Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15583

Негізгі құралдардың есебі

НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ
Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады.
Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін.
Өндірістік емес бағытка - жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады.
Өндірістік бяғыты бойынша - жарғылық қызметті жүзвге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (кар-тиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің кұнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген қызметтерге аударады.
Келесі топтарға бөлінеді:
а) ғимарат және құрылыс;
ә) компьютерлер;
б) көлік құралдары;
в) құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар;
г) басқа да негізгі құралдар.
Банкке негізгі құралдардың бухгалтерлік есеп үрдісіндегі келесі сұрақтарға жауап беру қажет:
1. Активтерді қай уақытта тану қажет?
2. Олар баланста қандай құнмен көрсетіледі?
3. Амортизациялық аударымдар мөлшері қандай?
4. Ақпараттарды алу үшін қандай талаптар қойылады?
16 «Негізгі құралдар» бухгалтерлік есептің Халықаралық стан-дартына сәйкес (БЕХС) актив ретінде негізгі құралдар объектісін тануга болады егер төмендегі шарттар орындалса:
-  берілген   активтен   банк   келешекте   экономикалық   пайда алады деген ықтималдық бар болса;
активтің өзіндік құны операцияларды жүргізу кезінде сенімді түрде оліпенуі мүмкін.
Банктердегі негізгі құралдар мен...
Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есеп-тегеннен кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы кұн, не қайта бағалану сомасы принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі қүралдарды бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады:
• бастапқы;
• ағымдағы;
• баланстық;
• өтімділік.
Негізгі қүралдардың бастапқы қүнына сатып алу, жеткізу баға-лары және активтерді пайдалануға дайындау үшін қажетті басқа да шығындар кіреді. Сонымен қатар Халықаралық стандарттың қаржылық есебі (16 ХСҚЕ) бойынша бастапқы қүнға өтелмеген салықтар, импорттық төлемдер де кіреді.
Егер клиентке экономикалық тиімділік алынады деп күтілсе, жаңалықтарды алуға байланысты шығындар негізгі қүралдардың ағымдық бағалық құнына қосылады.
Егер активтердің пайдалану мерзімі ұзартылса ғана банк эконо-микалық пайда ала алады.
Жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығындары оларды жүзеге асыру шаралары бойынша жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаларына сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны - бүл негізгі қүралдарды сатып алуга, жүргізуге, өңдеуге немесе жақсарту үшін нвгізгі қүралдарды сатып алумен, жеткізумен немесе жақсартумен тікелей байланысты, арнайы пайдалану үшін қажетті жағдайда орнатуды қоса есептегендеғі барлық шығындарды қамтитын төленген сомалар.
Ағымдьщ - анықталған күнге, нарықтағы сәйкес бага бойынша негізгі қүралдардың қүны.
Бяланстьщ - активтердің есеп және есеп беруінде сипат-талатын жинақталған амортизация сомасын есептен шығарғаннан кейінгі негізгі қүралдардың бастапқы немесе ағымдық қүны.
Өтімділік - бүл негізгі қүралдарды жою кезінде істен шығару бойынша күтілетін шығындарды есептегеннен кейінгі пайдалану мерзімі аяқталған уақытта туындайтын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының, қоқыстардың болжанатын қүны.
Нарықтық құнның өзгеруімен байланысты олардың құнының көбею коэффициентінің есебімен негізгі қүралдарды қайта бағалау индекстеу жүргізіледі. Индекстеу кезінде толық қайта қалыптасу құны келесі әдістердің бірімен анықталады: қайта есептеудің үсынылатын коэффициенттері немесе кезекті жылдың 1 қаңтарына жазылатын  негізгі  құралдардың  сәйкес  түрлері  мен  көрсетілген
құралдардың нарықтық құны туралы құжаттар мен сараптаушы қорытындыларына жататын бағаға сәйкестендірілетін баланстық құнды қайта есептеу. Банк өзінің негізгі құралывдағы кез келген бөлікті бір әдіспен, ал басқасын екінші әдіспен қайта бағалауға құқығы бар. Негізгі құралдардың қайта бағалануы ағымды құн бойынша жүргізіледі. Егер өндірісті алдын ала белгіленген нормативтен асырып орындаған жағдайда ғана, 16 БЕХС сәйкес негізгі құралдар объектісімен байланысты шығындар актив ретінде танылуы мүмкін. Келешек экономикалық пайданы көбейтуге әкелетін жақсартудың үлгілері:
- негізгі   қүралдардың   қуаттылығын   жоғарылата   отырьш,
пайдалану мерзімін көбейту модификациясы (модернизация);
- өндірілетін өнім сапасын айтарлықтай жақсарту мақсатында
машина бөлшектері мен буындарын игеру;
- бұрын   есептелген   өндірістік   шығындардың   қысқаруын
қамтамасыз ететін жаңа өндірістік үрдісті енгізу.
Негізгі құралдарды пайдаланғанға дейінгі алғашқы операциялық жүмсалымдар шығындар ретінде таныладьц
Негізгі кұралдардың орталықтандырылған есебі кезінде банктің бэк-офисінде негізгі қүралдар есебінің тобы бойынша әрбір бөлімшелерге шот жоспарына сәйкес келетін нұсқаумен жекелей шоттар ашылып жүргізіледі.
Франт-офистен негізгі күралдарды , кіріске алу немесе істен шығару туралы алынған мәліметтер негізінде банктің бэк-офисі, баланстан шығатын негізгі қүралдардың шығуы немесе қабылдануы бойынша өткізбелерді жүзеге асырады. Ақпарат амортизация ауда-рылып және қайта бағалау жүргізілгеннен кейін олардың баланстан тыс шотта көрсетілуі үшін банк филиалдарына жібереді. Негізгі құралдарды балансқа алу теңгемен жүзеге асырылды. Банктің бэк-офисі әр айдың аяғында ағымдағы айдың 1-күніндегі жағдай бойынша банктің негізгі қүралдарының тізімдемелерін қолма-қол екі дана етіп, банктің әрбір бөлімшелеріне есеп тобының бөлігінде басып шығарады. Бірінші данасы банктің бэк-офисінде хронология-лық тәртіппен тігіледі, екіншісін банктің филиалына жібереді. Со-дан кейін банктің бэк-офисі өндірістік төлем төленгеннен кейін ке-лесі күннен қалдырылмай төлем ордерінің қосымшасының көшір-месімен жеке шот бойынша көшірмені банк бөлімшелерінің бэк-офисіне жібереді. Бөлімшелердің бэк-офисі төлем ордерінің көшір-месінде керсетілген сомаға қосылған дербес шот бойынша көшірме алу кезінде капитал салымдары бойынша лимит қысқартылады.
Бэк-офис негізгі қүралдар есебінің әрбір тобы бойынша дербес шот баланстан тыс шотта жүргізіледі (олардың нөмірлерін бас банктің бас бухгалтериясы анықтайды). Негізгі кұралдардың келіп түсуінде әрбір түрі және әрбір құрамы бойынша бөлек түгендеу карточкалар жасалады және бағдарламалық мүмкіндік жүргізуге бо-латын негізгі құралдардың есебінің журналында сәйкес келетін жа-зу жазылады. Жазулар теңгемен тиынсыз жазылады. Түгендеу кар-точкасында олардың алынуына сәйкес заттың атауы, құжаттың деректемелері көрсетіледі. Карточкалар негізгі құралдардың топтары бойынша картотекаларда орналастырылады. Жазылған жазумен бірге банктің балансына кірістеу үшін түгендеу карточкасындағы көрсетілген барлық қажет дерёктемелер банктің бэк-офисіне жіберіледі.
Негізгі құралдарды алу
Банктің есеп саясаты бас банктің келесідей ескертулерімен банк бөлімшелері негізгі қүралдарды ақысыз өздігінен қабылдай ала ма жоқ әлде тек банктің рүқсатымен бе деген сұрақтарды қарастырады.
