Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155210

Қазақстан Республикасының экономикасы

Қазақстан Республикасының экономикасы
Жаңа Заңды әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы аясында берген тапсырмалары негізге алынды. Жаңа Заң қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған бірқатар міндеттерді шешуге бағытталған. Олардың қатарында негізінен мыналар бар:
• әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану;
• педагогикалық қызметкердің мәртебесін арттыру;
• сапалы білімге қол жетімділік кепілін күшейту;
• басқару жүйесі мен білімді қаржыландыруды одан әрі жетілдіру.
Еуразия ұлттық университеті ұлттық білім беруде көшбасшылардың бірі болып табылады, оның қабырғасында еліміз басшылығы, саясаткерлер мен шетел мемлекеттерінің қоғам қайраткерлері үшін кездесулер мен жүздесулер өткізіп тұру дәстүрге айналып келеді. Бұл - Еуразия ұлттық универсиетінің беделді халықаралық ағартушылық орталығының бірі ретіндегі мәртебесінің айғағы, оның қабырғасынан шыққан немесе қазір де оқып, немесе еңбек етіп жүрген профессорлық-оқытушылар құрамының, студенттер мен аспираттардың еңбегінің нәтижесі.
Осы себептен де бүгін мен еліміздің экономикасын дамыту жөніндегі Үкіметтің негізгі басымдығын айтып өтіп, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды қалыптастыруда білім беру ісінің ерекшеліктеріне тоқталып өтпекпін. Сондықтан мен дәрісімнің тақырыбын: «Білім беру – экономиканы жаңғыртудың стратегиялық тармағы» деп алып отырмын.
1. 1. ЭКОНОМИКА – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗІ
Баяндамамның бірінші бөлігінде Сіздерге Үкіметтің экономикалық саясатының базалық ережелері туралы айтпақпын.
Қазақстан әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамыған елдердің бірі болып табылады. Біз тұрақты экономикалық өсу жолымен одан әрі алға жылжи береміз.
Соңғы жеті жылда Қазақстанда ЖІӨ өсу қарқыны орташа алғанда жылына 10 пайызды құрады. Халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ деңгейі 2006 жылы 5200 АҚШ долларына жетіп, 2000 жылғы деңгейден 4 есе артты.
Орташа мерзімді бағдарламаға сәйкес, Үкімет қызметінің стратегиялық мақсаты еліміз Президентінің маңызды бастамасын жүзеге асыру – әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру болып табылады.
Осы ретте біз Үкіметте елдің бәсекеге қабілеттігі деңгейіне, экономиканың тиісті салаларының тәуекелдік бағасына ықпал ететін барлық факторларға жан-жақты талдау жасадық. Үкіметтің күш-жігері, бәрінен бұрын, өндірістің артуын ынталандыруға және экономиканың құрылымын жақсартуға бағытталғанын атап өткім келеді. Бұл қағидатты мәселе, өйткені, тек экономикалық қарым-қатынастар жүйесін реформалау арқылы біз мемлекеттің тұрақты жоғары бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуіміз мүмкін.
Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі бағыттарын мен алғаш рет Сіздер үшін арнайы ромбы түрінде ұсынып отырмын. Бүгінгі дәріске дайындалар кезде мен ақпараттың үлкен көлемін жүйелендіріп, оны осылайша беру жайын көбірек ойладым.
Ромбы негізін мен «Іргетас» деп атадым, бұл дегеніңіз – база, яғни экономикалық саясаттың негізі, үлкен есеппен алып қарағанда, онсыз елдің экономикалық тіршілік етуі мүмкін емес.
Аталған сала бойынша Үкімет пен әкімдіктер жұмысының бірнеше бағыты бар.
Бұл – мемлекеттік қызметті одан әрі реформалау: еңбекақы төлеу, мемлекеттік қызмет қозғамдамасы (мотивация), олардың кәсіби дамуы және т. б.
Қазіргі заманғы кезеңдегі маңызды міндет мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру болып табылады:
тұтынушыларға бағытталған, сондай-ақ оларды қанағаттандыратын қызмет деңгейін, мемлекеттік қызмет сапасы мен түрін анықтау үшін тұрақты түрде халықтың арасында сауалнама жүргізу;
• мемлекеттік қызметтің сапа стандартын әзірлеу және енгізу;
• тиісті ақпарат алу және арыз айту рәсімдері қызметіне халықтың толық қол жетімділігіне мүмкіндік жасау;
• халықтың арызының шешімін табуының тиімді жағдайларын қамтамасыз ету.
