Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15568

Жалпы мемлекеттік салықтар

Жалпы мемлекеттік салықтар
  Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы салық жүйесінің құрамының бір бөлігі болып табылады. Бұл салық заңды тұлғалардың табысына салынатын тікелей салық.
  Салық төлеушілер салық жылында салық салынатын табысы бар заңды тұлғалар (мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері, өндірістік кооперативтер, коммерциялық емес ұйымдар).
   Оның ішінде:
   - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінен басқа резидент және резидент емес заңды тұлғалар;
   -кәсіпкерлік қызметінен алынған табысы бойынша коммерциялық емес және бюджеттік ұйымдар.
   Салық салу объектісі болып, салық салынатын табыс саналады.
   Салық салынатын табыс жылдық жиынтық, табыс пен белгіленген шегерістер арасындағы айырма ретінде анықталады.
   Жылдық жиынтық табыс.  
Жылдық жиынтық табыс – заңды тұлғалардың күнтүзбелік жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы. Заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысына кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың барлық түрі жатады, оларға:
1. өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс жанама салықтарсыз;
2. үйлерді, ғимараттарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді, олардың құның инфляцияға орай түзетуді ескере отырып сату кезіндегі құнының өсімінен түскен табыс;
3. сату операцияларынан тыс табыстар, соның ішінде:
- проценттер, берілген кредиттер мен депозиттер үшін төлемдер және процент бойынша басқа да табыстар;
- заңды тұлғаға қатысудан түскен акциялар бойынша алынғанда дивиденттер, сондай-ақ заңды тұлғаны тарату кезінде мүлікті бөлуден түскен табыс,бұған инфляцияны ескере отырып жарғылық қорға қосылған жарналар кірмейді;
- тегін алынған мүлік пен ақша қаражаты;
- роялти;
- өтелетін шегерістер;
- басқа да табыстар;
- есепті жылы анықталған өткен жылдардағы табыс;
            - банк және сақтандыру ұйымдарының резервтік         қорларының мөлшерін азйтудан түскен табыстар;
            Резидент емес заңды тұлғаның табыс мөлшерінің мынадай ерекшелігі бар:
           -Резидент емес заңды тұлғаның барлық қызметінен жалпы түсімдегі Қазақстан Республикасындағы өткізілген өнімнен алынатын жалпы түсімнің үлес салмағы;
           -Резидент емес заңды тұлға шығысының сомасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметке байланысты шығындардың үлес салмағы.
            Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жалпы мемлекеттік салықтар қатарына жатады.
            Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы азаматтардың табысынан алынатын тікелей салық. Салық жылы салық салынған табысы бар жеке тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады.
             Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға жатқызылады.
             Резидент – Қазақстанда салық жылы басталатын немесе салатын кез келген тізбекті 12 айлық кезеңде 183 күн немесе одан да көп күндер бойына Қазақстанда жүрген не шетел             Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде төлеуші жеке тұлға.Жеке тұлға өзінің келген жылының алдындағы жылы Қазақстанның резиденті болса ғана өзінің келген кезіңнің алдындағы кезең үшін резидент ретінде қаралады. Жеке тұлға өзінің Қазақстанда болған жылы аяқталған жылдан кейінгі жылы резидент болса ғана ол Қазақстанда болған кезеңнен кейінгі кезең үшін резидент ретінде қаралады.
            Салық төлеушінің бір жылғы жиынтық табысы мен табысты алуға шыққан шығындардың арасындағы айырма ретінде есептелген табысы табыс салығын салу объектісі болып табылады.
            Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысы резидентінің қандай көздерден алынғанына қарамастан Қазақстан Республикасында және Қазақстан Республикасынан сырт жерде алған табыстарынан құралады.
            Салық төлеуші резиденттің жылдық жиынтық табысына оның Қазақстан Республикасында немесе одан сырт жерде алынғанына қарамастан Қазақстандағы көздерден алынған табыстары кіреді.
            Кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан немесе негізгі жұмыс орнынан басқа жерде кәсіпкерлік қызметпен айналысушы жеке тұлғалардан ақшалай немесе заттай нысанда табыс алушы жеке тұлғалардың табысы айлық есептік көрсеткіштің белгіленген мөлшердегі сомасына азайтылмайды.
              Тұрақты мекемемен байланысты емес бейрезидент жеке тұлғалардың Қазақстандағы көздерден алынған табыстардан жоғарыда көрсетілген шегерістерге құқығы жоқ.
Жеке тұлғаның салық салынатын табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:
10еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін Салық салынатын табыс сомасының 5 проценті
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 20 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы одан асып түсетін 10 проценті
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 30еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 20 еселенген есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы одан асып түсетін 15 проценті
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 40 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 30 еселенген есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы одан асып түсетін 20 проценті
10 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен 50 еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін 40 еселенген есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы одан асып түсетін 30 проценті
50 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен және одан жоғары 50 еселенген есептік көрсеткіштен алынатын салық сомасы одан асып түсетін соманың 40 проценті

