Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154470

Несие, оның мәні мен қызметтері

  • Жоспар
  • Кіріспе.... 3
  • І. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы.... 6
  • 1.1 Несие теориясы және оның дамуы..... 6
  • 1.2 Несие түрлері..... 9
  • ІІ. Несие қызметінің түсінігі.20
  • 2.1 Несиенің қызметі, шын мәніндегі ақшаларды айналымның несиелікқұралдарымен ауыстыру.....21
  • 2.2 Несие мен ақшаның өзара әрекеті23
  • 2.3 Несиенің экономикалық рөлі және оны қолданудың шектері...25
  • Қорытынды....28
  • Пайдаланған әдебиеттер....29

Кіріспе

Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

Несие мәселесі тұтасымен алғанда несенің мәнін ашуы керек. Егер бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатының білдіреді;

Несиенің мәнін талдауда несенің құрылымын, қозғалас сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн.

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт – құрылым. Өзге экномикалық категориялар сияқты несиеде бір – бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай – ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Несие беруші – несиелікмәміленің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.

Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші – банкболып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтын уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай – ақсоңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып көрінеді.

Қарызға алушы – несиелікқатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттын меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.

Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші – қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және дипозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама – қайшылықтың бірлігісипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама – қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.

Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс – берістің объектісі – құнның негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құн – несиеленген құн болып табылады.

Несиенің қайтарылуы – уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен - өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерге негіделеді.

Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарылудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.

Несиенің әлеуметтік – экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде.

Несиеге толық анықтама берейік. Несие – кеңейтілген қайта өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды ақшаны бөлу және халықтың, экномиканың бос ақшалайқаражаттардың жұмылдырылуын қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экномикалық қарым – қатынасты көрсетеді.

Несие мәні қатынастардың несиенің – қайтару, төлемдік, мерзімдік, қолма – қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.

Белгіленген мерзімді бұзу – несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экномикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экномикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.

Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірістік шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалай түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарларжәне тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғниA - T - Ө - T- Aкапиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндірісі қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндірістік процестерді – дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарларға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорын және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы – оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қаталанатын ауыспалы түсіндіріледі.

Капитал түрінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектілерде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капитал болады.

Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген өажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай – ақ халықта да болуы мүмкін.

Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама – қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.

Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.

Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі болып құн қозғалысы саналатын болады.

Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының оюъективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.

І. Несиенің мәні және несие қатынастарының пайда болуы.

1.1 Несие теориясы және оның дамуы.

Несиені зерттеу барысында танымәдісі ретінде теорияның рөлі ерекше. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экномиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экномикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.

Ғалымдар бүгінгі таңда экномика ғылымының алдында бір жағынан теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып, жетілдірудің керек екнін айтуда.

Теоррияны тәжірибеден оқшау қарыстырмау керек екені түсінікті. Барлық теориялық проблеммалырдың соңы тек тәжірибелік әдістермен шешілетіні кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.

Экномикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтері мен заңына қатысты саясат орын алуда. Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.

Натуралистік несие теориясы ХҮІІІ ғасырдың екіші жартысында пайда болды. Бұл теорияның негізін А. Смит пен Д. Рекардо салды. Одан әрі оны француз экномистері Ж. Сэй, Ф. Бастия және американдық Д. Мак – Куллах дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары несие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті яғни несие заттай игіліктердің қозғалысын көрсетті. Сондықтан, бұл тек аталмыш қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі ғана. Бұл жағдайда несие объектісі заттай емес игіліктер болып табылады. Несие капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл жерде натуралистер несиені несие капиталының қозғалысын емес, табиғи түрде материялдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырады. Несиенің мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсінік өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік және ақшалай түрдегі ауыспалы айналымын жете түсінбеуден шығып отыр. Несие капиталының мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге болады.

Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын несиенің қазіргі заманғы теориясының қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге болмайды. Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын несие нақты капиталды құрамайды, деп дұрыс есептеді. Олар несиенің рөлін өсірмей, несие пайызының түсетін табыстың көлемімен өзгерістеріне тәуелді екенін дәлелді екенін дәлелдеді.

Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама қарсы идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Несие ақшамен және байланыспен теңестіріледі. Бұл теорияның негізінсалушы, ағылшын экономисі Дж. Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар деп қарастырады.

Бұл теорияның қолданушылары а ғылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс, Ф. Хоутри, И. Шумперет(Австрия), А. Ган (Германия) болды. Олар ақша мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі, сондықтан ол “өндіргіш капитал” болып табылады, ал, банктер “несие фабрикасы”. Бұл екеуі де несиені, яғни капитал жасайды. Олар банктер барлығын, депозиттерді, яғни капитал жасайды деп пайымдайды. Сондай – ақолар банктер шексіз депозиттерді, соғансәйкес несие мен капитал жасайды деп есептейді. Міне, осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің, экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін ұйғарып, экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді. Сондықтан олардың теориялары “өтемпаздық теориясы” деген атауға ие болды.Олар несиеің шегін, несие ауқымының шексіз кеңеюі инфляция мен оның зардаптарына әкелетінін ұмытып кетті.

1929 – 1933 жж. әлемдік дағдарыс несиенің капиталдық жасампаздық теорияның абыройын жоққа шығарды. Алайда, оның оңтайлы нәтижелері болмай қалған жоқ. Оны Дж. Кейнс пен оның ізбасарлары оларды дағдарыстарстың және екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптарын жою үшін пайдаланды. Олар экономиканы несиемен реттеудің принциптерін негіздеді: экономикаға несие салымдарының инвестициясын кеңейту жолымен несие пайызын төмендетуге болады. Дж. Кенстың тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы пайызға, пайыз – инвестицияға, инвестиция - өндіріске, өндіріс – табысқа, табыс – бағаға әсер етеді. Сондай – ақ ол ақшаның белгілі бір деңгейге дейін пайызға әсер етпейтінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер етпейтінін мойындады.

Батыс және Еуропамен 24 – тен астам дамыған елдердің қамтитын Еуропа Одағы АҚШ – тан капитал қорланымының кіші көлемімен және несие нарығының жеке сараланым (сегмент) операцияларының жеткілікті дамымауымен ерекшеленеді. Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да тән.

Егер Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай – ақ ол енді енді қалыптасып келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстан ақша және капитал нарығының сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.

Ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы мен заңдық базасы жасалуда.Бірақ,бұл нарықты әзірге даму сатысында деп айтуға болмайды,ол ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр.

Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның заңдық базалары мен инфрақұрылымы әлдеқашан әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму тұрғысынан енді – енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты дамыса, ал корпарациялық бағалы қағаздар түрлі объективті себептерге байланысты мүлде дамымаған.

