Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154162

Өнеркәсіптік кәміпорынның инновациялық даму стратегиясын әзірлеу

СОДЕРЖАНИЕ
Өнеркәсіптік кәміпорынның инновациялық даму стратегиясын әзірлеу
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫННЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.2 Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі инновациялық стратегияны әзірлеу мен реттеудің шетелдік тәжірибесі
2 «КАЗЦИНК» ЖШС КӘСІПОРЫНЫНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
2.3 Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі жобаларды басқару дамудың негізі
3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ ҰТЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР.4

КІРІСПЕ.5

1 КӘСІПОРЫННЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ7

1.1 Инновациялық даму стратегиясының мәні,атқаратын қызметі7

1.2 Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі инновациялық стратегияны әзірлеу мен реттеудің шетелдік тәжірибесі .22

2 «КАЗЦИНК» ЖШС КӘСІПОРНЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ30

2.1 «Казцинк»ЖШС кәсіпорынның жалпылама сипаттамасы.30

2.2 «Казцинк»ЖШС кәсіпорынның өндірістік көлемін талдау36

2.3 Өнеркәсіптік кәсіпорынның жобаларын басқару - инновациялық дамудың негізі ретінде.42

3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ47

3.1. «Казцинк» ЖШС кәсіпорнының инновациялық даму көрсеткіштерін бағалау.47

3.2 «Казцинк» ЖШС кәсіпорныныңSWOT талдауы.52

3.3 Өнеркәсіптік кәсіпорынның инновациялық даму стратегиясын әзірлеудің бағыттары59

ҚОРЫТЫНДЫ .70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 73

 

ҚОСЫМШАЛАР

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ЖІӨ Жалпы ішкі өнім

ҚР Қазақстан Республикасы

АҚШ Америка құрама штаттары

ЖШС Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ӨК Өндірістік кооператив

ҒЗТҚЖ Ғылыми – зерттеу және тәжірбиелік құрастырушы

ӨМК Өскемен Металлургиялық Кешен

ОАР Оңтүстік Афирика Республикасы

Млн. т Миллион теңге

Млрд. тМиллард теңге

Мың.тМың теңге

% Пайыз

ж. Жыл

жж. Жылдар


КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Экономикалық факторлардың күрделілігі мен алуан түрлілігі, шаруашылық үрдістердің қарқындылығы және серпінділігі кәсіпорындардың мүмкіндіктердін барынша пайдаланылуын талап етеді.

Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауындағы «Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың даму стратегияларын белсенді етуге тиіспіз»-деп атауының мәні үлкен.

Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда: экономиканың шикiзат бағыттылығы; əлемдiк экономикаға ықпалдасудың əлсiздiгi; ел iшiндегi салааралық жəне өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;өңдеушi өнеркəсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы; өндiрiстiк жəне əлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дəрежеде дамымауы; мұнай-газ жəне кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы; кəсiпорындардың жалпы техникалық жəне технологиялық тұрғыдан артта қалуы; ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы; ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi; отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы; мамандарды жəне жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы; экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы; менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне жəне 2 сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сəйкес келмеуi.

Инновациялық стратегияларды жүзеге асыру үшін кәсіпорындарды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру қажет, ол жүйе келесілерді қамтиды: а) экономикалық серпіліс бағытын институтталдандыру; б) басқарудың ұйымдастыршылық – экономикалық тиімді механизмдерін, шаруашылық қызметтің тәуекелдерімен ғана емес сонымен қоса тұтынушылар қарым –қатынасы арасындағы инновациялық қызметтің мотивациялық механизмдерін құрастыру .

Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтінің қазіргі жағдайына дұрыс баға беру өте қиын , себебі, бір жағынан Қазақстан ғылыми - техникалық ресурстармен бай емес , кәсіпорындар деңгейіндегі прогрессивті жобаларды енгізу мен жүзеге асыруы толыққанды белсенді атқарылмайды. Осыған байланысты кәсіпорын дамуындағы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында инновациялық стратегиялардың теориялық және әдістемелік негіздемелеріне қажеттілік туындайды.

Аталған себептер өндірістік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында инновациялық стратегияларын әзірлеу үшін егжей – тегжейлі ғылыми тәсілдерді пысықтауды қажет етеді. Бұл мәселе өнеркәсіптік кәсіпорынның инновациялық стратегиясын әзірлеуге және экономикалық өсуді қамтамасыз етеді, яғни, дипломдық зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - өнеркәсіптік кәсіпорынның инновациялық даму стратегиясын әзірлеу.

Қойылған мақсатқа жету үшін келессідей міндеттер қойылды:

- келесі анықтамаларға : инновация, инновациялық қызмет инновация белгілерінің негізгілерін жіктеу, жобаларды басқару негізінде талдау жасау;

- инновациялық стратегияның орны мен рөлін анықтау;

- кәсіпорынның басқару жүйесіндегі инновациялық стратегияны қалыптастыру мен реттеудің шетелдік тәжірибесін анықтау;

-кәсіпорынның басқару жүйесіндегі жобаларды басқару дамудың негізіне көз жеткізу;

-өнеркәсіптік кәсіпорынның инновациялық даму стратегиясын әзірлеудің бағыттарын анықтау.

Зерттеу объектісі болып Жауапкершілі Шектеулі Серіктестік (ЖШС) «Казцинк» өндірістік кәсіпорны.

Зерттеу пәні ретінде өнеркәсіптік кәсіпорынның инновациялық дамустратегияларын анықтайтын экономикалық және шаруашылық қызметі.

Зерттеудің методологиялық және теориялық негіздемелері ретінде экономикалық теориясы, менеджмент курсы және стратегиялық басқару, инновациялық менеджмент, өндірістік кәсіпорындарындағы инновациялық қызмет және стратегиялық даму, шетел және қазақстандық ғалымдар мен мамандардың инновациялық жобалар мен инновациялық стратегияларды жүзеге асыру мәселелері бойынша мәліметтер.

Жұмыстың тәжірбиелік маңызы өнеркәсіптік кәсіпорынға арналған инновациялық даму стратегиясын тәжірбие жүзінде қолдану арқылы анықталады. Кәсіпорынның алдағы уақытта дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жобаларды басқару негізінде ұсынылған әдістемелік ұсыныстарды тәжірбиеде іске асыру арқылы инновациялық стратегияны анықтауға мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыстық құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.


1 КӘСІПОРЫННЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі инновациялық стратегияны қалыптастырудың теориялық негіздері

Экономиканың жаһандану жағдайларында шаруашылық нысандардың инновациялық стратегиясының тетіктері мен нәтижелерін елдің экономикалық саясатындағы экономикалық қатынастар мәселелерінің бірі ретінде қарау қажет. Экономикалық қатынастар, оларды іске асыру әдістерінің мәселелері мен қазіргі жағдайда дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келу қажеттілігінің ролі отандық экономикалық және шаруашылық тәжірибедегі ең өзектілерінің бірі болып саналады.

Микродеңгейдегі үрдістердің тиімді дамуын қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымның маңызды бөлігін экономикалық жүйе құрағандықтан, мемлекеттің экономикалық қатынастары мен экономикалық саясаты нарықтағы барлық нысандардың экономикалық мүдделерін сөз қылады. Экономикалық қатынастардың қатысушылары әртүрлі ұйымдастыру-құқықтық нысандар мен алуан түрлі салалық тауар нарықтары, сондай-ақ қызметтер нарықтарында іс-әрекет жасайтын шарушылық құрылымдары-фирмалар болады. Елдің қазіргі заманғы шарушылық өмірінің маңызды қатысушысы ретінде кәсіпорынның ерекше орны олардың инновациялық стратегиясының тетіктері мен нәтижелерін зерттеп білуді қажетті етіп қояды.

Құрылымдық бірлік ретінде бизнес қызметінің нысаны болып фирма саналады. Бұл өндіріс факторларын жоспарлы түрде қиыстыру жолымен тауарлар мен қызметтерді жасау және сату арқылы меншікті мүдделерін іске асыратын шаруашылық буын. Заңды тұлға болатын кез келген шаруашылық буын, фирма немесе кәсіпорын болсын бизнес қызметінің нысаны болып табылады. Алайда фирма өзіне бір немесе бірнеше кәсіпорындар енгізе алады, ал кәсіпорын, әдеттегінше, бір салалық, бір өнім өндіруші өндіріс болып табылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес фирмалар шаруашылық серіктестіктер, шаруашылық қоғамдар, өндірістік кооперативтер түрінде ұйымдастырылуы мүмкін. Іс жүзінде кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастыру-экономикалық нысандардың көптеген түрлері кездеседі [1].

Қазіргі заманғы шаруашылықта жетекші ролді көбінесе сауда, қаржы және басқа салалардағы көпшілікке арналған өндіріс немесе қызмет етумен байланысты акционерлік кәсіпорындар алады. Олардың қызметі ұлттық нарықтармен ғана емес, дүниежүзілік нарықтармен де байланысты болып отыр.

Теориялық және тәжірибелік тұрғыдағы барлық түр мен саладағы кәсіпорындардың қызметіндегі дұрыс нәтижелерді тек қана инновациялық стратегияның нысанын, яғни оның қызмет ету қағидалары, дамудың заңдылығы, шарттары мен факторларын білуіне негізделетін инновациялық стратегияның бағыттарын таңдап беруі мүмкін. Сонымен, кәсіпорынның инновациялық стратегиясын түсіну оның қалыптасуының әрекеттегі тәжірибесін талдаудан басталуы тиіс. Инновациялық стратегияның тиімділігін, яғни онымен нақты міндетті орындаудың шынайы немесе болжамдалған дәрежесін (тиімділігін), анықтау әдістемелік тұрғыдан маңызды.

Теориялық зерттеудің қисындылығы мәселені мынадай: стратегия – кәсіпорын – кәсіпорынның инновациялық стратегиясы бағытындағы бір ізділікте қарау қажеттілігіне алып келеді. Зерттеудің әдістемелік тәсілі негізгі алынатын санатты, біздің жағдайда – кәсіпорынның стратегиясын бірінші кезекте қарауын болжамдайды.

Стратегия теориясында ненің есебінен, қай негізде кәсіпорын өзінің экономикалық өсуін, бәсекелестердің нәтижелерінен арта түсетін нәтижелер алуды қамтамасыз ете алады деген басты мәселеге жауап негізделуі тиіс. «Стратегия» термині ежелгі замандардан бастап әскери шеберлікте қолданылатын және қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану арқылы дұшпанды жеңуді білдірген. Стратегия сөзі грек тілінен «стратегос», яғни генерал, қолбасшы дегеннен шыққан. Сонымен, стратегия деген сөз мұндай түсінікте бірнеше ғасырлар бойы белгілі болған. Бизнесте қолданбалы стратегияның қазіргі уақыттағы түсінігі ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. Стратегия белгілі жағдайдың сипатымен сәйкес қалыптасқан кәсіпорын іс-әрекеттерінің кешені ретінде қаралған [2, 79-84 б]. Басқару саласындағы әйгілі маман П. Дракер де өзінің «Менеджмент тәжірибесі» атты классикалық кітабында фирманың стратегиясын қарап, кәсіпорынның ресурстары туралы қазіргі уақытта олар не болады және алдағы уақытта олар қандай болуы тиіс деген түбегейлі сұрақтың анықталуын стратегия талап ететінін айтып ескертеді [3].

ХХ ғасырдың ортасы тауар, қаржы нарықтарындағы, халықаралық бизнесті экономикалық реттеу тәртібіндегі кәсіпкерліктің барлық салаларындағы бәсекелестікті күшейтудің елеулі өзгерістері және экономикалық ғылымда жаңа бағыттар, атап айтқанда – стратегиялық менеджменттің пайда болуымен әйгілі болды. Көптеген шетелдік ғалымдар бұл салаға көңіл аудара бастады. Сөйтіп, 1962 жылы А. Чендлердің «Стратегия мен құрылым» атты кітабы жарыққа шықты. Бизнес стратегиясының негіздерін зерттеуді автор төрт General Motors, DuPont, Standard Oil of New Jersey, Sears Roebuсk ең ірі американдық өнеркәсіптік корпорациялар қызметінің жиырма жылдан астам тәжірибесінде жүргізді. Мұндай талдау авторды төмендегі – стратегия шегінде: кәсіпорынның ұзақ мерзімді мақсаттары белгіленеді, іс-әрекеттердің бағдарламасы қалыптасады, сондай-ақ сол мақсаттарды іске асыру үшін қажет ресурстар үлестіріледі деген қорытындыға алып келді [4, 13 б].

Одан кем емес қызығуды фирманың барлық қызметін, тауарлар мен нарықтарын түгел қамтитын басты желі ретінде стратегияны қараған американдық экономист И. Ансоффтың зерттеуі тудырады [5, 118 б].

Одан кейінгі авторлардың түсінігіне сәйкес стратегия алдағы уақытта фирманың қызметі туралы басқару шешімдерін қабылдау үшін ережелердің қорытындысы ретінде төмендегі төрт бөлімдерден:

- «өнім - нарық», яғни ол өзінің қызметін орындайтын нарық пен өндірілген өнімнен;

- өсудің векторы, яғни фирма «өнім - нарық» саласында орындауды болжамдайтын өзгерістерден;

- фирмаға, атап айтқанда, өндірілетін тауардың ерекше сипаттамаларын қамтамасыз ететін және бәсекелестермен салыстырғанда фирманың нарықтық орнын елеулі дәрежеде нығайтатын бәсекелестік артықшылығынан;

- жеке-жеке жұмыс істеу кезіндегі жалпы нәтижеден олардың бірлескен қызметі кезіндегі фирманың әртүрлі бөліктері қызмет етуінің жалпы нәтижесі артқан кезіндегі әсерді көрсететін көрсеткіштен тұрады [6, 17 б].

Кәсіпорын стратегиясы теориясының атақты зерттеушісі және іргесін салушы К.Эндрюс төмендегі: «Стратегия – бұл кәсіпорын шынында не екенін және алдағы уақытта не болғысы келетіндігін анықтайтын мақсаттарға жету бойынша кәсіпорынның мүмкіндіктері, мақсаттары, міндеттері, саясаты мен жоспарларының үлгісі» деген анықтаманы берді [7, 15 б].

Қазіргі анықтамалардың бір қатарында зерттеушілер сол санаттың әр түрлі сипаттамалары мен ерекшеліктеріне ерекше назар аударады.

«Стратегия» терминін оларға жету жолдарын таңдау мен ұзақ мерзімді мақсаттарды қалыптастыру үрдісі ретінде түсіндіретін экономистерде жетерлік.

Стратегия түсінігінің дәлірек анықтамасын Д.Б. Куин береді. Ол кәсіпорын стратегиясының теориялық мәселелері бойынша өз еңбектерінің бірінде: «Стратегия бір саладағы кәсіпорынның негізгі мақсаттары, саясаты мен бір ізділік іс-әрекеттерін бірлестіріп немесе үйлестіретін үлгі немесе жоспар. Кәсіпорынның стратегиясын, оның қызметінің кейбір мәселелері шешімдері, нақты тапсырмалар негізделетін негізгі қаңқа ретінде көрсетуге болады» деді [8]. Сонымен қатар ол «Мақсаттар не нәрсеге жету керек және оның нәтижелері қашан пайда болады» деп ескертеді, бірақ бұл жерде оны қалай қамтамасыз ету керек жөнінде сөз болмайды.

Кәсіпорынның стратегиясын оның саясатынан ажырату қажет. Саясат кәсіпорынның жарияланған ниеттерін белгілейді және стратегия үшін керекті бағытта шешімдер қабылдау үрдісін бағыттауға бейімделеді. Саясат – бұл кәсіпорынның іс-әрекетін қамтуға тиісті ішкі шектеуді белгілейтін ережелер мен бағыттар. Әр кезеңде бұл ережелер ерекше мақсаттар арасындағы келіспеушіліктерді жою үшін қабылданатын шешімдер сипатында болады. Мақсаттар сияқты саясат та кәсіпорынның ұйымдастырылу құрылымымен тығыз байланысты болады.

«Стратегия» түсінігі «саясат» түсінігіне қарағанда кеңірек және түбегейлі сипатта болады. Бұл экономикалық саясатты кәсіпорынның инновациялық стратегиясын іске асыру құралы ретінде қарауға негіз береді. Сөйтіп кәсіпорынның стратегиясы жекелеген бағыттар бойынша бейнеленеді және арнайы зерттеліп дайындалған бағдарламалар мен жобалардың толық жүйесі арқылы іске асырылады.

Көптеген шетелдік және отандық экономистер кәсіпорын стратегиясының теориялық және тәжірибелік жақтарын зерттеумен айналысқан. Стратегиялардың тұжырымдамаларын құру, стратегиялық менеджмент ғылымының пайда болуы бизнестің кәсіпкерлік тәжірибесінің соғыстан кейінгі кезеңнің (60-шы жылдардың басы) «постиндустриалдық» тұрақсыздығына орай дұрыс әрекеті. Оның бейнеленуі бизнестің жаһандануы, бәсекелестіктің күшеюі, тауарлар мен қызметтерге тұтынушылық сұраныстарының өзгеруі (әлеуметтік саласы мәселелерінің күшеюі) болып табылды.

Сыртқы ортадағы жағдайдың күрделенуімен байланысты кәсіпорындар тиісті шешімдер, атап айтқанда өзінің стратегиясы шегінде де, дайындап, іске асыруға мәжбүр болды.

Қызмет көрсету немесе өндіру - кәсіпорынның басты мақсаттары, нарықтағы оның күнелту және қызмет етуінің уәжі. Жарияланған жылдық есептерден алынған ең ірі корпорациялардың қызметтерін тұжырымдап айтулардың бір қатар мысалдарын келтіреміз. Кәсіпорынның қызметі – бұл әлеуметтік бағытталудағы, яғни қоғамның қажеттігін қамтамасыз ету көзқарасынан кәсіпорынның негізгі жалпы мақсаты. Басқаша айтқанда, қызметтің тұжырымдылап айтылуы бәсекелестік артықшылықтары бар кезіндегі сипаттаманың, нарықтық қажеттіліктердің есебімен оның бағытталуын сипаттайтын бизнестің тұжырымдамасы [9].

Өндіріс кәсіпорынның қызметін дәлелдеу сияқты идеологиялық көзқарастан маңызды. Кәсіпорынның қызметі біреу, яғни қаржылық немесе өндірістік болуы мүмкін емес. Керісінше, кәсіпорынның қаржылық, маркетингтік, инновациялық және басқа стратегиялары қалыптастырылып, нақты кәсіпорынның қоғам алдында жалғыз қызметін қолдау мен сақтап қалу үшін іске асырылады.

Дүниежүзілік тәжірибеде стратегиялық менеджменттің әдістері мен әдістемелері зерттеліп дайындалған. Біз үшін қазақстан экономикасы жағдайларындағы бұл әдістер мен әдістемелердің өміршеңдігін анықтау қажет. Дүниежүзілік тәжірибе стратегиялық менеджменттің әдістерін дайындау мен қолданудың ғасырлық дағдысына ие болғандығын есепке ала отырып, бұл құнды мұраны барынша пайдалану керек.

Дүниежүзілік тәжірибеде қолданылатын стратегиялық менеджменттің әдістері мен әдістемелері әрқалай.

Әлемдік тәжірибеде экономикалық стратегияны жетілдірудің көптеген әдістері мен жолдары бар, бірақ олардың ішінен қайсы біреулері өзгерулер жолында тұрған біздің экономика үшін жарамды емес. Сондықтан, дүниежүзілік тәжірибеге сүйене отырып, инновациялық даму деңгейіне сәйкес келетін кәсіпорынның инновациялық стратегиясын реттеудің әдістерін іздестіруіміз керек.

Кесте 1 - Стратегиялық менеджменттің әдістері мен әдістемелері

Жұмыстардың (операциялардың, іс-әрекеттердің) түрлері Әдістер, тәсілдер,технологиялар

1 2

Ситуациялықталдау

Ұйымның микроортасы:

- экономика менсаясат

- технология мен экология

- құқықтық камтамасыз етілу

-демография.қоғам - шолулар, ақпараттық тұжырымдар, жобалар, есептер, библиографиялық анықтамалар, статистикалық рефераттар

- кабинетті зерттеулер, мәліметтерді жинау, талдау мен сегменттеудің әртүрлі әдістері

Тікелей орта (сыртқы байланыстар, нарық нысанылері):

- тапсырысшылар

- делдардар

-бәсекелестер

- сыртқы әсерлер - нарықтағы орын, сауда маркасына қатынастар мен ұйымның абыройын талдау

- бәсекелестік пен басқа да әсерлерді (кабинетті зерттеулер және тікелей байқаулар) талдау

Тікелей ұйым:

- бұрыңғы стратегияның мақсаттарын іске асыру нәтижелері

- маркетингтік жиынтықтың жағдайын бағалау

- мүмкіндіктер, ресурстар

- маркетингтік инфрақұрылым - «мақсаттар – жоспар-орындау- оптимизациялау - ауытқуларды» салыстырмалы талдау

- себепті талдау, пирамида тәрізді құрылым

- талдау, мүмкіндіктер мен қабілеттерді балл бойынша бағалау

- ақпараттық қызмет, бухгалтерлік және шұғыл есеп

Конфронтациялық талдау [ұйым – бәсекелестік):

-маркетингтік жиынтықтың құралдарын сәйкестендіру - SWOT талдау

- салыстырмалы талдау әдістері

Маркетингтік жиынтықтың параметрлерін толық талдау:

- нарықтық бағалар саласындағы стратегиялық бірліктердің орнын талдау

- бұйымның өмірлік кезеңі барысындағы өнімді сату, шығындар мен пайда үрдісін талдау

- сауда шығыстарының үлесін талдау

-тапсырыстар портфелін талдау (Boston Consulting Group, Mc Kinsey әдістемесі бойынша), (тапсырыстар портфелі мен ақша қаражаттарының келуінің талдауын үйлестіру)

- П. Дракер бойынша өнімді жіктеу

- бұйымның өмірлік кезеңі барысындағы өтімді талдау әдісі

- АВС – талдау, Паретооптимумы

Синтез: тәуекелдер, қауіптер, үміттер, шектеулер, қиын жерлер мен өзекті проблемалы салаларды белгілеу - себепті талдау

- SWOT талдау, тапсырыстар портфелін талдау

Мақсаттарды жоспарлау

- ұйымның миссиясы, оны ұқсату, даму жолы

- мақсатты нарық таңдау [сегменттер мен жергілікті нарықтар)

- тапсырыстар портфелі [жоспар)

- шешімдер қабылдау үлгілері, нұсқаларды бағалау әдістері

- операциялық зерттеулер, үлгілеу

- елді талдау

 

кесте 1 жалғасы

1 2

Стратегиялық операциялар жоспары

- стратегиялық кәсіпкерлік бөлімшелерді белгілеу

- өсудің типтік стратегиясы, бәсекелестік стратегиясы

- маркетингтік жиынтықтың құралдары жәрдемімен орындалатын стратегиялық операциялар

- стратегиялық нұсқаларды тұжырымдап айту

- ықтимал болатын түйінді проблемалар мен тәуекелдерді бағалау және ұқсату

- кері байланыс негізінде түзетулер жасау - тапсырыстар портфелі [жоспар)

- SWOT [жоспар)

- операциялық зерттеулер, үлгілеу

- қорлар теориясы, жаппай қызмет ету [кезектер) теориясы әдістері

- жүйелі талдау әдістері

- тәуекелді талдау

- ми шабуылы әдіс, құндылық түрінде талдаудың басқа да әдістері

- сараптамалық бағалау әдістері

Ескерту - Шолу материалдары негізінде автор құрастырған

Қазақстанда дағдарыстан кейінгі жылдардағы экономикалық өсу төмендегі факторлармен себептеледі:

тауарлар мен қызметтер өндірісінің толық және жарым-жартылай қалпына келуінен тұратын өсуі. Бұл, ең алдымен, қара және түрлі - түсті металдар, электр, мен жылу энергетика, тамақтандыру өнімдері, құрылыс материалдары, тоқыма және тігін бұйымдары, көлік пен байланыс қызметтері және т.б. өндірісі;

- дүниежүзілік нарықта олардың өнімдеріне үнемі жоғары сұраныс болатын салалардың дамуымен байланысты конъюнктуралық өсу;

- жүйелі өсу тауарлар мен қызметтер өндірісінің жаңа сегменттерін еңгізу себебінен болады. Бұл факторға шағын кәсіпкерлік, қаржылық сектор; жылжымайтын мүлік, сондай-ақ автокөліктер саудасы, үй шаруашылығы секторындағы тауар мен қызметтер өндірісінің дамуын жатқызу қажет;

- инновациялық өсу Қазақстанда индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асыру себебінен болып жатып, қалыптасу кезеңінде тұр. Бұл фактор әлі Қазақстан экономикасының дамуында аз ғана әсерін тигізіп келеді.

Инновация-басқа кез келген тауар сияқты, құндылықтардың, инновациялардың деңгейімен анықталатын бәсекеге қабілеттілікті сипаттайды. Жаңа тауарлар ұсынып отырған кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі өндіріс факторларының жағдайына, сонымен қатар оларды пайдаланатын стратегиялық түрлеріне де байланысты болады. Инновациялық қызмет кәсіпорынның жаңа белестерге шығуына ұйымдастырушылық –техникалық және экономикалық жағдайды қамтамасыз ететін нарықтық жағдайдағы кәсіпкерліктің негізгі формасы болып есептеледі. Инновациялық қызметтің стратегиялық аспектісі бұл жағдайда ең бірінші тұтынушының сұранысына көңіл бөледі. Өндіруші ретінде кәсіпорынның ішкі жаңашаланған міндеттерін шешу үнемі бағынышты сипатта болады. Осы жерден кез келген кәсіпорынның ортақ стратегиясының құрамдас бөлігінің бағыттылығы мен мазмұндылығын, сыртқа ортаның баламалы қажеттіліктері мен өзгерістерін, сондай-ақ, тұтынушының көзқарасын анықтайтын инновациялық стратегия екенін көреміз.