Негізгі құралдарды алуда жасалған келісімшарт орталықтанды-рылып төлеуінде франт-офис бөлімшелері оны төлеу үшін банктің бэк-офистерінде көрсетіледі. Жекелей есеп тәртібінде келісім-шарттың тәртібімен келісе отырып, банк бөлімшесінің франт-офисі өз кезегіндегі уақытша жауапты келісімшартты орындау үшін басшысының қолын қойып төлемді жүзеге асыруға бұйрық жазып береді және бұйрықты бэк-офис бөлімшесіне береді./
Бэк-офис келісімшарттьщ дұрыс рәсімделуііГ және төлемді жүзеге асыру бұйрығын тексеріп, содан кейін ғана келісімшартта-рымен келісе отырып сомаларды өтейді. Сондықтан қосымша құнға төленген салықтар негізгі құралдарды алумен қосымша құнға салықтарды (ҚҚС) төлеу шотында бейнелейді. Банктің есеп саясаты ҚҚС олардың қүнына кіретін негізгі құралдардың қатарын қарастырады. Банктің жауапты қызметкері төлеу алдында жасалған келісімшарттар журналының тізімінде белгілеп қояды.
'] Банктің бас бухгалтері әрбір жасалған келісімшарт бойынша банк бөлімшелеріне сәйкес келетін жекелей шарттар аіиады^
\ Банк бөлімшелерінің франт-офисі жабдықтаушылардан негізгі құралдарды алғаннан кейін айрықшалау және шот-фактура келісімінде көрсетілген негізгі құралдардың атауын, санын, баға өлшемін және жалпы құнын салыстырып қабылдап-өткізу актісін толтырады. ] Жоғарыда аталған деректемелер бірлігіне тексеріс жүргізілгеннен кейін банктің бэк-офисі алғашкы құжаттардың көшірмесін жасайды да, негізгі құралдарды кірістеудің типтік тізімдемемен соңғы есебін банктің бэк-офисі бөлімшесі көп затты қолма-қол  негізгі  құралдардың әрбір  заттарының  құнын  типтік Кт  1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»; Негізгі құралдарды алдын ала төлеу арқылы сатып алу:
• сатып алынатын негізге құралдар үшін (50% аспайтын)
алдын ала төлеу кезінде:
Дт  1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» Кт  1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;
• соңғы есеп айырысу сомасына:
Дт    1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар»
Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;
• негізгі құралдарды кірістеу:
Дт  1652 «Жер, үйлер және ғимараттар»
1653 «Компьютер жабдықтары»
1656 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар» Кт  1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»;
• құрастыруды талап ететін негізгі құралдар бойынша:
Дт 1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-
жабдықтар» ;:.
Кт   1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»;
• жүргізілген құрастыру жұмыстары үшін төлемдер:
Дт  1856 «Күрделі қаржы салымы боиынша дебиторлар»
Кт  1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;
• құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 3 және 2-нысаны
бойынша актілерді ұсынғаннан кейін құралдарды кірістеу жүзеге
асырылады:
Дт  1652 «Жер, үйлер және ғимараттар»
1653 «Компьютер жабдықтары»
1654 «Өзге негізгі қүрал-жабдықтар»
Кт   1856 «Күрделі  қаржы салымьк бойынша дебиторлар»; Сатып алынған негізгі құралдар үшін бюджетке ҚҚС төлеу
• ҚҚС есептеумен қатар негізгі құралдар үшін алдын ала
төлеу сомасына:
Дт   1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» Кт   1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»;
• негізгі құралдарды, яғни бюджетке төленген ҚҚС сомала-
рына оларды алу фактісі бойынша кіріске алу кезінде:
Дт  1851   «Салықтар   және   бюджетке   төленетін   басқа   да
міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» Кт   1856 «Күрделі каржы салымы бойынша дебиторлар»;
• Салык заңдылықтарына сәйкес салық салу айналымының
үлес  салмағы  бойынша  есептелген  ҚҚС  бойынша  жүргізілетін
есептеу сомасына:
Дт  2851  «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша
есеп айырысу» Кт   1851   «Салықтар   және   бюджетке   төленетін   басқа   да
міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу». Қүрылыс жүргізу кезінде есеп айырысу тәртібі
Негізгі құралдардың құрылысы шаруашылық немесе мердігерлік әдіспен жүргізіледі. Капитал құрылысы бойынша келісімшартта көрсетілген мөлшерде аванстың бірінші бөлігін төлеу бекітілген келісімшартта анықталған мерзімде банк бэк-офисінде жүргізіледі, ал қалған сомаларды төлеу 3 және 2-нысаны бойынша орындалған жүмыстарды қабылдау актісі мен бюджетпен қарастырылған ақша сомасы шегінде бөлімше басшысының қолы қойылған, бұрын төленген аванстарды ұстап қалудың үйлесімді есебімен нақты сома-сы көрсетілген шоттарды төлеуге ұсынылған жүмыстардың қүны туралы жабдықтаушылардан алынған анықтама негізінде жүзеге асырылады. Қатар-қатар реттік үйымдар ай сайын 27 күннен кешіктірілмей 3 және 2-нысайдағы орындалған жұмыстар актісін үсынады.
Сонымен қатар банк бэк-офисінің (бөлімшесінің) жауапты қыз-меткері төлем жүргізгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей жүргізілген төлемдер журналына белгілеп қояды.
Банктің бас бухгалтериясы әрбір мердігер бойынша төленген аванстардың сомасы есебінде бөлек дербес шоттар ашады. Капитал қүрылысы бойынша жүргізілетін шығындар есебі негізгі қүралдар-дың сәйкес топтары арқылы жүргізіледі. Келісімшарт қосымшала-рымен бірге құрылыс және жөндеу бойынша мердігерлік жұмыстармен қатар тарифхерді, калькуляцияларды, еркін сметалық есеп айрысуларды банк немеее оның бөлімшелерінің басшылары тексеріп, қолдарын қоюлары керек.
Банк (бөлімшелер) франт-офисі қарыздың нақты сомасын төлеу нүсқауларымен қатар, негізгі қүралдарды кірістеудің нүсқауларын береді, сонымен бірге келесі жағдайларды көрсетеді:
- негізгі қүралдардың жалпы сомасын;
- амортизациялық аударым әдісін;
- пайдалану мерзімі мен аударылған амортизация мөлшерін;
- өтімділік қүнын;
- негізгі қүралдарды өндірістік және өндірістік емес салада
пайдалануын.
Қүрылыстың шаруашылық әдісі кезінде банктің шаруашылық қызмет жүмысшыларымен есептесу төлем кестесіне сәйкес жүргі-зіледі. Құрылыстың мердігерлік әдісі кезінде мердігерлік үйьшдар-мен есептесу банктің жоғары басшыларымен қарастырылып, бекітілуіне сәйкес құжаттар және сметалар шегінде келісіліп жасалған шарт негізінде жүргізеді.
Егер қүрылыс банк алған материалдар есебінен жүргізілсе, онда бөлімше материал қүнын төлеу үшін материал алуға мердігердің хаты мен сенім хатының жазбаша көшірмесін банкке жібереді.
Егер күрделі жөндеу қызметінің мерзімін көбейтсе, жүргізілген жұмыстар немесе негізгі құралдардың көрсеткіштері айтарлықтай жақсарса, одан оған кеткен шығындарға мыналар жатады:
• ғимарат және құрылыс бойынша:
Дт  1652 «Жер үйлер және ғимараттар»
1860 «Басқа да дебиторлар»
Кт 1851 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу» - ҚҚС сомасында.
• автомобиль көлігі бойынша:
Дт  1654 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар» Кт  1860 «Басқа да дебиторлар»
1851 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетгі төлемдер бойынша есеп айырысу» - ҚҚС сомасында.
Негізгі қүралдардың тозуы. Негізгі құралдар құяын қайта бағалау және амортизациялық аударымдар есебінің тәртібі
Амортизацилық аударымдар мен негізгі қүралдарды қайта баға-лау құны банктің ағымдағы жылға қабылдаған бухгалтерлік есеп (есеп саясаты) әдістеріне сәйкес жүргізіледі.