1.3 Ғалымдар мен тәжірибешілердің пікірлеріндегі салық жүйесі    туралы көз қарастар
 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының орынбасары: А. Базарбаева
 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің мекен – жайына аумақтық салық органдары жіберген камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға салық төлеушілерден шағымдар түсуде. Бұл ретте Салық кодексінде салық актісі бойынша хабарламаларға жасаған салық төлеушілердің шағымдарын уәкілетті мемлекеттік органның қарауы көзделген.
 Сондай – ақ аумақтық салық комитеттерінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасы туралы хабарламалар жіберген жағдайлар болды.
 Соған байланысты мынадай түсініктеме жасаймыз.
 Салық кодексінің 517 – бабында салық бақылауының нысандары салық тексерістері түрінде де, сондай – ақ камералдық бақылау түрінде де көзделген.
 Салық кодексінің 18 – бөлімінің ережелерінде есептелген салықтар, өсімдер мен айыппұлдар сомаларына қатысты Салық тексерістері актілері бойынша хабарламаларға салық төлеушілер шығымдарын қарау тәртібі айқындалған.
 Айтылғандарға байланысты, алдағы уақытта хабарламалардың дұрыс ресімделмеуіне және мұндай шағымдардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне түсуіне жол бермеу үшін облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша салық комитеттеріне және № 1 Аймақаралық салық комитетіне осы түсініктемені төменгі тұрған аумақтық салық комитеттері мен салық төлеушілерге жеткізу тапсырылады.
 Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер : А.Д. Байдүйсенов
 Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлің мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады. Баршамызға белгілі таразының екі жағы бар, біріншісі мемлекеттің қажеттілігінен туындаса, ал екіншісі еркін кәсіпкерлікті ұстағандардың мүдделерінен шығады.
 Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқаумызға болады. Салықтардың реттеушілік ролі негізінен мынадай шарттарға жауап беруі қажет : мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.
 Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.
 Үкімет басшысының хабарлағанындай, 1999 жылдың қорытындысы бойынша, мұндайды экспорттау тек салық түрінде ғана мемлекеттік бюджетімізге 500 миллион АҚШ доллары шамасындағы қаржы түспей қалған. Мұндай көлемдегі қаржы республикалық бюджетіміздің төрттен бір бөлігіндей мөлшерін құрайды. Егер бұл көрсеткіш тек қана мұнай саласында орын алған болса, онда еліміздің бүкіл шикізатын экспорттаудан түспей қалған қаражаттардың мөлшерін қандай болар екен ?
 Осындай көлеңкелі экономиканың келеңсіз әрекеттерінен еліміздегі күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге аса зәру болып отырған тұрғындардың бөлігі көп зардаптар шегуде. Екінші жағынан, салық салынатын базаның кемуінен, экспорттаушы емес экономиканың басқа салаларында қызмет атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығы арта түсуде.
 Аталған кемшіліктерді жою үшін, ең алдымен салық заңына жаңадан  өзгертулер енгізу аса қажет. Кіріс министірінің атап өткеніндей, жаңадан қабылданған салық кодексінде айтарлықтай өзгерістер енгізілмеген, демек, жіберілген кемшіліктер алдағы уақытта да жіберілуі мүмкін. әрине енгізілетін өзгерістер әбден саралануы және салық жылының басынан бастап іске асуы қажет. Салық төлеушілер үшін салық жүйесінің ең болмағанда үш – бес жылға дейін тұрақты болып қалуы аса маңызды шарт болып табылады.
 Тұрақсыз экономика жағдайында бұлай болу әрине мүмкін емес, әсіресе жалпы ішкі өнімнің мөлшері дүниежүзілік бағаға тәуелді жағдайында бұл өте қиынға соғады.
 Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстарды жүзеге асыру қиынға соғады, ал олардан түсетін экономикалық тиімділік айтарлықтай болары анық.

 

 
24.05.2010 03:03