Кәсіпорын қолданатын кез келген стратегиялық шараларға өзінің мәні бойынша инновациялық сипат тән, себебі қалай болса да олар кәсіпорынның экономикалық, өндірістік, әлеуеттік жақтарына жаңалық енгізуге негізделген. Мысалға, нарықты шаруашылықты сипаттайтын стратегиялардың бірі нарықтық – тауар стратегиялары, олар технологияның жаңа түрлерін дамытуға, өндіруге, пайдалануға, яғни инновацияға негіздедген. Бұл стратегияның басқа түрлеріне қатысты. Кәсіпорынның даму стратегиясы олардың тұрақты дамуын және қызмет жасауларын қамтамасыз етеді. Олар сондай-ақ ғылыми-техникалық жетістіктерді ұйымдастыру аймақтарында, техника және технология аймағында қолдануға негізделген. Бұл тізімді әры қарай жалғастыра беруге болар еді. Бірақ мақсатты түрде инновациялық процестерді ұйымдастыру және жоспарлау барысында оларды арнайы белгіленген инновациялық стратегиялар ретінде қарастыру қажет [10].

Жаңа енгізулер стратегиясы(инновациялық саясат) техникалық саясат пен капитал салымдары саясатын біріктіріп, жаңа технологиялар мен жаңа өнімнің түрлерін өндіруге бағытталған. Ол бірінші кезекте кәсіпорынның жаңа технологиялық мүмкіншіліктерін жүйелі айқындауға мүмкіндік беретін жеке зерттеу объектісін қарастырады. Осы тұста инновацияларды стратегияларлық басқару тікелей инновациялық процеске қатысты болашақтағы қорытындылардың жетістіктеріне бағдарланады.(Зерттеу кезеңі, жаңа енгізулерді өндірістік қолдау, жаңа өнімді нарықтық ортаға ендіру). Өзінің мазмұндылығы мен бағытталуына байланысты инновациялық стратегиялық басқару програматикалық сипатқа ие. Бұл жерде бірінші кезекте кәсіпорын өзіне болашақта қажетті жетістіктер мен дамуларды қамтамасыз ететін нақты деректер мен әлеуетті мүмкіншіліктері ескерілуі тиіс. Сонымен қатар инновациялық стратегиялық мақсаттар, ережелер сияқты сандық сипатта болмайды. Олар кәсіпорындардың кәсіпкерлік тұжырымдамалары ретінде қалыптасатын инновациялық ойдың мағлұмдамалары түрінде қарастырылады және кәсіпорынның базалық, сондай-ақ функционалдық стратегияларын анықтайды.

Барлық кәсіпорындарға арналған бірдей арнайы инновациялық стратегиялардың үлгілері жоқ, сол себептен де инновациялық стратегиялық басқарудың да біртұтас үлгісі жоқ. Кез келген нарықтық экономикада жұмыс жасайтын кәсіпорындар өзінің жеке сипаттамалары бойынша әр түрлі. Сол себептен олардың инновациялық процестерді басқаруларының стратегиялары да әр түрлі, оның формалары мен әдістері де басқа, көптеген кәсіпорындарда қайталанбайды. Стратегияларды таңдау әр түрлі факторларға, соның ішінде кәсіпорындардың нарықтағы орнына, оның серпілісінің өзгерісіне, өндірістік және техникалық әлеуеттеріне, өндірілетін тауарларға және қызметке, экономикадан және мәдени орта факторларына тәуелді. Сонымен қатар басқа да негізгі көзқарастар да бар, олар инновациялық стратегиялардың бірнеше қағидаларының жиынтығы ретінде қарастырылады.

Кәсіпорын өзінің нарықтағы инновациялық стратегиялардың жұмыс істеуін таңдауда сыртқы орта мен өздерінің жеке ресурстарының жағдайын ескереді.

Сыртқы ортаның жағдайын төменде көрсетілгендер арқылы қарастыруға болады.

Мемлекеттік органдардың және заңды базалардың әсері кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметтеріне арнайы шектеулер қояды. Кез келген инновация(өнім, процесс, әлеуеттік-экономикалық өзгеріс)ортақ ережелер ауқымынан асып кетпеуі немесе басқа бір тұлғаның жағдайына нұқсан келтірмеуі тиіс. Стандартқа сай техникалық шектеулер, экологиялық жағдайлар, энергетикалық құрылғыларды пайдалану, өртке қарсы және т.б ережелердің сақталуын қаматамасыз ету және оны барлық менеджерлердің білуі көп жағдайда банкротқа ұшырап қалмаудан сақтайды [11].

Бәсекелестердің белсенділігі- бұл алдыңғы фактор сияқты шектеулер қоймайды, керісінше, кәсіпорындарға өз қызметтерін жоғары дәрежеде көрсетуді міндеттейтін фактор.

Бәсекелестер нарықта ұқсас тауарларға және қызмет көрсетуге байланысты бағаның деңгейін анықтап, қазіргі заманға лайық мемлекеттік мекемелер тарапынан ықпал ете алады.

Жабдықтаушылар ретінде кәсіпорындарды, материалдар, жартылай өңделген өнім шығарушылар мен бұйым құрастырушыларды, жабдықтаушы өндіріс орындарын, энергия мен ресурстардың барлық түрлерін, соның ішінде қаржы және еңбек ресурстарын (еңбек бөлінісінің жергілікті орталығы) қарастыруға болады.

Инновация күрделі, әр түрлі жерде күтпеген жағдайларға түсіп қалатын, болжау жасауға қиындық туғызатын процесс. Әрдайым болып отыратын үйлестірушілер, құрылым мен өндірістегі жиі болатын өзгерістер, инновациялық жолды қолдаушы барлық жүйедегі осы жағдайға байланысты өзгерістер, инновациялық процестер, кәсіпорын жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.

Техникалық және ұйымдастырушылық өзгерістерден басқа әрбір өзгеріс, тапсырыстар әкелетін немесе жеткізетін келісімшарттарды жасау үшін көптеген құжаттарды анықтауды қажет етеді. Әдетте, жабдықтаушылар қосымша талаптар мен жеткізіп беру уақытының өзгерулеріне келісімшарт бағасын ұлғайту арқылы жауап қайтарады.

Кәсіпорын жұмысына тұтынушылар негізгі, бірақ пассивті түрде ықпал етеді. Кәсіпорындардың барлық инновациялық стратегиялары тұтынушылардың инновация нәтижесі бойынша болжауына қаншалықты әсер етуіне байланысты құрылады және де нарықты сегменттеу, яғни кірістіру кезінде жергілікті ауданның ерекшелігі, мәдениеті мен инновацияның таралуын ескеру арқылы жасалынады. Кәсіпорын стратегиясы инновациялық стратегияның қызметін, орнын, мазмұнын белгілейді. Өз кезегінде, инновациялық стратегия корпоративтік стратегияны түзейді және жүзеге асырады, кәсіпорында пайда болуына және дұрыс қызмет атқаруына бірден - бір себепші болады.

Корпоративтік стратегия мен инновациялық стратегияның арасындағы байланыс өндіріс орнында жаңа өнім пайда болғанда немесе өндіріс процесінде өзгертулер мен толықтырулардың пайда болуының нәтижесінде көрінеді.

Кесте 2 - Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік –құрастырушы стратегия мен фирма стратегиясы қызметтерін салыстыру

Әсер ету аясы Корпоративтік стратегия ҒЗТҚЖ стратегиясы

Ресурстар Басқару сапаларының арасында таралуы(маркетингтік өндірі орны, ҒЗТҚЖ т.б) Жоба арасында таралуы

Мақсаты Экономикалық жағдайға байланысты анықталуы Корпорацияның жағдайына байланысты анықталуы

Бизнес алаңдары Нарықтық өнім стратегиясы. Нарықтық өнім ассортименті(тауарлардың әр қилы түрлерінің жиынтығы) Техникалық-өнімдік стратегия. Жоба іс-қағаздарының теңгерілуі

Уақыт аспектісі Ұзақ мерзімді,орта мерзімді, қысқа мерзімді аспектілерді ұйымдастыру. Ұзақ мерзімді,орта мерзімді, қысқа мерзімді аспектілерді ұйымдастыру.

Ескерту- автор құрастырған

Инновациялық стратегияның негізгі бағыттары келесі жолдар арқылы қалыптасады және жүзеге асады:

-Кәсіпорынның басты мақсатын жүзеге асыру үшін олардың қажеттіліктерін белгілі түрдегі өніммен немесе қызмет көрсету арқылы инновациялық қызметтердің ең қолайлы нәтижелерін мақсатқа сәйкес және ұтымды қолдану керек;

-Жаңа өнімдерді игеру және жаңалық енгізу кезінде ресурстардың экономикалық пайдаланылуын қамтамасыз ету;

-Кәсіпорын қызметінің инновациялық белсенділігін, сондай-ақ алдыңғы қатарлы тәжірибелі мамандардың еңбегін анықтауда шығармашылық ынталандыруды пайдалану.

Кәсіпорынның инновациялық саясатын жасау олардың алдына қойған мақсаттарының жақын және алыс болашақта даму стратегиясын анықтайды,сондай-ақ кәсіпорынның әлеуетті мүмкінділігіне қарай оны қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуін анықтайды. Әрбір кәсіпорынның өмірлік даму кезеңінде статика мен динамиканың элементтер жүйесі тексеріліп отырады.

Басқарушының барлық күш-жігері бағытталған мақсаттарды үздік нәтиженің қорытындысы ретінде қарастыру оларды функционалдық(жүйенің қол жеткізген жағдайын қолдау) және жаңа(жаңа сапалы жүйеге қол жеткізу)деп екіге бөліп қарастырады. Кәсіпорынның даму кезеңінде осы екеуі де үйлесуі мүмкін. Егер бірінші кезеңде «ағымдағы қызмет» барысында тек функционалды мақсат қойылса, яғни бұрын қол жеткізілген тепе-теңдікті қолдауға бағытталған жүйе тұрса, ал соңғы кезеңдерде көбінесе екінші түрімен жұмыс істейміз, яғни жаңа сапалы жүйеге қол жеткізуге тырысамыз [12].

Жаңа мақсаттар жаңа бағдарды, жүйедегі көрсеткіштердің жаңа тепе-теңдігін, жаңа шешім, жаңа ұйымдық құрылымдарды, яғни стратегия болып анықталатын жаңа қызметтердің кешенін жасап шығаруды қажет етеді.

Жалпы айтқанда, стратегия дегеніміз кәсіпорындардың нарықтағыы қазіргі және болашақ мақсаттарын жүзеге асыру үшін ресурстарды пайдаланудың (капитал, жұмыс күші) ең нәтижелі баламаларын іздестіру болып табылады[13].

Инновациялық стратегияның екі түрі қарастырылған:

Базалық стратегия – нарықтық жағдайда әр түрлі мәселелерді шешукезіндегі кәсіпорынның іс – әрекет моделі. Мысалы:

а)нарықты таңдау стратегиясы; ә)таңдаған нарықта бәсекелестік стратегиясы.

Ары қарай таңдау жасалған нарықта : а)көшбасшылықтың негізінде болжанған өнімнің бәсекелестікте артықшылықтарға қол жеткізуі; ә)бағадағы көшбасшылық; б)Нарықтық кәсіпкерлік; в)Нарықтық кооперация.

Функционалдық стратегия – кәсіпорын бөлшектерінің арнайы бөлінген әр түрлі іс –шаралары мен бағдарламалары. Базалық стратегияның іс жүзінде жүзеге асуына тікелей ықпал ететін ресурстардың бірі. Бардық инновациялық стратегиялар барлық бағалы заттардың жүйесі негізінде дайындалады, яғни әкімшіліктің және ішкі жаңашаландыру нормаларының әлеуметтік жауапкершілігіне қарай құрылады. Жоғарыда айтылған мәселелерге орай кәсіпорын ережеге сай төмендегідей стратегияның түрлерін таңдайды.

1.Басыңқы стратегия. Бұл стратегияның түрі кейде менменшіл деп те аталады, себебі кәсіпорын мұндай жағдайда нарықта алғашқылардың бірі болуға тырысады. Мұндай стартегияны жүзеге асыру үшін жоғары инновациялық жағдай, жоғары ғылыми – техниткалық әлеует, дәстүрден тыс шешім қабылдайтын әкімшілік, тәуекелге бел буу, нарықты тану және маркетингтік мекемелердің дамуын қарастыру қажет. Шабуыл жасау стратегиясы жоғары тәуекелдікке барумен, нарықта жаңа пайда болған өнімнің көшбасышысы болуға, жетістіктің шыңына жетуге тырысумен сипатталады. Мұндай алға тарту фирмада инновацияның жүзеге асып, өнім құрамында тезірек қолданылуына әкеледі. Тіпті ірі корпорациялар өз негізінде басыңқы стратегияны өнімнің кейбір түрлеріне ғана пайдалануы мүмкін. Басыңқы стратегия корпорация барлық өзінің күшіе мен ресурстарын маңызы жоғары өнім өндіруге жұмсаған уақытта ғана ақталады. Бірнеше өндірушілері бар нарықта нарық басшысы өте сезімтал болады, себебі оның орны бәсекелестің нарыққа одан да сапалы өнім енгізген күшімен теріске шығарулуы мүмкін. Бәсекелестердің мұндай әрекеті орташа басыңқы стратегияны немесе вице – басшы айқындамасын («екінші епті») жүргізуге негізделіп отыр. Бұл стратегияны көп тұтынылатын өнім өндіретін кәсіпорындар кеңінен қолданады. Тәртіптегі ескеушілік келесіде көрінеді: кәсіпорын басшы айқындамасын «бере отырып» бәсекелестермен ұшқыр дағдарыстан құтылады және басшының нарыққа жаңа тауар енгізгенде жіберген қателіктерін ескеріп, қайталамайды. Көпшілікке сату арқылы үлкен табысқа қол жеткізу осындай кәсіпорынның ұраны болып табылады. Бұл стратегия техникалық жағынан қалып қалғанның немесе оны таңдаған фирма тұрғысынан иноовацияларды енгізуді елемеудің нәтижесі болып табылмайды.

2.Қорғаныстық. Мұндай стратегия кезінде кәсіпорында басшылық назарына ілінбеген зерттеу жұмыстары мен құрулар жүзеге асырылады, олардың негізгі мақсаты – бәсекелестерден техникалық – технологиялық даму саласында қалып қалмау. Шағын тәуекелділіктің барын айқындайтын мұндай стратегия бәсекелестік орта жағдайында пайда таба алатын кәсіпорындармен қолданылады. Бұл өндіріс саласына және маркетингке ерекше көңіл бөлу арқылы мүмкін болып отыр. Олардың негізгі артықшылықтары өндірістің төменшығындары мен нарықтың белгілі бір сараланымында жетекшілік орынды ұстап тұру болып табылады. Мұндай кәсіпорындар көбінесе инновациялық өнімге негізделеді және оларды өзгерту үшін жеткілікті әлеуетке ие болады.

3.Еліктеушілік. Көп жағдайда стратегияның мұндай түрі жұтып алушы болып аталады. Жұтып алушы стратегиясы басқа фирмалармен алынған инновациялық шешімдерді (қорғалған патенттерді немесе ноу - хауды) сатып алуға негізделіп отыр. Кейде ірі корпорациялардың өздері ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін жеткілікті мүмкіншіліктерге ие болмайды. Сонымен қатар олар өздерінің зерттеулерін, игерулерін және лицензияларды сатып алудың арасында ресурстардың реттелген бөлінісін өткізуді ұсынады. Басқа жағынан, өзінің жаңашылдығына лицензияны сату басқыншылық стратегияның тиімді құралы болуы мүмкін. Бұл, әсіресе, басқа жағдайларда басқыншылық стратегиясын жүргізуге мүмкіншілік жоқ шағын инновациялық фирмаларға қатысты болады.

Лицензиялық келісімшарт арқылы бәсекелестің технологиясын сатып алуға балама ретінде оның мамандарын, не жетекші мамандарын, не барлық «жоба тобын» тарту болып табылады. Мұндай әрекеттің мүмкіншілігі бәсекелестің зерттеу жобасы бойына жұмыстарды одан ары жалғастырмауымен , немесе оған деген шығындардың қысқаруымен сипатталуы мүмкін. Бәсекелестердің саясатында мүмкін болатын өзгерістердің мәні тәжірбие мен икемділікті ең төмен бағаға сатып алуында болады. Өзінің дайындауларына қарағанда лицензияның бағасы төменірек, тұрақтылығы жағынан сенімдірек және өтімділігі тезірек болады. Бұл өте жетістігі мол стратегия болып табылады, алайда ұқсастығы жоқ және монополиялық жағдайда туғыза алатын өнімнің бейімделуі үшін қызметкерлердің жоғары мамандануы мен қаржылық мүмкіншіліктері қажет болып отыр.

4. Сегменттік.Б. Санто оны «оппортунистік» деп атаған. Осындай стратегия өнімді саралауға және шағын нарықта максималды мүмкін болатын үлесті ұстап тұру ұмтылысына негізделген. Бұл ұмтылыс жетекші корпорациялармен тікелей бәсекеге түспеу ниетімен байланысты, себебі стандартталған өнімді шығаруда алыптармен күрес алдын ала құлауға бағытталған. Сонымен қатар тұтынушының арнаулы қажеттіліктерін ескеруде оларды зерттеу мен қанағаттандыруға әрекет еткен фирма артықшылықтарға ие болады. Әдетте, өздерінің қымбат және сапасы жоғары өнімдерін олар стандартты өнім қанағаттандырмайтын тұтынушылар санатына арнайды. Мұндй жағдайда рөлдер ауысады – алыпты өлшем артықшылықтан кемшілікке айналады, ал артықшылыққа орташа және шағын фирмалар ие бола бастайды.

5. Дәстүрлі. Қазіргі уақытта дәстүрлі деп аталатын кәсіпорынның стратегиясы өте ауқымды қолданысқа ие болып отыр, оның басшылығы бар өнімнің жоғары сапасын танытудан басқа еш нәрсеге ұмтылмайды. Алайда, тауардың бәсекеге қабілеттігін оның сапасымен байланыстыру тек сатушы нарығында ғана мүмкін болып отыр. Бәсеке жағдайында мұндай кәсіпорын тез артта қалады, ал одан кейін банкродқа ұшырайды.

6.Тәуелді. Мұндай стратегия тұтынушылар немесе мемлекеттік органдар жаңа өнімді не технологияны күшпен өндірген кәсіпорындарда байқалады. Ол қосалқы мердігер жағдайында істейтін ұйымда кеңінен қолданылады. Мысалы, экспортқа жұмыс істейтін ірі кәсіпорын өзінің барлық жабдықтаушы кәсіпорындарына халықаралық мөлшерді қанағаттандыратын сапа менеджменті жүйесінің енгізілуін талап етеді.

7. Пионерлік стратегия. Бұл стратегияны басыңқы стратегияның ерекше түрі ретінде ерекше атап көрсетуге болады, ол нарықтың жаңа не ескі сегменттерін толық өзгертумен байланысты. Мұнда сөз тек қана тауар немесе қызметтерді жетілдіру туралы ғана емес, сонымен қатар өте тәуекелді (алайда жетістік мағынасында өте пайдалы) түбегейлі шешімдер табу туралы болып отыр[14].

Мұнда фирмалар күшінің негізгі көзі түбегейлі инновацияларды енгізуде басқалардың алдын алумен байланысты. Мұндай жағдайда фирма жаңа нарық құруға ұмтылып, барлық пайданы онда алғашқылардың бірі болғандығынан алуға тырысады. Таза күйінде пионерлік стратегияны байқау оның табиғатының қысқа мерзімділігіне байланысты өте қиын. Бірақ та дәл осы стратегияның түрі экономикада болып жатқан барлық ғылыми – техникалық қозғалыстардың бастамасында тұр. Осындай стратегия компанияны сатып алу стратегиясымен тікелей байланыста болып, бір компанияның (шағын) екінші компаниямен (ірі) сіңірілуімен немесе қосылумен сипатталады.

Бірінші жағдайда өзінің жоғары ғылыми – техникалық мүмкіндіктерін ірі фирмалардың қаржылық мұмкіндіктерімен қосуы қажет.

Ал екінші жағдайда, ол не нақты мамандануды қалыптастыру және нарықта өзінің тауашасын табуы керек, немесе кәсіпорын, басқару және өткізу желісін көлемді инвестициялау жолдарын тауып, ірі корпорацияға айналуы тиіс. Қазіргі экономика ғылыми – техникалық прогрестің барлық маңыздылығын ескере отырып, пионер фирмалардың (новаторлар) маркетинг, қаржы, коммерциялық әрекет, қызмет көрсету және экономикалық әрекеттің басқа салаларында кең таралған [15].

Стратегияны анықтау стратегиялық менеджменттің тек алғашқы кезеңі болып табылатынын ескеру керек. Кәсіпорынның инновациялық дамуының стратегиялық бөлігі 1 – суретте көрсетілген.

 

 

1сурет - Инновацияларды стратегиялық басқару

Ескерту - Шолу материалдары негізінде автор құрастырған

Тәжірибе жүзінде фирма кез келген стратегияны қолдана алады. Тәуекелдігі мен өтімділігі жоғары стратегия белгілі бір мамандануы, нарықтың жаңа мүмкіндіктерін көру және оларды өздерінің тауарларында жүзеге асыруды талап етеді. Шағын фирмалардың ірі ҒЗТҚЖ – ны жүзеге асыра алмауы осы фирмаларға басыңқы стратегияны жүзеге асыру үшін тек қана қарапайым ресурстардың жетіспейтіндігін анық көрсетеді. Алайда технологиялық салалардың көбінде шағын компаниялар бір жобаға ынтасын білдірген кезде, ірі фирмаларда өздерінің күштерін бірнеше жобаға бөлінуі мүмкін. Нарық басшысы басыңқы стратегияны ұстап тұруға міндетті, себебі оның айқындамасы ғылыми – техникалық инновация пайда болғанда құлдырауы мүмкін.

Қорғаныстық стратегия аз тәуекелді қарастырады және бәсекелестік жағдайында төменгі шығындар негізінде табыстың мөлшерін ұстап тұрады әрі пайда таба алатын фирмаларға жарамды. Мұндай стратегияны ҒЗТҚ – ға қарағанда маркетингте күші көбірек компанияға ұсынуға болады. Алайда, мұндай компанияға да бәсекелстердің инновацияларына тез жауап қайтару үшін жеткілікті ғылыми – технтикалық мүмкіндік қажет.

Лицензиялауды кейде жұтып алушылық стратегия деп те атайды. Ең ірі компаниялардың өздері де ҒЗТҚЖ – ның толық майданын құра алмайды. Лицензиялау, сондай – ақ ірі инновацияны ендіру қиынға соғатын шағын фирмалар үшін ұстап тұрушылық стратегиясы бола алады. Мамандарды тарту технологияны сатып алуға балама болып табылады [16].

Фирма ұстанатын стратегияға байланысты ресейлік ғалым Раменский ұйымның төрт түрін көрсетеді: виоленттер, патиенттер, эксплеренттер және коммунанттар.

1. Виоленттер –жалпы өндірісті жүзеге асыратын, қоғамдық нарыққа өзінің немесе сатып алынған өніммен , бәсекелестерінен өндіріс саны мен ауқымының нәтижесі арқылы алға шығатын ірі компаниялар.

2. Патиенттер – ерекше сипаттамасы бар жаңа немесе жаңғыртылған өнімді шығару арқылы қоғамдық нарықтың тар сегментіне бейімделетін компания.

3.Эксплеренттер – нарыққа жаңа (түбегейлі жаңашыл) өніммен шығатын және нарықтың бір үлесін жаулап алатын фирмалар.

4. Коммутанттар – жергілікті нарықтың сұраныс жағдайына бейімделетін, «виолент» және «патиенттермен» сегменттерді толтыратын, жаңа тауарлар және жаңа технологиялар пайда болғаннан кейін жаңа қызмет көрсету түрлерін игеретін, инновацияларды енгізетін және оларды тұтынушыларға жеткізетін компаниялар [17].

ҒЗТҚ –ның кез келген стратегиясын тиімді пайдалану саланың өмірлік циклдерімен тікелей байланысты болады (3 - кесте).

Кесте 3 - Стратегияны тиімді пайдалану мүмкіндігі

Саланың даму кезеңі ҒЗТҚЖ стратегиясын нұсқалары

Жаулап алушылық Қорғаныстық

Жаңа тауарлар мен технологиялар Өнімді жақсарту Технологияны жақсарту

Өсу Жоғары Төмен Төмен

Өсудің баяулауы Орташа Жоғары Орташа

Кемелдену Төмен Орташа Жоғары

Ескерту - Автор құрастырған

Тәжірибе жүзінде кәсіпорын инновациялық стратегияның белгілі бір түрін ешқашан ұстанбайды. Нарықта сыртқы жағдайлардың үнемі өзгеруі фирма басшылығын мақсатқа жету жолдарын, сондай – ақ стратегия түрін өзгертуге еріксіз итермелейді. Кәсіпорын үшін профильді экономика саласының тиімді дамуы және бәсекелестіктің төмен деңгейі кезіндегі басыңқы стратегияның маңызы зор. Нарық және бәсекелестік кеңейген кезде кәсіпорынның барлық күші өнімді жақсарту бойынша қорғаныстық стратегияға немесе лицензиялаушылық стратегияға бағытталуы тиіс. Саланың кемелдену кезеңінде (өсудің үлкен емес не құлдырау қарқынының немесе бәсекелестіктің жоғары деңгейі кезінде) кәсіпорын технологиялық инновацияларды қорғаныстық стратегияға немесе лицензиялаушылық стратегияға бағдарлауы тиіс.