Аталған блок аясында сондай-ақ «Электронды Үкімет» қалыптастыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
«Әлеуметтік жауапкершілік»
Аталған блок өз мақсаты ретінде халықтың өмір сүру көрсеткішінің сапасы артуын, әлеуметтік шиеленісушілікті төмендетуді, мүлік дифференциясы тәуелділігін жоюды қарастырады.
Осы блок бойынша жұмыс істеу сондай-ақ тұрғын үй құрылысы саласындағы белсенді мемлекеттік саясатты және халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына көмек көрсетуді күшейтуді көздейді.
Мен тоқталып өтетін тағы бір маңызды мәселенің бірі – жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту. Біз аталған салада көшбасшымыз және солай болып қала береміз, алайда мынадай проблемаларды шешуге тиіспіз: жинақтаушы зейнетақы қорларына жарнасын төлемейтін адамдардың едәуір бөлігі жоқ емес; инвестициялық қаржы үшін қаржылық инструменттер тізбесін кеңейту және т. б.
«Жаңа ұрпақ»
Аталған блок өз мақсаты ретінде денсаулығы мықты, рухы күшті, шыныққан, еліміздің ұлттық кадрлар корпусын қалыптастыруға үлес қосатын жаңа ұрпақтың пайда болуы үшін күш-жігер жұмсауға жағдай туғызуды көздейді.
Сіздер аталған сала бойынша Үкімет жұмыс жүргізіп келе жатқан Мемлекет басшысының игі бастамасын жақсы білесіздер. Бұл – 100 мектеп пен 100 аурухана құрылысы; әлемдік деңгейге сәйкес әлеуметтік стандарттарды әзірлеу және енгізу; «үштұғырлы» тіл бастамасы және т.б.
«Мемлекеттің технологиялық дамуы»
Бұл кешенді шара іс жүзінде елімізде кезең ауысуының сапалы табалдырығынан өтуін табысты жүзеге асыруға жол ашады. Нақталып айтқанда, өнеркәсіптік және технологиялық артта қалушылықты жеңіп шығу, келешекте әлемдік саяси және экономикалық жүйеде сапалы да лайықты орын алу.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, белгілі ғалымдар мен инженерлердің шығуы қоғам мен экономикада жүйелі өзгерістердің заңдық тұрғыдағы нәтижесі бола алады.
Мысалы, инженерлік және экономикалық білім сапасының артуы есімдері әлемге белгілі экономистер Николай Кондратьев пен Василий Леонтьевтің, инженерлер Игорь Сикорский мен Николай Жуковтың танылуына мүмкіндіктер туғызды.
Инженерлік ой-сананың бұзып-жарып шығуы басқару теориясындағы әзірлемелермен қатар жүрді – Алексей Гастевтің еңбек қондырғысының мектебі, Тейлордың тереңдету теориясы «еңбек психологиясы», «ұйым теориясы» және басқа да осындай бірнеше бағыттардың пайда болуына ықпал етті.
Осының бәрі де экономикалық білімге өту кезеңінде «адам» капиталының мыңыздылығын тағы да бір рет айқындай түседі. Осы кезеңде білім беру ісі ерекше орын алады, қазақстандықтардың жаңа ұрпағы үшін сапалы білім берудегі педагогтердің рөлі артады.
1. 2. САЛАЛЫ БІЛІМ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ
СЕРПІНДІ НЕГІЗІ
Мемлекет басшысының мұғалім мамандығының мәртебесі мен маңызын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес «Білім туралы» Заңда педагогикалық қызметтің мәртебесін құқықтық реттеуге арналған жеке тарау енгізілді. Бұл педагогикалық қауымдастықтың үлкен ризашылығына ие болды.
Сіздер білесіздер, еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын қолдау масқатында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» гранты белгіленді. Жыл сайын 2000 есе айлық есептік көрсеткіш көлемінде 200 грант беріліп отырады.
Грант жоғары оқу орындарында қызмет ететін оқытушыларға конкурстық негізде, олардың кәсіби деңгейін арттыра түсу және оларға қолдау көрсету, ғылыми-педагогикалық біліктілігін одан әрі арттыру, шетелде тәжірибе жүргізуді қоса алғанда, ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында беріледі.
2007 жылы конкурс қортындысы бойынша еліміздің 51 жоғары оқу орнының 200 оқытушысына грант берілді. Соның ішінде, Еуразия ұлттық университетінің 12 оқытушысы грантқа ие болды.