6 БЕҚС 22 бөліміне сәйкес амортизацияларды есептеу үшін келесі әдістер қолданылуы мүмкін: құнды бір қалыпты (түзу сызық-ты) есептен шығару, құнды орындалған жұмыс көлеміне үйлесімді түрде есептен шығару (өндірістік әдіс), құнды сан бойынша есептен шығару (шоғырланымдық әдіс), қалдықтың кему әдісі.
Қүнды бір қалыпты (түзу сызьіқты) есептен шығару әдісі. Осы әдіске сәйкес объектінің амортизацияланатын қүны оны пайдалану мерзімі ішінде бір қалыпты есептен шығарылады. Әрбір мерзімге амортизациялық аударымдар сомасы пайдалану объектісінің есеп айырысу мерзімінің санымен амортизациялық құндарды бөлу жолы-мен есептеледі. Амортизация мелшері тұрақты болып табылады.
Мысалы, банк бастапқы құны 100 мың теңге болатын ксерокс сатып алды, оның 5 жыл пайдаланғаннан кейінгі өтімділік құны 10 мың теңге. Бұл жағдайда жылдық амортизация амортизациялық аударым құнынан 18 пайызды немесе түзу сызықты есептен шығару әдісіне сәйкес 18 мың теңгені құрайды. Бұл есептеулер келесі жолмен жүргізіледі:
Бастапқы құн - етімділік құны   _ қызмет ету мерзімі
=18000 теңге
100 000 теңге - 10 000 теңге
5
5 жыл ішінде амортизацияны аудару 12-кестеде көрсетілген.
Дт 1692 «Үйлер және ғимараттар бойынша есептелген аморти-зация»
1693 «Компьютерлік   жабдықтар   бойынша   есептелген
амортизация»
1694 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар бойынша есептелген
амортизация»
Кт   1652 «Жер, үйлер және ғимараттар»
1653 «Компьютер жабдықтары»
1654 «Өзге де негізгі қүрал-жабдьщтарң;
•  қайта бағалау сомасының қалған барлық сомасына:
Дт 3540 «Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау резервтері»
Кт 3599 «Бөлінбеген таза кіріс (өтелмеген шығындар)».
Егер келешекте негізгі құралдарды есептен шығару өткізілетін
болса, онда банк өткізу сомасына келесі өткізбелерді жүргізеді: Дт  1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» Кт 4852 «Негізгі кұрал-жабдықтарды- және материалдық емес
активтерді өткізуден түскен табыс». Бұзу  және  қайта  жөндеу  нәтижесінде  алынған  бөлшектер,
байлаулар мен басқа да материалдық құндылықтар комиссляның
бекіткен құнымен кірістеледі:
Дт  1602 «Басқа  тауар-материалдық қорлар» Кт 4920 «Басқа да кірістер».
Негізгі қүралдарды түгендеу
Негізгі құралдардың нақты қолда болуын анықтау және олар-дың сақталуына бақылау жасау мақсатында нормативтік, құқықтық және басқа да актілерге сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жасалынады.
Түгендеу жүргізу кезінде негізгі құралдардың есеп мәліметтері мен қолда болуы арасындағы сәйкестікті орнатады, олардың жиын-тықтылығын, техникалық жағдайын, бағыты бойынша пайдалану деңгейін анықтайды. Бүл жүмысты жүзеге асыру үшін банк бұйрығы бойынша түгендеу комиссиясы құрылады. Түгендеуді бастамас бүрын түгендеу карточкаларының, техникалық паспорт-тың, жолға өткізілген және қабылданған объектінің жағдайын тексереді, қажет қүжаттарды дайындайды және негізгі құралдардың түрган жсрі бойынша тізімін анықтайды.
Комиссия мүшелері лауазымды немесе материалды жауапты түлғалар қатысуымен негізгі қүралдарды қарастырады және атауы, белгісі, түгендеу нөмірі бойынша қолда бар болу сәйкестігін тіркейді.   Түгендеу  кезінде  анықталған  есепке  алынбай  қалған.

МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ
Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді, яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналма^ан және үзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынадыДЕгер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдылық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес (№38 ҚЕХС) материалдьщ емес активтер басқа тараптарға жалға өткізу немесе әкімшілік мақсаттар үшін өндірісте немесе тауарлар мен қызмет көрсетуде физикалық мәні жоқ сәйкестендірілетін ақшалай емес активтер больш табьіладьі] Және іскерлік пікірден айқын ажыратылады.
Сонымен қатар материалдық емес активтер ретінде ішкі пікірді қалыптастыруға, жарияланатын атауларды, клиенттердің тізімі және сәйкес сипаттың ұқсас баптарын қабылдаудың қажеті жшу'
Патенттер, авторлық құқықтар, франшизалар, тауар таңбалары, үйымдық және жедел шығындар айтарлықтай кең тараған мате-риалдық емес активтер  болып табылады.
 Материалдық емес активтерді екі үлкен топқа бөлуге болады: айырбастауға жататын және жатпайтын.
Айырбастауға жататын материалдық емес активтер фирманың басқа активтерінен бөлек сәйкестендіріліп және бөлек сатылуы мүмкінД
Кейбір айырбастауға жататын және субъектінің іфізметінде айтарлықтай жиі кездесетін материалдық емес активтер төменде көрсетілген [^Патент - бұл занды тіркелген және танылған ерекше қүқық. Патенттік құқық - сырттан басқа тұлғалар араласпаған кезде патент таратылатын үрдісті немесе қызметті, бұйымдарды иесіне пайда-лануға, өндіруге, сатуға және бақылауға мүмкіндік береді.
Өндіріс дизайнын тіркеу өндірілетін бұйым түріне, үлгісіне не-месе моделіне сәйкес келетін патентке ұқсайды. Өндіріс дизайнын тіркеу сыртқы нысанда қорғаған кезде ғана патент қызмет көрсетуді қорғайды.
Авторльщ кұкьщ - бұл әдеби, музыкалық шығармалардың өнертапқыштар және тағы басқа авторларының заңмен қарасты-рылатын, қорғалатын формасы.
Тауар маркалары немесе тауар атаулары - бұл компания-ларға, өнімдерге немесе қызметтерге берілген атаулар, символдар немесе басқа да анықталатын ұқсастықтар. Олар иемденуді көбейту үшін тіркелінуі мүмкін. Франшизалар ңақты бағытты және нақты қызметті пайдалану қүқығын иелену үшін шаруашылық субъекті-лерінің мемлекеттік меншікті пайдалану құқығын иелену немесе коммуналдық қызмет көрсету үшін үкімет органдарымен үсынылады.
Жалға алынған меншіктің қүнын жақсарту үшін мысалы, жалға алынған меншіктің модификациясы жалға алынған мүліктің дебет шотына жатады. Жал меншігін жақсарту материалдық емес активтер ретінде жіктелінеді. Жалға алынған меншікті жетілдіру жалға алынған мерзімнің қалғанына амортизациялануы немесе осы мерзімдердің кайсысы қысқарақ болуына байланысты жақсаруы керек. Сәйкестенбейтін активтер бблек сатылуы мүмкін емес. Төменде сәйкестенбейтін активтердің кейбір мысалдары келтірілген. Материалдық емес активтердің кейбіреулерінің екі арнайы сипаттамасы бар: олар үзақ мерзімді аванстық төлемдер болып табылады және басқа сатылатындай иеленушіге ешқандай құқық бермейді. Бұл материалдық емес активтер жеке идентификация-лануы мүмкін, бірақ айырбастауға жатпайды.
Мерзімі ұзартылған шығындар, яғни оларды бухгалтерлік ссепте болашақта табыс әкелуі мүмкін қызметтерге кеткен шыгын-дир деп атайды. Олар баланста алдын ала төленген үзақ мерзімді шығындар ретінде көрсетіледі. Мерзімі ұзартылған шығындар фи-зикалық формасы жоқ үзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
Үйымдык; шығындар - бұл қызметті ұйымдастыру кезінде пайда болатын шығындар.