 

Кесте 4 – Кәсіпорынның стратегиялық және инновациялық мақсаттарының өзара байланыстары

Стратегиялық мақсаттар Инновациялық мақсаттар

1 2

Нарықтық үлестің ұлғаюы жоғарғы сапалы өнімдердің шығарылуы

Тауар сапасының жоғарылау ғылыми — өндірістің қолдану потенциалдарының құндылығын арттыру

Бәсекелестермен салыстырғандағы төменірек шығындар сыртқы экономикалық қызметтің белсенділігі

Тауарлардың ассортиментін кеңейту және олардың ұнатымдылығын жоғарылату өндірісті экологиялық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету, шаруашылық қызметтің жағымсыз зардаптарын жою

Тұтынушылар алдындағы беделді нығайту Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру

Қызмет етудің деңгейін (сапасын) жоғарылату Табыстар көздерінің құрылымын жақсарту және тиімділеу

кесте 4 жалғасы

1 2

Инновациялар қолдануды кеңейту

Халықаралық нарықтардағы бәсекелес күресте өзінің тұрақты орындарын нығайту

Ескерту - Автор құрастырған

Кесте5 - Инновациялық стратегия мен менеджменттің өзара байланысы

Инновациялық стратегия

(идеология, мақсаттар, тұжырымдама, әлеуетті мүмкіндіктер)

Менеджмент

Стратегиялық:

- қаржыландырукөздері;

- капиталдың құрылымы;

- акционерлікменшікті ұлғайту әдістері;

- тәуекелдерді басқару. Шұғыл:

- инвестициялар;

- активтердің құрылымы;

- айналымды капиталды басқару;

- тәуекелдерді басқару.

Ескерту - Автор құрастырған


1.2 Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі инновациялық стратегияны әзірлеу мен реттеудің шетелдік тәжірибесі

Өткен ғасырдың басындағы кәсіпорынды басқару бойынша туындаған ойлар «тейлоризм» мектебінің идеяларымен сайкес келіп отырды. Сол уақытта басқару жүйесі негізінен инженерлік ғылымдардың ойларын төменгі өндірістік буындағы басқаруға алып өтуден тұратын. Бірақ тезарада басқару әлеміндегі ойшылдар «тейлоризмнің» шектеулілігін жете түсінді. Батыс басқарушылық пікірдің дамуындағы ірі қадамды енді классикалық, ең алдымен, «формалық» ұйымдастыру құрылымдар мен жүйелер құруға бағытталған нұсқауда «әкімгершілік ғылымның» бірінші өзіндік нәтижесі ретінде мойындауға болады. Американдықтар бұл французды менеджменттің әкесі деп атайтыны кездейсоқ емес [18].

1940-1960 жылдары бұл бағыт әлеуметтік жүйелер ретінде ұйымдар теориясының дамуымен жалғастырылды, бірақ өзінің сипаты бойынша бұл басқаруда – адамның тәртібі туралы ғылымдар – психология мен социологияның жетістіктерін пайдалану еді.

Басқарушылық сана-сезімдегі жаңа алға ұмтылу – 1950-1960 жылдардағы шешімдерді негіздеудің қазіргі заманғы сандық әдістерінің дамуын - басқаруда математика мен компьютерлер қолданудың тікелей нәтижесі болды. Атап айтқанда, «сандық мектеп» әлемдік басқарушылық сана-сезімде уақыттың өтуі бойынша «басқару ғылымды» жақтаушылардың ақылға жеңдірушілігімен және адамшылық қатынастар, ұйымдар мен қоғамда үйлесімділікті тәртіпке келтірудің ойшылдары ережелердің арасындағы шиеленісті жоюға жағдайлар тудыратын басқарушылыққа – күрделі құбылыстарды үйлестіретін, жинақтайтын ғылымның салаларын – жүйелер теориясының ережелерін және кибернетиканы жұмылдыруды ынталандырады [19].

70 жылдардың аяғында кәсіпорын өзінің көп түрлі сыртқы мен ішкі ортасына икемделетін ашық жүйе және кәсіпорынның ішінде болып жатқанның басты себептерін оның сыртынан іздеу керек деген анық тұжырымдалған пікір барлық басқарушылық сана-сезім үшін ерекше болды. 1970-1980 жылдары басқарушылық ортасының үлгілері мен түрлі нысандары арасындағы өзара байланыстардың қарқынды дамуы байқалды.

90-шы жылдары басқару теориясы бойынша өзіндік ерекшеліктері бар үш беталыс көрінеді. Олардың біріншісі қазіргі өндіріс пен қызмет көрсетудің материалдық, технологиялық негізінің маңызын жете түсінумен байланысты. Бұл тек басқаруда компьютерлер қолданумен емес, жалпы алғанда, ұйымның мақсаттарына жетуге техникалық ілгерішілдіктің ықпалы күшеюімен, бәсекелестікте жеңу үшін өнімділік пен сананың ролін арттырумен пайда болады. Басқарушылық сана-сезім қайтадан, онда жаңа, тереңірек және дұрыс негізде «технократизмнің» біраз күшею кезеңіне кіреді [20].

Дамыған елдердің интенсивті инновациялық қызметі экономикасының дамуына тәуелді болып келеді. Қазақстанның экономикасының технологиясы көбінесе импортты техника мен технологияға тәуелді болып барады. Қазақстан Республикасының инновациялық қызметін дамыту үшін елдің экономикалық қызығушылығындағы отандық кәсіпорындар базасында инновациялық өндірісті дамыту және жақсартуға бағытталған инновациялық климат жасалуы қажет. Елдің инновациялық дамуына мемлекет араласпаса, күтіліп тұрған нәтижелерге әкелмейді, сол себепті инновациялық және инвестициялық саясаттың іске асырылуы жеке зерттелуі мемлекеттік бақылаудың немесе реттеудің объектісі болып қалуы керек. Мемлекеттің инновациялық саясаты форма, тәсіл және бағыттардың жиынтығын, жаңа технология мен өнім түрлерін шығару мақсатындағы өндіріске мемлекеттің әсер етуі, сонымен қоса осы негізде отандық тауарларды өткізетін нарықты кеңейтуді көрсетеді. Мемлекеттік бөлінген қаржылар мен субсидиялар мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларға, шын мәнінде инновациялық бағыттар немесе көп бағытты инновацияны қамтамасыз ету үшін беріледі. Ғылыми және техникалық зерттеулерге жағдай жасау олардың нәтижесін қолдану бағытындағы еркін және тұтас ғылыми саясаттың жүзеге асу идеясы ең алғаш рет АҚШ-та бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін құрылған. Ал Еуропалық елдерде бұл процесс 10–15 жылдан кейін пайда болды. Бұрын біріктіруші экономикалық саясат ретінде шыққан ғылыми- техникалық саясат дәл осы уақытта ұлттық саясаттың еркін бағытына айналды. Қазір әр түрлі деңгейдегі инновацияны басқарудың корпорацияны бөлшектеуден мемлекеттікке дейінгі, яғни арнайы экономикалық саясатты іске асыру үшін шақырылған көп формасы бар. Барлық саясат секілді ол әр түрлі елдерде бірдей емес, бірақ та олар сол бір арнайы бағытқа яғни инновациялық белсенділікке ынталандыру және ғылыми техникалық потенциалды дамытуға бағынышты. Ғылымдағы лидерлікке бағытталған пайдаланушы елдердегі модельдің мәні – ғылыми өндірістік циклдің барлық кезеңдерін қамтитын (АҚШ пен Ұлыбритания) кең масштабты мақсатты жобаларды жүзеге асыру. Ол келесіден тұрады: бюджет есебінен алынған ҒЗТКЖ-дың барлық нәтижелері, кез келген отандық өндірушілерге тегін немесе белгіленген бағамен беріледі. Бұл саясат жаңаны енгізудің басты импульсі – техника мен ғылым деңгейінен шығады, олардың дамуы үшін ең алдымен мемлекет жауап береді. Олар негізінен атом энергиясы, қару-жарақ, космос салаларындағы жаңа енгізулер болатын. Бұл түрдегі инновация стратегиялары «лидерлік» немесе «өсіру» стратегиясы деп аталады. Инновация негізінен өзінің фундаментіне, зерттеулеріне байланысты пайда болады, ол әсіресе тәжірибе көрсетіп отырғандай техникасы жоғары елдерде қалыптасып отыр (соңғы жылдары бұл стратегияны Жапония қолдап отыр). «Иммитациялық модель» немесе «шеттен алу» моделі Жапония, Оңтүстік Кореяда қолданылады, олар лидер елдерінде құрылған инновацияны шеттен алуға негізделеді. Бұл стратегия бастапқы инновация кезеңін өткізуге және осы бұрыннан белгілі өнімдердің жетілуіне көмектеседі. Инновациялық дамудың келесі түрі «тасымалдау» стратегиясы болып табылады және ол кейбір елдерде: Оңтүстік Шығыс, Азия және Қытайда қолданылады. Бұл стратегия ғылыми- техникалық қайта жұмыстарды қажет етпейтіндіктен өте қарапайым болып табылады. Инновацияны сатып алушы ел бұрыннан белгілі өнімді өз елінде ешқандай өзгеріссіз және жетілдірусіз шығарады. Мысалы, инновация стратегиясын қабылдау уақытында жетістіктерге жеткен ел – Жапония болып табылады. Жапонияның технологиялық саясаты экономикалық өсудің негізі болып табылады. Соңғы 30 жылда Жапония 10 млрд. долларды шетел технологиясын сатып алуға жұмсады. Жалпы лицензияның саны 52 мыңға жуықталды, және соның жартысы АҚШ-тан сатып алынған. Ғылыми техникалық білімнің белсенді импорты Жапония үшін өндірістік дамыған елдермен технологиялық жарылысты елеулі азайтты. Бұл жерде маңызды рольді мемлекет атқарады, мемлекет қана капитал қысымын, технологиялық білімнің ірі кәсіпорындар мен кіші фирмаларға таралуын қамтамасыз етеді. Мемлекет бұл секторды мақсатты инвестиция, жеңілдік несие, салық және амортизация нормасы көмегімен қолдайды. Инновациялық қызметті қолдаудың дәстүрлі тәсілдерінен бөлек Жапонияның мемлекеттік органдары арнайы әдістерді кең қолданады: 1) жеке банктер арқылы ұсынылған қаржылық қаражаттың мақсатты бөлінуі, және олардың басым салаларға бағытталуы; 2) озық технологияны жасап шығарудағы кәсіпорындармен бірлесіп жұмыс жасау; 3) шетелдік елдермен ғылыми-техникалық айырбасты бақылау. Біздің ойымызша, мемлекеттік инновациялық саясаттың Жапониялық иммитациялық моделінің артық жерін Қазақстан үшін пайдалануға, ұсынуға болады. Қаншалықты жоғарғы деңгейдегі, фундаментальды зерттеулеріне қарамастан, Қазақстан әлі де ішкі ғылыми техниканы игерген жоқ, және жаңа жоба үшін қаржы инвестицияларының қайнар көздері жоқ. Бұл стратегия қаржы қаражаттарын инновациялық процестің кейбір кезеңінен «секіріп өту» есебінен үнемдеуге мүмкіндік береді. Жапония фирмалары патент пен лицензияны өзгеріссіз күйде сирек қолданатынын атап өткен жөн. Сатып алынған 90 %-ға жуық технологиялар қайта жасалған және жақсартылған. Сондықтан, иммитациялық стратегия, өзіміздің инновациялық мүмкіндіксіз көп бере қоймайды. Әлемдік тәжірибе ресурстарды ғылымға салудың екі негізгі сызбасын ұсынады: білімді өндіру, бюджетпен қаржыландырылған және алынған нәтижелерді кең тұтынушылар тобына тегін ұсынатын ірі лабораторияларды ұйымдастыру жолымен мемлекеттің тікелей қатысуы. Көбіне мұндай лабораториялар денсаулық сақтау, қорғаныс, энергетика мен ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады. Бірінші жағдайда мемлекет өз мойнына 20 %-дан 50 %-ға дейінгі ғылыми шығындарды алады. Бюджет есебінен университеттегі түбегейлі ғылым, мемлекеттік лабораторияда қорғаныс сипатындағы зерттеулер толығымен қаржыландырылады және келісім-шарт бойынша ҒЗТКЖ- дың жеке салаларында мынаны құрайды: АҚШ – 34 %, Франция – 22 %, Ұлыбритания- 16,5 %, Жапония - 1,2 % (Жапония экономикасы қорғаныс құрамдасының төменгі үлесімен ерекшеленеді). Зерттейтін жобаға грант ретінде өтеусіз субсидияны ұсыну – түбегейлі ғылымды қаржыландырудың тиімді формасы болып табылады. Көптеген елдерде өтеусіз субсидияны шағын инновациялық бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша шағын инновациялық фирмалар алады. Тікелей мемлекеттік қолдаудың келесі түрі инновациялық процесті құқықтық реттеу болып табылады. Ғылыми жұмысшылармен инновациялардың құқығын, ғылыми және инновациялық қызыметтің статусын заңмен бекіту қажет [21]. Инновациялық қызмет субъектілердің құқығын қорғау, жеке меншік сұрағы бойынша заң актілері блогының бар болуын ұйғарады. Инновацияны таратудың орталық жүйесі, кеңес беретін орталықтар, ғылыми-техникалық парктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық қызмет субъектілеріне көмек көрсететін әртүрлі инновациялық қорлардың инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру арқылы, мемлекет инновациялық процестің дамуына қолдау көрсетеді. Сонымен, мемлекет тікелей және жанама инновациялық қызметті қолдау әдістері арқылы, инновациялық процесті жүзеге асырудың жағымды жалпы шаруашылық және әлеуметтік-саяси климатын құрады. Сонымен қоса, инновациялық процеске тікелей әсер етуден басқа, әлемдік тәжірибе көптеген жанама араласуларды жасап шығарды, олар салықтық, несиелік, кедендік және амортизациялық саясатты мемлекеттік реттеу жүйесі арқылы жүзеге асырады. Мемлекеттің инновациялық саясатының жанама әдістері инновациялық процестің өздерін ынталандыруға бағытталған. Жанама инновациялық саясаттың кең таралған әдісі салықтық және амортизациялық заңдылықтың либерациясы болып табылады. Дамыған елдерде инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің мынадай жанама әдістері кең қолданылады: яғни, салық жеңілдіктері, жеңілдікпен несиелеу, жеделдетілген амортизация мен инновациялық жеңілдіктер. Атап өткен жөн, барлық мемлекеттік қолдау түрі тек қана инновациялық процеске бағытталып қана қоймай, инновациялық белсенділікті көтеруі керек. Мемлекеттік қолдаудың басты түрі – салықтық ынталандыру, ол жақында ғана пайдаланылуда. Қолдаудың бұл түрі көптеген дамушы елдермен кең қолданылды, ол мынадай артықшылыққа ие: - жеке сектордың автономдылығы және оның зерттеу жұмысын таңдауға бағытталған экономикалық жауапкершілігін сақтайды; - биліктің барлық деңгейінде аз бюрократиялық жұмысты талап етеді. Салық жеңілдігінің екі негізгі түрі көлемдік және өсімдік болып табылады. Жеңілдік көлемді қағидасының қызмет етуі шығынның пропорционалды мөлшеріне жеңілдік береді. Осы жағдайда заңмен қабылданған жеңілдік пен өсімдік жеңілдік базалық деңгеймен салыстырғанда зерттеу жұмыстарына шығынның көбеюі бойынша анықталады. Қай әдіс тиімдірек екендігі туралы бірдей тұжырым жасау қиынырақ. Әрбір мемлекет өзінің ерекшелігі мен мүмкіндігін ескере отырып, ғылым мен ғылыми зерттеулер саласында өте қолайлы саясатты қолданады. Әр түрлі елдердің тәжірибесі көрсеткендей, біздің ел үшін бюджеттік субсидия мен салық жеңілдіктерінің оңтайлы үйлесуі, байланысуы өте тиімді болып табылады. Экономикадағы өзгерістер жаңа сапалы жағдайдағы инновациялық қызметтің активизациялық маңыздылығын жоғарылатты, өндірістің ғылыми көлемді дамуының тездетілуі, экономиканы қайта ұйымдастыруға мүмкіндік беру, елдің инновациялық потенциалын қалыптастыру проблемасы, экономиканың өсуі үшін қажетті фактордың болуын қамтамасыз ету жағдайы болуы керек. Инвестициялық және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдаудың келесі түрі – амортизациялық саясат. Амортизация мөлшерін көтеру мен аударымдар сапасының көбеюі, кәсіпорынның қаржылық мүмкіндігі, сонымен қоса, техникалық база мен инновацияның жаңаруына инновациялық бейімділікті кеңейтеді. Шетел тәжірибесінде жеделдетілген амортизация әдісі кең қолданылады. Мәні бойынша, бұл әдіс негізгі капиталын жаңарту үшін салым салатын кәсіпорын алатын салықтық жеңілдік ретінде көрінеді. Жеделдетілген амортизация артықшылығы салық салатын пайданы азайту болып табылады. Сол себепті өндірістік аппаратты және жаңа технологияны енгізуді жаңарту үшін амортизациялық қорға қаражат тез жинақталады. Инновациялық кәсіпкерлікте маңызды орынды шағын кәсіпкерлік алады. Шағын бизнес – нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі, онсыз балансталған динамикалық дамушы халықшаруашылық кешені болуы мүмкін емес. Шағын бизнес жүйесінде басты рөлді инновациялық процесс алады. АҚШ-тың алюминий өнеркәсібінде 149 шынайы жаңалықтардың 1/7 бөлігі ғана ірі корпорация лабораториясында шығарылған. Шамамен жаңартулардың 40 % дамыған елдерде шағын және орта фирмалар шығарған. Шағын инновациялық бизнес жоғары тәуекелге ие, сондықтан оны тәуекелдік немесе венчурлық деп атайды. Сонымен бірге, қаржылық табыс жағдайында шағын компаниялар ірі компанияға айналуы мүмкін. Шетел тәжірибесі, шағын инновациялық бизнестің рөлі үлкен екенін көрсетеді. Ірі фирмалар ішкі және сыртқы орта әсеріне өте икемді, сонымен қоса қиын басқару пирамидасына ие. Мұның бәрі инновациялық циклды қиындата және ақырындата түседі, ал бұл болса инновациялық идеаның ескіруіне алып келеді; - қиын ұйымдастыру құрылымы жоқ болғандықтан, олар нарықтық ортаның өзгеруіне икемді әсер етеді. Сонымен қоса, шағын бизнес сыртқы орта өзгерісіне жоғарғы тәуелділігімен ерекшеленеді және оған жоғарғы тәуекелдік тән; - шағын инновациялық кәсіпорындар, ірілерге қарағанда ҒЗТКЖ-ға көп қаражат салады. Шағын бизнестің осындай ерекшеліктері олардың қызметін қолдау маңыздылығын, нарық коньюктурасының жағымсыз факторларынан қорғау керек екендігін көрсетеді. Қазіргі күні елімізде дамыған елдердегі секілді, шағын инновациялық бизнесті қолдаудың кешенді механизмі жүргізілуде. АҚШ, Жапония, Англия, Германияда және т.б. дамыған мемлекеттердегі секілді, шағын инновациялық фирманың қызметіне көпжақты жәрдемдесу жоқ. АҚШ-тың осындай формасын қолдау қызметі 1953 жылдан бастап шағын бизнесті арнайы әкімшілендіру арқылы жүзеге асырылады. 1978 жылдан бастап ол инновация облысындағы федеративті саясат оның шегінде ғылымның Ұлттық қоры жеке зерттеулері үшін «Ұлттық тұтынудағы шағын бизнес» деген бағдарламаны қаржыландырған. Германияда екі мемлекеттік орган қызмет етеді: зерттеу және технология Министрлігі, шағын, орта фирмалардың инновациялық қызметке жәрдемдесуімен айналысатын Экономика министрлігі. Ал Канадада шағын инновациялық бизнесті ғылым мен технология Министірлігі, өнеркәсіп пен сауда Министрлігі және зерттеу бойынша Ұлттық кеңес қолдайды. Инновациялық қызмет дамуы, инновациялық процесті реттеу, инновация саясат моделінің шетелдік тәжірибесіне талдау келесі қорытындыларда көрсетілген. Қорыта келіп, дүниежүзілік тәжірибе ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың экономикалық құрал-жабдығының үлкен спектрін ұсынады, оның көмегімен макро және микродеңгейде инновациялық процесті реттеуге болады. Бұларды толық мөлшерде пайдалану тіпті бай елдер өздеріне рұқсат ете алмайтын үлкен қаржы қаражатын талап етеді [22].

2003-2015 жылдарға Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму cтратегиясын іске асыруда маңызды орын инвестициялық қорға беріледі [23, 375 б].

Инвестициялық Қордың қызметі инвестициялық саясаттың мақсаттары, міндеттері, бағыттары оның мемлекеттік органдар және басқа ұйымдармен өзара әрекеттестіктерінің ерекшеліктерін белгілейтін «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» заңымен реттеледі. Қазақстан инвестициялық қоры Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз құрылтайшысы болатын акционерлік қоғам түріндегі коммерциялық ұйым болып табылады. Қордың құрылуы мен қызметі «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» заңымен ескертілген, акционерлік қоғамдар ерекшеліктерінің есебімен Қазақстан Заңнамасымен алдын ала қарасытырылған тәртіппен жүргізіледі. Қор қызметінің мақсаты экономиканың шикізатсыз секторындағы жеке сектордың бастамаларына қаржылық қолдау көрсету, келешегі бар ұйымдардың жобаларына инвестициялар салу мен тарту арқылы Қазақстанның индустриалды-инновациялық саясатына көмектесу және жүзеге асыру болып табылады [24].

Қор қызметінің негізгі бағыттары өтімді және тиімді инвестициялық жобалар жүргізетін келешегі бар ұйымдарға инвестициялар салу мен тарту болып табылады. Қорды инвестициялау қордың инвестициялық деклорациясымен сәйкес жүргізіледі. Қор төмендегі шарттар сақталған кезде инвестициялауды жүргізеді:

инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының индустриалдық- инновациялық саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келуі;

инвестициялық жоба экономикалық және қаржы өлшемдері бойынша тартымды болуы;

инвестициялық жоба жоғары технологиядағы өнім шығару, шикізат пен материалдар өңдеуді тереңдету, өнім мен қызметтер өндірісінің көлемін арттыру мен жоғарғы сападағы ұйымдардың технологиялық күш-қуатын арттыруға бағытталуы.

Бұрынғыдай, инвестициялық қызметті қаржыландыру мәселесі маңызды болып қала береді. «Республикалық инновациялық қор» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті дамыту, ғылымсыйымды өндірістер құрудағы көмектесу мен инновациялық жұмыстарды қайтарымды қаржыландыру тетігін жүзеге асыру мақсатында құрылған. Оның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі 100%-ды құрайды. Инновациялық қордың құрылуы венчурлі қаржыландыруды ынталандыру, инновациялар енгізудің тиімді нарықтық тетіктер болмаудың жүйелі мәселесін шешуі тиіс.

Инновациялық қордың міндеттері болатындар:

- отандық және шетелдік инвесторлармен бірге венчурлі қорлар құру;

- гранттар беру жолымен экономиканың коммерциялық әсері мен технологиялық даму қозқарасынан алдағы уақытта ұтымды болатын жаңа технологиялар, тауарлар, қызметтер жасау үшін бағытталатын қолданбалы ғылыми зерттеу және сынау-құрастыру, жұмыстарын қаржыландыру;

-инновацияланатын кәсіпорындардың жарғылық капиталында үлесті бақылаусыз қатысу жолымен инновациялар енгізуді қаржыландыру;

-ұлттық инновациялық инфрақұрылымның (технополистердің, технобақтардың, бизнес-инкубаторлардың, инновациялық орталықтардың) элементтерін құруда қатысу;

- ғылыми-техникалық өнімнің нарығын қалыптастыруға қатысу;

- «инвестициялық технологияларды көшіру, шеттен алу мен нығайту», оларды коммерциялау және енгізу салаларында халықаралық ынтымақтастықты дамыту [25].

Инновациялар енгізу кәсіпорында өздерінің меншікті қаржыларының жоқтығы және несие алу үшін жоғары пайыздық мөлшерлемелерімен тоқтатылады. Талдау, отандық кәсіпорындардың қысқарылып жатқан инновациялық қызметінің жағдайында шетелдік кәсіпорындармен қазақстандық зерттемелерді қаржыландыру үнемі өскенін көрсетеді.

Инновациялық қызметпен айналысатын шетелдік кәсіпорындардың көпшілігінің стратегиясы, олардың пайдасының 30-40%-ы жаңа технологиялар енгізу есебінен алынған тауарлар мен қызметтер сатудан болғанынан тұрады.

Орташа алғанда, бүгін нарыққа ұсынылған 1500-ден астам жобалардың тек қана 1 жоба соңғы өнім түрінде жүзеге асырылады. Мұндай жағдай АҚШ-та да, Жапонияда да, Еуропада да байқалады. Шетелдік зерттеулерде ғылымға елдің ЖІӨ-нің 1%-нан кем болмайтын шығыстар бүкіл ұлттық экономикаға зиян келтіретіндігі аталып өтеді. АҚШ, Германия мен Жапонияда ғылымға жұмсалатын шығыстар 2,5% дан 3%-ға дейін көлемді құрайды. Қазақстандағы бұл көрсеткіш соңғы жылдар бойы 2%-дың деңгейінде тоқтап тұр.

Қазақстанда бүгін алдағы уақыттағы дамудың стратегиясын таңдау үшін негіз ретінде өзінің ғылыми-технологиялық әлеует, халықаралық кооперация, тиісті өз-өзін бағалаудың даму және іске асырудың жаңа мүмкіндіктері ашылатындығын атап өту қажет.

Нарықтық қайта құрулар жолы бойынша ең дамыған елдердің ғылыми әлеуетіндегі құрылымдық өзгерістерді талдау бұл өзгерістер екі бағытта:

академиялық ғылымның жоғарғы оқу орындарымен жақындасуын;

салалық институттар – кәсіпорындар және қаржы-өндірістік топтармен жақындасқанын дәлелдейді [26].