«Білім туралы» жаңа Заң аясында азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері күшейтілді
*соғысқа қатысушыларға көрсетілетін жеңілдіктер бойынша теңестірілетін адамдар үшін жоғары оқу орындарына түсуге квота енгізілді;
* жоғары оқу орындарына оқу үшін төленген қаражат өзгертілмейді, егер ол біржолғы төленетін қаражат түрінде болған жағдайда.
Сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында едәуір сапалық өзгерістер болды. Атап айтқанда, әлемдік тәжірибеде енгізілген мамандар даярлауда үш деңгейлік модель – бакалавр-магистр-доктор жүйесі енгізілді, бұл академиялық кредиттік жинақталған жүйеге негізделген. Бұл анағұрлым икемді білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде енгізілген магистратура отандық магистуралық бағдарламаның беделін тиісінше көтеруге, олардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Магистратураны бітірушілер басқару және жетекшілік қызметтер атқаруы мүмкін, топ-менеджерлер болып жұмыс істейтін болады.
Докторантура бағдарламасына ендігі кезекте ғылыми компоненттермен қатар, білім беру компоненттері де енгізіледі.
Бұл өзгертулер білім беру бағдарламасының мазмұнын, жоғары оқу орындарының оқытушыларының жұмыс формасы мен әдістемелерін қайта қараудың қажеттігінен туындады.
PhD (доктор) даярлау жүйесі тиісті талаптарға сәйкес, шетел университеттерімен әріптес, докторлық бағдарлама саласын іске асыруда халықаралық танымға ие болған жетекші қазақстандық университеттер мен ғылыми ұйымдар базасында жүзеге асырылатын болады. Аталған бағдарлама теоретикалық әзірлік және ғылыми-зерттеулер қызметі арасында оңтайлы балансты қатмамасыз етуші және кредиттік оқыту технологиясы негізінде жүзеге асырылады.
Бүгінгі ауыспалы кезеңде, даярлаудың дәстүрлі жүйесі орын алып тұрғанда, сынақ түрінде 8 жоғары оқу орнында, соның ішінде, Гумилев атындағы ЕҰУ-де, PhD доктор даярлау жұмысы басталып кетті.
Мемлекет басшысының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау барысында Білім және Ғылым министрлігі 2008 жылы Ph.D докторантура бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын 100 адамнан 800 адамға дейін арттырып, бұл көрсеткішті 2010 жылға қарай 2500 адамға жеткізуді көздеп отыр.
Әлемде университеттік білім беру биік мәртебе болып табылады. Сондықтан жоғары оқу орындарында оқыту және ғылыми қызметті ұйымдастыруға көзқарасты қайта қарастыруы тиіс. Әлемдік тәжірибеде білім беру, ғылыми және инновациялық қызметті жемісті жүзеге асырушы инновациялық университеттерді қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Инновациялық университеттер біздің экономикамызға инновациялық сипат беретін интеллектуалды әлеуетті қалыптастыратын болады.
Инновациялық экономика, ең алдымен, негізінде ғылыми-техникалық прогресс пен инновациялық қызмет жататын, қалпына келтірілген өндірісті кеңейтудің интенсивтік түріне өтуді білдіреді. Нақты осы факторлар алдыңғы қатарлы әлемнің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз ете алады.
1.3. БІЛІМ БЕРУ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, «экономикалық білімнің» маңызды бөлігі елімізде қоғамның айрықша интеллектуалдық байлығын қалыптастыру үшін мемлекет тарапынан жағдай туғызу болып табылады, болашақты жасайтын ондай адамдарды келешекте – «креативтік класс» деп атамақ.
Білімді жастардың болуы және ғылыми өмірдің шоғырлануы, ерекше орта, жаңа білім мен технологияны әзірлеу мүмкіншілігі, инновация модасы мен өзін-өзі дамыту – осының бәрі мемлекеттің технологиялық серпінді жасау мүмкіндігінің маңызды көрсеткіштері.
Үкімет отандық бизнеспен бірлесіп жұмыс істеуге дайын, ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық жұмыстағы корпорациялық инвестиция – бұл инвестиция Қазақстанның болашағы. Мұндай салымдар зерттеулердің нақты нәтижесіне қол жеткізіп қана қоймай, ерекше инновациялық ортаны қалыптастырады, творчестволық атмосфера мен үнемі ғылыми ізденісті тудырады. Әлемнің жетекші елдерінде мемлекеттің экономикалық дамуының белгілі рейтингісімен қатар назарға оның «креативтік индексі» қоса алынатыны кездейсоқ болмаса керек.