Капиталдық жасампаздық теорияны ары қарай монетаристер дамытуда. Оқулықтың алдыңғы бөлімінде атап өткеніміздей, М. Фридмен экономиканы реттеудің негізгі құралдары – несиенің пайыздық мөлшерлемелері мен айналымдағы ақша жиынының өзгерісі болып табылады деп есептейді. Шын мәнісінде пайыздық мөлшерлемелерді реттей отырып, экономикаға салынатын несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе аясын тарылтуға болады. Сондай-ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттеуге, ең соңында өндіріске және баға мен инфляцияның деңгейіне де әсер етуге болады.

Монетаризм теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында кеңінен қолданылуда. Бүгінгі таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөлшерлемесін өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізуге болып отыр.

Қазақстан да несие теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен пайдаланып отыр. ҚР Ұлттық банкі мен үкіметі ақша несие реттеуінің монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994 – 1997 ж ж. өршіген инфляцияны басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді.

1.2. Несие түрлері

Жоғарыда қарастырылған несие формаларының көптеген түрлері болады. Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің іс - тәсірибедегі нақты қосымшасы.

а) Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі: несиелену объектінің экономикалық белгілірі бойынша:

- айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;

- негізгі құрал жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;

- ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай – ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;

- өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;

- жол үстіндегі (жолдағы) есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие, аккредитивтер;

- төлем несиелері;

ә) қамтамасыз етілуі бойынша:

- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ – пен, кепілдікпен, сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;

- ішінара қамтамасыз етілген;

- қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік .

б) қайтарылу мерзімі бойынша:

- қысқа мерзімді;

- орта мерзімді;

- ұзақ мерзімді;

в) өтелу тәртібі бойынша:

- бөліп бөліп төлеу (мерзімінің ұзарту);

- бір жолғы өтеу

- кезең сайын бір қалыпты(бір қалыпты емес) өтеу.

г) тәуелді деңгейі бойынша:

- субстандартты;

- стандартты;

- күмәнді;

- сенімді;

- cенімсіз;

- ұзартпалы.

ғ) ақылығы бойынша:

- қалыпты пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты);

- жоғарғы пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары);

- төмен пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі төмен);

- пайызсыз.

д) салалық бағыты бойынша:

- сауда - саттық несиесі;

- өнеркәсіп несиесі;

- ауыл шаруашылық несиесі;

- құрылыс несиесі;

ж) ашылатын шот түрлері бойынша:

- жай ссудалық шот бойынша несие;

- арнайы ссуда шоты бойынша несие;

- контокорренттік шот бойынша несие;

- овердрафт бойынша несие;

- несие желісі бойынша несие.

Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі сауда мөлшері бойынша тіркелетін ломбардтық несие жатады.

Ломбардтық несиені негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен (жинақ ақша салымы, сақтандыру келісімшарты, ипотека және т.б.) берілетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана алады.

Жаңартпалы несие ( ағылшыншаrevolve – айналыста болу, кезең сайын ауысып отыру) – сауда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті шегінде және өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісімсөзсіз автоматты түрде беріледі.

Несие желісі қарыз алушының алдындағы несие ұйымының оған несие келісімшартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан ресімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтмақтастығын білдіреді.

Овердрафт (ағымдағы банк шотының келісімшарты аясинда несиелеу) несие ұйымының шот иесіне, оның ағымдағы банк шотына қойылатын талап ақшалай қаражат болмаса, шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған берешегінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісімшарт шегіне беріледі.

Коммерциялық несие. Несиенің басқа формаларына қарағанда коммерциялық несие олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субъекті екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Осы несие формасының объектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлақ формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдыменоның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субъект коммерциялық несиені өзінің ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады.Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.

Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель қолма – қолақшасыз есеп айырысудың көлемін арттыруға және айналыс шығынан кемітуге жағдай тудырады.

Вексель – бұлсатып алушы –қарызгердің жабдықтаушының алдындағы заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель несиелерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады.

Вексельдің қолдан оған өтуі барысында табыстау жазбасы–индоссаментжасалады. Вексельде индоссамент неғұрлым көп болса, оның айналыс ортасы соғұрлым кең әрі оның төлем кепілдігі соғұрлым жоғары болады.

Коммерциялық несиенің басты мақсаты – тауарлардыңсатылу процесін жеделдету және пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету.

Оған тән белгіге оны пайдаланғаны үшін сатылған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің бағасына, әдетте, банк пайызынан төмен болатын пайыздың қосылуы жатады.

Коммерциялық несие дамыған елдерде кеңінен тараған және ол өндірістін ауқымы мен тауар айналымының көлеміне тікелей байланысты болады. Қазақстанда ол инфляцияның салдарынан, өндіріс пен тауар айналымының құлдырауынан және шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы сенімінің азаюынан тиісті деңгейде дамымай қалды.

Коммерциялық несие көбінесе ауыл шаруашылығында қолданылады. Азық – түлік корпарациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар- жағар май материалдарын, тұқымды, минералды тынайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиені, тауарлардың, жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын – алатөлемін қамтиды.

Коммерциялық несиені тауар жеткізушілер сатып алушыларға жеткізілген тауар үшін алынатын төлемнің мерзімін ұзартумен береді. Бұл арада соңғысы алғашқысына вексельді,яғни, төлем міндеттемесін табыс етеді.Бұл вексель банкте атаулы құннан төмен баға бойынша ескерілуі (банктің сатып алуы) мүмкін немесе оның кепілдігімен (кепілге салынумен) банк несиесін алуға болады. Дамыған нарықтық экономика жағдайында коммерциялық несие банк несиесімен әрдайым аралас болады.

Банк несиесі. Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі. Бұл жағдайда несие қатынасының объектісіне сауданы ақшалай қаражатпен беру процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекеттерге беріледі.

Банк несиесінің бірінші ерекшелігі – банк өз қарыз алушыларына несиені өзінің капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан да береді. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18-20% - ті құрайды, ал, қалғаны – тартылғанресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар).

Осы несие формасының екінші ерекшелігі – шаруашылық айналымға әлі түсе қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке орналастырылған уақытша бос қаражатын банк саудаға береді.

Банк несиенің үшінші ерекшелігі – банкақшалай қаражатты саудаға өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Қарыз алушы бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы осы несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін пайда аладыәрі оның есебінен несиегерге пайыз төлейді. Несиеге қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк несиесінің айналыс саласына ғана қызмет ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол, сонымен қатар, өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің қолданылу аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық несие – несие мәмілесінің бағытымен, мерзімімен, және сомасымен шектеліп қалған.

Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің мақсаты: негізгі және айналым капиталына арттыру, маусымдық қорларды толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықты несиелеу.

Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының болуы, мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде банктің қарызға беретін ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.