Нарық жағдайында ғылым ұлттық инновациялық жүйенің орталығы болады. Әлемдік тәжірибе бұл жүйенің басты әлементі адам ресурсы екенін куәландырады. Білімдердің екі түрін көрсету келісілген. Кодталған білім жазылып және символдар, формулалар, ақпараттық мәтіндер арқылы берілуі мүмкін. Батыста білімдердің екінші түрі жүзеге асқан: жеке білімдердің жиынтығы, дағдылар, қабілеттер, мінездің инновациялық белгілері және т.б. білімдер деп айтады. Сонымен ең тиімді инновациялық қаржы салымдар, адамға салынған қаржылар болып саналады.

Кез келген инновация өндіріс технологиясын жетілдіру мен өндірісті басқаруға бағытталады, сондықтан тікелей технологияға: «технология – бұл материалдар, ақпарат немесе адамдардағы ықыласты өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажетті білікті дағдылар, жабдықтар, инфрақұрылымдар, құралдар мен тиісті техникалық білімдердің жиынтығы» деген анықтама беру қажет [27, 94б].


2 «КАЗЦИНК» ЖШС КӘСІПОРЫНЫНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

2.1 «Казцинк» ЖШС кәсіпорынның жалпылама сипаттамалары

Казцинк – бағалы металдар және қорғасын сияқты ілеспе металл түрлерін көптеп қоса өндіретін интеграцияланған ірі мырыш, мыс өндіруші. Компанияның негізгі кәсіпорындары Қазақстан Республикасының аумағында, негізінен Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Компания 1997 жылы Шығыс Қазақстанның Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты және Зырян қорғасын комбинаты сияқты ірі-ірі үш түсті металлургия алыбының активтерін біріктіру арқылы құрылды. Барлық үш компанияның негізгі меншік иесі Қазақстан Республикасының үкіметі болды Содан бастап Казцинк акцияларының бақылау пакеті жеке секторға сатылды да Гленкор Интернэшнл компанияның бас инвесторы болды.

Казцинк өзі құрылғаннан бергі жылдар ішінде өндірістік қуаттар мен өнім өндіруді барлық бағыттар бойынша едәуір арттырды. Компания өндіріс шығындарын мейлінше азайта отырып, әлемдік мырыш саласындағы озат кәсіпорындар бестігіне кіруді мақсат тұта даму үстінде.

Компания сапа, қоршаған орта, денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджментінің интеграцияланған жүйесін құрып, сертификаттады.

Казцинк алғашқы сапа менеджменті жүйесіне халықаралық DIN EN ISO 9001 стандартына сәйкестік сертификатын 2004 ж. алды. 2006 жылы DIN EN ISO 14001 және BS OHSAS 18001 сәйкес экология менеджменті жүйесі және өнеркәсіптік қауіпсіздік менеджменті жүйесі сертификатталды. Қазіргі кезде компанияда халықаралық ISO 50001стандарты бойынша энергия менеджменті жүйесі құрылған. Жүйе тиімді қолданылуда және ауық-ауық растау сертификатынан өткізіліп тұрады.

«Казцинк»ЖШС негізгі миссиясы: Жұртшылыққа, қоршаған ортаға және адамдар денсаулығына тәуекелді барынша азайта отырып, ілгерілей даму және табиғи ресурстар мен қуат көздерін ыждағаттықпен пайдалану арқылы меншік иелеріне, қызметкерлерге, әріптестер бен қоғамға орнықты құндылық жасау.

Негізгі стратегиялары :

Адамға және қоршаған ортаға әсерді азайту: ең озық тәжірибелерді енгізуді жалғастыру және оларды жаңа технологиялардың дамуына қарай адамға зиянды әсерді төмендету және өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту, сондай-ақ жазатайым оқиғалармен кәсіби сырқаттардың асқыну ықтималдығын болдырмау мақсатында қолдану.

Пайдалылықты арттыру: кен орындары мен өндірістердегі өнімділік пен энергия тиімділігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін жаңа технологияларды, әдістерді енгізу арқылы өндірістік және басқару үдерістерін тұрақты түрде жетілдіріп отыру.

Өндіру ұзақтығын ұлғайту: жұмыс істеп тұрған кен орындары мен жаңа алаңшалар шектеріндегі геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі мақсатты іс-шаралар негізінде геологиялық ресурстар мен резервтер өсімін қамтамасыз ету.

Өзіндік капиталды молайту: жаңа активтерді біріктіру және игеру арқылы компанияны жергілікті және өңірлік ауқымда кеңейту. Жаңа активтер сатып алған кезде капиталдандыруды ең жоғарғы шекке жеткізуге бағытталған басты мақсатты көрсеткіштерді – сапаны, көлемді, бейімділікті және адал бағалауды негізге алу.

Қабылдаған міндеттемелерді әрқашан орындау: қоршаған ортаны қорғау мен еңбек қауіпсіздігіне назар аудара отырып, топтың барлық кәсіпорындарында, қатысымыз бар барлық өңірлерде корпоративтік және әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарына сай болу.

«Казцинк» ЖШС негізгі құндылықтарына келетін болсақ :

Адамдар. Ең үлкен құндылығы – Адамдар. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына деген қамқорлық, олардың жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты артықшылық.

Бірлік. Казцинк – пікірлестердің үлкен командасы! Бұл жерде бір-біріне деген сыйластық, сенім, бір-бірін тыңдай және түсіне алатындығы, әріптестер мұң-мұқтажына немқұрайлы қарамау және оларға шын пейілмен көмектесу ерекшелейді. Өз білгендерімен бөліседі, бір-бірінің жұмыстағы қауіпсіздігі үшін жауапты болады, бір-біріне еңбекте жоғары табысқа жетуге көмектеседі, сәттілік қуанышын да, сәтсіздік ренішін де бірге бөліседі .

Даму. Қол жеткенге толық мойынсымайды, кез келген жағдайға сыни көзбен қарайды және өз кемшіліктерін жоюға тырысады, компания беріп отырған барлық кәсіби және жеке кемелдену мүмкіндіктерін пайдаланады. Бар дарыны бен білімі және іскерлігі бір мақсатқа – компанияны ұдайы дамытуға, қызметкерлерінің, олардың отбасыларының және меншік иелерінің жоғары табыс табуын қамтамасыз етуге арналады.

Тиімділік. Артықшылықтар арасында жоғары сапаға, көзқарастардағы жүйелілікке және барлықүдерістерді жетілдіруге деген бағдар маңызды орын алады. Бұл жере үшін догма деген жоқ, бәрі де күмәнданып және қол жеткенге тоқмейілсімей, жақсарту мүмкіндіктерін іздеу.

Тұрақтылық. Компания өндіріс тұрақтылығын қамтамасыз етуге және басты көрсеткіштерге қол жеткізудегі тиімділікті сақтауға тырысады, кез келген әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіне қабылдаған міндет-темелерді орындауға кепілдік береді. Компанияның еңбек нарығындағы тұрақты ахуалы қызметкерлерге, меншік иелеріне, әріптестерге, мемлекет пен қоғамға ертеңгі күнге деген сенімділік береді.

Әділеттілік. Барлық үдерістер мен шешімдер объективтілігі мен ашықтығына, заңнаманы толық сақтауға тырысады. Өз қызметкерлерімен, жеткізушілермен, клиенттермен,мемлекетпен және жалпы қоғаммен қарым-қатынастағы ашықтықты құрметтеді. Кәсіпорын адамды мәртебесі үшін емес, оның еңбегінің нәтижелері, әріптестеріне деген көзқарасы, іскерлік қасиеттері және парасаттылығы үшін құрметтейді.

Сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіздік. Компания сыбайлас жемқорлыққа және оныңпара беру және алу, лауазымды тұлғаны параға сатып алу, жеке басының пайдасы үшін лауазымдықөкілеттігін пайдалану сияқты кез келген түрлеріне және сыбайлас жемқорлық белгілері бар басқа да әрекеттерге төзбейді.

Сонымен қоса «Казцинк» ЖШС ISO 9001, ISO 14001,ОНSАS 18001 және ISO 50001 стандарттары талаптарына сәйкес келетін интеграцияланған сапа менеджменті, қоршаған орта, денсаулыққорғау және еңбек қауіпсіздігін,энергия менеджментін қамтамасыз ету жүйесін құрып сертификаттады. Өнеркәсіп менеджмент жүйесін үнемі жетілдірудмен айналысады.

Компанияда 500 жуық түрлі мамандықтарды құрайтын 20 мыңнан астам адам еңбек етуде. Қызметкерлердің төрртен бір бөлігі жоғары білімді мамандар. «Казцинк» ЖШС қызметкерлерді іріктеу саясаты жергілікті тұрғындар есебінен еңбекке тартуда тең дәрежеде, ашық түрде жұмысқа қабылдау қағидаттарына негізделген. Казцинк әр қызметкердің оқуға, мансабының өсуіне және жеке әзірлемелері мен шығармашылық жобаларын іске асыруына мүмкіндік береді.

Қызметкерлердің қажетті біліктілік деңгейін қамтамасыз ету үшін Казцинк үнемі жұмысшыларды оқытуды, олардың кәсіби дайындауды, қайта даярлауды және біліктіліктерін арттыруды ұйымдастырып, курстар жүргізеді. Жыл сайын 10 мыңнан астам қызметкер оқытылады, ал компания оған $2 млн-нан астам қаржы жұмсайды. Оқыту бағдарламалары жұмысшы қызметкерлерге, әр деңгейдегі барлық басшыларға түсінікті және бағдарламада экологиялық қауіпсіздікке, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігіне арналған тараулар бар.

Әр жұмысшының бір немесе бірнеше мамандық алуына болады, өзінің біліктілігін арттыруына мүмкіндік берілген. Компанияда мамандар мен менеджерлерді кемелдеу үшін создан мынандай негізгі қызмет бағыттары бойынша 9 кафедраны қамтитын Корпоративтік университет құрылып, жұмыс істейді: кен ісі және геология, энергетика, байыту өндірісі, металлургия, автоматтандыру және ақпараттық технологиялар, қызметкерлер қауіпсіздігі, экология, негізгі қорларға күтім көрсету, экономика және басқару.

Казцинк өз менеджерлерінің деңгейін көтеру саласында Қазақстан мен Ресейдің жетекші университеттерімен ынтымақтастық орнатқан. МВА курсы бойынша оқыту бағдарламасы қолданыста, ол бойынша Казцинк менеджерлері іскер әкімшілендіру магистрі дәрежесін алады.

Nazarbayev Universityмен бірлескен жұмыс та нәтижелі жүргізілуде. Компанияның бас мамандары салалық бағыттар бойынша университеттің консультациялық комиссияларының қатысушылары болып табылады.

«Казцинкте» өндірістегі жарақаттанулардың алдын алу және болдырмаудың кешенді жүйесі жасалып, өндіріске енгізілген, оған барлық жұмыскерлер түгелдей дерлік тартылған.

2013 жылы ауқымды әрі көпкезеңді «Қауіпсіз еңбек» жобасы қолға алынды. Ол бұрын қолданыста болған «Қызметкерлер қауіпсіздігі» жобасының жалғасы болып табылады және 2-3 жыл ішінде енгізілуге есептелген.

«Қауіпсіз еңбек» жобасының идеологиясы жұмыстарды қауіпсіз орындаудың басымдылығы, еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне деген психологиясына қарамастан және өзгертпестен өз қызметкерлерімізді де, мердігер қызметкерлерін де түгелдей қамту қағидаттарына құрылған. Жобаға негіз етіліп әлемдегі ең үздік жүйелерін құруға қол жеткізген Австралия, Канада, ОАР, Германия ұқсас кәсіпорындарының көп жылдық тәжірибелері алынды.

Компанияда негізгі өндірістік қауіптерді анықтау және сипаттау жөнінде ауқымды да аса маңызды жұмыс жүргізілді.

Компания «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасын енгізген кезде баса назарды қызметкерлерді оқыту мәселесіне аударады. Барлық қызметкерлер қауіптер мен тәуекелдерді анықтау әдістерін өздерінің жұмыс орындарында үйренеді. Сондай-ақ тәуекелдерді саралаудың топтық әдіс-тәсілдері де оқытылады. Оқу сапасын жақсарту үшін ең жоғарғы әлемдік деңгейге сай келетін өнеркәсіптік оқу полигоны жасалған.

Одан басқа компанияда жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға және соны қолдап отыруға қосқан жеке үлесі үшін қызметкерлерге қосымша материалдық және материалдық емес уәждемелер өткізіледі. Қызметкерлерге арналған заманауи және тиімділігі жоғары қорғаныс құралдары сатып алынуда. Басты мақсат – өндірістегі жарақаттануларды мүлде болдырмау.

Қоғамдастықты дамыту: «Казцинкте» қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі Кеңсе жұмыс істейді, оның міндеті – тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуда қазақстандық қамтуды ұлғайту, жергілікті өндірушілердің жаңа технологияларды игеруі және компанияның ұзақмерзімді әрі тұрақты сұранымына сай келетін өнімдерді шығаруы. «Казцинк» шағын және орта бизнесті дамытуға өз жұмысын бастаған сәттен-ақ қатысып келеді деуге болады. Қазір жұмыстың бұл бағытына арнап кеңауқымды «Бірлесіп Қазақстанда жасалған!» бағдарламасы қабылданған. Қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі Кеңсе сатып алулардағы жергілікті үлесті арттыру, олардың мониторингі, отандық өндірушілреді қолдау жөніндегі жұмыстарды үздіксіз жүргізіп келеді. «Казцинк» Қазақстанның 75 мыңнан астам адам еңбек ететін 900-ден астам кәсіпорнымен тұрақты ынтымақтастық орнатқан. Компанияның сатып алулардағы жергілікті үнемі өсу үстінде, бүгінгі күні ол 57%-ға жетті. «Казцинктің» www.kazzinc-trade.kz сайты жұмыс істейді, онда сатып алулар жөніндегі конкурстар, хабарландырулар туралы ақпарат орналастырылады, барлық тауарлар мен қызметерге жылдық қажеттіліктер көрсетіледі, сондай-ақ «Қалай «Казцинк» компаниясының әріптесі бола аламын» кезеңдік нұсқаулығы жарияланады. Компанияның ұстанған қағидаты – барлығы үшін ашықтық, кез келгенге тұрақты және сенімді әріптес болу мүмкіндігін жасау!

Қайырылымдылық шараларына келетін болсақ, Казцинктің Өскеменде салған «Балапан» балабақша-бөбекжай бақшасы соңғы 15 жылда алғаш салынған балабақша болды. Бұл балаларға барлық қолайлы жағдайлар жасауда қазіргі заманғы талаптарға жауап бере алатын ерекше жоба бойынша салынған заманауи құрылыс. Балалар бақшасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың компания ұжымымен кездесуінен кейін Қазақстан Үкіметімен бірлесе салынған жоба. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында Казцинк нысан құрылысын қаржыландыру, аумағын абаттандыру және пайдалануға тапсыруды өз міндетіне алған. Облыстық билік тиісті құжаттарымен жер телімін ұсынды, коммуникация құрылысын өз міндетіне алды.

Балабақша-бөбекжай 280 орындық бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған. Орындардың жартысы «Казцинк» ЖШС жұмысшыларына арналған. Мекемеге келген сапарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев балаларға сыйлық ретінде кіші сәулет қалыптарының сертификатын сыйлаған, сәлет қалыптары жаңа ғимаратты айналдыра орналастырылған.

Балабақша-бөбекжай құрылысы мен жарақтандыруға 1,2 млр. теңге қаражат жұмсалды.

Казцинк жыл сайын «Ертегі сыйла балаға» атты қайырымдылық акциясын өткізіп келеді. Компания қызметкерлері жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға айлық жалақысынан қаржы аударуды немесе жаңажылдық сыйлықтар сатып алуды дәстүрге айналдырған. Балалар Аяз атаға өздерінің асыл армандары туралы хат жазады. Ал Жаңа жыл қарасаңында арнайы «Аяз ата мектебінде» оқудан өткен нағыз «казцинк» Аяз аталары – компания жұмыскерлері балаларға асыға күткен ойыншықтарын сыйлайды.

Казцинктің арқасында Шығыс Қазақстанда жаңа жылды қарсы алу дәстүрі қолға алынған. Аталған мереке қарсаңында компания «Тілектер орындалатын шырша» акциясын өткізеді.

Жыл сайын бұл шараға қатысатын өскемендіктер мен облыс жұртшылығының саны артып келеді. Балалар мен ересектер жаңажылдық ойыншықтарды өз қолдарымен жасайды. Әрбір «hand made» безендіру үшін қатысушы сыйлықтар ұтысына қатысуға купон алады. Жаңа жыл қарасаңында ондаған сыйлық өз иелерін табады. Ұялы телефондар, планшеттер, ойыншық түрлері Аяз ата қапшығынан таратылады. Ал акцияға қатысушылар таққан ойыншықтар қала көшелеріндегі шыршаларды сәндендіріп тұрады. Бүгін қалалықтар арасында «егер Жаңа жыл қарасаңында осы безендірілген шыршалардың бірінің түбінде тұрып тілек тілесең – ол міндетті түрде орындалады!» деген ырым пайда болған.

Казцинк шығысқазақстандықтардың назарын отбасынан тыс тәрбиеленіп келе жатқан балалардың өмірлік мәселелеріне аударуға, жетім балаларды асырап алуға деген ізгілікті ойды оятуға арналған «Мен анамды іздеп жүрмін!» әлеуметтік жобасын дайындады. Бұл өте маңызды, өйткені, мемлекеттік балалар мекемелерінде тым қарбалас. Компания Зырян, Риддер қалаларындағы және облыстың басқа да қалаларындағы интернаттарға қаржы аударып келеді.

«Казцинк»ЖШС «Салауатты өмір салтын сақтауға» ат салысып, спортқа да көп демеулік жасайды. «Казцинк» «Торпедо» (Өскемен) кәсіби хоккей клубының негізгі демеушісі болып табылады. Клубтың жарты ғасырлық тарихы және көптеген жетістіктері бар. Өскемен хоккейі шын мәнінде бүкіл Қазақстан хоккейінің негізін салушы болып саналады. Кеңес одағы кезінде өскемендік «Торпедоның» даңқын шығарғандар ішінде мыналар да болды: әлемнің және Европаның бірнеше дүркін чемпионы, КСРО чемпионы Евгений Поладьев, әлем және Европа Чемпионаттарының жүлдегері Виталий Филиппов, әлем және Европа чемпионы Юрий Леонов, сондай-ақ Михаил Панин, Владимир Локотко, Равиль Гатаулин, Сергей Давыдов, Константин Гаврилов, Виктор Шкурдюк, Сергей Скосырев, Михаил Абалмасов, Сергей Варнавский, Алексей Грищенко, Евгений Рощин. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін мұз айдынындағы Қазақстан хоккейі тек Өскемен командасынан құралды. Қазақстан құрамасы Олимпиада чемпионы Борис Александровтың басшылығымен әлем Чемпионатының «А» тобына кірді (Швейцария-98) және Нагано-98 қысқы Олимпиа ойындарына қатысты (5 орын).

Өскемен қаласындағы Теннис орталығын Казцинк 2010 жылы мемлекеттік-жеке меншік қағидаты негізінде салған. 2009 жылы маусым айының басында Шығыс Қазақстанға келген сапарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аймақта «ұлт денсаулығына арналған» спорттық нысандарды арттыру керектігі жайлы тілегін білдірген болатын. Теннис орталығы қаланың экологиялық таза аумағында орналасқан және төрт жабық теннис корттары мен 200 көрерменге арналған мінберлері бар негізгі ғимараттан, оған жапсарлас орналасқан әкімшілік-тұрмыстық корпустан және үш ашық теннис алаңынан тұрады. Теннис корттары олимпиядалық нысандарда пайдаланылатын үздік жабындарды қолдана отырып, салынған. Әкімшілік-тұрмыстық корпус әкімшілік және инженерлік-техникалық қызметкерлерді орналастыруға арналған жайлардан, санитарлық-тұрмыстық, спорттық-сауықтыру кешендерінің жайларынан, қоғамдық тамақтану, денсаулық сақтау, сонымен қатар, төрешілер мен баспасөздерге арналған жайлардан тұрады. Жайларды жабдықтау үшін ең заманауи технологиялық жабдықтар қолданылды. Осы Орталықтың арқасында Шығыс Қазақстан үлкен теннис бойынша халықаралық деңгейдегі чемпионаттарды қабылдауда. Теннис орталығының құрылысына 930 млн. теңге жұмсалды.

Өскемен қаласында, Өскемен металлургия кешені, Материалдық-техникалық жинақтау кешені, Казцинк-Ремсервис, Казцинк-Транс, Казцинк-ТемірТранс, Казцинктех, Казцинк-Энерго, Казцинк-Геологиялық барлау; Риддер қаласында Риддер байыту фабрикасы, Риддер металлургия кешені, Тишин кеніші, Риддер-Сокольный кеніші, Шубинск кеніші, Казцинк-Шахтострой, Казцинкмаш; Зырян қаласында Зырян кен байыту кешені, Малеев кеніші; Серебрянскіде Бұқтырма гидроэнергетика кешені; Лисаковскіде Шаймерден кеніші; Көкшетау қаласында Altyntau Kokshetau; Жетіқарада Орион Минералс;Жәремде Жәйрем КБК жұмыс істейді[28].

2.2 «Казцинк» ЖШС кәсіпорынның өндірістік көлемін талдау

Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсібі дамыған өңірлерінің бірі болып табылады. Экономиканың өнеркәсіптік бағыттылығын есепке алғанда өнеркәсіп әлеуетін ұлғайтудың өңір үшін ерекше маңызы бар.

Өнеркәсіп өндірісінің құрылымы тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі, машина жасау, энергетика және шағын көлемдегі тамақ, химиялық, ағаш өңдеу өнеркәсіп салаларымен ұсынылады. Өнеркәсіп дамуының басты бағыттары ретінде тау-кен өндіру өнеркәсібі және металлургия және машина жасаудың ілеспелі салалары болып қалады.

Өнеркәсіптің негізгі саласы полиметалл кендерін өндіруге және өңдеуге мамандандырылған тау-кен өндірісі болып табылады. Осы саланың өнімдері Тау-кен байыту кешені «Казцинк» ЖШС-пен өндіріледі, оның құрамына екі кен ошағы және байыту фабрикасы кіреді. Өңдеуде әрекеттегі үш полиметалл кендерінің кен орындары – Риддер-Сокольный, Шубинский және Тишинский, олардың жиынтық қуаттылығы жылына кеннің 4 млн. тонна шамасын құрайды. Риддер-Сокольный кен орнын өңдеуге «Altyntau Vostok» ЖШС мердігерлік кәсіпорны жұмылдырылды. Өнімнің негізгі түрлері жез, мырыш, алтынды концентраты болып табылады.

Кесте6 – 5 жылдағы тау – кен өндіру динамикасы

Көрсеткіштер 2011 ж. 2012 ж. 2013 ж. 2014 ж. 2015 ж.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің тауарлық шығарылымының көлемі, млн. теңге 17312,7 1253,2 16233,1 9203,0 485,3

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің нақты көлем индексі, % 169,2 91,7 11,4 ретке 47,8 12,6

 

Өнімдерді өндіру динамика бес жылда 2011-2015 жж. кезеңінде саланың тауарлық шығарылымының қысқаруын белгілейді, «Казцинк» ЖШС-тың концентраттардың ішкі қайта өңдеу кезеңін Өскемен металлургия алаңының базасына енгізумен түсіндіріледі. Риддер қаласының тау-кен байыту кешенінің өнімдерін тауарлық шығарылымнан өңдеуге қайта бөлу соңғы өнімнің қосылған бағасының тізілімін өсірумен «Казцинк» ЖШС компаниясының дамуындағы жағымды ықпал болып табылады. 2013 жылы Риддер-Сокольный кен орнын өңдеуге мердігерлік ұйымдарды жұмылдыру арқылы тау-кен байыту саласының тауарлық шығарылымына «Казцинк» ЖШС үшін «Altyntau Vostok» ЖШС техникалық қолдау бойынша қызметтер қосылған. 2014-2015 жж. тау-кен өңдеу саласында тауар шығарылымының көлемінің төмендеуі 01.07.2014 жылдан бастап «Altyntau Vostok» ЖШС РТБК «Казцинк» ЖШС құрамына қосумен және тау-кен өңдеу саласындағы тауар шығарылымынан кенді шығару қызметтерін алып тастауға байланысты.

 

 

2сурет - Тау-кен өндіру өнеркәсібінің тауарлық шығарылымының көлемі

Ескерту - Шолу материалдары негізінде автор құрастырған

2020 жылғы кезеңге дейін тау-кен өндірісі өнеркәсібі саласында әрекеттегі үш кен орындарын (Риддер-Сокольный, Шубинский,Тишинский) өңдеу жалғыстырылады. Содан басқа, «Казцинк»ЖШС қалақұраушы кәсіпорынның күшімен полиметалл кендерінің барланған 4 кен орындарын – Долинный, Обручевский, Ново-Лениногорский және Чекмарь кен орындарын ашу және өңдеуге қосу саты сайын жоспарланады.

Қала құраушы кәсіпорынмен өңдеуге жаңа кен орындарын қосу жоспарланғанын есепке алғанда, өңір бойынша жоспарланған кен шығару құрайды:

Кесте7 – Өңір бойынша кен шығару көрсеткіштері

 

Кен орны Қордың көлемі, млн. тонна Өндірудің жылдық көлемі, мың тонна Өңдеудің жоспарланған кезеңі

Риддер-Сокольный 44,44 2000 22 жыл

Тишинский 17,128 1400 12 жыл

Шубинский 2,714 190 14 жыл

Долинно-Обручевский 7,7 350 22 жыл

Ново-Лениногорский 41 1500 27 жыл

Чекмарь 106 3700 29 жыл

 

Өндіру және байыту үдерісі «Казцинк» ЖШС тау-кен байыту кешенінің өндірушілік қуаттылығында жүзеге асырылатын болады, ол жаңа екі кен ошағының құрылысын қажет етеді. Полиметалл кендерін байыту бойынша үдеме қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін байыту фабрикасын саты сайын жаңғырту жүргізілетін болады. Жалпы бағасы 23096 млн. теңге болатын осы жобаны жүзеге асыру «Казцинк» ЖШС-тың меншікті қаражаты есебінен 2032 жылғы кезеңге дейін жүрзілетін болады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің келешекті жобаларын жүзеге асыру металлургия өнеркәсібінің, машина жасаудың, басқа салалардың даму келешегі тау-кен өндіру өнеркәсібінің қажеттілігімен анықталатындықтан, өнеркәсіп әлеуетін жалпы қолдау үшін аса маңызы бар.