Бүгінде әлемдік «креативтік орталықтар» ретінде: Токио, Лондон, Нью-Йорк, Дублин, Сиэтл, Хельсинки, Стокгольм есептеледі. Қазақстан қалалары әлемнің «креативтік орталығы» қатарына кіруі тиіс, ал Астана – «креативтік класс» қалыптастыру локомотиві – экономикалық білімнің және әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін технологиялық серпіннің тірегі болуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деп атап өтті. Бұл, алдымен, білім беру сапасын бағалау қағидаттары мен көзқарасты өзгеруді қажетсінеді. Осыған байланысты жоғары оқу орындарын аккредиттеудің халықаралық моделін енгізу, мемлекеттік аккредиттеуден қоғамдық-кәсібилікке көшу қарастырылуда.
2008-2010 жылдары білім беру сапасын жақсарту мақсатында 5 ұлттық университетті халықаралық аккредиттеу және олардың 10 оқыту бағдарламасын танылған шетелдік аккредиттік агенттіктерден өткізу жоспарлануда. Осы мақсатта Үкімет тарапынан тиісті бюджеттік қаражат бөлінеді.
Өздеріңіз білесіздер, мемлекет жоғары білімге қол жетімділік мәселесіне үлкен назар аударады. Әр жыл сайын жоғары білімді мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы артуда. Атап айтқанда, 2001-2007 жылдары мемлекеттік тапсырыс 29 пайызға артты. Егер бұрындары 26 мың грант бөлінген болса, қазірде 33 мыңнан асты.
«Тілдің үштұғырлығы» бағдарламасы қазақстандық ғалымдардың әлемнің ғылыми коммуникациясына толыққанды мүше болуына, өздерінің еңбектерін ағылшын тілінде жариялануына жол ашып, жекелік интеллектуалдық желісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, біз Қазақстанда және барлық Орталық Азия өңірінде білім беру сапасын объективті бағалайтын жеке рейтингілік агенттік құруымыз керек.
Білім және ғылым министрлігі сапалы бәйге мен болашақ білім үшін күш-жігерді қамтамасыз етуі тиіс. Бұл жерде әлемдік тәжірибені игеру, интеллектуалдық және ғылыми салада осы заманғы тренттік білім, қазақстандық болмысқа сай озық халықаралық тәжірибенің жетістіктеріне бейімделуді меңгеру маңызды рөл атқарады.
Қазақстан экономикасын әртараптандыру жаңа капитал түрін, жаңа құндылықтарды құру, экономикалық білімге азаматтардың қатысу формасын кеңейту үшін мүмкіндіктер туғызады.
Бүгінде еліміздің Президенті белгілеп берген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін талап етілетін мамандық пен кәсіптердің қысқаша тізбесін беруге болады. Бұлар - басқарушылар, инженерлер, геологтар мен тау-кен инженерлері, экологтар, осы заманға материалдар мамандары, ғарыштық зерттеулер, логистика теориясы, IT-шешімі мен спутниктік технология бойынша мамандар.
Сонымен бірге, философтар, саясаттанушылар, этнологтар мен тарихшылар. Көліктік дәлізді дамыту, компьютерлік бағыттар, кабельдік желіні қалыптастыру, спутниктік байланыс, жаһандық экологиялық және мелиорациялық жобалар, энергетикалық кешенді жаңғырту – осының бәрі жоғары білімді осы заманғы мамандарды талап ететін Үкіметтің, мемлекеттік холдингтердің, қорлар мен корпорациялардың қызметінің салалары.
Қазақстан экономикасының дамуы елімізде қазақстандық «ой-сана фабрикасын», жаңа білім беру технологиясын құруды талап етеді. Зертханалар, мастер-кластар, еліміз университтері жанындағы жоба әзірлеуші топтар – Қазақстан ғана емес, әлемдік ғылыми қоғамдастықтағы ғылыми ой-сананың қозғалтқышы бола алады.
Дәрісімді аяқтай келе, бізде қоғам мен мемлекет, тиісті осы заманғы өзіндік талаптарға сай, білім беру жүйесі мен ғылымды құру және әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін барлық мүмкіндіктер мен ресурстар бар екенін атап өткім келеді.

 

 
24.05.2010 03:14