Банк несиесі берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы және маусымдық ТМҚ қорларын қалыптастыруына, еңбекақы төлеуіне және өзге де шығындарын өтеуіне байланысты уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бір жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Ұзақ мерзімді несие ұзақ мерзімді активтердің ұлғайтылған ұдайы өндірісіне арналған, яғни ол бір жылдан да көп уақытқа негізгі қорларды құруға, қайта жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға беріледі.

Банк несиесінің есебінен залалдардың орнын толтыруға, жарғылық капиталды қалыптастыруға, бұрын алынған несиені өтеуге, айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық төлемдерін және т.б. төлеуге болмайды.

Несие есеп айырысу құжаттарының төлеміне қолма – қол ақшасыз түрінде, жекелеген жағдайларда, мысалы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуға, еңбекақы төлеуге және тұтынуқажеттіліктеріне қолма – қолақшамен беріледі.

Несие қарыз алушыларға тек несие келісімшартында қарастылған мақсаттары үшін беріледі. Және несие қарыз алушының заң тұрғысынан құқық қабілеттілігі болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті болған жағдайда және қаржылық жағдайы тұрақты болғанда ғана беріледі. Несие келісімшартының шарттары әрбір қарыз алушыға жеке анықталады.

Банк несиесі маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, айтарлықтай сандық және сапалық өзгерістерге ұшырады. Қазақстанда мұндай несиені тек банктің қаржы несие мекемелері ғана беріп қоймайды, сонымен қатар, оны қаржылық компаниялар да, несие серіктестіктері де, несие кооперативтері де, микронесие ұйымдары да және т.б. береді. Алайда, бұл осы несие формасының мәнін өзгертпейді. Coндай – ақ, қарыз алушылырдың құрылымы да өзгереді. Акционерлік қоғамдардан, компаниялардан, фирмалардан және xaлықтан өзге оны үкімет те, банктер де, жергілікті органдар да және т.б. алады.

Банктің несие салымдарының мқлшері несие ресурстарына байланысты болады. Бүгінгі таңда банктердің мұндай ресурстарын депозиттер ғана емес, сонымен қатар, клиенттердің шоттағы уақытша бос ақшалай қаражаттары, банкаралық нарықтағы қарыз ақшалар, шетелдік қаржы несие институттарынан алынатын қарыз қаражатты құрайды.

Осылармен бір мезгілде ҚР Ұлттық банкі өзінің ақша несие саясаты арқылы экономиканы несиелейтін саланы да реттеп отырады. Ол банктердің несие қоржынының сапасы нашарлаған жағдайда депозиттерді міндетті түрде ең аз шамада резервтеудің деңгейін арттыру жолымен экономиканы несиелеудің аясын тарылтады. Бұл несиенің тек экономикалық қана емес, сонымен бірге, әкімшіліктік шекарасының болатынын да көрсетеді.

Банк несиесі негізінен тікелей болады, яғни, ссуда қарыз алушыларға тікелей берілсе, ал, жанама түрі делдал арқылы беріледі, мысалы, халыққа тауарлыр сатылған кезде несие сауда желілері арқылы немесе вексельді пайдаланумен беріледі.

Қазақстандағы коммерциялық банктер соңғы бес жылда (2001- 2004жж.) экономикадағы несие салымдарын күрт арттырады. ЖІӨ - дегі ссудалық қоржын 1.01.2002ж. 15,0% - ды құраған болса, 1.01.2005ж.-32,7%,яғни, 2еседен көп.

1.01.2005ж. несие салымдарының құрылымы:

- қысқа мерзімді несие - 499%;

- орта мерзімді неисе(1жылдан 5жылға дейін)- 30,2%

- ұзақ мерзімді несие(5жылдан жоғары)-19,9%

Тұтыну несиесі. Несие қатынасы банктер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында ғана болмайды. Ол, сондай – ақ, бір жағынан несие жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Несие алушыға халық, ал, несие берушіге банк жататын қатысты тұтыну несиенің мазмұны құрайды. Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарапта болуы мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын айтуға болады.

Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.

Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде тұрғындар (халық) өзінің жыл сайынғы табысының 10 – 12 % - ын тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы мүлдем дамымай қолды десе де болады. Халық борышқор болудан қорқады, оның үстіне, тұтыну несиесінің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, жылына 16 – 18 % - ды құрайды.

Несие халыққа тауарлы формада және ақшалай формада берілу мүмкін. Тауарлық форма халыққа тауарларды оның төлем мерзімін ұзартумен сатуда қолданылады, яғни, бұл коммерциялық несие болып табылады. Ақшалайформабанк несиесі секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы жанама түрде беріледі.

Тұтыну несиесінің қосарлы қызметі бар: бір жағынан, тауар айналымы артатын болса, несие мөлшері де өседі, өйткені, тауар сұранысы несие сұранысын тудырады, екінші жағынан, халық неғұрлым несиеленетін болса, төлем қабілеті бар сұранысты арттырады.

Несиелеу объектісі бойынша Қазақстанда тұтыну несиесі мыналарға: кезек күттірмейтін қажеттілік ( шұғыл мұқтаж ) несиесіне, құрылыс салу және тұрғын үй сатып алу несиесінде, ұзақ пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несиеге және шаруашылықты ұйымдастырып, жүргізуге арналған несиеге бөлінеді.

Тұтыну несиесі белгілі бір дәрежеде табыстары біркелкі емес тұрғындардың өмір деңгейін салыстырмалы түрде теңестіреді, әр түрлі әлеуметтік топтардың тұтыну деңгейі мен құрылымының арасындағы айырмашылықты жояды.

Ол ұзақ пайдалануға жарамды тауарлардың салыстырмалы түрде жоғары бағасы мен халықтың ағымдағы табысы арасындағы және халықтың бір тобындағы ақша қорланымы мен оны басқа топтың пайдалану қажеттілігі арасындағы екі қарама қайшылықты шешіп береді. Тұтыну несиесі банк операцияларымен тығыз араласып кеткен. Мәселен, сатып алушылардың ұзақ мерзімі борыштық міндеттемесін сауда ұйымдары банкінен несие алу үшін пайдаланады. Түтынушыларға несие банкінен тікелей беретін болса, сауда фирмасы мен банктің арасындағы несие қатынасының артық буыны жойылады.

Несиеге сатып алынған тауарларды сауда ұйымдары олардың ссудасын қамтамасыз етуші ретінде қарастырады.

Сондықтан да сонғы жарна төленгенше тауардың меншік құқығы сауда ұйымдарында қалады.

Өнеркәсібі дамыған елдерге тұтыну несиесінің бірнеше түрі пайдаланады. Алайда, олардың арасында тауарды төлем мерзімін ұзату мен сатудың үлес салмағы басым.

Тауарды несиеге сатып алуда сатып алушы тауардың құнын ай сайынғы жарнама мен төлеп қоймай, сонымен бірге, ол несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлейді. Көптеген жағдайларда төлем мерзімін ұзарту мен сатуда тауардың бағасы коммиссиялық сауда ұйымының мөлшеріне несие үшін алынатын пайыздан жоғары көтеріледі.