Риддер қаласының металлургия өнеркәсібінің салақұраушы кәсіпорындары Риддердің Металлургиялық Кешені «Казцинк» ЖШС болып табылады. Кәсіпорын мырыш, кадмий, қорғасын, металл концентраттарын күйдіру әдісін қолдану арқылы мыс тотияйындағы мыс өндірісіне мамандандырылған.

Бағалық көріністе тауарлық шығарылымның ауытқуы бар, ол металлға әлемдік баға деңгейінің тұрақсыздығымен түсіндіріледі.

Кесте8 – 5 жылдағы металлургия өндіру динамикасы

 

Көрсеткіштер 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл.

Металлургия өнеркәсібінің тауарлық шығарылымының көлемі, млн. теңге 36394,7 31742,5 31632,8 44682,8 46217,1

Металлургия өнеркәсібінің нақты көлем индексі, % 100,3 100,2 100,1 99,9 99,7

 

Металлургия кешенінің соңғы өнімдері толық мөлшерде алыс шетелге экспорттау жүзеге асырылады.

Металлургия өндірісінің технологияларын қолдау тұрақты деңгейде кәсіпорынның жүйелік жаңғыртуымен қамтамасыз етіледі. Өткен кезеңде Риддердің Металлургиялық Кешені «Казцинк» ЖШС құрғақ бөлу әдісімен мырыш кектерінен клинкерлерді қайта өңдеу бойынша аумақтардың құрылысы және мырыш өнеркәсібін реконструкциялау бойынша жобалар жүзеге асырылды. Мырыш өнеркәсібін реконструкциялау жобасын жүзеге асыру КС-пеші жұмысының өндірушілігін өсіруге мүмкіндік берді, жөндеуге пайдалануға беру шығындарын, экологиялық төлемдерді қысқартты, меншікті булардың өндірісін өсірді. Клинкерді қайта өңдеу бойынша жоба металлдар мен жанармайларды шығару үшін шикізаттарды бір уақытта алу арқылы техногендік жинақтарды қайта өңдеуге бағытталды.

Металлургиялық өндірісті жаңғырту шеңберінде қазіргі уақытта технологияны сыннан өткізу сатысында атмосфералық сілтісіздендіру әдісімен металл концентраттарынан пайдалы элементтерді кешенді шығарудың инновациялық технологияларын қолдану арқылы «Гидрополимет» металлургиялық цехтың құрылысының жобасы тұр.

Жаңа технологияларды енгізу Риддердің металлургиялық кешеніне техногендік жинақтарды қайта өңдеуді қоса алғанда, шикізаттың төменгі сұрыптан металлдарды шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Гидрополимет» жобасын іске қосқанда 60 млн. шаршы метрден жоғары жинақтары бар Таловка қалдықтарды сақтайтын орынның үйінділерін қайта өңдеуге мүмкіндік пайда болады. Пайдалы элементтерді шығарудан тікелей экономикалық тиімділіктен басқа осы объекті пайдаға асыру өңірдің экологиялық жағдайын жақсартады. Объекті толықтай қайта өңдеу 2034 жылға дейін мүмкін.

Шикізат базасының қолда барында металлургиялық саланы дамуының ұзақ мерзімдік келешегі бар. Осы өндірістің қауіп-қатер факторы оның бағаның әлемдік конъюнктурасына және металлға сұранысына тәуелділігі болып табылады.

Риддер қаласының машина жасау саласы «Казцинк» ЖШС еншісіндегі («Казцинкмаш» ЖШС, «Казцинкремсервис» ЖШС Риддерлік алаңдары) кәсіпорындардың қатарымен ұсынылған және қала құраушы кәсіпорындардың шағын және орта бизнес субъектілеріне («Востокмонтаж» ЖШС, «Аил» ЖШС, «Казцветметремонт» ЖШС) тапсырыстарына бағдарланған. Саланың кәсіпорындарымен металл бұйымдары мен металл құрылымдары, механикалық өңдеуден шыққан бұйымдар, пластмасса бұйымдары өндіріледі, болат, шойын және түсті құйма жүзеге асырылады.

 

Кесте 9- 2011-2015 ж.ж. кезеңінде саланың даму көрсеткіштері оң динамиканы белгілейді:

 

Көрсеткіштер 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл.

Машина жасаудың тауарлық шығарылымының көлемі, млн. теңге 19406,2 14620,2 15239,0 15333,0 10994,3

Машина жасаудың физикалық көлем индексі, % 136,3 109,2 100,4 95,6 67,6

67,6% дейін ФКИ төмендеуі есепті кезеңде қызметтер көлемінің және «Казцинк» ЖШС талабына сәйкес машина жасау саласы кәсіпорындарының өндірілген өнімдері көлемінің азайуымен шартталды. Тау-кен өңдеу және маталлургия өндірісінің өсетін қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін машина жасау саласын жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

 

3 сурет - Машина жасаудың тауарлық шығарылымының көлемі

Ескерту - Шолу материалдары негізінде автор құрастырған

Кесте10 - Өткен кезеңде жобалар жүзеге асырылды:

 

Жобаның атауы Жүзеге асыру кезеңі Жалпы құны, млн. теңге Жүзеге асырудың басынан игерілді, млн. теңге

«Казцинкмаш» ЖШС техникалық қайта жарақтандыру 2007-2010 жылдары 5892,8 5892,8

«Казцинкмаш» ЖШС Реинжениринг 2011-2015 жылдары 2028 2028

 

Оларды жүзеге асырудың соңғы нәтижесі өндірушілікті өсіру және өндірілетін өнімдердің сапасын жоғарылату мақсатымен кәсіпорынның негізгі өндірістерінің жабдықтарын ауыстыру болып табылады. Жаңа жабдықтармен қатар заманауи бағдарламалық өнімдер, деректерді талдаудың және үдерістерді басқарудың жаңа жоғары интеллектуалды технологиялары енгізілді.

Машина жасау кешенінің тиімді қызмет істеуі «Казцинк» ЖШС өндірісінің кешенді жаңғырту арқылы қамтамасыз етіледі. 2010 жылы осы кәсіпорында станоктар мен жабдықтарды өндірілетін өнімдердің түрлерін ұлғайтуға мүмкіндік берген жаңа жоғары интеллектуалдыларға ауыстыру жүргізілді.

2013 жылы кәсіпорынды жаңғыртудың екінші сатысы – технологиялық үдерістерді автоматтандыру аяқталады, өндірілетін өнімдердің сапасын жоғарылату оның нәтижесі болады.

Қазіргі машина жасау өндірісінің дамуы үшін зор мүмкіншіліктері бар. Бас компанияның тапсырыстарына мамандандырыла отырып, «Казцинкмаш» ЖШС нарықты ұлғайтудың және өзінің дербестігін жоғарылатудың шынайы келешегі бар.

Энергетика, сумен жабдықтау және суды бұру кәсіпорынның қызметінде бірнеше жыл қатарында елеулі өзгерістер болған жоқ. Осы сектордың кәсіпорындары «Риддер ТЭЦ» ЖШС, «ЛК ГЭС» ЖШС, «Л-ТВК» ЖШС, «Водоканал» МКК табиғи монополияның субъектілері болып табылып, Риддер қаласының тұтынушыларына қызмет көрсетеді.

Кесте 11–5 жылдағы энергетика саласы мен сумен жабдықтау және су бұру саласының динамикасы

 

Көрсеткіштер 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл 2014 жыл 2015 жыл.

Энергетика саласының тауарлық шығарылымының көлемі, млн. теңге 3516,1 3779,1 4691,8 5166,1 5771,2

Энергетика саласының нақты көлем индексі, % 106,4 96,3 102,8 87,0 90,1

Сумен жабдықтау және су бұру саласының тауарлық шығарылымының көлемі, млн. теңге 310,6 368,7 410,5 587,8 563,4

Сумен жабдықтау және су бұру саласының нақты көлем индексі, % 139,0 112,7 94,7 128,7 84,2

 

4 сурет - Энергетика және сумен жабдықтау және су бұру саласының тауарлық шығарылымының көлемі

Ескерту - Шолу материалдары негізінде автор құрастырған

Осы сектордың кәсіпорындарының өндірісті жаңғыртудағы жыл сайынғы инвестициялары бекітілген тарифтік сметалар шегінде жүзеге асырылады.

Өнеркәсіптің қалған салаларының үлесіне (тамақ, жеңіл, орман өңдеу, баспа ісі және басқалар) өндірілген өнеркәсіптік өнімдердің 12,2% келеді. Осы салалардың кәсіпорындары азын-аулақ және ішкі нарыққа бағдарланған. Өндірістік қуаттылықты, шикізатпен қамтамасыз етілгендігін және өнімдердің сұранысын есепке алғанда, өңір үшін келешекті бағыт орман өңдеу өндірісін дамыту, ағаштарды қайта өңдеудің қазіргі технологияларын игеру және соңғы өнімдердің түрлерін ұлғайту болып табылады.

Өнеркәсіп өндірісінің дамыған құрылымы Риддер қаласының бәсекелестіктің артықшылығымен қамтамасыз етеді. Тау-кен өндірісі саласының ұзақ мерзімді келешегі металлургия және машина жасаудың ілеспелі салаларының дамуының базасы болып табылады. Өнеркәсіп әлеуетінің ары қарай ұлғаю мүмкіншіліктері «Казцинк» ЖШС қалақұраушы кәсіпорынның инвестициялық белсенділігімен сендіре расталынады.


2.3 Кәсіпорынның басқару жүйесіндегі жобаларды басқару дамудың негізі

Қазіргі таңда ірі және орта бизнестің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі қолда бар өндірістік және басқарушылық үдерістерді жаңғырту болып табылады. Менеджмент саласындағы инновациялық технологиялар кәсіпорындар жұмысының тиімділігі мен өнімділігін арттырып, отандық өндірушіге өз өнімімен әлемдік нарыққа шығуына зор мүмкіндіктер береді [29].

Дүниежүзілік банктің әдістемелік қолдауымен әзірленген «Өнімділік-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында қазіргі қолданылатын технологияларды, өндірістік және басқарушылық циклдерді жаңғырту, барлық замануи әлемдік стандарттарға сәйкес келетін бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру қарастырылған.

«Өнімділік-2020» бағдарламасы ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру аясында 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама құралдары жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған. Бағдарламаның мақсаты - еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен экономиканың басым секторларындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру [30].

Мемлекет тарапынан қолға алынған бұл шара еліміздегі төмендеп қалған еңбек өнімділігі деңгейін арттыруды көздеді. Орта есеппен ол бір адамға шаққанда 30-40 мың АҚШ долларын құрайды, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 200 мың АҚШ долларына тең.

Қазақстанның машинажасау саласындағы бұл көрсеткіш небәрі 10-17 мың доллар болса, шетелдерде 90 мың долларға жеткен. Мұндай артта қалушылық өндірістегі қуаттылықтардың толық жүктелмеуі, негізгі қорлардың тым тозуы және өндіріс ошақтарының қазіргі заманғы технологияларды енгізе және қолдана алмауы сынды бірқатар факторлармен түсіндірілді. Табиғи әрі моральдық тұрғыдан тозған технологиялық жабдықтар мен тым көп шығындар көптеген отандық кәсіпорындарға өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесін шешулеріне мүмкіндік бермеді. Бірқатар кәсіпорындарға жүргізілген аудит нәтижелері бойынша көптеген өндірістердің дамуына бөгет болатын нақты кедергілер анықталды. Атап айтқанда, кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы, кәсіпорындағы алдыңғы жылдардағы үлкен борыштық жүктемесінің олардың инвестициялық белсенділігін шектеуі, технологиялық жабдықтарды жаңартудағы және жаңғыртудағы инвестициялар деңгейінің төмен болуы, өңдеуші өнеркәсіп салаларының көптеген кәсіпорындарының негізгі қорларының тозуы (ол машинажасау саласында - 56,7%, химия және фармацевтикада - 45,3%, құрылыс индустриясында - 39% құрады), қазақстандық кәсіпорындардың жоғары технологиялы өнім импортына аса тәуелділігі, жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды енгізуге және жүзеге асыруға қабілетті техникалық бейіні жоғары кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі, өндірістік үдерістерді жаңғыртуда жабдықтар мен құралдарға қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігінің төмен болуы т.с.с. Мұның бәрі барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге жол ашатын қазіргі заманғы технологияларды белсенді түрде енгізуді талап етті.

Осы олқылықтарды жою мақсатында қолға алынған «Өнімділік-2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау шаралары ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды, білікті жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуды, инновациялық гранттар беруді т.с.с. тәсілдерді жүзеге асыруды көздейді. Демек, бағдарлама аясында кәсіпорындарға инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптауға шығыстарды төлеу бойынша мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп, біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту, қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу қарастырылады. Оған қатысуға ниет білдірушілер мемлекеттік бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру немесе оны жоспарлау және инвестициялық жобаның қаржылық қайтарымдылығы, еңбек өнімділігін екі есе арттыру, ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеге қабілеттілігі тәрізді көрсеткіштерге қол жеткізуді көздейтін инвестициялық жобаның кешенді жоспарының болуы тәрізді талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Бағдарламаның міндеттері - жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту, яғни техникалық қайта жарақтандыру және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру мен кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау. Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында 2020 жылға дейін бағдарламаның бірінші міндеті шеңберінде қатысатын өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек өнімділігін кемінде екі есеге ұлғайту; бағдарламаның бірінші міндеті шеңберінде қатысушы кәсіпорындардың қуаттарының орташа жүктемесін 80%-ға дейін ұлғайту; 10 кәсіпорын үшін жыл сайын еңбек өнімділігін ұлғайту және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің топ-менеджерлерін оқыту тәрізді нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізіледі деп жоспарланған.

Қазіргі таңда бағдарламаның аса қажетті әрі танымал құралы - ұзақмерзімдік лизингтік қаржыландыру болып отыр. Оны «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ (ҚИДИ) операторының бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы мәліметтері нақтылайды. Ол қазақстандық бизнестің негізінен техникалық қайта жарақталу есебінен еңбек өнімділігін арттыруға иек артатындығын білдіреді. Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды қатысушыға құрал операторы ұсынады. Құрал операторы - «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «ҚДБ - Лизинг» акционерлік қоғамы. Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.

Бұл тұрғыда бағдарламаның интеллектуалды сипатта құрылғанын және еңбек өнімділігін арттыру мен өндірістің энергиялық тиімділігін өсіру тәрізді негізгі мақсаттарды көздейтінін атап өткен жөн. Мұндайда кәсіпорын топ-менеджментінің өндірістік үдерістерді жаңғырту мен баптауға қатысуға әзірлігі негізгі шарт болып табылады. Мұның барлығы міндетті түрде соңғы өнімнің сапасы мен бағасына әсерін тигізбей қоймайды. Ал бұл өз кезегінде отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізбек.

«Өнімділік-2020» бағдарламасы жүзеге асырылғалы бері оған Қазақстанның 15 аймағынан 53 инвестициялық жоба мен 8 салалық өнеркәсіп енгізілді.

Бағдарлама аясында отандық кәсіпорындарымыз инвестициялық жобаларын әзірлеуге 63 млн. теңгеден астам қаражатты иеленді. Сондай-ақ «БРК-Лизинг» АҚ-ында 15,3 млрд. көлеміндегі сомаға 12 жоба мақұлданды, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ 28,9 млн. теңгеге басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу бойынша 8 жобаға қолдау көрсетті. Бұл тұрғыда жобаға өтінім берушілердің өз қаражаттарының көлемі мен екінші деңгейлі банктерден займдар 85 млрд. теңгеден астам соманы құрады.

Аталған мемлекеттік бағдарлама елімізде екі кезеңмен жүзеге асырылуда. Оның алғашқы кезеңі 2011-2014 жылдар аралығын қамтыса, екінші кезең 2015 жылы басталып, 2020 жылы аяқталады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2011 жылғы республикалық бюджеттен 15 764 910 мың теңге, 2012 жылы - 10 133 367 мың теңге, 2013 жылы - 134 050 мың теңге, 2014 жылы - 225 187 мың теңге бөлінсе, 2015 жылы - 225 187 мың теңге бөлу көзделген. Қазіргі таңда бағдарламаны жүзеге асыруда Алматы қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы, сондай-ақ Ақтөбе және Алматы облыстары ең белсенді аймақтар болып қалып отыр.

Еліміздің Ішкі жалпы өнім көрсеткіштерінің 7% және жалпы өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 17% тау-кен металлургиялық кешені алып отыр, оның экспорттағы үлесі 20% құрайды. Дағдарысқа қарамастан, үкімет қолдануының арқасында соңғы үш жыл аралығындағы тау-кен металлургия кешенінінен бюджетке келген салық кірістері (роялти және НСП бойынша) 4,3 есе көбейді! Дағдарыстан кейінгі 2010 жыл нәтижесі бойынша кеншілер саланың өсуін 5,3%-ға ұлғайтып, 7,3 триллион тенге сомаға өнім шығарды, ал металлургтер бұл көрсеткіштерді 10,2%-ға ұлғайтты («өндірістік» көлем – 1,6 триллион тенге).Өтпелі жылда оның өсу қарқыны жоғарлап келеді: әрине, Индустриялық-инновациялық қарқынды даму (ИИҚД) (ФИИР) қоржыны кәсіпорындарды жаңартып, сыртқы нарыққа шыққан өнімдердің жоғары қосымша бағасын қамтамасыз ететін нақты инновациялық жобаларды жүзеге асыратын біраз бағдарлама қамтыған.

Еліміздегі ең ірі кәсіп­орындардың бірі саналатын «Қазцинк» ЖШС қайта жаңғыртудан өткен қорғасын зауытының 2015 жыл­ғы жұмысын қорытындылады. Жаңа зауыттың экологиялық тиімділігі айтарлықтай нәтиже беріп отыр. Атап айтқанда, Өскемен металлургиялық кешенінің атмосфераға күкірт диоксидін шығаруы 44 пайызға дейін қысқарған. Бұл алдын-ала жасалған болжамнан да жоғары. Яғни, жобаны дайындау мен енгізу кезінде көрсеткішті 40 пайызға дейін төмендету жоспарланған еді. Осы арқылы ауаға күкірт диоксидін шығару 14,9 мың тоннаға азайды. Ең бастысы, әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында мұндай нақты нәтижеге өндіріс көлемін кемітпей жетудің маңызы үлкен. Өскемендік металлургтер оған мақсатты және тұрақты жаңғырту есебінен озық әрі экологиялық технологияларды қолдану ар­қы­лы қол жеткізгенін айтады. Жаң­ғырту жобасы қорғасын өндірі­сі көлемін қоршаған ортаға қосым­ша зиян келтірмей 40 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. Мәселен, «Isasmelt» жаңа балқыту пеші зиянды газды толығымен кәдеге жарату негізінде нарықта сұранысқа ие тауарлық өнім – күкірт қышқылын өндіреді.

Қорғасын зауытын жаңалау барысында шоғырланған газды қайта қорытуға басымдық берілді. Бұл – өндірістің технологиялық жүйесінде атмосфераға күкірт диоксидімен бірге кәдеге асырылмаған «кедей» аглогаздың шығарылуына жол бермейді. Металлургиялық кешен үдерістерін жаңа өндіріске көшірер кезеңде қос технология алма-кезек қызмет етсе, 2015 жылдың тамыз айынан бастап қорғасын өндірісі толығымен «Isasmelt» технологиясына ауысты. Осылайша, қорғасын мен шаң, көмірқышқыл оксиді, азот және күкірт диоксиді қалдықтарын кешенді түрде азайтуға септігін тигізген экологиялық тиімділіктің 2016 жылға болжанған бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалды.

Жаһандық мәселенің шешімі болған ауқымды экологиялық жобаны енгізу арқылы компания мамандары табиғатты қорғау қызметінде ұсақ-түйектің болмайтындығына тағы бір көз жеткізгендерін айтады. Мамандар өндірістің санитарлық нормаларға тигізер ықпалын мүмкіндігінше тағы төмендетпек. Жалпы, Өскемен металлургиялық кешенінде 2013-2016 жылдары қалдықтарды азайту және технологиялық газды тазалау бойынша құрал-жабдықтар жұмысын тұрақтандыру бағдарламасы жүзеге асырылды. Бұл бағдарламаға салынған капиталдың жиынтық көлемі 1,1 миллиард теңгені құрайды. Қаражаттың басым бөлігі күкірт қышқылы зауытының қуатын жаңғыртуға, тұрақтандыруға және тиімділік сатысын көтеруге бағытталды. Бағдарлама шаралары облыстық прокуратура мен экология департаменті сияқты өкілетті органдардың мақұлдауына ие болды. Десе де, кәсіпорын аталған жетістіктермен тоқтап қалмақ емес. Бүгінде 2016-2018 жылдар аралығында жүзеге асырылуы тиіс газды тазалау құралдарының тиімділігін көтеру, жетілдіру, жаңарту және ауыстыру бойынша жаңа бағдарлама іске қосылды.

Кәсіпорын 1997-2015 жылдары Өскемен қаласының ауа қабатындағы күкіртті газ қалдықтарын түбегейлі төмендетудің бас бағдарламасына 315 миллион доллар қаражат жұмсаған екен. Кешенді жұмыстың бүгінгі нәтижесі теңдессіз. Яғни, «Қазцинк» құрылған кездегі атмосфераға шығарылатын зиянды қалдық көлемі жылына 69 мың тоннаны құраса, қазір 19,1 тоннаны құрап, 72,3 пайызға төмендеді. Дегенмен, «Қазцинктің» жұмсаған күш-жігері қала атмосферасының жалпы жағдайында байқалмайтынын айту керек. Облыс орталығы ауа бассейнінің жағдайы кәсіпорын қол жеткізген төменгі көрсеткішке сай емес, ауадағы күкірт қышқылының шоғырлануы мөлшерден тыс күйінде қалып отыр. Кәсіпорын тарапынан қорғасын зауыты қосылғанға дейін 1 шекті концентрация көрсеткішіне қол жеткізілсе де, 2015 жылы қаладағы жалпы ластану көрсеткіші 1,7-2 шекті концентрациясына тең болды. Ал кәсіпорын жүргізген шараларды есепке алғанда, күкірт диоксидінің шоғырлануы 1 шекті концентрациядан төмен болуы тиіс еді. Күкірт қышқылы газының қосымша көлемі қайдан, қандай көздерден пайда болып жатқаны әзірге белгісіз. Сондықтан, кәсіпорын меншікті қалдық көздеріне бақылау жүргізетін есеп құралдарын автоматтандырылған жүйеге көшірді. «Металлургиялық кешеннің қалдықтарын түнде жекелеген азаматтардың «жіберуі» мүмкін» деген сыбыстарды анықтау мақсатында өз санитарлық аумағын түнде өлшеуді қаржыландыруға көшті. Қалдықтардың белгіленген талаптан жоғарылығын немесе «түнде дүркін-дүркін қалдықтар шығарылады» деген сөздерді зерделеу үшін жұмыс жүргізген «Қазгидромет» РМК әзірге зауыт аумағынан нормадан тыс газ мөлшері тіркелмегенін мәлімдеді. Әрине, металлургиялық өндіріс тәулік бойы жұмыс істеп, үздіксіз металл өндіретіндіктен, оны анықтаудың қиынға түсетіні рас. Газды жинақтау немесе әлдебір қоймада сақтап отыру мүмкін емес. Бұл – электр қуатын өндіру сияқты үдеріс. Оның үстіне, газды тазалау жұмысы өндірістің бірегей технологиясымен тығыз байланысты. Сондықтан, газдың бірде-бір текше метрі қала атмосферасына тазаланбай шығарылмайды. Ал оның тазалау тиімділігі 99 пайызға тең, дейді мамандар.


3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ ҰТЫМДЫ БАҒЫТТАРЫ
3.1«Казцинк» ЖШС кәсіпорнының инновациялық даму көрсеткіштерін бағалау

Қазақстан Республикасының экономика секторындағы тау- кен металлургия өнеркәсібі мұнай – газ саласынан кейін екінші орында. Тау – кен өнеркәсібі ЖІӨ-нің 19% жуығын және Қазақстанның 16% экспортын сонымен қоса жұмыспен қамтудың көп бөлігін алады. Тау – кен өнеркәсібі кешені қор сыйымды және ірі масштабты инвестицияларды қажет ететіні мәлім. Бұл сала орта салалық мәннің 50% құрап отыр, бұл жерде негізгі құралдардың тозуы жағдайды қиындатады. Осыған байланысты отандық және шет ел инвестицияларын . Осыған байланысты минералдық шикізат қорларын белсенді түрде тарту және игеру,сондай-ақ оны одан әрі қайта өңдеуде отандық және шетелдік инвестицияларды тарту республика үшін маңызы зор.

5 Сурет - Өнеркәсіп салалары бойынша 2015 жылғы негізгі капиталға салынған инвестициялардың құрылымы

Ескерту - ақпараттық деректер негізінде автор құрастырды

Мұнай және газ өндіру саласына арналған қаражатқа қарағанда металл кендерін өндіру және қайта өңдеуге тартылған инвестиция көлемі бойынша (2-сурет) әлдеқайда төмен. Сондықтан, инновациялық даму саласының болашағы ретінде кәсіпорынның ұзақ мерзімді инвестицияларын қаржыландыру көздерінің тұрақты болуы шарт. Біздің ойымызша, ең алдымен бұл үшін металлургиялық компаниялардан алынатын әлемдік нарық конъюнктурасына және пайда мөлшеріне тәуелді емес амортизациялық аударымдар сай келеді.

Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың басқа да негізгі көзі пайда болып табылады . Соңғы жылдары сыртқы нарықтағы қолайлы конъюнктура көптеген кәсіпорындарға жоғары рентабельдікке және ірі мөлшердегі пайдаға кенелуге мүмкіндік беріп отыр.

Тау – кен металлургия кешенінің инновациялық қызметін кәсіпорынның 34% жүзеге асырады. Аса жоғары инновациялық белсенділік 35% - дан аса жаңа енгізулер енгізетін 2500-ден астам адам жұмыспен қамтылған ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарға тән . Кәсіпорынның осы тобы жақсы қамтамасыз етілген меншікті қаржы ресурстарына , жоғары ғылыми-техникалық әлеуетіне ие, көбінесе өзінің зерттеу базасы және білікті персоналы бар.Саланың көптеген кәсіпорындары (65%) өзінің инновациялық қызметін "жаңа өнімді игеру (технологияны)" атты қазіргі заманғы фазасын анықтады. Тау-кен металлургия саласындағы инновациялық қызметтің жалпы жағдайын "қанағаттанарлық" бағасымен бағалауға болады.

Шығыс Қазақстан облысының ірі кәсіпорындарының бірі «Казцинк» ЖШС болып табылады. ЖШС "Казцинк" өндірісінің толық циклін жүзеге асырады яғни, байыту нәтижесінде шығатын геологиялық барлау, тау-кен жұмыстары ,өндіру, байыту және кен концентраттарын өңдеумен байыту нәтижесінде аяқтайды. ЖШС "Казцинк" өндірістегі инвестицияларды ұдайы арттырып отырады.Мәселен, 2014 жылы көлемі 191 млн. долл., 2015 жылы 280 млн. долл құрады. 3.1 кестеде құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде компанияның инвестицияларды бөлуі көрсетілген .

Кесте 12- 2015 ж. «Казцинк» ЖШС құрылымдық бөлімшелер бөлінісіндегі инвестициялардың бөлінуі

Құрылымдық бөлімшенің атауы %

Малевский кеніші және ЗГОК байыту фабрикасы  9,63

Тишинский кеніші және РГОК байыту фабрикасы  14,8

Риддер-Сокольный кеніші және байыту фабри касы 10,3

Металлургиялық өндірісті қайта жаңарту 41,0

«Жаңа металлургия» жобасы 27,0

Темір жол көлігінің дамуы 2,67

Энергетика 5,0

Экология 3,8

«Шаймерден» жобасы 6,5

Өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандар 6,3

ЖИЫНЫ 100

Ескерту - ақпараттық деректер негізінде автор жасады

Атап айтқанда, көрсетілген соманың ең көп қаражат көлемі - 78,3 млн. долл. компания металлургиялық өндірістегі қайта жаңартуға жұмсады, оның ішінде 51,7 млн. долл. - Өскемен қаласындағы мыс қорыту және электролиз зауыттары құрылысын көздейтін "Жаңа металлургия" жобасына жұмсалды.

Өндірістік қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында «Казцинк»ЖШС инвестициялық қызмет объектісі ретінде инновациялық технологиялық кешен ұсынылды. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ресурстарының талдау нәтижелерін зерттей келе , құрал –жабдықтар сынды инновациялық объектілеріне көп көңіл бөлуді талап ететін нәтижеге келдік. Зерттеуіміздің нәтижесінде құрал – жабдықтар агрессивті ортада жағдайында жұмыс істейтіндіктен , кәсіпорынның ең әлсіз орны екендігіне көзіміз жетті. Сондықтан, қатал бәсекелестік күрес жағдайында , өзіндік орнын сақтап қалу шарты бойынша , кәсіпорынға ең алдымен ескі құрал – жабдықтарды жаңа прогрессивті құрал – жабдықтарға ауыстыру жайында ойлау керек.

Технологиялық жабдықтарды бағалау үшін «Казцинк»ЖШС сарапшыларының мәліметтері бойынша біз кәсіпорын жабдықтардың табиғи тозу (6-сурет) диаграммасын салдық. Ең тозған құрал - жабдық Өскемен Металлургиялық Кешенінің Қорғасын зауытының жабдықтары болы шықты. Өскемен Металлургиялық Кешенінің Қорғасын зауытындағы бірінші орында құрал – жабдықты ауыстыруды қажет ететіндігін анықтау үшін, техникалық процесс кезіндегі маңыздылығы жоғары топтарды іріктепе бағалау жүргізу керек. Бұл мақсат үшін және технологиялық құрал-жабдықтардың физикалық тозуын бағалауда, сараптамалық бағалаудың авторлық әдістемесі қолданылды (13 кесте). Сарапшылар ретінде Қорғасын зауытының мамандары ат салысты.

 

Сурет6- ЖШС «Казцинк» кәсіпорнындағы технологиялық жабдықтардың физикалық тозуы

Ескерту – автор құрастырған

12 кестедегі мәліметтер бойынша , мыс пен мырыш өндіру кезіндегі маңызды құрал – жабдықтар ретінде I және II топтағы жабдықтар екендігін көреміз, себебі істен шыққан кезде барлық технологиялық процесс тоқтатылады. 2 сурет пен 3 кесте бойынша қорытындылайтын болсақ, ең бірінші мезетте I топтағы жабдықтарды ауыстыру керек, себебі, бұл топтағы құрал – жабдықтар физикалық тозуы басқаларға қарағанда әлдеқайда жоғары және ол технологиялық процесстің ең маңыздысы болып табылады.

Кесте 13 - «Казцинк» ЖШС ӨМК Қорғасын зауытының технологиялық жабдықтарына бағалау маңыздылығы

Топтың маңыздылығы Құрал - жабдықтар Бағалау

(5 балл)

I ТОП Тік бу агрегаты 5

II ТОП Пневматикалық агитатор 4,98

III ТОП Қорғасын және мыс шаңдарын жинағыш бактар 4,92

IV ТОП Мыс тазалау агитаторлар 3,89

Ескерту – автор құрастырған

«Казцинк» ЖШС кәсіпорнына жаңа құрал – жабдықтарын енгізу үшін, технологиялық процесінің талаптарына сай келетін жетілдірілген жабдықтарды таңдау керек. Жабдықтарды таңдау бізден прайс – парақтар арқылы жүзеге асады. Ұсынылып отырған инновациялық технологиялық кешені, табиғи айналымды су тік бу агрегаты және пневматикалық агитаторын қосады және ол бірқатар артықшылықтарға ие: жоғары өнімділікке ие, өндірістік алаңдарында кем орын алады, аз энергия тұтынады.

Басқару процесіндегі инвестициялар маңызды кезеңдірінің бірі ретінде, «Казцинк» ЖШС инновациялық қызметінің тиімділігін инвестициялық жоба мысалы ретінде бағалаймыз. Инновациялық технологиялық кешенін енгізу инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігін есептеуде қиыншылықтар туғызады.Осы мақсатта инвестициялық жобалардың тиімділігін есептеу әдістерін ұсынамыз.

Кесте 14 – 13-0032 Инновациялық жобасы

Жоба атауы Көрсеткіштер Өл. бірлігі 2013 ж 2014 ж 2015 ж Жиыны

13-0032

Таза кіріс Млн.тг 14 15 14

Амортизация Млн.тг 10 10 10

Күрделі шығындар Млн.тг 10 - -

Дисконт нормасы Бірлік үлесі 10% 10% 10%

Дисконт коэф  0,909 0,826 0,751

Таза пайда Млн.тг 24 25 24

PV Млн.тг 21,816 20,65 18,024 60,49

CI Млн.тг 9,09 0 0 9,09

NPV Млн.тг    51,4

PI Млн.тг    6,65

Негізгі формаулалар (1,2,3,4):

NPV = PV-CI, (1)

CI= K1/(1+E)+K2/(1+E)+Kt/(1+E), (2)

PI= NPV/CI, (3)

PV= дисконт коэффиценті* таза пайда, (4)

Мұндағы, NPV – таза дисконтталған табыс,PV-ағымдағы құны,

CI-келтірілген шығындар,E-дисконт нормасы,K=17

Шешу жолы:

PV=0,909*24=21,816

0,826*25=20,65

0,751*24=18,024

CI= 10*0,909= 9,09

NPV=60,49-9,09=54,4

PI=60,49/9,09=6,65.

Бұл жоба бойынша NPV >0 сондықтан да жоба қабылданады.

Зерттеулер нәтижесінде және расталған есептік мәліметтерден ЖШС «Казцинк» кәсіпорнындағы инновациялық құрал – жабыдқтарды енгізу орынды. Автор ұсынып отырған инновациялық құрал – жабдықтарды өндірістік процес кезінде қолдану, кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігін арттырады, кәсіпорынның тек табысын жоғарлатып коймай, сонымен қоса, экологиялық жағдайды,яғни, сыртқы ортаға шығатын зиянды заттарды азайтады. Көрсетілген есептеулер нәтижесінде , жаңа құрал – жабдықтарды енгізуді кәсіпорын банктік кредиттеуге жүгінбей, өз меншікті қаражатынан жұмсай алады.

3.2 «Казцинк» ЖШС кәсіпорнының SWOT талдауы.

SWOT – ағылшын сөздерінің бірінші әріптерінің аббревиатурасы: Strengths (мықты жақтары), Weaknesses (әлсіз жақ тары), Opportunities (мүмкіндіктер) және Threats (қауіптер). SWOT-талдау деген ұйымның қызметі мен дамуында кедергі келтіруі немесе көмектесуі мүмкін оның мықты және әлсіз жақтары, сыртқы қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктерді анықтау дегенді білдіреді.

Ұйымның SWOT-талдауын анықтау үшін: 1. оның сыртқы және ішкі ортасына талдау жүргізу керек; 2. өзара байланыс пен өзара қатынастардың бір біріне қай- шы келмейтін бейнесін алу үшін талдаудың нәтижелерін біріктіру керек, яғни синтез жүргізу керек.

Қандай ұйым, кәсіпорын болмасын «өмір сүріп», өзінің мақсатына жету үшін менеджер ең бірінші ішкі ортаның элементтері мен сыртқы ортаның әрекеттеріне көңіл аударуы тиіс.

Ұйымның өзі адамдар құрған жүйе болғандықтан, оның ішкі ортасының элементтері қабылданған басқару шешімінің нәтижесі болып табылады, олардың негізгі түрлері мыналар: мақсаты, құрылымы, міндеттері, технология, адамдар.

Мақсаты – бұл ұйымның жұмысының соңғы нақты нәтижесі. Ұйым өзінің жұмыс жоспарын дайындау алдынданегізгі мақсатын анықтап, оны ұйымның мүшелеріне таныстырады, ұйым мүшелері өз жұмысының нәтижесі не екенін, қандай болатынын білу арқылы соған жетуге талпынып, еңбектенеді. Әртүрлі ұйымның мақсаттары, әрине, өзінің таңдап алған бағытына байланысты әртүрлі болады (түрлі өнімдер өндіру, қызмет көрсету, білім беру т.с.с.). Сонымен бірге ұйымның бөлімдерінің де өз алдына түрлі мақсаттары болады және олар ұйымның негізгі мақсатына жетуге бағытталады. Негізгі мақсатқа жету жолындағы кіші мақсаттарға нарық үлесін, өнімнің жаңа түрін өндіру, өнімнің, қызметтің бұрынғыдан да жоғары сапасын т.б. жатқызуға болады.Әрбір ұйымның мақсатының орындалу дәрежесі сол ұйымның экономикалық тиімділігін – рентабельділігін көрсетеді. Ұйымның құрылымы көздеген мақсатқа жету жолына орай алдын-ала зерттеу, ойластыру арқылы құрылады.

Құрылымы дегеніміз – еңбекті (жұмысты) адамдарға кездейсоқ бөлу арқылы емес, мамандықтарына, салаларына, функцияларына, деңгейлеріне сай бөлу арқылы пайда болады. Ұйым мүшелерінің көздеген мақсатына жету үшін басқару деңгейін қисынды үйлестіру (тікелей және көлденең (көлбеу) еңбек бөлінісі арқылы) ұйымның құрылымын көрсетеді. Ұйым құрылымының түрлері кейінгі тақырыптарда толық қарастырылады.

Міндеттер жеке адамдарға емес, құрылымдағы қызмет орнына жүктеледі. Әрбір қызмет орныныңнегізгі мақсатқа үлес қосу үшін бекітілген арнайы міндеттері болады және ол белгілі бір уақытта, белгілі бір әдіспен орындалуы тиіс. Міндеттердің үш түрі болады: а) адамдармен жұмыс істеу; ә) заттармен жұмыс істеу (техника, құрал-жабдық, шикізат т.б.; б) мәліметпен жұмыс істеу. Әр қызметкер өзінежүктелген міндеттеріне сай адамдармен, мәліметпен, заттармен жұмыс атқаруы арқылы бөлімдердің және ұйымның мақсаттарын орындайды.Ұйым мүшелері өз міндетін атқару үшін сол орындалатын жұмыстың технологиясын білуі тиіс.

Технология дегеніміз – шикізатты түрлендіру жолы, яғни көздеген мақсатқа жету үшін құрал-жабдықтар мен шикізаттың, сол жұмысқа сай білімнің басын біріктіріп жұмысты орындау.Сондықтан міндеттер мен технология бір-бірімен тығыз байланыстыа. Қызметкерлер де, жұмысшылар да өз міндеттерінің орындалу технологисын жоғары дәрежеде меңгеруі қажет.Технологияның орындалу тәсілі әртүрлі болуы мүмкін, ол адамның біліміне, сол істі қандай дәрежеде меңгеруіне, тәжірибесіне де байланысты. Мысалы, А.Смиттің «Богатство народов» (1776 ж.) деген кітабында келтірілген түйреуіш (булавка) жасау технологиясын өзгерту арқылы ең бірінші өндірістік революцияға жол ашылды десе де болады. Мұнда бір түйреуішті бір адам жасағаннан гөрі біреуі сымды түзетіп, екіншісі кесіп, үшіншісі ұштап т.с.с. бірнеше адамдар өз функциясын орындаған (бір түйреуіш жасау үшін 18-дей жұмыс атқарылуы қажет) жағдайда күніне 10 ададм 48 мың дана жасайтын болған, егер бір адам өзі ғана дайындаса, онда күніне бар болғаны 20 дана жасаған болар еді. Қазіргі кезде өнім өндірудегі күрделі процестердің барлығы дерлік конвейерлік жүйе арқылы жүзеге асырылады.Технологияны жетілдіруге ағылшын ғалымдары Эли Уитни (стандартизация), Генри Форд (автомобиль жинау), Джоан Вудворд, Джеймс Томпсонның еңбектерін атауға болады.Технологияның ең тиімді түрін таңдау орындалатын жұмыс процесіне және адамдарға байланысты. Ұйымдардағы барлық жұмыс ададмдардың қатысуы арқылы ғана жүзеге асады. Ұйымдағы жұмыстардың қай түрі болмасын жақсы аты мен жаман аты сол ұйымдағы адамдарға қатысты.Сондықтан ұйымның ішкі ортасының ең басты элементінің бірі – адамдар.

Адамдардың ұйымдағы іс әрекеті үш түрлі көріністе анықталады: адамның жекебасының ерекшелігі, адамдармен қарым-қатынаста топ арасында өзін көрсетуі, сонымен бірге менеджердің жетекші, лидер ретінде өзін көрсетуі жеке адамға жәнеадамдар тобына ықпалы.Адамдар сыртқы түрімен бір-біріне қалай ұқсамайтын болса, олардың ішкі жан-дүниесі онан да өзгеше, әртүрлі болатыны белгілі. Ададмдардың мінез-құлқынан басқа олардың жұмысқа икемділігі, тәрбиесі, талғамы, діни ұғымы көзқарастары да соншалықты әртүрлі болады. Сондықтан менеджер ұйымның мақсатына жету үшін ададмдардың басты роль атқаратынын үнемі естен шығармай, адамгершілік факторын бірінші орынға қойған жөн. Ұйымның ішкі ортасының өзгеріп отыратын элементтерін талдай отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста екенін, ажырамас бірлікте ғана әрекет ету арқылы көздеген мақсатқа жетуге болатынын байқадық, оны схема түрінде былайша көрсетуге болады:

Ұйымның сыртқы ортамен байланысы. Әрбір ұйымның басшысы ішкі ортаның элементтерін реттеп, негізгі мақсатқа бағыттап отыруға міндетті екеніне сөз жоқ, бірақ ұйымның табысы сыртқы ортаның өзгерістеріне де тәуелді, себебі ұйым сыртқы ортамен үнемі байланыста болатын ашық жүйе ретінде дамиды.

Менеджер сыртқы ортаның ұйымға қалай әсер ететінін қадағалап, әртүрлі өзгерістерге бейімделіп отыруы тиіс. Сыртқы орта ұйымға тікелей және жанама әсер ететді.

Тікелей әсер ететін факторлар: Жеткізушілер (жабдықтаушылар). Ұйым барлық ресурстарды сыртқы ортадан алады. Мысалы, еңбек ресурстарын, шикізатты, техника, құрал-жабдықтарды, энергияны, қаржыны белгілі бір бағамен, белгілі бір уақыт аралығында басқа ұйымдардан алып отырады, міне осындай ресурстармен қамтамасыз етіп отыратын мекемелер жеткізушілер (жабдықтаушылар) болып саналады. Ресурстар қажет кезінде жеткізілмесе, онда ұйымның жұмысына кедергі болып, тоқтап қалады. Сондықтан олар тікелей әсер етуші фактор болып табылады.Кәсіподақ. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты көптеген мекемелерде кәсіподақ ұйымы өз жұмысын тоқтатқан жағдайлар кезедеседі, бірақ ол дұрыс емес. Ұйым мүшелерінің мүддесін қорғаушы, оларды еңбекпен қамтамасыз етіп, келісімшарттың орындалуын қадағалайтын кәсіподақ болуы тиіс. Әрбір ұйымда еңбек қатынастары заңдарының сақталуы кәсіподақ келісімі арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттік органдардың заңдары мен қаулы-қарарларын орындамаған ұйым заң алдында жауап береді. Әрбір ұйымға тән белгілі бір шектеулер, жеңілдіктер, салық төлеу міндеті, еңбек тәртібін сақтау, бухгалтерлік есеп-қисапты ережеге сай жүргізу т.б. әртүрлі заңдылықтар белгіленген. Ұйымның осындай заңдылықтар мен ережелерді уақытында орындап отыруы тиіс.Тұтынушылар. Әрбір кәсіпорынның мақсаты өндірілген өнімдерін тұтынушыларға ұсынып, олардың тілек-талабынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыру. Егер тұтынушылардың сұранысын алдын-ала зерттеп, анықтамаса, онда өнімдер сатылмай, ұйымның шығындары ақталмайды, сондықтан тұтынушылардың талабымен санасу арқылы ғана ұйым мақсатына жетеді.Бәсекелестер. Ұйым көздеген мақсатына жету үшін басқа да бәсекелес ұйымдардың іс-әрекеттерімен санасуына тура келеді. Бәсекелес ұйымдардың нарықта алатын орны, өндіріс ауқымы, сату шапшаңдығы, басты ерекшеліктері, баға деңгейі, жарнамаларының тиімділігі, жаңалығы, тәжірибесі, өнім сапасы, қызметкерлердің білім деңгейі, жалпы беделіосы ұйым үшін ерекше роль атқарады. Әрбір ұйымның бәсекелестік қабілеті жоғары болған жағдайда ғана табысқа жетеді. Сол себепті, кәсіпорын өзімен бәсекелес, даму деңгейі жоғары ұйымдардың жұмысын үнемі бақылап отыруы тиіс, бұл жағдайда кәсіпорын әрқашан алға шығып, дами түседі.Тікелей әсер ететін факторлардан басқа да, сыртқы орта ұйымға экономикалық тұрғыда, технологиялық, әлеуметтік-этикалық және саяси тұрғыда ықпал етеді.

Ұйымға жанама әсер етуші факторлар:Сыртқы экономикалық орта – инфляция, баға деңгейі, несие алу, салық саясаты, қаржы жүйесі, еңбек ақы мөлшері, жұмысшылардың білімі, кәсіби шеберлігінің деңгейі т.б. ұйымның жұмысына әсер етеді.Сыртқы технологиялық орта. Әрбір кәсіпорын технологияның соңғы жетістіктерінен хабардар болуы тиіс. Ол үшін ұйым байланыс құралдарымен толық жабдықталып, мәлімет-ақпараттар, жаңалықтар мезгілінде қызметкерлерге жетіп отыруы қажет. Технология - өнім өндіру мен қызмет көрсетудің, оған басшылық етудің маңызды элементі болып табылады. Технологияның өзгеруіне жаңаруына байланысты кадрлармен қамтамасыз ету тәсілі де біршама өзгеруі мүмкін.Сыртқы әлеуметтік-этикалық орта – адамдардың көзқарасына, тәрбиесіне, тілек-ықыласына, зиялылығы мен біліміне, сенімі мен дәстүріне қарай қалыптасады. Кез келген адам белгілі бір әлеуметтік ортада жарық дүниеге келеді, ата-ана мен балалардың қарым-қатынасы басталып, адамзат ұрпағының қалыптасу жолы басталады. Осындай күрделі құрылыс адамдар ортасын қалыптастырады және адам баласы қоғамға тәуелсіз ешқандай өмір сүре алмайды. Басшы әлеуметтік ортамен санаспай болмайды. Менеджер үшін әлеуметтік көзқарас, сенімділік, бағалылық өте маңызды:

- сенімділіктің болатын себебі мынада: жұмыс істегісі келетін адамдарда жұмыс барысында әртүрлі мүмкіндіктер болатындықтан, сол мүмкіндіктерді дер кезінде пайдалану қажет;

- бизнеске сену, кәсіпорынның басшысын бағалау, құрметтеу;

- іскерлік қызметте бәсекелестікке сену;

- жеке адамдардың діни наным-сеніміне, нәсіліне қарамастан құрметтеу;

- білімге сену және оны құрметтеу;

- қисынды процестерге ғылыммен техникаға сену;

- әртүрлі өзгерістердіңмаңыздылығына, бір нәрсені таңдаулы әдіспен істеу үшін эксперимент жасаудың қажеттілігіне сену.

Сыртқы этикалық орта әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі – іс жүзінде қолданылатын адамның жеке басының жүріс-тұрыс стандарттары жиынтығынан құралады. Ұйымға қатысты этикалық нормативтер азаматтық кодексте жазылған, ол нормативтерді әрбір қызметкер білуі тиіс (пара алу, қиянат жасау, залымдық, заңсыз ақша төлету, жағымсыз іс-әрекеттерден аулақ болу т.б.).Сыртқы саяси орта. Әрбір ұйымдағы әрбір басшы түрліше заңдармен, қаулылармен, әртүрлі комиссиялармен, ресми жаңалықтармен, сот шешімдерімен ұшырасып тұрады. Осы құжаттардың кейбіреуі жұмысшылардың, тұтынушылардың мүддесін қорғауға арналған. Кез-келген ұйымдағы басқарушының барлық іс-әрекеті кез-келген заңға немесе қаулыға қатысты және шешім қабылдар алдында басшылар заң кеңесшілерімен ақылдасады.Халықаралық жағдайлар да ұйым жұмысына әсер етеді. Мысалы, ұйым өнімдерін өткізіп немесе сол жақтан шикізат алып жүрген елдердің халықаралық жағдайлары өзгерсе, ұйымның жұмысына да ықпалын тигізуі мүмкін, сондықтан ұйым басшысы тығырықтан шығатын басқа да жолдарды қарастыруы тиіс.

Аталған факторларды ескере отырып біз «Казцинк» ЖШС кәсіпорнына SWOT талдау жүргіздік. Кәсіпорынға әсер ететін мықты, әлсіз жақтарын, мүмкіндіктер мен қауіптерін ескердік.

7 Сурет- «Казцинк» ЖШС SWOT талдау

Ескерту – автор құрастырған

Сарапшы ретінде кәсіпорынның жобаларды басқару бөліміндегі 5 сарапшыны алдық. Әр сарапшы көрсетілген факторларға маңыздылығына қарай сандық және рангтік бағалау жүргізді. Сандық бағалау (1-ден 4-ке дейін балл , бұл жердегі 4 - көп сәйкес келеді, ал 1 - сәйкес келуі төмен), рангтық бағалау ( бұл жердегі ең аз мән - 1, ал ең көп мән- 5).

Кәсіпорынның мықты жақтары:Меншікті шикізат базасының болуы, әлемдік нарық сұранысына ие , Қазақстандағы жетекші базалық өндіріс металдардын өндіру, жаңа салаларды дамыта алатын, табыстылықты жоғарылата алатын заманауи техника - технологияларды енгізу,ө ндірілетін базалық және сирек кезесетін қосылған құны бар жаңа өндірістер құру мүмкіндіктері бар, әлеуетті кен орындарының болуы.

Кәсіпорынның әлсіз жақтары: 85 % - кен металлургия өнеркәсібінің шикізаттары экспортталады, Негізгі қордардың тозу деңгейі жоғары (машиналар мен құрал-жабдықтарды, құрылыс құрылымдарын, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды4 (40-60 %)), шикізаттардың кешенді қайта өңдеудің жетіспеушілігі, отандық ғылымның өндіріспен тығыс байланысы жоқтығы, өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландырудың төмен деңгейі.

Кәсіпорынның мүмкіндіктері:Металл бұйымдарын, ғылымды қажет ететін функционалдық материалдар, арнайы қорытпалар шығару көлемін ұлғайту, металдардың ішкі нарығын мемелекеттік ынталандыру есебінен металдарды іште пайдалануды арттыру, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану, сирек металл өнеркәсібі мен қорытпалардың алу үлесін ұлғайту, технологиялық жаңартулар.