Материалдық емес активтерді бағалау кезінде бастапқы құн принципі қолданылады. Яғни материалдық емес активтер, актив терді сатып алумен байланысты барлық шығындарды қосатын сатып алу құны бойынша бағаланады. Сатып алу кұны - бүл барльщ төлемдер немесе алынған активтердің ағымдағы нарықтың құны. Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде өте маңызды сұраққа материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін анықтау жатады. Қызмет ету мерзімін анықтағанда келесі факторлар ескерілу қажет:
• қызмет ету мерзімін ең жоғары шектейтін заңды, реттеуші
және келісілген ереже;
• болжалды қызмет мерзімін өзгертуі мүмкін жаңарту немесе
ұзарту үшін шарттар;
• қызмет ету мерзімін азайтатын тозу, сұраныс және басқа да
экономикалық факторлар;
• жұмыстардың   орындалуының   күтілген   мерзімге   сәйкес
келетін қызмет мерзімі;
• материалдық   емес   активтің   бар   бәсеке   қабілеттілігін
шектейтін  бәсекелестердің  және  басқа  да  субъектілердің
күтілген әрекеті;
• материалдық емес активтердің жиынтығына кіретін басқа
активтердің қызмет ету мерзімі.
 Материалдық емес активтердің құны активтердің қызмет ету мерзімінде жүйелі түрде жазылу керек. Материалдық емес активтердің амортизациясы оның пайдалы қызмет ету мерзімі жүйелік негізде жүзеге асырылады. Амортизацияны пайдалану әдісі активтердің экономикалық тиімділігін банктерде пайдалану моделің сипаттау керекі Егер мұндаи үлгі нақты анықталған болмаса, амортизацияшя теңбе тең аудару әдісін пайдалану керек. Материалдық емес активтердің тиімді қызмет ету мерзімің қарастыру керек. Халыкаралық стандартқа сәйкес материалдық емес активті пайдалануда оның ағымдық, баланстық құны кәсіпорын үшін экономикалық тиімділігін жоғарылатуы мүмкін. Бұндай жағдайда амортизациялық емес қүнды жазу керек және активтің бағамын азайтуды көрсететін шығынды мойындау керек. Сату кезінде айырбастауда немесе материалдық емес активтердің қандаң да басқа жолымен келуі, түсімнен пайданы сипаттай 'отырып материалдық емес активтің шотымен оның амортизациялык емес қүны жазылу керек. Материалдық емес активтерде келесідей бухгалтерлік жазулар жасалынады:
• алынған материалдық емес төлемге:
Дт  1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»

Банктегі бухгалтерлік есеп
Кт  1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
1081 «Банктің корреспонденттік шоты»
2010 «Сыйақы аудармай талап еткенге дейінгі депозиттер»
2203 «Басқа банктердің корреспонденттік шоты»;
• материалдық емес активтерді кірістегенде:
Дт  1659 «Материалдық емес активтер»
Кт  1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар» 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»;
• амортизацияларды есептеу:
Дт  5788   «Материалдық  емес   активтер   бойынша  амортиза-
циялық аударымдар» Кт   1699 «Материалдық емес активтерге есептелген аморіизация»;
• есептелген амортизация сомасына материалдық емес актив-
терді есептен шығару кезінде: .
Дт  1699 «Материалдык емес активтерге есептелген амортизация» Кт  1659 «Материалдық емес активтер»;
• қалдық құнға:
Дт  5852 «Негізгі құрал-жабдықтарды жэне материалдық емес активтерді сату шығыстары»
Кт  1659 «Материалдық емес активтер»

Дебиторлык берешек деп көрсетілген қызмет, жабдыктаушы-ларға тауарлар және қызмет көрсстулері және т.б. үшін алдын ала төлем жүргізу нәтижесінде туындаған банк әріптестерінің қарызын айтады.
Күрделі қаржы жұмсалымы бойынша дебиторлык берешек ссебі жондеу-кұрылыс материалдары, жабдықтар мен құрал-саймандар үшін жабдықтаушылармеі; есеп айырысу. сатып алу жне күрделі ж^мсалым мен күрделі жондеу бойынша шығындар үшін есеп беретін адамдарга аванс нәтижесін көреететін І856 «Күрделі салымдар бойынша дебитсрлар» баланстык шотында жүргізіледі.
Банк кызметкерлерімен есеп айырысу ісеапар шығыны мен басқа да шығындар бойынша банк қызметкерлеріне берілген аванс-тык телемдер сомасын көрсетіп 1854 «Баьк қызметкерлерімен есеп айырысу» баланстык шотында жүргізіледі.
Басқа да дебиторлар мен кредиторлар есебі уакытша және кездейсок сипатқа ке банктің дебиторлык берешек сомасын, баска баланстық шоттар бойынша түсу мезетінде анықталмаған таға-йындау сомасын, сонда;і-ақ шаруашылык қызметі бойынша есеп айырысу сомаларын көрсететін 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар» баланстан тыс шотында жүргізіледі.
Кепіл бойынша дебнторлык берешек есебі берілген кепілдік бойынша карыз алушының берешегін көрсететін 1861 «Кепілдіктер бойынша дебиторлар» баланстан тыс шотында жүргізіледі.
Банкке көрсетілген қызметтер үшін алдын ала төлемдер (үй-жайды жалға алу, телекоммуникациялык қызметтер, телефон және ұялы байланыс кызметтері, пошта кызметі, телеграф қызметі, радио нүкте үшін абоненттік төлемдер, негізгі құралдарды жөндеу үшін алдын ала төлеу, күзет және дабылдама (сигнализация) бойынша қызметтер үшін алдын ала төлеу, коммуналдық қызметтер және т.с.с. үшін алдын ала төлеу) жабдықтаушылар ұсынатын шот-факту-ралар негізінде келісімшартта келісілген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі.
Шарт келесілерден тұрады: шарттың мағынасы, мерзімі нысаны, тауарды жеткізу мерзімі мен тәртібі, тараптардың міндеттемелері, міндеттемені орындамаған үшін тараптардың жауапкершілік шаралары, шарттың қызмет мерзімі, тараптардың занды мекен-жайлары,   СТН,   экономика   секторының   коды,   резидент   екенін дәлелдейтін белгі, тараптардың өкілетті өкілдерінің колдары, мөр таңбасы. Шарттың бір данасы банктің дебиторлар мен кредиторлар есебі бөлімшесіне тіркеу, сактау және бақылау үшін беріледі, ал екінші данасы жабдықтаушылар ұйымына беріледі.
Банк бюджет бабындағы келісімшарт негізінде келесі дерек-темелер бойынша жабдықтаушыға «Іс» папкасын ашады: шарт түрі, негіздеме, төлем ынтагері, шарт нөмірі, жабдыктаушының атауы, шарт сомасы, есеп айырысу шоты (төлем жүргізілетін дербестік шот), шот атауы, бағыты, төлем кестесі.
Түскен қүжаттарды тексеріп болғаннан кейін жауапты орындаушы жинақталған және төлем қүжаттарын растайды, содан кейін бөлімшеде шоттар бойынша сәйкес бухгалтерлік жазбалар жасалады.
Дебиторлар жэне кредиторлармен операциялардын шоттарда
көрініс табу тәртібі
1. Алғашкы кезен шығындарын алдын ала толеу (жалдау, жа-
зылу, жарнама, пошта және т.б. ):
Дт   1791 - «Өзге де алдын ала төлемдер»
Кт  2203 - «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050 - «Банктердін. корреспонденттік есепшоттары»
1001 - «Кассадағы қолма-кол акша»
2211 - <\Клиенттердщ талап етуі бойынша салымдар».
2. Негізгі  күралдарды,  ғимараттарды  ағымдағы  жөндеу  және
т.б. қызметтер үшін алдын ала төлеу:
Дт   1860 - «Банк кызметі бойынша езге дебиторлар» Кт  2203 - «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1051 - «Банктіі* Қазақстан Республикасының ¥лттық банкін-
дегі корреспондснттік есепшоттары»
1001 - «Кассадағы колма-кол ақша»
2211 - «Клиенттердің талап ету бойынша салымдары».
3. Негізгі қүралдар, ғимараттарды күрделі жөндеу үшін алдын
ала төлем:
Дт   1856 - «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар» Кт  2203 - «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1051 - «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттык банкін-
дегі корреспонденттік есепшоттары».
