮІІІ ғасырда салынған. Синай тауының етегінде Қасиетті Екатериана монастыры бар. 
Тілі
Египтегі өзара сөйлесу тілі араб тілінің бір диалектасы, ресми тілі – “жоғары” араб тілі деп аталатын тіл. Арабтар оңнан солға қарай жазады.. Бірақ сандары солдан оңға қарай жазылып, оқылады.
Египетте ағылшын тілі білімі өте көмектеседі. Қалалар мен курорттық орталықтарда тұратын көптеген арабтар ағылшын тілінде тілдесе алады; жол көрсеткіштерінде және көше атауларында жие-жие ағылшын және латын шрифтері пайдаланылады.
Тұрмыс салттары мен ғұрыптары
Мұсылмандар діні египеттіктердің өмірінің ырғағын анықтайды. Бұл таза сыртқы белгіден айқын көрінеді: мысалы күніне бес рет муэдзин дауыс күшейткіштен дінге сенушілерді намазға шақырады.. Ал рамазан айында түн күнге айналады. Күні бойы мұсылмандар ораза тұтып, күн батқаннан кейін ғана ауыз ашады. Бұл уақытта қоғамдық өмір тұрып қалады, мемлкеттік мекемелер тек 10.00-нан 14.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Саяхатшы, әрине египеттіктердің, алдымен ауылдық жерлерде айқын көрінетін, бірақ та қала өміріне де бөтен емес ұлттық киімінің ерекшеліктеріне назар аударады.Египеттіктер кең пішілген жейделер киеді, жәй адамдар әдетте ақ түсті таңдайды, ал әйелдер әр түрлі түстегі элементтермен әрлендіреген, қара түсте киінеді, арасында әшекеймен немесе шілтермен безендіреді. Көптеген әйелдер мұсылмандық құндылықтарға бет бұра күйеулерінің немесе жанұясының дегенімен хигаб – бетті жаппай, тек шашты жауып тұратын паранджаның бір түрін, және ұзын кең көйлек – галабей киеді.
Экономикасы
Барлық еңбекке жарамды тұрғындардың 30% ауыл шаруашылығымен айналысады. Өнеркәсіпте тоқыма фабрикалары мен азық-түлік өндіру жөніндегі кәсіпорындарының маңызы зор. Хелундағы орзан зор металлургиялық комбинаттын өздерінің мол жерасты қазба байлықтары шикізатпен қамтамасыз етеді. Электр энергиясын ең алдымен Асуан гидростансасы береді.Табиғи газдың ірі жерасты қоры бар.
1979 жылдан щетел капиталдарының құйылуы анағұрлым өсті. Елдің барлық аудандарын бірімен-бірін жалғастырып жатқан жол құрылысы кеңейді, мектептер, емханалар салынды, телефон байланысы жаңартылып, кеңейді. Египеттік фунт тұрақты валютаға айналды.Туризм индустриясы қарқынды дамуда - ондаған жаңа қонақ үйлер бой көтерді, Қызыл теңізде жаңа курорт орталықтары құрылды, көптеген ежелгі ескерткіштер қалпына келтірілді.
Мемлекеттік құрылымы
Египет Араб Республикасының Басы және оның қарулы күштерінің жоғарғы бас билеушісі президент, “раис” деп аталады. Бұл лауазымды Хосни Мүбарак атқарады.
Парламенттің бес жылға сайланған 448 депутаты (тағы 10 президент сайлайды) бірдей үлесте шаруалар мен жұмысшылардың атынан сайланғандар. Билік етуші Өосни Мүбарак төрағалық ететін Ұлттық-демократиялық партия.Шураның (Парламенттің жоғарғы палатасы) 210 мүшесі кеңесу функциясын атқарады, олардың ішіндегі 57-ін мемлекет басшысы тағайындайды.
1971 жылғы Конституция – ислам мемлекеттік дін деп жариялады., провинциялардың губернаторлары мен үлкен қалалардың мэрларын зор өкілеттілік пен жауапкершілік тақты.
ЕАР ресми мейрамдары:
1 қаңтар – Жаңа жыл
7 қаңтар – Рождество
** сәуір – Шам-эль-Нессим )пасхальный понедельник) , күні жыл сайын өзгеріп отырады
25 сәуір – Синай түбегін 1973 ж. Октябрь соғысында азат ету
1 мамыр – Еңбек күні
18 маусым – Египеттен британ оккупациялық әскердің шығу жылдығы
23 шілде – 1952 жылғы революцияның жылдығы
23 қыркүйек – 1956 жылғы Израильді басып алу жеңісі
6 қазан – Қарулы күштер күні
24 қазан – Египет армиясының 1973 жылы Суэцканы алуы
23 желтоқсан – Египет армиясының Порт-Саидты алуы

 
23.05.2010 23:54