Кәсіпорын қауіптері: Тау- кен металлургия саласындағы өнімндердің шикізаттық бағытта экспортқа шығу қауіпі, ішкі энергия жеткізгіштері бағасының өсуі, ҚР металфонды мен шикізат базасының тозу қауіпі, шетелдік кен -тау жабдықтарын енгізу (отандық жабдықтарды ығыстыру), кәсіпорын қызметі мен дамуының стратегиялық жоспарларының әлсіз болуы.

 

8 Сурет – Кәсіпорынның мықты жақтары

Ескерту – автор құрастырған

 

9 Сурет – Кәсіпорынның әлсіз жақтары

Ескерту – автор құрастырған

 

10 Сурет – Кәсіпорын қауіптері

Ескерту – автор құрастырған

 

11 Сурет – Кәсіпорынның мықты жақтары

Ескерту – автор құрастырған

3.3 Өндірістік кәсіпорынның инновациялық даму стратегиясын әзірлеудің бағыттары

Қорғасын заводы. Қорғасын концентраттарын технологиялық балқыту үшін 2012 жылдан бері ISASMELTТМ үдерісі қолданылып келеді.

ISASMELTТМ үдерісінде отқа төзімді шегені бар тұрақты орнатылған пеш және суға батырылатын бір үрлеуіш қолданылады. Пешке концентраттар, отын және қождамалар үздіксіз салынып тұрады. Оттегімен байытылған ауа суға батырылатын үрлеуіш арқылы беріледі де, жоғары турбулентті астау құрайды. Осы үдерістің артықшылығы болып бір қондырғыда бірнеше технологиялық операциялардың бірігуі, ұшқыштық қосындыларды толығымен шығару мүмкіндігі, шикізатты қайта өңдегендегі икемдігі, күрделі және пайдалану шығындарын азайта отыра жоғары үлесті өнімділігі саналады. Осы үдерістің маңызды көрсеткіштері екіншілік шикізаттың біршама көлемін қайта өңдеуге тарту және Қазақстанға, шетелге аралық өнімдерді тасымалдау қажеттілігін барынша азайту болып табылады.

ISASMELTТМ балқыту үдерісі отын пайдалану жағынан біршама үнемдірек, технологиялық мүдделерге пайданылатын екіншілік энергия ресурстарын (буды) шығаруға мүмкіндік береді. Заманауи жабдықтар мен технологиялық үдерісті толығымен автоматизациялау, шикіқұрам дайындаудан балқытуға дейін қол еңбегінің үлесін анағұрлым азайтады. ISA-пештің негізгі өнімдері болып толығымен кәдеге жаратылатын құрамында қорғасын бар қож, технологиялық және аспирациялық газдар саналады. Құрамында қорғасын бар қож екі шахта пештерінің біріне келіп түседі, мұнда қож ұшыру қондырғысына жеткізілу үшін мырышты қож пайда болады; тазартылмаған қорғасын – қосындылардан тазартуға келіп түседі. Тазартылмаған қорғасын мынадай пирометаллургиялық тазартудың кезеңдеріне түседі:

• екі сатылы мыссыздандыру;

• теллурсыздандыру;

• Harris пешінде күшән мен сүрмені шығару;

• мырышты Parkes-Knowles әдісімен күміссіздендіру;

• Knoll-Betterton висмутсыздандыруы;

• сілтімен тазарту.

Бұл технология жылына 144'000 т –ға дейін тазартылған қорғасын(YKCUK), жылына 7'000 т тазартылмаған мыс, сондай-ақ аздаған көлемде селен, индий, теллур, таллий, сынап және сүрмелі концентрат шығаруға мүмкіндік береді.

Аффинаж өндірісі. Қорғасын тазарту кезінде күміссіздендіру үдерісінде алынған күмісті мырыш көбігі қайта айналымдағы мырышты құрамында күміс бар қорғасыннан бөліп алу үшін электртермиялық тәсілмен қайта өңделеді. Құрамында күміс бар қорғасын купеляция пештерінде Доре қорытпасын шығара отыра қайта өңделеді. Доре қорытпасы аффинаждалған күміс ала отыра электролиттік тазартудан өтеді. Аффинаждалған алтын Казцинк дайындаған технология бойынша екі технологиялық тәсіммен жүргізіледі: тазартылмаған алтыннан электртазартылған анодтар алу, тазартылмаған алтынды химиялық тәсілмен еріту, содан кейін таза алтынды талғамдап шөктіру. Аффинаждалған алтын құймалар түрінде шығарылады (Au құрамы 99.99%). Аффинаждау өндірісінің қуаты жылына 52 т алтын және 990 т күмісті құрайды, екі металл да Лондон бағалы металдар биржасында GoodDelivery тізіліміне енгізілген (маркасы Deer).

Мыс заводы. Мыс заводының құрылысын Казцинк 2011 жылы салды.

Нәтижесінде қорғасын және мырыш өндірістерімен бірге бір алаңшада шикізаттан тауарлық дайындығы жоғары өнімге пайдалы көмпоненттердің ең көп көлемін кешенді түрде айырып алуға мүмкіндік беретін бірегей технологиялық тәсім пайда болды. Мыс заводының технологиялық тәсімі заманауи технологиялық балқыту мен жақсы ұйымдастырылған үдерістерді біріктіреді және оның құрамына мынадай технологиялық бөлулер кіреді:

- мыс концентраттары мен өнеркәсіп өнімдерін Isasmelt (Австралия) заманауи технологиясын пайдалана отыра балқыту;

- Demag (Германия) фирмасының пештерінде штейн мен қож ала отыра электрбалқыту;

- Outotec (Финляндия / Швеция) фирмасының Пирс Смит конвертерлерін пайдалана отыра мыс штейнін конвертерлеу;

- MaerzGauchi (Германия) фирмасының пештерінде тазартылмаған мысты анодпен тазарту;

- IsaProcess (Австралия) технологиясы бойынша тазартылған катодты мыс ала отыра электролиздеу.

Isasmelt пешінде мыс концентраттары мен құрамында мыс бар айналмалы өнеркәсіп өнімдерін штейн-қож балқымасын ала отыра балқытады, штейн-қож балқымасы электрпеште құрамында 60-65 % мыс бар және құрамында алтын мен күміс бар штейн ала отыра бөлінеді. Мыс штейні Пирс Смит конвертерінде тазартылмаған мыс ала отыра қайта өңделеді. Isasmelt жүйесінің жұмыс кезінде пайда болған шаңдар мен қож Казцинктің байыту фабрикасына байыту және гидрометаллургия тәсілдерімен бағалы компоненттер әрі қарай айырып алу үшін тасымалданады. Шаңнан тазартылған газ жаңа күкірт қышқылы заводына күкіртті ангидритті кәдеге жаратуға жөнелтіледі. Тазартылмаған мыс анодпен тазартылған соң тазалығы МОК, МООК маркаларына сәйкес келетін (құрамындағы мыс 99,97% және 99,99% тиісінше) тазартылған мыс ала отыра электролизге жөнелтіледі. Мыс заводының қуаты жылына 70'000 тонна тазартылған катодты мыс, жылына 87 500 тоннаға дейін жеткізу мүмкіндігі бар. Мысэлектролитті шлам түріндегі алтын мен күміс Доре қорытпасын алу үшін купеляция бөлімшесіне жөнелтіледі.

«Казцинк»ЖШС - тің экологиядық жағдай , саясатына келетін болсақ, мысалы, энергия үнемдеу мәселелері жұмыс және даму тиімділігін көтерудің басты бағыттарының бірі болып саналады. Энергия үнемдеу технологияларының ең қызықты мысалдарының бірі ретінде Қазақстанда алғаш рет осы Казцинкте орнатылған НТ-3000 өнеркәсіптік жылу сорғысын айтуға болады. Бұл сорғы Өскемен металлургия кешені сервис цехының жылу күші бөлімшесінде химиялық су тазарту стансасында суды қыздыру үшін және электролиздің IV сериясындағы вакуум-буландырғыштарға арналған айналмалы суды суыту үшін пайдаланылады. Күрделі шығындардың өтелімдік мерзімі 2,5 жыл. Казцинктің энергия үнемдеу бағдарламасы 2015 жылға дейін жасалған. Оның алғашқы кезеңінде (2006-2009 жж.) ұйымдастыру және шығыны аз техникалық іс-шаралар атқарылды, олардың өтелімдік мерзімі 1,5-3 жыл. Қазір жаңа энергия үнемдеу жабдықтары мен технологияларын қолдану кезеңі жүріп жатыр, экономиялық тұрғыдан негізделген ескі жабдықтар ауыстырылды.

Енгізу мысалдары:

• Риддер кен байыту кешені Тишин кенішінің тұрмыстық жайларын ыстық сумен қамтамасыз ету мақсатында сығымдауыштар өндіретін жылу энергиясын кәдеге жарату, бұл сатып алынатын жылу энергиясын тұтынуды азайтуға мүмкіндік берді;

• электрқозғалтқышты басқару үшін жиілік түрлендіргіштерді орнату;

• сығымдауыш стансаларында қысылған ауа қысымын автоматты түрде реттеу жүйесі;

• электрқозғалтқышты жайлап қосу құрылғысы;

• заманауи жылуоқшаулағыш материалдарды пайдалану;

• технологиялық үдерісті автоматты түрде басқару жүйелері;

• энергиялық тиімді жарық көздерін орнату.

Технологиялық үдерістерге энергия пайдалану тиімділігі тұрғысынан үнемі талдау жүргізіліп тұрады, ал бұл энергия үнемдеуде басымды бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді, болжамдар мен есептер бойынша ең көп қосынды экономиялық тиімділікке жеткізеді.

Құрамында күкірт бар газдарды кәдеге жарату: Казцинк Өскемен қаласы атмосфералық ауасының құрамындағы күкірт диоксидін зиянсыз санитарлық нормаға дейін азайту бойынша басты табиғатты қорғау міндетін шешті. Мырыш өндірісінің газдарын қайта өңдеу бойынша күкіртқышқылы цехы жаңартылды, Хальдор Топсе фирмасының технологиясы бойынша қорғасын заводының аглогаздарын кәдеге асыруға арналған екінші күкіртқышқылы қондырғысы салынып, пайдалануға берілді. Айзасмелт экологиялық таза пешті енгізумен қорғасын өндірісі жаңартылды және мыс өндірісі газдарынан MECS технологиялары негізінде күкірт қышқылын алу бойынша үшінші қондырғы енгізілді.

Газдарды шаңдардан тазарту: Өскемен металлургия кешенінде атмосфералық ауаға шығарылатын қатты заттар шығарындыларын азайту және шаңнан екінші қайтара металл алу үшін 3 шаңтұту бөлімі жұмыс істейді. Бүгінгі күні Казцинк күрделі тазарту бөлімшесіндегі барлық 7 сүзгіні қайта құрылымдауды аяқтады, бұл ауыр металдардың шығарындысын 6 және одан да көп есе азайтуды қамтамасыз етті және қала ауасындағы олардың концентрацияларын санитарлық нормадан анағұрлым төмендетті.

Күшәнді залалсыздандыру: Өскемен металлургия кешенінің шикізатындағы күшән қорғасын өндірісінде кальций арсенаты мен арсениті түрінде шығарылады және арнайы қоймада жинақталады. Казцинк жаңа технология жасап, скородит табиғи минералы түріндегі экологиялық тұрғыдан қауіптілігі азырақ темір арсенатын ала бастады.Құрамында күшәні бар қалдықтар бұрынғы Семей сынақ полигонының шығыс бөлігінде, «Балапан» учаскесінде салынған арнайы жинақтауышқа орналастырылады. Жоба 50х200 метрлік карталардан тұратын арнаулы инженерлік құрылым болып табылады.Карталар шаң өткізбейтін көпқатпарлы экранмен жабдықталады, ол топырақ пен жерасты суларына қалдықтың өтпеуіне 100% мүмкіндік береді.Бұрынғы техногендік әсер бұл учаскедегі жерлерді ауылшаруашылығына пайдалану мүмкіндігін жойды. Дегенмен, аумақ қалдықтарды сақтауда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолайлы. Саздың табиғи қабаты мен сүзгілеу коэффициенті аса төмен кен құрамындағы жыныстар қосымша табиғи экран болып табылады, ол топырақ пен жерасты суларына зиянды заттектерді өткізбейді. Ыза сулар 20 метрден астам тереңдікте тұнады. Бұл факторлардың барлығы да қалдықтардың қоршаған ортаға зиянды әсер тигізуіне жол бермейді.

Тишин кеніші шламдарын қайта өңдеу: Казцинк өзінің құрылу кезеңінде Тишинск кенішінің кендерін ұсату және байыту цехының біршама мөлшердегі шламдарына ие болған. Көптеген жылдар бойы аталған материал қатырылған күйде қысқы 6 ай бойы Риддер байыту фабрикасына тасымалдау қиыншылықтарына және оны қайта өңдеуге қойылған жеке талаптардың салдарынан кенішке жақын орналасқан аумақтағы қоймаға салынған. Ашық ауада сақтау кезінде ерітінділеу қаупін азайту үшін Казцинк байыту фабрикасының жеке флотациялық секциясында қайта өңдеуге материалды тасымалдар алдында оны зиянсыздандыру үшін сүзгілеу қондырғысын орнатты. Сонымен қатар жинақтау қоймасындағы қатпарланып қалған шалмдарды кәдеге жарату бойынша жұмыстар аяқталуда.

Зырян байыту фабрикасын қайтарымды сумен жабдықтау: Зырян байыту фабрикасы осы күнге дейін кенді өңдеу үшін таза суды пайдаланып келген, ал технологиялық ақаба суды Бұқтырма өзеніне құяр алдында биологиялық әуітте тазартудан өткізілген. Қалдықтары бар төгілетін су үдеріске қайтарылмаған. Казцинк қалдық қоймасынан суды қайтару есебінен байыту фабрикасын сумен қамтамасыздау жобасын жасады және іске асырды, нәтижесінде таза суды алу көрсеткіші ең төменгі мөлшерге жеткізілді және өзен алабына ақаба суды төгу көрсеткіші азайтылды.

Су ағындыларын бейтараптандыру: Риддер металлургия кешенінің мырыш өндірісінде электролиттік және күкіртқышқылы бөлімшелерінің ақаба суларын Тынық өзеніне төгу алдын ала тазартусыз жүргізілген. Казцинк жұмыс істеу кезеңінің басында қышқыл ағындыларды бейтараптандыру үшін әктасталған сүзгіні құрған, одан кейін заманауи тазарту имараттарын салды және қазірде пайдалануда. Металлургия кешенінде ағындыларды зиянсыздандыру бойынша екінші имараттарды енгізу 60%-дан толық сумен қайтарымды қамтамасыздауға ауыстыру бойынша мырыш өндірісінің су шаруашылығы жүйесін қайта құру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Өндірістің ағымдағы және жиналған қалдықтарын екінші рет қайтадан өңдеу: Қалдықсыз өндіріс бағдарламасын іске асыра отырып, компанияның кен байыту кешендерінде жеңіл фракция, кен жынысы, металлургия қождары толық көлемде, кен флотациясы қалдықтары -ішінара, шахта қуыстары мен кеніштердің кен массивінің құлау аймақтарын толтыруға пайдаланылып, кәдеге жаратылады. Жеке қалдықтарынан басқа, кешен байыту фабрикасының Ескі қалдық қоймасында ежелден сақталған кен қалдықтарының құмдарын екінші қайтара қайта өңдейді.

Өскемен металлургия кешені: Өскемен металлургия кешеніне қуаттылығы 190'000 т/жыл. мырыш заводы, қуаттылығы 144'000 т/жыл. қорғасын заводы және аффинаж өндірісі кіреді. Өндірістік алаңша Өскемен қаласының ішінде Казцинк басқармасының жанында орналасқан; барлық үш өндіріс ортақ инфрақұрылымға ие.

Мырыш заводы. Мырыш заводы стандартты технологияны қолданады: ерітінділерді, электролиздерді – аздаған ерекшеліктермен күйдіру, сілтісіздендіру және тазарту. Завод өткен ғасырдың 60-жылдары ескі мырыш заводының (қазіргі уақытта пайдаланудан шағарылған) қуатын арттыру үшін салынған болатын, бара-бара кеңейтіліп, қазіргі өнімділікке жетті – жылына 190'000 т тауар түріндегі мырыш (металл мырыш, мырыш-алюминий қорытпасы, мырыш сульфаты). Завод үшін шикізат болып Малеев кеніші мен (құрамындағы мырыш орта шамамен 53.5%) басқа кәсіпорындардың сульфидті мырыш концентраттары саналады. Концентраттар қайнатылған қабат күйдірінді пештерінде күйдіріндіні оттегімен байытылған үрлеуді қолдана отыра қайта өңделеді. Күйдіру пештерінің пайдаланылған газдары жанасу тәсілімен алынады да, күкірт қышқылына айналады, ал күйдіру өнімі мырыш күйдіріндісі пайдаланылған электролитпен сілтісіздендіріледі. Мыс пен кадмийден тазартылған соң алынған ерітіндіден электролиздеу арқылы катодты мырыш алынады. Мырыш сүзінділеріндегі мырыш пиро-металлургия тәсілімен, немесе вельцпеште тікелей сүзінділерден алынады, я болмаса қожұшыру қондырғысында қорғасын заводының шикіқұрам құрамында сүзінділерді балқыту кезінде пайда болған қождан алынады (технологияны таңдау мырыш концентраттарындағы бағалы металдар құрамына байланысты). Мырыш сүзінділеріндегі мырыш вельцпеште вельцұшыруды алумен қоса пиро-металлургия тәсілімен аршылады. Қорғасын өндірісінде мырышты қождарды қожұшыру қондырғысында қайта өңдеуден алынған вельцвозгондар және қожвозгондар пайдаланылған электролитте сілтісіздендіріледі, хлор, күшән және сүрме қосындыларынан тазартыла да, өртендіні сілтісіздендіру циклында жөнелтіледі. Мырыш катодтары индукция пештерінде құймаларға, Джумбо блоктарына қайта балқытылады немесе қорытпалар өндіру үшін пайдаланылады да соңғы тұтынушыға жөнелтіледі.

Материалдық-техникалық жинақтау кешені: Компания бөлімшелеріне материалдық-техникалық ресурстарды шығынды аз шығара отыра қажет уақытта, қажет жерде, талап етілетін көлемде және тиісті сапада алуды қамтамасыз етіп беру. Материалдық-техникалық ресурстарды сапалы түрде және уақытында қабылдауды, есепке қоюды, сақтауды, босатуды ұйымдастыру. Материалдық-техникалық ресурстарды сақтап тұруға жағдайлар жасау және оларды орындау. Қойма қорларын оңтайландыру.

Казцинк-Ремсервис: Казцинк-Ремсервис қызметінің жетекші бағыты – тапсырыс берушінің негізгі құралдарын жұмыс күйінде күтіп ұстау. Кәсіпорын энергетика жабдықтарын, химиялық, кен-шахталық, металлургия жабдықтарын, көтергіш құрылыстарды, қазандықтарды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбыр жолдарын, бұрғылау және геологиялық барлау жабдықтарын жөндеуді және техникалық қызмет көрсетуді, түсті және қара металлдардан құймалар өндіруді, негізгі құралдардың техникалық жағдайларын диагностикалауды (бақылауды бұзбау әдістерін қолданумен) жүзеге асырады.

Казцинк-Транс: Казцинк-Транстың негізгі тапсырмасы Казцинктің технологиялық үдерісін автомобильмен тасымалдауды қамтамасыз ету болып табылады. кендер мен концентраттарды, металлургияның өнеркәсіптік және үйінді өнімдерін, реагенттерді және материалдарды, сонымен қатар, жолаушыларды зауыт ішінде де және қалааралық тәртіпте тасымалдау кәсіпорынның 686 штаттық бірліктегі автопаркты құру мен бақылау және басқару жүйесін орнату сұрақтарында мұқият болуды талап етеді. Объем грузоперевозок Казцинк-Транстың жүктасымалдау көлемі сағатына 1'530'000 м жеткен және жылдан жылға анағұрлым артуын жалғастыруда. Оның еншілес кәсіпорыны Казцинктің риддердегі, өскемендегі және зыряндағы бөлімшелеріне қызмет көрсетеді.

Казцинк-ТемірТранс: Барлық теміржол жолдарын, жүк терминалдарын және Шығыс Қазақстаннның үш қалаларында орналастырылған компанияның теміржол жылжымалы құрамдарын біріктіреді. Казцинк-ТемирТранс – белсенді дамып келе жатқан кәсіпорын, көлікпен жабдықтау тиімділігін экстенсивті және қарқынды әдістермен радикалды түрде арттырды деп танылған. Теміржол жолдарының ұзындығы 117 км құрайды, тепловоздар паркінде 27 бірлік тепловоз бар, вагон паркінің есебінде 1490 бірлік бар және кеңеюін жалғастыруда.

Казцинктех: Негізгі өндірістік кешендердің үш жобалау бөлімшелерін біріктіру жолымен 2004 жылы Казцинк Казцинктех мамандандырылған инжинирингтік кәсіпорын құрды. Бұл бөлімше жұмыста ең жоғарғы халықаралық стандарттарды сақтай отыра, кен-байыту және металлургия өнеркәсібіндегі жобалау жұмыстарының барлық кезеңдерін толығымен орындайды. Жобалау жұмыстарын орындауда тәжірибесі мол үш жобалаушы бөлімшелерінің бірігуі, олардың инжинирингтік кәсіпорын құрамында одан әрі дамуы жаңа мақсаттар қоюға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның болашақтағы мақсаты – бастапқы жобадан нысанды «кілтімен» тапсыруға дейінгі жобаларды іске асыру кезеңдерін толығымен жүзеге асыру.

Казцинк-Энерго: Казцинк-Энерго қызметінің негізгі түрі Казцинк бөлімшелері үшін жеке электр желілері бойынша электр энергиясын беру және тарату болып табылады. Казцинк-Энерго пайдалану жұмыстарын, торап электржабдықтарын сынау және диагностика жүргізуді жүзеге асырады, энергетикалық нысандарды жаңғыртады және қайта жаңартады.

Казцинк-Геологиялық барлау: Казцинк, өзінің ұзақмерзімді келешегі стратегиясын анықтай келе, жұмыс істеп тұрған тау-кен және металлургия кәсіпорындарын жеткілікті шикізат базасымен қамтамасыз етуге айрықша назар аударып келеді. Алға қойылған міндеттерді тек кен-байыту кешендері төңірегінде ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның басқа да өңірлерінде шешу үшін осы мақсатта «Казцинк-Геологиялық барлау» департаменті құрылды. Қазіргі кезде іздестіру және геологиялық барлау жұмыстары жүргізілетін келісімшарт аумағы 4 000 шаршы км-ден астам.

Казцинктің геологиялық қызметі шешетін міндеттер:

– ескі кен алқаптары шектерінде бұрыннан белгілі және жаңадан анықталған мырыш, мыс, алтын және күміс кен орындарын қайта бағалау, егжей-тегжейлі барлау және пайдалануға тарту. Мақсат – кеніштердің ұзақмерзімді, ырғақты жұмысын қамтамасыз ету және шағын қалалар мәселесін шешу;

– Қазақстан аумағында, жаңадан сатып алынған келісімшарт алаңдарында жаңа мырыш, мыс, алтын және күміс кен орындарын іздестіру және белгілі кен орындарын барлау. Жұмыстар металлурги кешендерінің шикізат базасын толықтыруға бағытталған;

– кен орындарын геологиялық-экономикалық бағалау. Кен орындары қорларын есепке алу, сынақтан өткізу, балансқа қою және бекіттіру.

Алға қойылған міндеттерді шешуде халықаралық стандарттар мен технологиялар базасындағы ең жаңа компьютерлік бағдарламалар мен заманауи геологиялық-экономикалық үлгілеулер пайдаланылады.

Риддер байыту фабрикасы: Риддер кен байыту кешені Тишин және Риддер-Сокольный кеніштерінің барлық кендері, қайта өңдеуге енгізілген ескі қалдық қоймасының құрамында алтын бар қалдықтары, сонымен қатар жақын орналасқан Шубинский кенішінің кені Риддер кен байыту фабрикасының жекелеген секцияларында қайта өңделеді. Қайта өңдеуге түскен кендердің алуан түрлеріне (құрамында мырыш, қорғасын және мыс бар сульфидті кеннен кварцті алтын мен құрамында алтын бар қалдықтарға дейін) байланысты байыту фабрикасында бірнеше технологиялық тәсімдер қолданылады. Мырыш концентраттары Риддер металлургия кешеніне жеткізіліп тұрады, қорғасын мен алтын концентраттары қорғасын заводына, ал мыс концентраты – Өскемен металлургия кешенінің мыс заводына қайта өңдеуге жөнелтіледі. Қалдықтар гидравликалық тәсілмен қаладан 4 км қашықтыққа Талов қалдықтар қоймасына айдалады, оның суы технологиялық үдеріске қайтарылады.

Риддер металлургия кешені: Риддер металлургия кешені мырышты Өскемен кешені сияқты стандартты гидрометаллургиялық тәсілмен өндіреді, қайнатылған қабат пештерінде күйдіріндіні кезегімен қолдана отыра, ерітінділерді гидролиттік және цементациялық тазартумен қоса электролиздерді пайдаланылған электролитпен екі сатылы сілтісіздендіру. Негізгі айырмашылығы мырыш сүзінділерінің тек қана вельпештерде қайта өңделетіндігінде, ал Өскеменде сүзінділердің бір бөлігі қорғасын өндірісінде қайта өңделеді. Завод жылына 110'000 т ең жоғарғы маркалы металл мырыш пен мырыш-алюминий қорытпасын шығарады. Күкіртті газды кәдеге жарату үдерісінде кәсіпорын өндіретін күкірт қышқылы сатылады.