4. Алынған, бірақ төленбеген ТМҚ және НҚ кірістеу:
Дт   1851   -  «Салықтар  және  бюджетке  төленетін   баска  да міндетті төлемдср бойынша есеп айырысу» 1856 - «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар» 1602 - «Өзге тауар-материалдык қорлар»
Кт 2856 - «Күрделі қаржы бойынша кредиторлар» 2860 - «Банк кызметі бойынша өзге кредиторлар» 5. Үйлер мен ғимараттарды салу кезінде келісімшарт негізінде
аванс сомасына:
Дт   1856 - «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар» Кт  2203 - «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1001 - «Кассадағы қолма-қол ақша»
1051 - «Банктің Қазакстан Республикасының Үлтгык банкін-
дегі корреспонденттік есепшоттары»
2010 - «Корреспонденттік есепшоттар».
- орындалған жұмыс үшін анықтама ұсынған кезде:
Дт   1651 «Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі кұрал-
жабдыктар» Кт   1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар».
монтаждауды талап ететін негізгі құралдарды алу кезінде: Дт   І651 «Салынып жаткан (орнатылып жатқан) негізгі кұрал-
жабдыктар» Кт   1856 «Күрделі салымдар бойынша дебиторлар»;
- үйлер мен ғимараттарды және қондырғыларды пайдалануға
беру кезінде:
Дт   1652 «Жер, үйлер және ғимараттар»
1653 «Компьютер жабдыктары»
1654 «Өзге негізгі құрал-жабдықтар»
1656 «Жалға беруге арналған негізгі қүрал-жабдықтар» Кт   1651 «Салынып жаткан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар»
6. ТМҚ үшін төлем жүргізгенде:
Дт     1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар» Кт     1001 «Кассадағы қолма-кол ақша»
1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
2010 «Корреспонденттік есепшоттар»
2020  «Баска  банктердің сыйақы  есептелген  талап  ету
бойынша салымдар»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»; - ТМҚ қоймаға кірістелген кезде: Дт     1851 «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да мін-
детті төлемдер бойынша есеп айырысу»
1602 «Өзге тауар-материалдық қорлар» Кт    1860 «Банк қызмет бойынша өзге дебиторлар»;
7. Шаруашылық қажеттіліктер үшін аванс беру кезінде:
Дт 1854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»
Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»
8. Аванстық есеп беруді ұсыну кезінде:
Дт 5 класс шоттары - бекітілген аванс сомасына Кт   1854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу» 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»;
9. Банк әр айдың соңында есептеу әдісіне сәйкес алынған қыз-
меттер үшін шығындар сомасын есептейді:
Дт 5 класс шоттары
Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар».
10. Бұрынғы айдағы есептелген шығынды төлеу кезінде есеп-
телген сомаға түзетпе жасау:
Дт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар» Кт 5 класс шоттары.
11. Мәжбүрлі шығынды есептеу кезінде:
Дт  5458 «Өзге банктік қызмет шығындарын жабуға арналған жалпы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу» 5459   «Банктік   емес   қызметке   байланысты   дебиторлык берешек     бойынша     арнайы     резервтерге     (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
1462 «Банк  қызметіне  байланысты  дебиторлық  берешек
бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер
(мәжбүрлі шығындар)»
1463 «Банктік   емес   қызметке   байланысты   дебиторлык
берешек  бойынша  шығындарды  жабуға  арналған  жалпы
резервтер (мәжбүрлі шығындар)»
1469 «Өзге де банктік қызметке байланысты шығындарды жабуға арналган жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»
1877 «Банктік кызметке байланысты дебиторлық берешек
бопынша шығындарды жабуға аркалған арнайы резервтер
(мәжбурлі шығындар)»
1878 «Банктік   емес   қызметке   байланысты   дебиторлык
берешек бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы
резервтер (мәжбүрлі шыгындар)»
Кт  5458 «Өзге банктік кьгзмет шығындарын жабуға арналған жалпы резервтерге (мәжбүрлі шыгындарға) акша бөлу» \5459   «Банктік   емес   қызметке   байланысты   дебиторлык берешек     бойынша     арнайы     резервтерге     (мәжбүрлі шығындарға) акша бөлу»
12. Мәжбүрлі    шығындар    күрылған    дебиторлык    берешек
сомасын өтеу кезінде:
Дт 1462 «Банк қызметіне байланысты дебиторлык берешек бо-йынша шығындарды жабуга арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»
1463 «Банктік емес кызметке байланысты дебиторлык берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мэжбүрлі шығындар)»
1469 «Өзге де банктік қызметке байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»
1877 «Банктік кызметке байланысты дебиторлык берешек
бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер
(мәжбүрлі шығындар)»
1878 «Банктік   емес   қызметке   байланысты   дебиторлык
берешек бойынша  шығындарды жабуға арналған арнайы
резервтер (мэжбүрлі шығындар)»
Дт 1462 «Банк кызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналган жалпы резервтер (мәжбүрлі шыгындар)»
1463 «Банктік емес кызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»
1469 «Өзге де банктік қызметке байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»
1877 «Банктік қызметке байланысты дебиторлық берешек
бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер
(мәжбүрлі шығындар)»
1878 «Банктік   емес   кызметке   байланысты   дебиторлык
берешек бойынша  шығындарды  жабуға арналғаи  арнайы
резервтер (мәжбүрлі шығындар)»
Кт   5458 «Өзге банктік қызмет шығындарын жабуға арналған жалпы резервтсрге (,иәжбүрлі шығындарға) ақіиа бөлу» 5459   «Банктік   емес   қызметке   байланысты   дебиторлық берешек     бойынпп      арнайы     резервтерге     (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»
ә) егер банк ағымдағы жылда дебиторлық берешек бойынша провизияны калыптастыруды жүзеге асырмаса және:
- активтердің басқа түрлері бойынша мәжбүрлі шығындарды
толык калыптастыру қажет бэлса:
Дт 1462 «Банк қызметіне байланысты дебиторлык берешск бойынша шығындарды жабуға арчалған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»
1463 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (можбүрлі шығындар)»
1469 «Өзге де банктік кызметке байланысты шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»
1877 «Банктік кызметке байланысты дебиторлық берешек
бойынша шығындарды жабуға арналған арнайы резервтер
(мәжбүрлі шығындар)»
1878 «Банктік   емес   қызметке   байланысты   дебиторлык
берешек бойынша  шығындарды жабуға арналған арнайы
резервтер (мәжбүрлі шығындар)»
Кт   1339  «Баска  банктерге  берілген  қарыздар  және   қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)» 1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»
- активтердің басқа түрлері  бойынша провизияларды  толык
калыптастыру кажеттілігі болмаса:
Дт 1462 «Банк қызметіне байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалпы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»
1464 «Банктік емес қызметке байланысты дебиторлық берешек бойынша шығындарды жабуға арналған жалггы резервтер (мәжбүрлі шығындар)»

БАНКТІҢ МЕНШІКТІ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
Банктің меншікті капиталы капиталдың экономикалық сана-тының бір түрі болып табылады. Ол несиелік мекеменің қалыптасу көзінің және ортаның өзгеруіне байланысты дұрыс қызмет ету үшін елеулі мәнге ие. Банкті ашу кезінде құрылтайшылар енгізген меншікті капитал банктің бастапқы қызметін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын алғашқы қаражат немесе қызмет өсуі және кеңеюі кезеңінде косымша қаражат болып келеді. Сонымен қатар банктік капитал несиелік мекемелерді қаржылық тұрақсыздықтан және шектен тыс тәуекелдерден сақтайды, оны банкроттықтан қорғануын қамтамасыз етеді, ағымдағы шығындардың залалын жабады, банкке деген клиенттің сенімін арттырады, клиёнтураның коммерциялық және тұтьшу несиелеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Сондықтан банктерге экономикалық тәртіп нормасын тапсырыс ететін мемлекеттік органдар оларды бұзу туралы белгі алған кезде салымшылар мен инвесторлар мүдделеріне жауап беретін банктік капиталға экономикалық ықпалшаралар қолданады. Осылайша, банк қызметінің ең үлкен мәселелерінің бірі банктің меншікті капита-лының жеткіліктілігін анықтау болып табылады. Оған осынша көңіл бөлудің бір себебі банктің айналымЬшдағы қарыз капиталы үлес салмағы банктік емес саладағы кәсіпорынның айналымындағы қарыз ,дапиталы айтарлықтай жоғары болып келуінде.