Тұтыну несиесі көптеген елдерде маңызды роль атқарады. Осыған орай, ол мемлекет тарапынан реттеліп отыратын болады. Ол қадағаланады әрі банк және коммерциялық несиелерге бақылау қойылады.

Экономика құлдыраған жағдайда мемлекеттің саясаты халықтың іскерлік белсенділігін арттыруға оларды ынталандыруға бағытталады. Бұл үшін тұтыну несиесін алудың, атап айтқанда қолма қол ақшамен төленетін тауар бағасын арзандату, несие мерзімін ұзарту, оның құнын кеміту секілді жеңілдікті шарттар еңгізіледі.

Инфляция жағдайда, керісінші, қолма қол ақша мен төлеудің үлесі артады, несиені пайдаланудың мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарлайды.

Тұтыну несиесі халықтың тауарға деген сұранысын ынталандырады әрі олардың өндірілуі мен сатылуын арттырады.

Қазақстанда тұрғын үй құрылысын салуға және оны сатып алуға ұзақ мерзімді тұтыну несиесін беру үшін мамандандырылған мемлекеттік құрылыс жинақ ақша банкісі құрылды. 2004 жылғы халыққа берілген тұтыну несиесінің мөлшері 122,1 милрд. теңгені құрады, 2003 жылмен салыстырғанда 9,4% - ды құрады.

Ипотекалық несие. Жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы болатын ссуданы ипотека несиесі ретінде ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға, жер сатып алуға беріледі әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Ипотеқалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады. Оның мынадай ерекшеліктері бар:

- ипотекалық несие бұл қатаң анықталған кепілзатпен берілетін ссуда. Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік сатылады және одан түскен қаражатпен несиеегердің алашағы өтеледі. Сол себепті де ипотека несиесі несиегер үшін ең сенімді несие ретінде саналады:

- ипотекалық ссуданың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие, өйткені, ол тұрғын үй мен өндірістік үй жағдайлары қаржыландыру, сатып алу, тұрғын үшін және жер учаскелерін игеру үшін пайдаланылады;

- ипотекалық несие, әдетте,10 – 30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі. Несие алдын ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп өтелетін болады.

Ипотеканың айрықша маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге салынатын мүлік нақты болу керек, яғни келісімшартқа кепілдік құқығының объектісіне жататын нақты мүлікті ауыртпалығын үшінші тұлға оңай танитындай болуы керек.

Ипотекалық несиелеудің жүйесі икемді болуы үшін ұдайы жетілдіріп отырады. Мәселен, дамыған елдерде мыналар болады:

- өлемдері кезең сайын өсетін ссуда: алғашқы бес немесе ол жылда борышқордың шығысын тұрақты өсіруді қарастырады;

- төлам сомасы өзгеріп отыратын ссуда: жеңілдікті кезеңнің болуын ұйғарыды, мұнда борышқор тек пайыздарды ғана төлейді. Жүктемені бөлудің мұндай тәсілі борышқорға үлкен пайда береді;

- пайыз мөлшерлемесі өзгермелі ипотека пайыз мөлшерлемесінің деңгейі келісімшартта нақты шама түрінде тіркеледі әрі қандай да бір нақты көрсеткішке немесе ирдекске байланатын болады. Мөлшерлемелер жарты жылды бір рет қарастырылады.

Ипотекалық несиені ресімдеуде негізгі құжаттарға кепілхат, вексель және өзге де бағалы қағаздар жатады. Бұл құжаттарға ипотекалық компания шығаратын ипотека облигациялар секілді құнды қағаздардың қайталама нарығында баға белгілеуі мүмкін. Бұл арада кепілхат ссуда бойынша кепілге салынған мүліктің заңды меншік құқығын несиелерге беруді ұйғаратын құжат болып табылады. Жылжымайтын мүлік аясындағы кепілхат ипотека несиенің негізгі қамтамасыз етушісі болып табылады. Онда несие келісімшарты бойынша борыштарды төлеу жөніндегі қарыз алушының міндеттемесі, пайыз, салық, алымдар және меншіктен өндіріліп алынатын өзге де төлемдер нақты көрсетіліп, сонымен бірге, оны бүлінбеген қалпында сақтау, жылжымайтын мүлікті сақтандыру, оны басқа тұлғаға кепілдік аясында беруге тыйым салынатыны және т.б. айтылады.

Өзіндік қаражат, ипотекалық облигациялар және клиент шотына тартылған ресурстар банктің несие ресурстарын құрайды.

ҚР “Ипотека туралы” заңы шыққаннан кейін Қазақстанда ипотекалық несиелеу қарқынды дамыды.

Республиканың ірі банктері ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыратын өздерінің ипотекалық компанияларын құрды.

2000 жылдан бастап ҚР Ұлттық банкісі жарғылық капиталы 100%-ды құрайды Қазақстандық ипотеке компаниясын (ҚИК) құрды. Ол алғашқы құрылған күнінен бастап несие үшін алынатын пайыз мөлшерлемелерін кеміту бағытындағы саясатты жүргізіп келеді. 2005 жылы ҚИК толықтай ҚР Қаржы министірлігінің қарамағына өтті. Бұл несие үшін алынатын пайыздық мөлшерлемелерді кемітуге қажетті бәсекелестік ортаның құрылуына өз ықпалын тигізді. Пайыз мөлшерлемелері баяу болса да тұрақты түрде кеміп келеді. Ипотекалық несиелеудің дамуына 2003 жылы Мемлекеттік құрылыс –жинақ ақша банкісінің құрылуы жағымды әсер етті. ҚИК 300 және 500 млн

- 16 -

сомаларында ипотекалық облигацияның екі шығарылымын шығарып үлгереді және оларды сәтті орналастыра білді. Қазақстанда ипотекалық несиелеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының ажырағысыз бөлігі болып табылады.

Халықаралық несие. Халықаралық несие несиегер ретінде мемлекет, банк, басқа елдердің жеке және заңды тұлғалары алға шығатын халықаралық экономикалық қатынас саласындағы ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді. Осылайша, халықаралық несие қайтару, мерзімді және ақылы шаттарының негізінде елдер арасындағы ссуда капиталының қозғалысына қызмет ететін несие қатынасын әр түрлі формаларымен субъектілері бойынша біріктіретін үлкен үғым. Халықаралық несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.Ол төлем балансының тапшылығы(экспорт пен импорттың арасындағы айырмашылықты) жабудың құралына және жинақтаудың қосымша көзіне айналды.

