Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15585

Экспорт пен ұлттық экономика

КІРІСПЕ

1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Еліміздің тәуелсіздігінің айтарлықтай қысқа мерзімінде өзінің сыртқы экономикалық қызметінің географиясын біршама кеңейтті. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қауымдастыққа ықпалдасуы барысында тауарлардың экпорттық легінің, қызметтер мен капиталдардың бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен дамыған елдердің рыногына қарай жаппай бағытталуы болып кетті.

1993-2001 жылдары аралығындағы сыртқы сауданың статистикасына жүгінетін болсақ, экспорт пен импорттың, жалпы тауар айналымының    бірте-бірте ақырындап өсіп отырғандығын байқаймыз. Осы жағдайда негізгі экспортталатын тауарлар болып мұнай, газ конденсаты, қара және түсті металл, ауылшаруашылығы өнімдері қалып отыр. Яғни еліміздің экспорты шикізаттық бағытта болып отыр. Жалпы шикізат пен алғашқы өңдеуден өткен өнімдердің үлесіне тұтас экспорттың 80%-ы тиеді. Мұндай жағдайды тек қана отандық өнімдердің  бәсеке қабілеттілігінің төмендігімен ғана емес, сонымен қатар экспортты ынталандырудың тиімді саясатының қолға алынбауы арқылы түсіндіруге болады.

Осыған сәйкес, еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде экспортты ретеу мәселелері маңызды және өзекті болып табылады. Бұл жайында мынандай фактіге сүйенсек те жетіп жатыр: 2002 жылы жалпы ішкі өнімдегі экспорттың үлесі 40%-ды құраса, ал 2003 жылы бұл көрсеткіш 44%-ды құраған. Ал осы экспортымыздың құрамы қандай осыған зор мән беруіміз қажет. Яғни, экспортымыз шикізаттық болып отыр. Дегенмен өндірістің және шикізат ресурстары экспортының қарқынды дамуы экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш жылда экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда Қазақстанды әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретінде мойындап отырғанын атап өту керек, ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінде бірінші болып инвестициялық ел рейтингіне ие болды.

Атап айтсақ 2000 жылы Еуроодақ Қазақстанға демпингке қарсы анықтауға қатысты нарықтық экономикасы бар елдің мәртебесін берді.

Америка Құрама Штаттарының демпингке қарсы заңына сәйкес 2002 жылы наурызда Америка Құрама Штаттарының Сауда Министрлігі Қазақстанның нарық экономикасы бар ел емес мәртебесін алып тастады.

Дүниежүзілік банк Қазақстанды әлемдегі инвестиция салуға ең қолайлы 20 елдің қатарына қосты. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасына 21 млрд. астам Америка Құрама Штаттары доллары тартылды.

Өнеркәсіптің шикізат салаларына шетелдік инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерістерді жүзеге асыру жөнінде мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында ілгерілеу байқалуда, елде өмір сүру деңгейі жоғарылауда және ұзақ мерзімдік кезеңге индустриялық                             сервистік-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкіндік беретін қаржы ресурстары жинақталуда.

Сонымен қатар, Қазақстан отын және минерал шикізатының  ірі әлеуетін шоғырландырған шағын экономика ретінде өндірістің өңдеуші салаларына  инвестициялар үшін тартымсыз. Бұл шикізат ресурстарына жағдаяттың өзгеруіне қатысты ел экономикасын осал, әрі тәуелді етеді.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шикізат ресурстары бай кейбір дамушы елдер тұрақты экономиқалық дамуға қол жеткізбей, шикізаттың әлемдік тауар рыноктарында жағдаяттың өзгерістеріне тым тәуелді болып қала береді.

Экономиканың шикізат секторларына едәуір табысқа ие болып, мемлекет пен жеке сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Сонымен бірге ресурстар қоры мардымсыз немесе тапшы елдер ілдебайлап күн кешу шегінде болатындықтан, экономиканың жаңа секторларын дамытуға үнемі әрекет жасайды. Алайда ұзақ мерзімді келешекте шикізат қоры сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейін, тұрақты даму тұрғысынан алғанда елеулі проблемалар туғызады.

Экономиканың шикізат секторынан алынатын ірі кірістерден шектен тыс толығу қаупін ескере отырып және мұнай бағасының күрт төмендеуінің зардаптарын болжау негізінде Қазақстанда Ұлттық қор құрылды, онда мұнай мен түсті металлдарға әлемдік баға деңгейінің белгіленген қалыпты шектен асып кетуінен түсетін кірістер жинақталады.