ІЭның үстіне меншікті капитал салымшылардың мүдделерін бағалы қағаздарды және басқа да қатысу қүқықтарын сатып алу үшін, сонымен қатар, қаражатты қаржыландыру үшін несиелік, факторингтік лизингтік операциялар бойынша банктік айналымды авансылау кезінде күтілмеген шығындардан қорғайды, яғни банк тоукелдіктің орнын толтырады. Сонымен қатар меншік капиталдың бір белігі есебінен банктің төлем қабілеттілігін сақтап қалуын қам-тамасыз ететін және шығындар пайда болу кезінде оған қалыпты қызмет етуіне жағдай жасайтын қаржылық резерв қалыптасады.
Банктік қызмет әрқашан белгілі бір тәуекелдікпен жалғасатын болғаидықтан, олардың активтері сәйкесінше топтарға бөлінеді. Төуекелдікті ескере отырып активтерді жіктеу және олардың мен-шікті капитал көлемімен өзара тәуелділігі банкті басқару сапа-сының жогарылауына және оның қаржылық түрақтылығының жогарылауыпа жағдай жасайды. Банктің меншікті қаражатына салымпыц осуі каржыландырудың ең қауіпсіз түрі болып табылады және жүйелі сипатгағы сілкіністерге жолықпауға мүмкіндік береді
Меншікті капитал банктің несиелік ресурсы ретінде тартылған каражаттармен тығыз байланысты және солармен бірге айналымды жүзеге асырады. Ол тартылған қаражаттарға қарағанда сенімдіреқ ресурс болып табылады. Активті операцияларды жүзеге асыру барысында ысырап болуын жоққа шығармайды. Олар өз кезегінде резерв құруды талап етеді. Егер қызмет ету нәтижесінде банкте шығындар қалыптасса, ол жарғылық капиталдың бір бөлігін жоғал-тады. Резервтер болған жағдайда, соңғысы резервтік капитал есебінен қалпына келтірілуі мүмкін. Бұл банктің үзіліссіз жүмыс істеуіне жағдай жасайды.
Банктер «ең төмен резервтік талаптар туралы» Ережеге сәйкес тартылған несиелік ресурстың бір бөлігін активті операциялардан олардың өтімді активтері мен табыстарын азайтатын бөлек шотқа депозиттеуге міндетті, ал меншікті капитал есебінен құралған резерв Қазақстанның Үлттық банкінде депозиттелмейді, себебі, ол банктің айналым капиталының бір мүшесі болып табылады. Бірак оның жарғылық капиталға қатынасы тартылған ресурстарды депо-зиттеу негізіне салынған үйлесімдіктен аз болмауы керек.
Осылайша, банктің меншікті, капиталы бір жағынан өлшенген тәуекелдік көзі, екінші жағынан, қаржылық ысыраптың орнын толтыруды қамтамасыз етуші жинақталған қаражат болады. Банкке қатысты үлестегі өлшенген тәуекелдік сомасы мен айналымдағы меншікті қаржылар сомасы арасындағы айырма банктің төлем қабілеттілігін көрсетеді. Банктің қарыз алушыларын банктік опера-циялардан қорғау мәселесі. тәуекелдікті ескере отырып өлшенген активтердің орнын толтыру үшін банктің меншікті капитал мөлше-рін анықтауды қажет етеді, яғни қандай үйлесімдікте өлшенген тәуекелдік банктің меншікті І капиталы болып қүрылуы қажет.
Несиелік тәуекелдік деңгейі бойынша активтер санаттарға сәй-кес бөлінген. Активті операциялардың елшенген тәуекелдік коэффи-циенттері пайыздық белгілеуде Қазақстан Республикасы ¥лттық банкінің корреспонденттік шотындағы ақша қаражаттары бойынша нөлден бастап ссудалық мерзімі өткен қарыз бойынша жүзге дейін тағайындалған. Үлттық банк белгілеген меншікті капиталдың жеткі-ліктілігінің ең төмен нормативтік деңгейі қаржылық жағдайы түрақсыз банктік мекемелердің көбеюіне, мүмкіндік туғызады. Сондықтан соңғы уақытта банк олардың қызметін реттейтін норма-тивтерді қатайтып, жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін жоғарылатты.
Айта кететін жәйт, коммерциялық банктер банктік қадағалау бойынша Базельдік комитеттің стандарттарымен белгіленетін халық-аралық стандарттар бойынша нарықтық тәуекелділікпен баскаруға ауыспайынша олар тәуекелділіктің әр түрін жеңіп шыға алмайды. Меншікті капитал екі бөлікке бөлініп қарастырылуы қажет: «Қатты ядро» деп аталатын базалық және қосымша капитал.
Базалық капитал ең тұрақты және орнықты көздерді қамтиды: акционерлік   капитал,   басылымдарға   шығатын   резервтер   және  жалпы банктік тәуекелдердің қорлары. Қосымша капиталға үмітсіз қарыздар мен басқа да тәуекелді операциялардың орнын толтыру үшін кұрылатын әр түрлі резервтер және мәжбүрлі шығындар (провизиялар) түрлері жатады. «Қатты ядро» мен қосымша капитал арасында белгіленген ара қашықтық сақталады.
Меншікті капиталдың негізгі мәселесіне үш әдіспен шешілуі мүмкін онын жеткіліктілігін колдау жатады:
• капиталдың сатылы жоғарылауы;
• активтердің жалпы сомасының кысқаруы;
• жоғары   тәуекелді   салымдардың   үлесін   азайтумен   қоса
активтер күрылымының өзгеруі арқылы.
Банктердің қызметін реттеудегі маңызды мәні есеп айырысу, ағымдағы, салымдык және депозиттік>< шоттардағы қалдықтар бо-йынша міндеттемелерді орындау үшін қажет өтімді активтердің жеткілікті көлемін ұстап түруға <ие болады. Солардың ішінде олардың жүзеге асырылуы банктің корреспонденттік шотына қара-жаттардың түсуі ерекше мәнге ие болады. Себебі банктің уақтылы және толық көлемде өз міндеттемелерін орындауы біріншіден осыған байланысты.
Айта кететін жәйт, резервтік капиталдың жоқтығы немесе оның жеткіліксіздігі мерзімді төлемдерді өтеу үшін өтімді активтер түріндегі тартылған ресурстардың маңЫзды бөлігін пайдалануга мәжбүр етеді, Нәтижесінде банк несие бойынша сыйақыдан алатын табысын жоғалтады, пайданың көлемі төмендейді және капиталдану мүмкіндігі кысқарады.
Халықаралык тәжірибеде банктің өтімділік көрсеткіші өтеу мерзімі мен активтерді өткізу мүмкіндігін ескере отырып активтер мен міндеттемелер арасывдағы нормативтік сәйкестіктер түрінде анықталған.
Қазақстан Республикасы Үлттық банкі өтімділік коэффициенттік активтердің орта айлық мөлшерінің сомасы 0,2-ден төмен болмайтынын талап еткенге дейінгі міндеттемелердің орта айлық мөлшерінің сомасына қатынасы ретінде қалыптасқан.
Несиелік мекеменің жеке және занды түлғалардың бос ақшала-рын тартудагы белсенділігінің деңгейін тартылған ресурстар молшерінің меншікті капиталға қатынасымен өлшеуге болады.
Бұл өте маңызды мәселе болып келеді, себебі жеке және заңды гүлгалардың бос каражаттары банктің активті операциялары мен иішсстицияльщ қызметінің негізі болып табылады. Тартылған рссурстардың тиімді деңгейі меншікті капиталдың тәуекелді ескере өлшенген активтерге қатынасы ретіндегі капитал жеткіліктілігі норматив арқылы қадағаланады.