Шетелдік инвесторлар үшін халықаралық несие басқа елдерге, әсіресе, қосымша инвестицияға мұқтаж дамушы елдерге капитал салудың ең тартымды формасы болып табылады. Бұл несие ең сенімді несие ретінде саналады, өйткені, ол тек компаниялармен, фирмалар және банктермен ғана емес, сонымен бірге, үкімет кепілдігімен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда Қазақстан, әсіресе, ірі компаниялар, филиалдар және банктер халықаралық несиені жиі пайдаланады. Бұл белгілі бір реттеудіжәне шектеуді қажет етеді. Әйтпесе өтелмеген берешектердің жинақталуы және сыртқы қарыздың ағымдағы қызмет көрсету бойынша өсе түскен төлемдер мемлекеттің қаржылық – валюта жағдайын қиындатып, оны тұрақсыз етеді, тіпті, үкімет, яғни мемлекет тарапынан саяси және экономикалық қысым көрсетілуі мүмкін.

Халықаралық несие делдалдың көмегі арқылы немесе тікелей берілуі мүмкін. Делдал ретінде аса ірі ұлттық және трансұлттық банктер, халықаралық және аймақтық валюталық – несие әрі қаржы ұйымдары алға шыға алады.

Меншік формасы бойынша халықаралық несие мемлекеттік, жеке және аралас несиелерге бөлінеді. Қазақстан жеке халықаралық несиені жиі алады,

яғни несиені жекеше компаниялардан, фирмалардан, банктерден алады. Ол қарыз алушы елдің валютасында, үшінші елдің валютасында берілуі мүмкін. Халықаралық несие формасы бойынша коммерциялық жәнебанктік несиелерге бөлінеді.

Коммерциялық немесе фирмалық несие сыртқы саудамен және қызмет көрсетулермен тікелей байланысты болады. Оны, әдетте, басқа елдердегі әр түрлі коммерциялық құрылымға ие компаниялар, фирмалар вексельдің көмегімен тауарлы формада береді. Экспорттаушы тауарды тиегеннен кейін аударылатын вексельді импорттаушыға қояды. Импорттаушы коммерциялық құжаттарды алғаннан кейін оның векселін акцептейді, яғни оның төлемін белгілі бір мерзімде төлеуге келісімін береді.

Банктік несиелеу тек экспорт – импорт операциялар бойынша есеп айрысулармен ғана байланысты.

Экспорттық банк несиесі бұл – экспорттаушы ел банкісінің импорттаушы елдің банкісіне машина, құрал – жабдық жеткізілімін несиелеу үшін беретін несиесі. Ол, сонымен бірге, байланысқан несие деп аталады, өйткені, ол тек машина мен құрал – жабдықүшін ғана беріледі.

Импорттық банк неисесі – бұл импорттаушы елдің фирмаларына және банктеріне тікелей берілетін несие берушінің елінде қандай да бір тауарларды сатып алуға арналған неисе.Сатып алушы несиенің бірнеше несие,несие желісі, сондай – ақ, өнеркәсіптік және азаматтық құрылғыларға арналған несие, оны құрал – жабдықтыжеткізумен береді.

Қазақстанның халықаралық жетекші ұйымға кіруі экономикалық реформаларды жүргізуге қажетті қосымша қаржыға жол ашты.

Халықаралық валюта қорымен (ХВҚ) “стенд - бай” несие аясында 185,6 млн қарыз алудың арнайы құқығы сомасында келісімге қол қойылды.

Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық қайта құру және Даму банкі, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Жапонияның экспорт импорт банкі және өзге де халықаралық қаржы – валюта мекемелері беретін несиені пайдаланады.

Қазақстанның және банктердің халықаралық рейтингісі игеруі несие бағасы бойынша да, оның мерзімі бойынша да пайдалы шартқа құрылған халықаралық несиеге жол ашты.

Халықаралық несие арқылы ұлғайтылған ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, қолма қол ақшасыз есеп айырысуды дамытудың халықаралық есеп айырысу саласындағы айналыс шығынын үнемдеу, сондай ақ, капиталдың және шоғырлануын орталықтандырылуын күшейту мақсаттарында капитал елдерге қайта бөлінеді.

Қазақстан 2003 – 2015 жылдарына арналған Индустриялық инновациялық дамудың стратегиясын жүзеге асыруда халықаралық несиені қосымша құны жоғары әрі бәсекеге жарамды ғылыми сыйымдылығы бар өнімдер өндірістің жаңа машина, құрал – жабдық және технология импорты үшін пайдалануы қажет. Бірлестірілген несие банктердің шектеулі неисе мүмкіндіктері мен бірінші класты қарыз алушылардың ауқымды қажеттіліктері арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік береді.

Лизингілік несие. Қазақстан 2000 жылдан бері лизингілік несие қолданылып келеді. Лизинг – бұл негізгі құрал – жабдықмүлкін сатып алу және оны жеке заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг алушының мүліктісатып алу құқығын қарастыратын келісімшарттың бекітілуіне себепкер болатын белгілі бір шарттармен лизингілік келісімшарттың негізінде ұсыну бойынша инвестициялық қызметінің түрі.

Қызметтің бұл түрі ҚР «Қаржылық лизинг туралы» заңымен, Азаматтық,

- 18 -

Салықтық және Кедендік кодекстермен, «Инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы» және «Инвестиция туралы» заңдарымен реттеледі.

Лизинг бұйымына кез келген тұтынылатын заттар, оның ішінде, кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын машина, құрал жабдық, сайман, үй ғимараты, құрылғы, көлік құралдары жатады.

Лизинг объектісі лизинг берушінің балансында болады және лизинг объектісінің амортизациясы жеделдетілген амортизация коэффициентіне сәйкес «қызмет көрсету» жұмысының өзіндік құнына қатысты болады, лизингтің әрекет ету мерзімі лизинг объектісінің толық амортизациясының мерзімімен ұзақтық бойынша өлшемделуі керек.

Лизинг – бұл мүліктің меншік иесі мен жалдаушының арасындағы келісім. Бұл келісім – мүлікті делдал болып табылатын лизингілік компания арқылы айтылған мерзімге және төлемі үшін пайдалануға беру.Лизингілік мәміле лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы қатысады.

Лизинг өзінің мазмұны бойынша несие қатынасына сәйкес келеді және мәні бойынша ссудаға ұқсас. Лизинг осы экономикалық мағынасы лизинг берушінің лизингалушыға мүлікті пайдалануға беру формасында берілетін несиені білдіреді.

Лизингтің банк несиесінен артықшылықтары:

-мүлік кепілге салынбайды, яғни мүлікті кепілге салудың қажетті болмайды;

- бизнес жоспарды ұсынудың қажеттілігі болмайды;

- лизингілік төлемнің жүйесі икемді болады және ол игеруге жатқызылады, бұл салық салынатын базаны кемітуге мүмкіндік береді,

- жүз пайыздық несиелеу және төлемдерді дереу төлеуді талап етпейді.

Лизинглік несиені Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілер комбайн, трактор және өзге де ауыл шаруашылығына қажетті машиналар үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар технологиялар үшін, шығын және орта бизнестің субъектілері пайдаланылады.

