Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154215

Ипотекалық несиелеу және оны ұйымдастыру-қүқықтық негіздері

Мазмұны

Кіріспе

Бірінші бөлім. Ипотекалық несиелеудің ұйымдастыру құқықтық -және экономикалық теорияларының негіздері

1.1 Ипотекалық несие туралы түсінік және оның мәні

1.2 Ипотекалық несиелеудің ұйымдастыру-құқықтық негіздері

Екінші бөлім. Коммерциялық     банктер     тарапынан     ипотекалық несиелерді беру тәртіптері («Каспийский» банкі АҚ мысалында)

2.1 «Каспийский» банк АҚ-ң ипотекалық несиелеу тәжірибесін талдау

2.2 «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-ң бағдарламасын талдау

Үшінші бөлім. Қазақстанда ипотекалық несиелеуді жетілдіру мәселелері мен оның даму болашағы

3.1 Ипотекалық несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формалары

3.2 Ипотекалық несиелеу кезіндегі жеке тұлғалардың несиелік қабілеттілігін бағалау әдістерін жетілдіру мәселелері

Қорытынды

Пайдаланылған ғылыми әдебиеттер Қосымша беттер

 

Кіріспе

Қазіргі кездегі банктер банктік операцияларды ең жаңа технологияларды пайдалана отырып, жоғарғы деңгейде қызметтердің кең спекторын көрсетеді. Мемлекеттік органдардың, жеке тұлғалардың, тағы да басқа кәсіпкерлікпен айналысатын ұйымдардың, кәсіпорындардың тұтыну және инвестициялық максаттарына несие беру - банктердің негізгі экономикалық функциясы болып табылады. Банктердің несиелік функцияларын дұрыс орындауы клиенттердің қаржылық, экономикалық жағдайларына әсерін тигізеді, себебі, банктік несиелер жаңа кәсіпорындардың құрылуын, жаңа жұмыс орындардың пайда болуын және олардың экономикалық өмірін қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның ішінде ипотекалық несиеге келетін болсақ, оның негізгі қызметі -халық тұрғын үй сатып алуын қолдау, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Ипотекалық несие т9рғын үй құрылысымен және нарығымен өте тығыз байланысты: біріншіден, тұрғын үй нарығының айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі жылжымайтын мүліктерге деген сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады. Екіншіден, ипотекалық несие төлем қабілеті бар сұранысты тудырады. Бұл байланыс әсіресе қазір нарық тұрғын үйлермен толыққан сайын нығая түспек.

Ипотекалық несие ақшалай формада беріледі. Жалпы ипотекалық несиенің көлемі халықтың тұрмыс жағдайын көрсетеді. Міне осы жоғарыда айтылған мәселелер диплом жұмысының тақырыбының өзектігін дәлелдейді.

Дамыған елдерде ипотекалық несие үлкен роль атқарады. Ипотекалық несиені көбінесе табысы орташа жұмысшылар мен қызметшілер пайдаланады. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге колданатын тұрғын үйлерді несие арқылы сатып алған қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады. Қазіргі уақытта Қазақстандағы Ипотекалық несиеде, оның бір түрі болып табылатын ипотекалық несие де дамудың жаңа сатысында. Бұл менің зерттеу пәні ретінде қарастырылады.

Диплом жұмысындағы зерттеулердің объектісі - «Каспийский» банк АҚ-ң түрғын үй сатып алу мақсатында берілетін ипотекалық несиемен байланысты экономикалық несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесінде талдау жүргізу. Ал диплом жұмысының зерттеу мәселелері ипотекалық несиені беру, қайтару және банктер тарапынан бақылауды ұйымдастыру.

Ипотекалық несиенің экономикалық мәнін, ұйымдастыру құқықтык негіздерін, ипотекалық несиенің берілу тәртібімен танысу-жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер алға тартылды:

- ипотекалық  несие  туралы  түсінікке тоқталу арқылы оның экономикалык мәнін қарастыру;

- ипотекалық несиелеудің құқықтық негіздерін зерттеу;

- «Қазақстан  ипотекалық компаниясы»  АҚ-ң  бағдарламасына сипаттама беру;

- «Каспийский» банк АҚ-ң ипотекалық несиелеу тәжірибесін талдау;

- ипотекалық несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формаларын қарастыру;

- ипотекалық несиелеудің әлемдік тәжірибесі зерттеу;

- жеке тұлғалардың несиелік қабілеті және оны бағалау әдістерін карастыру.

Диплом жұмысын жазудың методологиялық негізі ретінде Батыс елдерінің, Ресей Федерациясының, Қазакстан Республикасының ғалымдарының ғылыми еңбектері қарастырылды, атап айтқанда, Джозеф Ф.Синки, Питер С.Роуз, Колесников В.И., Лаврушин И.О., Панова Г.С.. Сонымен бірге ипотекалық несиені пайдаланудың құқықтық негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының заңдары мен заң актілеріне сүйендім.

Ал диплом жүмысындағы зерттеулерді жүргізу әдісі ретінде диалектикалық, салыстырмалық, индукциялық және дедукциялық әдістерін қолдандым.

 
28.10.2013 13:37