Меншік капитал (6-сурет) пассивті операцияларға жатады және мыналарды қамтиды:
• акционсрлік  капитал - жай  (мерзімсіз  бағалы  қағаздар),
артықшылығы бар акциялар (дауыс беру қүқығы жоқ);
банктік резервтер - күтілмеген жағдайларға диввдендтер төлеуге,
өтелмеген несиелер шығындарын жабуға арналған резервтер;
қосымша төленген капитал, жай және артықшылығы  бар
акцияларды сату бағамы мен олардың номиналы арасындағы
айырма есебінен құралады;
қосымша төленбеген капитал активтерді қайта есептеу есе-
бінен құралады;
бөлінбеген пайда - банктің өз еркінде қалатын жинакта-
латын пайда сомасы.
Меншікті капитал іэанк үшін ресурс ретінде акционерге ди-видендтер төлеу түріндегі құнмен өрнектеледі. Берілген ресурс түрінің өсуі екі жағдайда болуы мүмкін: акционерлік капитал немесе банк пайдасының өсуі. Акционерлік капитал және оған теңестірілген банк қаражаттары қүрылымындағы баптар банк түрақ-тылығын және оның қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуде үлкен рөл аткарады.
Меншікті капитал бірнеше қызметтерді атқарады: қорғау, опе-ративті, реттеуші айналым және резервтік қызмет.
Қорғау немесе кепілді қызмет
Банктің төлем қабілеттілігімен, оның тұрақтылығымен тікелей байланысты. Егер банк ресурстары тек қана меншікті капитал есе-бінен калыптасқан болса, оны абсолютті өтімді деп санауға болады, өйткені банкроттық жағдайда тек акционерлер залал шегуі мүмкін.
Алайда, бұл тек банктің қызмет етуі үшін активтер резервін құру жолымен салымшыларға өтемақы төлеу кепілі ғана емес, Сонымен қатар бұл ағымдағы қорлардың жеткіліксіздігі жағдайын-дағы шығындардың орнын толтыру кепілі болып табылады. Ком-мерциялык банктерде төлем қабілеттілігі меншік капиталдың тек бір бөлігімен ғана қамтамасыз етіледі. Әдеттегі тәжірибеде төлем қабілетті деп акционерлік капиталы жұмсалмаған банк саналады, яғни активтер кұны кем дегенде банкпен шығарылған қамтамасыз етілмеген міндеттемелерді санамағандағы міндеттемелер сомасы мен акционерлік капитал сомасы қосындысыңа тең.
Оперативті қызмет
Оперативті қызметтің мәні капиталдың бастапқы мөлшерін қам-тамасыз етумен тұйықталады, яғни қызметті жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде акционерлік капитал жерді, ғимаратты, қүрал-жабдықтарды сатып алуға және жалақы төлеуге, сонымен қатар күтілмеген шығындар жағдайына қаржылық резерв қүру үшін қажетті шығындарды кдржыландыру көзі болып табылады.
Реттеуші қызмет
Мемлекеттік органдар занды және нормативтік актілер көме-гімен меншік капитал мөлшері мен кұрылымын қадағалай отырып банктің қызметін реттейді.
Айналым қызметі
Акционерлік капиталға ақша сала отырып, құрылтайшылар банктік айналымға активтерді авансылайды деп айтуға болады.
Бірақ кез келген коммерциялық қызмет тәуекелге бел бууға мәжбүрлі.
Оның үстіне, айтылып кеткендей, капитал қорғау қызметіне ие. Айналым қызметін жүзеге асыра отырып өзінің айналым капиталын қолма-қол ақшалардың кассалық несиелік факторингтік және лизиютік операциялардың тәуекелділігіне, бағалы қағаздарды және басқа да қатысу құқықтарын сатып алуға ғимараттарға, қүрылыс жэне басқа да негізгі қорларға сала отырып, банктер кредиторла-рын залал шегуден қорғайды.
Резервтік қызмет
Тәуекелдік активтік операциялар сияқты пассивтік операциялар-ға да тән. Капиталдың ауыспалы айналымы және айналымы үдерісіндс мсрзімді депозиттерді мерзімі жетпей қайтып алу, талап еткенге дейінгі  шоттардағы қаражаттарды алып тастау,  төлемеу  көлемі өсу себебінен банк шоттарына қаражат ағымының тоқта-тылуы және тағы басқа тәуекелдікті жеңеді. Тәуекелдікті жеңу барысында банктерге өтімділік нормативтері, сонымен қатар Үлттық банкте депозиттелетін несиелік жүйенің міндетті резервтік коры ретінде тартылған несиелік ресурстар жағдай жасайды.
Активтік операциялардың ақталмаған тәуекелдіктің орнын жабу үшін нақтырақ айтқанда, шығындардың орнын толтыру үшін банк меншікті капитал резервін қүруға мәжбүрлі.
Бұл банктің тәуекелдігін ескере өлшенген және өлшенбеген активтер шығындарға айналып кеткен жағдайда банк капиталының кызмет етуін қамтамасыз етеді.
Егер банк меншікті қаражаттарды тиімді басқара білетін болса, онда   банк   осылардың   көмегімен  табыстылықты   көтеріп   және салымдардың сақталуын қамтамасыз етеді. Табыс деңгейін қаражат-тарды кысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздардан ссудалар беруге   жұмсауға   алмастйру   жолымен   кол   жеткізуге   болады. Өтімділікке деген косымша қажеттілік немесе міндетті резервтерді көбейту несиелік қоржынын ңемесе бағалы кағаздардың бір бөлігін қолма-қол   ақшаға   ауыстыру   жолымен   қағаттандырылады.   Егер менеджер салым тартумен байланысты мәселелерді шешсе, онда ол тартылған   каражаттардьі   қаржыландырумен   немесе   өтімділіктің талап   етілетін   көлемін   есепке   ала   отырып   несиеге   берумен айналысуына болады. Банк өзінің қысқа мерзімді қарыздар мен депозиттік шоттарын реттей отырып, өзіне өтімділікті және табыс-тың өсуін қамтамасыз ете алады. Егер банк салыстырмалы төмен пайыздық мөлшерлеме сәтінде қамтамасыз етілмеген міндеттемелер шығарса, олар соңымен жоғарырақ мөлшерлеме бойынша   табысты инвестициялау үшін қажетті арзан қаражаттар көзі  болып келуі мүмкін. Сонымен қатар, осы міндеттемелердің өзін несие бойынша лимитті  есептеудегі  және  салымдардың  сенімділігін   қамтамасыз етудегі капитал ретінде қарастыруға болады. Меншікті каражаттар-мен  коса,  банк  акцияларының  нарықтық  бағасын  жоғарылатуға және қосымша акцияларды қымбаттырақ сатуға мүмкіндік беретін дивидендтер аумағындағы саясат сияқты тиімді кұрал арқылы бас-қаруға  болады.   Бұл  табыстың  бір  бөлігін  үстап   қалудан  гөрі ұнамдырақ   болып   келуі   мүмкін.   Банктің   меншікті   капиталын басқару тәсілдерінің барлығы акцияларды шығару және орналас-тыру сияқты ресурстарды жұмылдыру тәсілінің баламасы болып табылады. Бұл - қымбат және банк үшін үнемі қолайлы болып келе бермейтін қаржыландыру тәсілі.
Базель келісіміне сәйкес капитал жеткіліктілігінің басты жалпы-лама көрсеткіші тәуекелдік активтер коэффициенті болып табылады:

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ  ДАЙЫНДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қаржылық есеп беруді ұсыну пайдаланушыларды банктің қар-жылық жағдайы, кызмет нәтижесі және есепті кезеңдегі оның жағдайының өзгеруі туралы маңызды, қажетті және анық ақпа-ратпен қамтамасыз етеді.
Екінші деңгейлі банктер үшін жылдық қаржылық есеп берудің келесі нысандары белгіленген:
- бухгалтерлік баланс (№1 нысанда);
- табыс және шығыс туралы есеп (Щ?2 нысанда);
- ақша қозғалысы туралы есеп (№3 нысанда);
- капиталдағы өзгеріс туралы есеп (4 нысанда);
- түсіндірме жазбалар.