Бүгінгі таңда лизинг кез келген өндірістің материалдық – техникалықбазасын дамытуға ауқымды капитал салымдарын салуға мүмкіндік береді. Машиналар мен құрал – жабдықты сатып алудың басқа тәсілдерімен салыстырғанда лизингтің бірқатар елеулі артықшылықтары бар:

- лизинг кәсіпкерге – жалдаушыға өндірісті аса ірі бір жолғы шығындарсыз ұлғайтылуына мүмкіндік береді;

- өтімді қаражаттардың шектеліп қалу мәселесі жұмсарады;

- негізгі құрал жабдықты сатып алуға кеткен шығын келісімшарт әрекет ететін барлық мерзімге бірдей бөлінеді;

- қарыз капиталы тартылмайды және т.б.

Лизинг берушібанктің лизингілік қызметінің артықшылығы:

- лизинг барысында мүлік лизинг алушының балансына өтеді;

- қосымша құн салығының босатылады;

- лизинг компанияның несиелеуінен табыс және акциядан дивиденттер алады.

ІІ. Несие қызметінің түсінігі.

«Функция» («қызмет») деген сөз латынның «functio» - деген - «атқару» «жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді. Несиенің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз байланысты; қызметінің атқаруындағы қарым қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Қызметтің несие мәні сияқты объективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында несие барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет - қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс. Несие мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытудың да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет несиелік қатынасқа бүтіндей қатысты. Несие қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытудың сипаттайды.

Несиенің ұдайы өндіріс процесінде алатын орны жайлы біркелкі ғалымдардың пікірлері жоқ. Кейбірғалымдар оны айналым белгісіне жатқызса, басқалары бөлу белгісіне жатқызады. В.М. Тарасов несиені ұлттық табысты қайта бөлу процесіне қатысатындықтан бөлу категориясына жатқызады. Және де соған қарамастан, несиенің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар.

Айырбас фазасына бөлу (өндіріс нәтижелерін бөлу) қатынастарының сәтін айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан, несиелік қатынастарды да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан несие бөлу категориясы бола отырып, айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның өзі несиенің қызметіне тән екендігін көрсетеді.

Несие туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны жайлыорнық қанбіркелкікөзқарас жоқ. Біреулерекі( қайтабөлумен айналымның несиелік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған екеуінен бөтен бақылауды қосады), үшіншілер - төрт (және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыру бөліп көрсетеді) көзқарастарды атайды. Ал, жекелеген авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттардың жинастыру т.б. деп түсіндіреді.

Несиенің бақылау қызметі: дегенде ол – ақша, қаржы сияқты басқа да категорияларға тән екендігін айтқан дұрыс. Ал, шынында бақылауды несие емес, банк жүзеге асырады.

Өндірістік қорлар айналымның жанама түрлері бойынша несиенің қызметі ақшаларға да, қаржыларға да тән – бұлбіріншіден, екіншіден қорлар айналымдардың құндылық категорияларының мазмұнына да енеді.

2.1. Несиенің қызметі. Шын мәніндегі ақшаларды айналымның несиелік құралдарымен ауыстыру.

Қазіргі кездегі нарық шаруашылығында шын мәніндегі ақшалар(алтын) ел ішінде айналысқа түспейді, олдардың несие негізінде шығарылған ақша белгілері айналымда болады. Нарық ақшалардың шығарылуы, немесе қолма – қол есептегі ақша қорларын ұлғайту сол мезетте экономиканы несиелеудің ресурсы болып табылады.

Несиенің мұндай қызметінің дамуы банк жүйесінің пайда болуымен байланысты екендігін ескерген жөн. Ақшаларды банкінің есеп шотында сақтау ақшалай міндеттемелер бойынша тауарлар мен қызмет үшін қолма – қол ақшасыз есептерді жүзеге асыруға, өзара қарыздарды есепке жатқызып жойып отыруға мүмкіндік береді. Мұның өзі ақшаны қолмен санап алыс беріс жасау айналымын және айналым шығындары мен өнімсіз шығындарды едәуір азайтты. Шаруашылық жүргізу субъектілерінің және халықтың есепшоттардағы қаржылық банкілердің несиелік ресурсы болып саналып, есепшоттардағы көрсетілген ақша айналымы банкінің ақша қаржыларының иелерімен несиелік байланыстары болып қалады.

Несиелеу процесі кезінде ақша массасыныңқұрылымына, төлем айналысына және ақша айналымының жылдамдығына әсер ететін сол ақша айналымы үшін түрліше төлем қаржылары құрылады. Яғни нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен және несиелік операциялар ауыстыру жүзеге асырылады. Айналымда ең қарапайым қарыздық міндеттемелер- вексельдерден бастап қазіргі электрондық ақшаларға дейінгі несие ақшаларының түрліше формалары пайда болады.

Экономиканың дамуының алғашқы сатысында бұл айналымнан алтынды ығыстырып шығарумен байланысты болды. Қазіргі кезде нағыз ақшаларды алмастыратын несие қызметі ақша тасқындарының қозғалысын тездететін қолма қол ақшасыз есептер, несие карточкаларын, вексельдерді, чектерді, депозиттік сертификаттарды қолдану арқылы көрініс танытады.

Осы кездегі шаруашылықта қолдағы аұшаны несие операцияларымен ауыстырудың қажетті шарттары жасалған. Ақшаларды бір есепшоттан екіншілеріне қолма-қол ақшасыз есеп жасау үшін аудару, өзара талаптарды қанағаттандыруға байланысты, ақша айналымының құрылымын жақсартуға мүмкіндіктер туады.

Бұл жерде айрықша ескеретін жәйт – неисе осы қызметінің барысында ақшаларды жалпылама ауыстырудың емес, оларды экономикалық айналымда уақытша ауыстыру қызметін, яғни несие ақшаның ролін атқарады. ТМҚ – ныалу, қызметтерді төлеу, еңбекақыларды, зейнетақыларды төлеу үшін пайдалануды және т.б.

Демек, нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен және несиелік операциялармен алмастыру, негізінен, екі түрлі жолмен жүзеге асырылады:

-алтының орнына айналымға экономиканы несиелеу жолындағы несиелік ақшалар шығарылады, олар тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етіліп, міндетті түрде банкідегі эмитетке қайта келіп түсулері қажет;

-несиелеу барысында төлем қаржылары жасалады, яғни, қолма – қолақшасыз есеп айрысуды ұйымдастыруға байланысты айналымға ақшасыз қолма – қол есептер жасалынатын ақшалар келіп түседі.

2.2.Несие мен ақшаның өзара әрекеті.

Адамдар көп жағдайда несиені ақша сияқты қабылдайды. Бір қарағанда, несие - әсіресе, ақша түрінде ұсынылатынбанк және несие – түрлі ұғымдар ғана емес әртүрлі қармы – қатынастар да болып табылады.

Несие мен ақша – түрлі экономикалық категориялар. Ақшаға қарағанда несие тарлау болып келеді. Себебі, несие қарым – қатынастың субъектілері барлық заңды, заңды емес және тұлғалар болып табылады.