Тишин кеніші: Тишин кеніші Риддер қаласынан оңтүстікке қарай 15 км қашықтықта орналасқан, оның аумағынан Өскемен – Риддер автотрассасы өтеді. Кеніш құрамында орта есеппен 4,6% мырыш және құрамында барлығы 1% мыс және қорғасын бар 1.4 млн. т полиметалл кендерін өндіретін жерасты өндірісі болып табылады. Өндіру өздігінен жүретін жабдықтар арқылы, көбінесе камералық қазымдау және толтырмалау тәсілімен жүргізіледі. Ауыр суспензияда байыту цехы жер бетінде орналасқан, ол 20%-ға дейін бос жынысты шығарып тастайды. Кен одан әрі теміржолмен Риддер кен байыту фабрикасына тасымалданады. Ауыр суспензияларда бөліну кезінде пайда болған жеңіл фракция толығымен толтырмалау қоспасын дайындауда қолданылады.

Риддер-Сокольный кеніші: Риддер-Сокольный алтын кеніші Риддер қаласының шетінде, орталықтан шамамен 3 км қашықтықта орналасқан, ол тікелей байыту фабрикасының аумағымен жанасып тұр. Кеніште жылына 2,3 млн. т құрамында орта есеппен алтын мен 3,50 т/ж деңгейдегі шартты алтын бар кен өндіріледі. Риддер-сокольный кендері қайта өңделген соң алынатын негізгі өнім – мырыш және мыс концентраттары жолай өндірісінің аздаған үлесі бар гравитациялық және флотациялық құрамында алтын бар концентраттар. Шамамен 70% кен жанас жынысты құлату этажасты (және жартылай - этаж) жүйелерімен, 30% кен – толтырымдаумен қоса камералық жүйемен өндіріледі. Мынадай жылжымалы технологиялық жабдықтар қолданылады: ысырмалы шығырлар, перфораторлар, бұрғылау білдектері.

Шубинск кеніші: Жылына құрамында орта есеппен 0.23 г/т алтын, 12,6 г/т күміс, 1,33% мыс, 0.33% қорғасын және 2,03% мырыш бар 190'000 т кен өндіретін шағын жерасты өндірісі. Кеніш Риддер кен байыту кешенінің байыту фабрикасынан 15 км қашықтықта орналасқан. Өндіру толтырымдаумен қоса этажасты-камералық жүйені қолдана отыра жүргізіледі, негізгі технологиялық жабдық – ысырмалы шығырлар, қол перфораторлары және бұрғылау білдектері. Кеніште өздігінен жүретін жабдықтың көмегімен кеннің 80%-ы өндіріледі, 20%-ы қол жабдығының көмегімен өндіріледі.

Казцинк-Шахтострой: Қазіргі заманғы шахта салу кәсіпорыны. кен-күрделі құрылыс, геологиялық барлау, кен-дайындау, монтаждау және электржөндеу жұмыстарының барлық спектрін қамти отыра, кенді кенорындарының жерасты және жер үстіндегі нысандары құрылысын салуды жүзеге асырады. Бұдан басқа, Казцинк-Шахтострой ағаштан өңделіп жасалған кең өнімдер номенклатурасын, бетондар мен ерітінділердің әртүрлі маркаларын шығарады. Казцинк-Шахтострой бөлімшелері Риддер және Зырян қалаларында орналасқан.

Казцинкмаш: Казцинкмаш көп функциялы ірі кәсіпорын, ол өнеркәсіптік өнімнің көптеген номенклатурасын шығарады: кен өндіру, байыту және металлургия кәсіпорындарының жабдықтарына арналған қарапайым қосалқы бөлшектерден бастап кең көлемді және күрделі механизмдер мен агрегаттарға дейін, кенқұдықтардың марганецті болаттан жасалған шегенінен флотация машиналарына дейін, шарлы немесе өзекті диірмендер, конус ұсатқыштар, қыш сүзгілер мен ультрамайдалап ұнтақтауыш диірмендер шығарады. Бұдан басқа Казцинкмаш кен өндіру жабдықтарын күрделі жөндеуден өткізеді. Осы бөлімшенің басты міндеті – басқа тапсырыс берушілерді тарта отыра Казцинкті машиналардың тетіктерімен және түзілімдерімен экономикалық қамтамасыз етіп тұру.

Зырян кен байыту кешені: Зырян қаласының шығыс жағындағы шетінде орналасқан Зырян кен байыту фабрикасы ең алдымен Малеев кен орнының полиметалл және мысты-мырышты кенін, сонымен қатар Александровский кен орнының Грехов кен аймағының кенін қайта өңдейді. Байыту фабрикасының құрамына ауыр суспензиядағы кенді ұсату және байыту учаскесі, ұнтақтау және флотация, қоюлату және сүзгілеу учаскесі, әк заводы бар реагент учаскесі, қалдықтар шаруашылығы, тәжірибелік учаскесі, мыс купоросын өндіру учаскесі кіреді. ЗКБК БФ-нда кендерді қайта өңдеу мына тәсіммен жүргізіледі: алдын ала ауыр суспензияда байыту арқылы кенді үш сатымен ұсату (кенді көп мөлшерде өндіру кезінде болатын құнарсыздануға қажетті бос жыныс бөлу үшін), пайдалы минералдарды кезеңаралық флотациялау, концентраттарды қоюлату мен сүзгілеу арқылы екі сатылы ұнтақтау тәсімі. Басқа минералдармен байланысы жоқ алтын № 1-2 алтын іздестіру секцияларына орнатылған гравитациялық столдар мен ортадан айналғыш концентраторлардың көмегімен алынады. Кенді қайта өңдеудің қалдықтары болып байыту қалдықтары мен жеңіл фракция саналады. Байыту қалдықтары гидравликалық тәсілмен қаладан 5 км қашықтықта орналасқан қалдық қоймасына айдалады.

Малеев кеніші: Казцинктің ірі жерасты кеніші болып табылатын, әу бастағы өнімділігі жылына 1.5 млн. т болған Малеев кеніші 2000 жылғы маусымда пайдалануға берілді. Кеніш 2001 жылдың соңына қарай жылына 2.25 млн. тонна өнімділікке дейін ұлғайтылды. Кендегі металдардың орташа құрамы мынандай: Zn – 5,96%, Си 1,79%, РЬ - 1.13%, Аи - 0.56 ж/т, Ад – 69,94 ж/т. Кеніш толтырылатын қабатасты-камералық жүйесін пайдалана отырып, өздігінен жүретін кен өндіру жабдықтарын қолдана жұмыс істейді.

Кеніште Казцинктің мырыш және мыс концентраттарының үлкен бөлігі өндіріледі, соған қарамастан олардың алғашқысы Өскемен мырыш заводын шикізатпен толық қамтамасыз етеді, ал екіншісі компанияның жалпы өндірілетін мыс концентраттарының 85%-ын құрайды. Жабдықтарға техникалық күтім көрсету жерастындағы жөндеу пункттерінде, толтырғыш қоспаларын дайындау жер үстіндегі толтыру кешенінде дайындалады. Басқа кеніштердегі сияқты бұл өнеркәсіп алаңшасында да кенішті жылытылған ауамен қамтамасыз етіп тұратын қазандық орналасқан. Малеев кеніші Зырян қаласынан шығысқа қарай 18 км қашықтықта орналасқан және қаламен технологиялық трасса арқылы байланысады (оның бір бөлігі - бетондалған, бір бөлігі – тапталған қиыршықтас), кен тасымалдау үлкен жүккөтергіш автомобильдермен атқарылады.

Бұқтырма гидроэнергетика кешені: Бұқтырма гидроэлектростанциясы Ертіс өзенінде, Серебрянск қаласынан ағыны бойынша жоғары қарай 5 км қашықтықта орналасқан. Электрстанцияда әр қайсысы 75 мВт 9 агрегат орнатылған, қосынды қуаты 675 мВт. Казцинк құрамына ұзақ мерзімді концессия шарттарында кіретін электрстанция Қазақстан ұлттық энергетика жүйесіне бірікті және энергия берілісін реттеп тұратын шарықтау шегіне жеткен электрстанция болып табылады. Станция жылына 2.4 млрд кВт/сағ. электр энергиясын өндіріп, компания қажеттілігін 100% қамтамасыз етіп тұрады.

Шаймерден кеніші: 2004 жылы Казцинк Қазақстанның Қостанай облысында орналасқан «Шаймерден» кен орнын қазымдау құқына ие болды, оның кендегі орташа құрамы 21,12 % болатын мырыш бойынша расталған қоры 927 200 тоннаны құрайды. «Шаймерден» кен орнындағы кен тотыққан күйде болғандықтан ол байытуды қажет етпейді, сондықтан ол тікелей Риддер мырыш заводының вельцпештерінде қайта өңделеді, өнімділігі Шаймерден кенінен жылына 60 000 тоннаға дейін металл мырыш алынады.

Altyntau Kokshetau: Altyntau Kokshetau – кен байыту кешені Ақмола облысындағы Васильковск алтынкенді кенорны базасында орналасқан, қорлары шамамен 360 тоннаны құрайтын Қазақстандағы ең ірі Васильковск алтын кенорнын қазады. Altyntau еншілес кәсіпорнының тарихы «Васильковск алтыны» жобасынан басталды, бұнда өндіру, байыту және металлургия бойынша үздік әлемдік технологияларды қолданумен Казцинктің металлургиялық қайта бөлісуінің технологиялық мүмкіндіктерімен «Васильковск КБК» АҚ кен байыту қайта бөлісуін біріктіреді.

Васильковск кеніші Ақмола облысы Көкшетау қаласынан 17 км қашықтықта орналасқан. Өндірістік қуаты – жылына 8 млн. тонна құрамында алтыны бар кен. Кенді өндіру аршылған жыныстарды сыртқы үйінділерге шығарумен құрама автомобильді конвейерлі көлікті пайдалана отыра қазудың тереңдетілген жүйесін пайдалану арқылы карьерлік тәсілмен жүргізіледі. Кенорнын аршу шиыршықты жол түріндегі ішкі орлар қазумен жүргізіледі. Карьер Қазақстандағы алтын өндіру саласында жалғыз алтын өндіруші болып табылады.

Кенорнын қазу тарихы қырық жылдан астам уақытты алады. Кәсіпорын 1963 жылы құрылған болатын. Кендегі металлдың шоғырлануы тым аз және де бертінге дейін осы жерде алтын өндіру тиімсіз деп саналып келді. 2006 жылы компанияға менеджерлердің жаңа командасы келді, кәсіпорынның жаңа бизнес-жоспарын дайындау және инвесторларды іздестіру басталды. Жұмсалған еңбек зая кеткен жоқ, бір жарым жыл бұрын Васильковск кенішінде мүлдем жаңа кен байыту комбинатының құрылысын салу басталып кетті. Аз уақытта озық кәсіпорын бой көтерді. Бұл ескі өндіріске қарағанда 20 есе қуатты болды. Швейцариялық Glencore International AG компаниясының бақылауындағы «Altyntau Kokshetau» акционері – Казцинк компаниясы 2009 жылы алтын өндіру көлемін бір жыл бұрынғы 135.751 тройск унцийден 231.259 тройск унцийге арттырды. Өндірістік үдерістегі негізгі өзгеріс флотация, гравитация, циандау сияқты кендерден алтын алудың дәстүрлі операцияларын қолдана отыра күрделі құрама технологияны енгізу болды.

Орион Минералс: «Орион Минералс» ЖШС-нің Комаровское кен орнының жер қойнауын пайдалану құқы бар. Комаровское алтын кен орны Қостанай облысының Жітіқара ауданында, Жітіқара қаласынан 10 км жерде орналасқан. Комаровское кен орнының қорлары карьерлер контурларында 50 т алтын деп бағаланған. Кеніштің жылдық өнімділігі – кенді шоғырлай сілтісіздендіруге үюге және сатуға арналған қажеттілікке қарай жылына 700 000-1 000 000 тонна. Ақырғы өнім – Доре қорытпасы. Қорларды жете барлау жүргізілуде.

Жәйрем КБК: Жәйрем кен орны Қарағанды қаласынан 360 км жерде орналасқан. «Жәйрем КБК» АҚ марганец, темір-марганец және барит концентраттарының ірі жеткізушісі болып табылады. Жәйрем КБК ресурстарының минералдық базасы басқаларды қоспағанда барит, қорғасын, мырыш пен күміс шоғырлары бар Жәйрем кен орнын және Үшқатын 3 темір-марганец барит-қорғасын кен орнын қамтиды.


ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының индустриалдық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясына сәйкес өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарлар , жұмыстар және қызметтер өндірісі мемлекет индустриалдық – инновациялық саясаттың басты нысаны болып табылады.

Өнеркәсіптің салалық құрылымын жетілдіру үшін бірқатар әдістемелік бағыттарды іске асыру, оларды бағалаудың көрсеткіштер жүйесін таңдау, сонымен бірге құрылымдық өзгерістерді болжау әдістерін анықтау қажет болады. Әдістемені жасаудың мазмұнын қарастырып көрейік: 1) өнеркәсіптің қазіргі жағдайын талдау жүргізу; - жалпы негізгі құндық және натуралдық көрсеткіштердің динамикасын талдау, соның ішінде салалар және ірі кәсіпорындар бойынша өнеркәсіптік өндірістің құрылымдық қозғалыстарын талдау; - кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандарының және меншік қатынастарының өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі мен динамикасына әсерін зерттеу; - өнеркәсіптік кәсіпорынның нақты жағдайын экспресс –талдау ; 2) 2016 жылға дейін өнеркәсіптің даму тұжырымдамасын жасау - өнеркәсіптің құрылымын қайта құрудың болжамдық мерзімінің кезеңін және ұзақтығын, мазмұнын негіздеу; - өнеркәсіпке қатысты жетекші және үкіметтік құрылымның өнеркәсіптік саясаттың тұжырымдамасын талдау; - өнеркәсіптік өндірістің құрылымын қайта құруды жүзеге асыру механизмдерін жасау (қаржы-несиелік, салықтық, амортизациялық және инвестициялық саясат, протекционизм, тік интегрленген компаниялар, қаржы-өнеркәсіптік топтар, агроөнеркәсіптік корпорациялар және т.б.); - нарықтағы орнын және бәсекелестік стратегиясын анықтау арқылы өнеркәсіптік кәсіпорынның топтамасы (кәсіпорындар – виоленталар, патиенттер, коммутанттар, эксплеренттер); - кәсіпорынды таңдау – мемлекеттік қолдау объектілері; - қайта құрылымдық өзгерістерге және өмір сүруге қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін құру сияқты бөлімдерден тұруға тиіс. 3) Өнеркәсіптік кәсіпорынның инновациялық даму стратегиясын жасау. Бұл бөлімде дайындалған өнеркәсіптік саясаттың тұжырымдамасы негізінде 2003-2016 жылдар аралығында өнеркәсіпті дамытудың макроэкономикалық көрсеткіштері сан жағынан анықталады. Жеке алғанда, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесінде өнеркәсіп салаларының жұмысының келесі сипаттамасы көрініс табуы тиіс. Өнеркәсіп салаларының ерекшелігіне, өнім өндіру және өңдеудің өзіндік сипатына, техника- технологиялық құрылымына байланысты оларға қарасты кәсіпорындардағы пайдаланатын еңбек құралдары мен заттары, жұмысшылардың кәсібилігі өзгеше болады. Сондықтан да барлық кәсіпорындарға ортақ, олардың ерекшелігіне тән инновациялық даму бағдарламасы жасалуға тиіс деп ойлаймыз. Бұл бағдарламада кәсіпорынның өнім өндіру көлемі, жалпы өнім көлеміндегі қосылған құны жоғары өнімнің үлес салмағы, инновациялық жаңалығы бар өнімдердің саны, әртараптандыру жоспары, инвестиция көлемі мен оны тарту және пайдалану жобасы, инновациялық жобалар әзірлеу, кәсіпорынның техника-технологиялық құрылымын жаңарту, кәсіпорындарға келіп түсетін тапсырыстар көлемі, импортпен әкелінетін шикізат, комплект бұйымдары, машина, техника, құрал-жабдықтардың көлемі, экспортқа жөнелтілетін өнім көлемі сияқты сандық және сапалық көрсеткіштер есептелуі тиіс . Өнеркәсіптің құрылымын жақсартуда оның құрамына кіретін кәсіпорындардың индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жасау маңыздылығы жоғары. Оның негізгі мақсатына: - инновациялық жаңалықтардың мазмұнын анықтау, топтау және оларға кодтар беру; - ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру; - өндірісті ұйымдастыруда оның технико-технологиялық деңгейін талдау және болжау; - жаңалықтар мен инновациялар қоржынын қалыптастыру; - инновациялық қызметті енгізу және оның тиімділігін есептеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Инновациялық жаңалықтардың өзі түбегейлі түрде жаңадан дайындалған инновациялар, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижесінде алынған жаңалықтар, әлемдік деңгейдегі жаңалықтар, ғылыми жұмыстар жүргізу нәтижесінде алынған жаңалықтар, қайталанып отыратын жаңалықтар, өнертапқыштардың жаңалықтары негізінде дайындалған жаңа-лықтар болып бірнеше түрге бөлінеді. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарды жүргізу мына міндеттерді шешеді: қолданудың жаңа облысында, табиғат пен қоғамның даму нәтижесінде пайда болған жаңа білімдердің қалыптасуы, өндіріс саласына жаңалықтар енгізудің мүмкіндіктерінің нәтижелерін теориялық және эксперименталдық тұрғыда тексеру, жаңалықтар мен инновацияларды тәжірибеде қолдану және т.б. Аталған міндеттерді шешу үшін ресурстарды пайдалану тиімділігін көтеруге, кәсіпорынның өмір сүру деңгейін арттыруға, халықтың өмір сүру деңгейін өсіруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жаңа материалдарды, өнімдер немесе қондырғыларды, жаңа үрдістер, жүйелер және қызмет түрлерін енгізу және өндірістік өнімдерді жетілдіру жатады. Жаңа конструкторлық жұмыстар жүргізу, жаңа идеялар мен нұсқалардың жобаларын жасау, технологиялық үрдістерді ұйымдастыру, тәжірибелік үлгілерді әзірлеу және тағы басқа көптеген жұмыстарды жүргізу арқылы аталған міндеттерді шешуге болады. Өндірісті ұйымдастыру кезінде оның техника-технологиялық деңгейін талдау және болжау жұмыстарын жүргізуде өндірісті механикаландыру және автоматтандыру деңгейін көтеру, технологиялық үрдістердің прогрессивтілігін арттыру, технологиялық үрдістер мен құралдардың орташа жасын анықтау, кәсіпорын қызметкерлері еңбегін қормен қаруландыру, өндірісті мамандандыру, кооперациялау деңгейін көтеру, технологиялық құралдардың жұмыс істеу кезектілік коэффициентін анықтау, кәсіпорынның штаттық кестесін есептеу, жұмыс уақытында болатын жоғалтулардың себептерін анықтау, өндіріс қуатын пайдалану дәрежесін талдау және толық жүктелмеу себептерін іздестіру сияқты көптеген жұмыстарды жүргізу өндірісті ұйымдастырудың техникалық деңгейін көтеруге ықпалын тигізеді. Осындай жұмыстардың нәтижесі стратегиялық болжам жасауға мүмкіндік береді. Инновациялар қоржынындағы жаңалықтарды пайдалана отырып, жаңа тауарлар жасау, “ноу-хау” негізінде өндірілетін тауарларды жетілдіру, ғылыми жаңалықтарға сүйене отырып, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру, менеджмент жүйесін құру, шикізат, материалдар мен комплект бұйымда-рының сапасын көтеру және маркетингтік зерттеу шараларын жүргізу қажет. Бағдарламаның технологиялық құрылымын қалыптастыруда аяқталған ғылыми-техникалық жасалымдарды және ғылыми-зерттеу тақырыптарын зерттеу негізінде белгілі техникалық және технологиялық шешімдерді таңдаумен қатар бағдарламаның құрылымын қалыптастыру кезінде технологиялық жүйенің жобасын жасау қажет болады. Сонымен қатар, бағдарламаның құрылымын қалыптастыруда алдыңғы жылдардың негізгі инновациялық өнім өндіру проблемаларын шешу жолдары үйлестіріліп, талданады. Аяқталған жасалымдардың нәтижелерін пайдалану мүмкіндіктері зерттеледі. Отандық және шетелдік ғылыми-техникалық жетістіктер жөнінде патенттік – лицензиялық ақпараттар тиянақты түрде зерттелуі тиіс. Дәл осындай ірі инновациялық бағдарламалар негізгі үш деңгейде жасалынуы тиіс деп санаймыз: салааралық кешенді инновациялық бағдарлама; салалық кешенді инновациялық бағдарлама; кәсіпорынның инновациялық бағдарламасы. Қорыта айтқанда, отандық өнеркәсіпті жаңа сатысына көтерудің басым бағыттарына оның инновациялық әлеуетін қалыптастыру, тиімді салалық құрылымын жетілдіру, техника- технологиялық базасын күшейту жатады. Осындай басым бағыттарды жүзеге асыру үшін кәсіпорындардың инновациялық даму бағытын таңдап алуы арқылы табысты молайтуына, соның негізінде жаңа нарықтарға шығуына жол ашылады. Инновациялық даму бағыты ғылыми сыйымды өнімді өндірумен тығыз байланысты болғандықтан шығындылығы басым болады. Сондықтан тәуекелділігі жоғары мұндай инновациялық өнім өндіру үшін кәсіпорындар алдын ала жасалған экономикалық, техникалық, әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан дәлелденген бағдарламаларға сүйене отырып, дамуын анықтап алуы тиіс. Сондықтан біз ұсынып отырған кәсіпорынның инновациялық даму бағдарламасы әдістемесінде тәжірибелік тұрғыдан мәнді екені негізделді , іс – шараларды орындау бойынша ЖШС «Казцинк» кәсіпорыныныңмаңыздылығын еселеп табыстылығын арттыруға мүмкіндік береді

 


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.

2 Von Neumann J. and Morgenstern O. Theory of Games and Economic Behavior, 2nd ed. Princeton : Princeton Univercity Press.- 1947.- P. 79-84.

3 Chandler Alfred. Strategy and Structure: Chapters in the History of American Industrial Enterprise. –Cambridge, Mass: M.I.T. Press.- 1962.- P. 13

4 Ansoff H. Igor. Corporate an Analytic Approach to Business Policy for Growth and Expansion. -New York: cGraw-Hill.- 1965.- P. 118-121.

5 Hofer C., and Schendel D. Strategy Formulation: Analytical Concepts. St.- Paul: West Publishing, 1978.- P.17.

6 Learned E., Christensen R.C., Andrews K., and Guth W.D. Business Policy: Test and Cases. Homewood, III.: Richard D. Irwin.- 1969.- P.15.; Andrews K. The Concept Strategy. 3rd ed. Homewood, III.: Richard D. –Irwin, 1987.

7 Quinn J.B. Strategies for Change: Logical Incrementalism // Richard ad. Irwin, Inc.-1980.

8 Экономика: стратегия устойчивого роста. –Алматы: Агентство РК по статистике,2004.- №1.- С. 8-9.

9 Джангапарова Н. Стратегическое планирование агропромышленного предприятия. –Алматы,2005.- С.56

10 Основы инновационного менеджмента: теория и практика / под ред. Завлина П.Н.- М.:Экономика, 2000.-С.50.

11Бородин В., Бородина О. Экономико – статистический анализ и оценка состояния инновационной деятельности на промышленных предприятиях.// Механизм повышения эффективности инновационной деятельности в регионе. Сборник научных докладов 1 Международной научно – практической конференции. –Барнаул: Издательство АлтГТУ, 2005.

12Аньшин В.М. Инновационная стратегия фирмы: Учебное пособие. – М.: РЭА им. Г.В. Плеханова, 2005. – 67 с.

13 Инновациялық менеджмент Кәсіпорын: Оқу. саласындағы оқитын студенттерге арналған резерв Экономика және менеджмент/AIBazilevich; Ed. VJ Горфинкель.- М:. ЮНИТИ-ДАНА, 2010

14 Бясов К.Т. Основные аспекты разработки инвестиционной стратегии организации // Финансовый менеджмент.- 2003.- №4.- С. 70.

15 Игошин Н.В. Инвестиции. Организация управления и финансирование:учебник для вузов.- М.:Финансы, ЮНИТИ, 2000.

16 Липсиц И.В. , Косов В.В. Инвестиционный проект: методы подготовки и анализа: учебно – справочное пособие.- М.:БЕК, 1996.

17 Махлуп Ф. Теория фирмы: маржиналистские, бихевиористские и управленческие // Теория фирмы.- С-Пб , 1995.- С. 77.

18 Денисенко В.А. Инновационное направление развития современной науки об образовании. Инновации в образовании. 2006.№ 3.С. 7.

19Попов Е. Хмелькова Н. Организационные рутины предприятия: к синтезу эволюционных и системно – интеграционных подходов // Проблемы теории и практики управления.- 2004.- № 6.

20 Иельсон Р. И Уинтер С. Эволюционная теория экономических изменений – М.: Финстатинформ, 2000.

21Денисенко В.А. Инновационное направление развития современной науки об образовании. Инновации в образовании. 2006.№ 3.С. 7.

22Иванов В.В. Национальная инновационная система как институциональная основа экономики и постиндустриального общества. Инновации. 2004. № 5 С.5-6.

23Проблемы теории и практики управления.- 2000.-№ 3.-С. 40-44.

24Портер М. Международная конкуренция.-М.: Международные отношения, 1993.- С. 53.

25PorterM. E. CompetitiveAdvantade . -NewYork,1980.- P 396.

26МельниковВ.Д. Основыфинансов: учебникдлявузов.-Алматы : ТОО «Издательство LEM», 2005.- С. 375.

27Закон. Об инвестиционном фонде Казахстана.:принят 1995

28www.kazzinc.com

29Экономика: стратегия устойчивого роста. –Алматы: Агентство РК по статистике,2004.- №1.- С. 8-9.

30inform.kz

 
31.03.2018 13:43