Бұл шара сондай-ақ Қазақстандық қаржы жүйесіне түсетін валюта қысымын жоюға және экспортты ынталандыратын және дайын өнімнің импортын тежейтін теңгенің айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құрылымдық-институционалдық реформалар саласындағы жетістіктерді, қаржы секторы сенімділігінің артуын және елдің экспорттық әлеуетінің жедел қарқынмен өсуін айта отырып, өнеркәсіптің өңдеуші салалары, сондай-ақ өндірістік сипаттағы қызметтер көрсететін салалар тиісінше дамымай отырғанын атап өту керек.

Өңдеуші өнеркәсіпте металлургия өнеркәсібі ғана сыртқы рынокта бәсекеге түсе алады. Тамақ өнеркәсібінің кейбір өнімдері осыған ұқсас шетелдік өнімдермен ішкі рынокта ғана бәсекеге түсе алады, ал өңдеуші өнеркәсіптің қалған өнімдері бүгінгі таңда тікелей және жанама субсидиялардың есебінен ғана ұсталып отыр. Бұл электр энергиясына, өнімді тасымалдауға төмен және экономикалық тұрғыдан негізделмеген тарифтің  белгіленуінен,кедендік қорғау баждарын белгілеуден көрініс беруде. 2003 жылы дейін өнеркәсіптің кейбір (машина жасау, тоқыма, тігін, былғары     аяқ-киім, резина, және пластмасса бұйымдарын өндіру, химия өнеркәсібі) салаларына бюджет алдында жол берілген бұрынғы берешектерін төлеу өсімі есептелмей кейінге қалдырылды. Тоқыма, тігін, былғары аяқ-киім өнеркәсібі салаларының өзі өндірген өнімді өткізуге 2002 жылы дейін қосымша құн салығы нөлдік ставка бойынша салынды.

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты экспортты мемлекеттік реттеудің жүйесін жетілдіру және экспортты дамытуға бағытталған іс-шараларды жасау болып табылады.

Осы мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттер қойылған:

─   мемлекеттердің қазіргі таңдағы экспорттық саясатының шет елдердің тәжірибесін ала отырып теориялық аспектілерін қарастыру;

─   өтпелі кезең экономикасы жағдайындағы экспорттың ерекшелігін және оның ұлттық экономикаға, әсіресе салалық құрылымды оптимизациялауға қол жеткізуге әсер етуін табу;

─   ұлттық экономиканың сыртқы факторларға тәуелдігінің дәрежесін анықтау мақсатында республиканың экспортының қазіргі жағдайына аналитикалық баға беру;

─   экспортқа бағытталған өндірістің қазіргі таңдағы жағдайы мен мәнін және оны дамытудың қиындықтарын зерттеу;

─   экспортқа бағытталған өндіріске анықтама беріп, айтарлықтай приоритетті экспортқа бағытталған өндірісті анықтау үшін салыстырмалы артықшылықтарға талдау жүргізу;

─   экспортты дамытудың жолдарын көрсету;

─   экспортты мемлекеттік реттеудің негізгі проблемаларын тауып және осыған байланысты мемлекеттің атқарып жатқан іс-шараларына баға беру;

Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тараудан, қорытындыдан тұрады. Экспорт пен ұлттық экономика деген бірінші тарауда, халықаралық сауда теорияларының экспортты реттеудегі маңызы мен ұлттық экономиканы дамытудағы рөлі сөз болады. Сонымен қатар экспортты реттеудің шетелдік тәжірибесі қарастырылады. Қазақстан экспортын талдау және оны дамыту деген екінші тарауда, еліміздіңэкспортына талдау жасалынып, экспорттық өндірісті дамытудың маңыздылығы айтылады. Ал Қазақстан Республикасындағы  экспортты мемлекеттік реттеу шаралары деген үшінші тарауда,  экспортты мемлекеттік реттеудің шаралары көрсетіліп, осыған сәйкес мемлекеттің атқарып жатқан    іс-әрекеттеріне баға беріледі.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (Дип.-ЭКСПОРТ-ПЕН-ҰЛТТЫҚ-ЭКОНОМИКА.doc)Дип.-ЭКСПОРТ-ПЕН-ҰЛТТЫҚ-ЭКОНОМИКА.doc480 Kb
 
16.10.2013 11:21