Осыған байланысты несие және ақша қарым-қатынасының ең бірінші ерекшелігі – қатысушылар құрамының әр түрлі екенін атап өткен жөн. Ақша қарым қатынасына сатып алушы мен сатушы қатысады, ал ақша жалпы балама сияқы ақшаны алушы мен сатушы субъектілері арасындағы қарым қатынас нәтижесінде осындай қалыпқа енеді. Бұл жағдайда тауар мен ақшаның ыңғайластық қозғалысы жүреді.

Несие қарым – қатынасыныңқатысушылары несие беруші мен қарыз алушы болып табылады, ал несие құнның қайтарылу қозғалысының себебі бойынша ерекше қарым – қатынасты көрсетеді. Бұл жағдайда құн ыңғайластық қозғалысқа түспейді, өйткені ол несие берушіден қарыз алушыға өтеді және белгіленген мерзім өткеннен кейін өз иесіне қайтады. Несиеге ақшалай қарым – қатынаста жол берілмейтін мерзімі ұзартылған төлем тән. Соған қарамастан ақша мен несие бір – бірімен қатар болып, өзата әрекетке түседі. Сонымен, тауарларды несиеге сату процесінде төлем құралы ретінде несие мен ақша қатысады.

Несие мен ақша әр түрлі тұтыну құнына ие. Несие пайыз келтіретіндігімен ақшадан ерекшеленеді.

Несие ақша түрінде де, тауар түрінде де ұсынылуы мүмкін.

Бұл ерекшеліктерге қарамастан тауар ақша қатынасының талаптарында ақша мен несие тығыз байланыста дамып , ұдайы өндірістің барлық қорына Қызмет көрсету арқылы өзара бір бірін толықтырады.

Банк берген несие клиенттерге банктің депозит есепшоттарына жаңа ақша салуға мүмкіндік береді. Клиенттер оларды төлем құралы ретінде жеткізушілердің шоттарын және басқа да төлемдерді өтеу үшін пайдаланады.

Банк клиенттері, яғни банк еспшотының иелері бір уақытта ақша және несие қарым-қатынасының субъектілері де болып табылады. Нарық экономикасының жағдайында несие мен ақшаның өзара әрекет етуінің алдағы уақытта күшейе беру тенденциялары көрініс табады. Оған мына себептер бар:

-қолма – қол ақшасыз есеп айрысудын кеңеюі, Интернет арқылы есеп айрысудың электрондық жаңа жүйелерінің, төлем карталарының, дебет карталарының пайда болуы, бір жағынан, банк шоттарына ақшаны тартып, оларды несие ресурстарына айналдыру себеп болса, екінші жағынан ақша айналымын тездетеді, сондықтан ақшаның бір бөлігі есеп айрысу үшін керексіз болып қалады және депозит есепшоттарына банктің несие ресурстарын көбейтіп, тұрақталып қалады;

-орталық банктер несиені экономиканы ақша – несие жағынан реттеуінің негізгі құралы ретінде пайдаланады. Оның шегі тарылу немесе кеңеюі арқылы айналымдағы ақша жиынтығына банктің эмиссиялық қызметіне, әсер етеді.

Болашақта несие мен ақшаның өзара әрекеті жалғасып, күшейе береді.

2.3.Несиенің экономикадағы ролі және оны қолданудың шектері

Несиенің ролін несиелік қатынастардың жұмыс істеуіне әкеліп соқтыратын нәтижесімен анықтауға болады. Несие өзінің қызметі арқылы ұдайы өндіріс процесіне әсер етеді. Жоғарыда аталып өткендей, несиенің өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде қайта бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана байланысты. Несиенің көмегімен шешілетін міндеттер қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңдеріне өзгеріп отыруы мүмкін.

Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдалануы қамтамасыз етіледі. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді. Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез – келген экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің маусымдық сипаты мен экономика саласында тауарларды сатып реттеуді арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолдабар жиынтықтардың арасында болатын қарама –қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арқасында қамтамасыз етіледі. Жоғарыда көрсеткеніміздей, қорлар айналысының біркелкілік танытпайтындығына байланысты бір полюсте бос тұрған қаржылар пайда болады, екіншісінде оларға деген тапшылық орын алады. Уақытша қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға берілетін несие оларға ұдайы өндіріс процесін жалғастыруға ТМҚ үшін ақы төлеудің қамтамасыз етуге, еңбекақы төлеуге және т.б. мүмкіндіктер тудырады.

Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын ролі зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістердің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа техниканы өндіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіруді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанда экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған өңдеу секторын құру мақсатын көздейтін ҚР – ның 2003 – 2015 жылдарға арналған индустриалық – инновациялықдаму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзінің несиелік қаржыларын осы Бағдарламаны жүзеге асыруға бағыттайтын несие жүйесіне үлкен үміттер артылуда. Несиені капиталдық салымдар есебінен пайдаланудың бюджеттік қайта айналмалы қаржыландыруменайтарлықтай маңызды артықшылықтар бар. Ол капиталдық шығынның тиімділігін осы шаралардың пайда есебінен қарызды өтеудің мүмкіндіктерін анықтаумен әрі неесие шараларының өтелу мерзімі шегінде қарызды өтеудің мерзімін белгілеумен жүйелі бақылауға мүмкіндік береді.

Несиенің ақша айналымы саласында да алатын орын айрықша. Ол ақша айналымының үнемделуінен көрінеді. Неисе өзінің қызметі – айналысыныңқұралын құруға байланысты:

-біріншіден, аұша белгілерін дайындау, шығару, есеп жүргізу мен сақтау шығындарын қысқартады;

-екіншіден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып, қолма қол ақшасыз есептеулерді қысқартып, айналым шығындарын азайтады;

-үшіншіден, айналымның шығындары маусымдық қажеттіліктерді қосымша қаржылар есебінен көбейткенде қорлардың кемуіне байланысты қысқарады.

Кәсіпорындар мен халықтың қаржыларын банкілердің есепшотында сақтау ақша есептерін банкінің есебінде жазу арқылы, яғни қолдағы бар ақшан ың қатысуынсыз жасауға мүмкіндік береді. Қолма – қол ақшасыз есеп экономикадағы есептеулерді тездетіп, айналымның шығындарын азайтады, мемлекеттік қарыз беру қорын арттырады.

Қолдағы ақшалардың айналымға түсуі және оларды айналымнан шығару несиелік негізде жүргізіледі, мұның өзі айналыстағы ақша көлемін реттеп және оларды басқаруға, дәлірек айтқанда валюта мен инфляцияның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Экономиканың төмендеп, инфляцияның өрлеген кезінде мемлекет пайыздық ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемін қысу үшін экономикадағы несиелік салымның көлемін қысқартады. Ал, экономикалық өрлеу кезінде экономиканы жандандырып, әрі өсіру үшін несие экспансиясы саясаты қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кеміту арқылы несие тасқыны көбейіп, ақша көлемі ұлғаяды. Осылайша ақша айналымы ретке келтіріледі. Қазақстанда 1993 – 1997 жылдары несиелердің шектеулі, ал 1998 жылдан бастап несие экспанциясы саясаты жүргізіледі.