Сонымен бірге бұлардың құрамына тоқсан сайынғы қаржылық есептің қолданыстағы нысаны кіргізілген. Банктер сонымен қатар, ай сайынғы және әр күндік баланеты да ұсынады. Банктер балан-старды, оған қосымшаларды және қосымша мәліметтерді екінші деңгейлі банктердің есептік-статистикалық ақпараттарын жинак-тайтын және өндейтін «Статистика» жүйесі арқылы ¥лттық банктің есептеу жұмыстары Департаментіне; ақпараттарды өздерінің қолдарында бар электрондық байланыс құралдары бойынша жіберу жолымен, сол сияқты банкілік қадағалау Департаментіне қағаз жүзінде үсынады.
Банктер, есептеу жүмыстары Департаментіне әр күндік баланс-ты 2 жүмыс күні ішінде, ай сайынғы балансты есепті кезеңнен кейінгі айдың ішінде үсынады. Оннан асатын филиалдары бар банктер әр күндік балансты 3 жұмыс күні ішінде, ай сайынғыны есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 жұмыс күні ішінде ұсынады.
Қорытынды айналымдарды ескере отырып, жылдық есеп беруді үсыну мерзімін Үлттық банк белгілейді.
Екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік есептілігі, жылдық бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығыстар туралы есеп түрінде қажетті аудиторлық бекітуден өткеннен кейін міндетті түрде, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін жариялануы керек.
Жарияланғаны жөніндегі мәліметтер банктік қадағалау Департа-ментіне есепті жылдан кейінгі 15 мамырынан кешіктірілмей ұсыны-лады. Қаржылық есептілікті дайындамас бүрын, банктер жылдық есеп беруді дайындау кезеңінде қорытынды операциялар жүргізілуі кажет:
- жіктелген активтер және шартты міндеттемелер  бойынша
толық көлемде провизия кұру;
- шетел  валютасына,  тазартылған  қымбат  металдарға  және
бағалы   қағаздар   құнына,   оның   ішінде   баланстан   тыс
шоттарға қайта бағалау жүргізу;
- филиалдармен аралық корреспонденттік шоттарды, Қазақстан
ішіндегі  банктерде,  сол  сияқты  одан тысқары  жерлерде
ашылған корреспонденттік «Ностро» шоттарын салыстырып
тексеру, ал қорытынды айналымдар жүргізілген жағдайда
тиісті бухгалтерлік жазуларды қүрастыру.
- негізгі құралдарды және материалдарды түгендеу нәтижесіне
сәйкес баланстық шоттар бойынша бухгалтерлік жазуларды
бейнелеу;
- банк ережесіне сәйкес сыйақы, демалыс еңбекақысы және
т.б.жалақы бойынша есептеулер жүргізу және сәйкес бухгал-
терлік жазулар жасау.;
- жасалған  барлық  келісімшарттарға  (депозиттер,   несиелер,
банкішілік   есеп-айырысулар   бойынша)   бухгалтерлік   есеп
принциптеріне сәйкес талдау жасау және сәйкес шоттарда
көрсету;
- мерзімі өткен активтерді және 180 күннен асатын шектелген
несиелерді және 60 күннен асатын мерзімі өткен сыйақыны
кұрылған провизия есебінен баланстан шығарып, баланстан
тыс шоттар қатарына қосу;
- сыйақыларды  төлемеу   30   күннен  асқан  кезде   несиелер
бойынша сыйақы есептеуді тоқтату;
- болашақ кезең шығыңдары шоттарында есепте түрған сома-
ларды салыстыру және бухгалтерлік есеп принципіне сәйкес
банк шығындарының тиісті шоттарына жатқызу;
- болашақ кезең табыстары шоттарындағы қалдьщтарға талдау
жасап, бухгалтерлік есеп принципі бойынша тиісті табыстар
шотына апару;
- жиналған барлық дербес шоттар бойынша тексеріс тізімде-
мелерін дайындау және де бүл дербес шоттарда түрған әрбір
соманы есепке алынған күнін көрсете отырып жазу.
- банктің негізгі қызметі және күрделі салымдар бойынша
орындалған   жүмыстар   мен   көрсетілген   қызметтер   үшін
тапсырыс берушілер сатып алушы бойынша дебиторларды
салыстырып тексеру. Осындай салыстырып тексеруді тиісті
дербес   шоттарда   есепте   түрған   кредиторлык   қарыздар
бойынша да жүргізу;
- транзиттік шоттардағы дебиторлық және кредиторлық шот-
тардағы барлық сомаларға (теңге және шетел валютасындағы)
талдау жасап, олардьт занды және жеке тұлғалардың тиісті
дербес шоттарына есепке алу бойынша шаралар қолдану;
- аяқталмаған құрылыс бойынша орындалған жұмыс көлемін
салыстырып тексеру және құрылыстың басынан бері кеткен
шығындар сомасын дәлелдеу;
- дебиторлардың шоттарында есепте тұрған сомалар бойынша
есеп беруге тиісті тұлғалардан аванстық есептерді қабылдап,
оларды   банк   шығындарының  тиісті   дербес   шоттарында
бейнелеу.
Табыс және шығыс шоттары бойынша барлық жазбаларды жүргізгеннен кейін, қалдықтар өз араларында жабылады және 4999 «Салыққа дейінгі кіріс» баланстық шотына апарылады.
Осы бір мезгілде 4999 баланстык, шоттан 5999 «Табыс салығы» баланстык шотында есепке алынатьін есептелінген табыс салығы-ның төленуге тиісті сомасы есептен шығарылады./Табыстың қалған бөлігі ағымдағы жылдың бөлінбеген пайдасы бойынша жеке дербес шот аша отырып 3599 «Бөлінбеген таза табыс (жабылмаған зиян)» шотына жіберіледі. Шығындардың табыстан көп болуының нәти-жесінде 4999 баланстық шотта пайда болатын дебеттік қалдықтың толык сомасы 3599 баланстық шотқа жеке дербес шот ашу арқылы аударылады.
3581 «Шетел валютасын өткен жылдардағы қайта бағалаудың резервтері» 3599 баланстық шотта есептелінетін бөлінбеген таза табыс көлемі анықталғаннан кейін, есептік қаржылық жылдағы өз активтерін қайта бағалаудан жиналған оң курстық айырма сома-сына қайта бағалау резервтері, 3582 «Тазартылған қымбат металдарды қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтері», 3585 «Несиелердің валюталық баламасын теңге түрінде белгілей отырып, несиелерді кайта бағалау бойынша өткен жылдардағы резервтері» және 3586 «Салымдардың валюталық баламасын теңге түрінде белгілей отырып, салымдарды қайта бағалаудың,- өткен жылдардағы резервтері» құрылады.
Акционерлер жиналысының шешіміне дейін 3599 баланстық шотында есепте түрған бөлінбеген таза табыс сомасы келесі қаржылық жылдың басында 3580 «Өткен жылдардың белінбеген таза табысы» (жабылмаған зиян) баланстық шотына аударылады. Банктің жалпы акционерлері жиналысының шешімі бойынша есептік жьшдың белінбеген таза табысы келесідей мақсаттарға бөлінеді:
- жіктелмеген   активтер   сомасын   5%   кем   емес   көлемде
резервтік капиталға;
дивидендтер төлеуге;
- төленген жарғылық капитал көлемш ұлғайтуға;
- басқа да мақсаттарға.
Дивидендтерді есептеу кезінде төленуге тиісті ақшалар 3580 шотынан есептен шығарылып, 2853 «Акционерлермен есеп айы-рысу» шотына жіберіледі. Оның қалдығы шегінде 1853 «Акционер-лермен есеп айырысу» шотында есепте тұрған, бұрын есептелген және алдыңғы тоқсан үшін төленген дивидендтер жабылады. Қалған сома акционерлердің есеп айырысу шотына аударылады. Егер қаржылық жылдың соңында банктің шығысы табысынан асып кетсе, 3599 баланстық шотында көрсетілген шығын сомасы 3580 шотында есептелінетін өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс және 3510 «Банктің резервтік капиталы» баланстық шотындағы акша есебінен жабылуы мүмкін.

 
29.10.2009 17:17