Несиенің (ипотекалық тұтыну несиесі) арқасында тұрғын үй құрылысы, пәтерлер, автокөлік және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу мен шаруашылықты қалыптастыру сияқты қоғамдағы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге қол жетіп отыр.

Несиенің көмегімен басқа мемлекеттермен байланыстар нығайып, әлемдік экономикаға араласуға мүмкіндіктер туып келеді.

Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналысушы экономикалық субъектілердің өмір сүруі мен жалпы халықшаруашылығының дамуына да, микродеңгейіне байланыстардың дамуында, сондай – ақ халықтың әл ауқатын көтеруде несиенің атқаратын ролі өте зор .

Міне, осыған байланысты несиені пайдаланудың шегі қайсы деген туындайды. Үйлесімді деңгейлерде ғана несиенің экономикаға салынуы пайда бере алады. Несиенің дамуын, оның ролінің күшеюін экономикаға несие салымының артуымен байланыстыруға болмайды. Мұның өзі несиені пайдаланудағы сапалық емес, сандық өзгерістерді көрсеткен болар еді. Несие салымдарының ұлғайғаны жайлы мәліметтер мен қаржылардың қайнар көздеріндегі несиенің үлесі экономиканың дамуында оның ролінің артқандығы осы процестердің несие объектілерінің кеңеюімен, жаңа өнімдер шығару үшін жаңа да, сапалы жобаларды игерумен байланысты болғанда да белгілі болады. Бұл жағдайда несиелік қатынастардың дамуы, жаңа салалардың пайда болуы, капиталдың бір саладан екінші салаға ауысып қайта құйылатындығы жүзеге асатындықтан, несие ролінің артқандығы туралы айтуға болады.

Бұл жерде несие шектерінің сапасы мен саны жайлы. Несиелеудің көптігі экономиканың даму процесіне, ақша айналымына кері әсерін тигізеді. Ол қарыз алушылардың қаржыларды үнемдеп пайдалануға деген ықыласын бәсеңдетеді.

Ал, несие саласы мейлінше тарылтудың да кері әсері бар, себебі төлем қаржыларының жеткіліксіздігінен шаруашылық субъектілер ТМҚ – ны, жабдықтарды сатып ала алмайды, өзінің өызметкерлеріне еңбекақы төлей алмайды, негізгі қорларды жалға ала алмайды және т.б. Сайып келгенде мұның бәрі өндірісте, тауарларды сатып – таратуда өз көрінісін байқатпай қоймайды.

Несиенің шектерін негіздеп анықтау мен сақтаудың сұраныс пен ұсыныстың, айналымдағы тауар мен ақша көлемдерінің, өндіріс пен тауарларды сатып – таратудың араларындағы үйлесімді тепе – теңдіктерді сақтап тұру үшін маңызы зор.

Несиенің сандық шегі несиелік қаржыларды сандық жағынан шектеумен байланысты. Шектеулердің әдісі әр түрлі, тура әдіс Ұлттық банк міндетті қор көздерінің мөлшерін арттырып, соның нәтижесінде несие көздерінің көлемін азайтады, экономикалық әдіс пайыздық мөлшерлемені көтерудің нәтижесінде несиелеу процесін тежейді. Сапалық шектері бұл жағдайда несие тар көлемдік деңгейде де, кең көлемдік деңгейде де кері әсер етуі мүмкін.

Несиенің экономика циклінің тиісті кезеніне байланысты кең көлемді деңгейде оң немесе теріс түрде қалай әсер ететіндігі жоғарыда атап көрсетілді.

Қорытынды

Қорытындылап айтып келетін болсам. Несие ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. Кредит деген сөз, қарыз несие деген сенемін деген мағына беретін болып: латынша деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен байлап қарайтын формада: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады.

Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдірді. Несие келісім шартындағы сәйкес бөлімде берілетін, несиенің нақтымақсаты, сондай ақ банктің бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.

Несиенің тауарлық формасы шарты жағынан алып қарағанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған. Несиенің тауарлық формасы осы заманғы іс тәжірибеде төмендегінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда машина мен құрал жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингіде қолданылады.

Қазақстанда тұрғын үй құрылысын салуға және оны сатып алуға ұзақ мерзімді тұтыну несиесін беру үшін мамандандырылғанмемлекеттік құрылыс жинақ ақша бөлінісі құрылады. Жылы халыққа берілген тұтыну несиесінің мөлшері млрд теңгені құрады, жылмен салыстырғанда құрады.

Инфляция жағдайында, керісінше, қолма қол ақшамен төлеудін үлесі артады несиені пайдаланудың мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарлайды. Жылғы несие жүйесіндегі реформалардан кейін жинақ кассалары қызметінің негіздері қайта құрылды. Акционерлік коммерциялық банк Жинақ банкі құрылды. Нәтижесінде жинақ банктері басқа коммерциялық банктерден аса өзгешеленбейтін бөлікке мекемелерге айналды.

- 28 -

Пайдаланған әдебиеттер

1. Ақша, несие, банктер.

Ғ.С.Сейтқасымов.

Алматы: Экономика, 2001 ж

2. Көшенова.Б.

“Ақша, несие, банктер”.

Алматы, 2001ж.

3. Мақыш.С.Б.

“Коммерциялық банктер операциялары”.

Алматы: 2004ж.

4. Мақыш.С.Б.

“Ақша айналысы және несие”

Алматы: 2004ж.

5. Ысқақова. З.Д.

“Банк ісі”

Қарағанды, ж.

6. Ысқақова. З.Д.

“Бағалы қағаздар нарығы”

Қарағанды, ж.

7. Актенов.Н.Г., Пессель.М.А

“Денежное обращение” кредит и банк, 1995.

8. Я. А. Дободиной

“ Денежное обращение” финансы. ЮНИТИ, 1999

9. В. Колесинкова

“ Банковское дело ”, “ финансы и статистика ”, 1996

10.И. И. Повлов

“ Денги, кредит, банк”, Алматы, Казакхстан, 1994 ж

11.Г. С. Сейітқасымов

“ Денги, кредит, банк ” Алматы, Экономика, 1996

12.Ілиясов Қ., Құлпыбаев

“ Қаржы ” Алматы, 2005ж

13.В. Д. Мелинков

“ Основа финансов ”, Алматы, 2005 ж

14.С. С. Сахариев

“ финансы ” Алматы юредическая литература, 2004 ж

15.Романовский

“ финансы ” учебник для ВУЗ 2000 ж

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (kirispe.zip)Несие, оның мәні мен қызметтері39 Kb
 
01.02.2016 15:43