Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Покупаем эссе, сочинения, рефераты и т.д за: 200, 300..500 тг     >> Узнать подробности...

Банк рефератов KZ

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ


155199

Қазақстанның салық жүйесі


 
Курстық жұмыс
Экономикалық теория
Тақырыбы: «Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері»
 
              
                             
                                           

Мазмұны
      Кіріспе.................................................................................................
I. Нарықтық экономикада салықтың алатын орны...............................
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні...............................................................
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы.........................................
1.3 Салық салудың принциптері мен түрлері..................................
II Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру............................................................................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі заманғы қалыптасу кезеңдері...............................................................
2.2 Салық алуды ұйымдастыру.........................................................
2.3 Қазақстан Республикасындағы салық түрлері.......................... 
2.4 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары.....................................................
Қорытынды..........................................................................................
Қосымша кесте....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................
 
 
3
4
4-7
7-11
11-13
15
15-21
21-24
24-29
29-34
34-35
36
37


Кіріспе
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді. 
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі.
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.
 Менің курстық жұмысымның мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беру, оның қалыптасу кезеңдерін, принциптерін қарастырып, қазіргі заманғы салық жүйесіндегі мәселелерді зерттеу және оның шешілу жолдарын қарастыру.
I Нарықтық экономикада салықтың алатын орны
1.1 Салық ұғымы, тарихы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
 
Ұйымдық–құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік –экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцйяларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
      Салықтарды ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын ) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
1. пайда (алынған игіліктер ) қағидаты;
2. «қайыр көрсету» (төмен қабілеттілігі ) қағидаты.
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.
Салықтың Ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
1. салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
2. салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықталық қағидаты);
3.  әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
4. салықты алудың шығындары өте аз юолуы тиіс (үнем қағмдаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және Адам Смитке «салықтар – оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлденді, толықтырылды.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтың міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төламдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтың міндеттемелері туындауының, орындалуынынң және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарды міндетті түрде жариялануға жатады.
Салықтардың әлеуметтік- экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн. Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерешеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция- барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік- мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамассыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесісіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс- әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1997 жылы - 19,7%, 1998 жылы – 16,6%,1999 жылы-17,4%, 2000 жылы- 22,6%, 2001 жылы-22,2% болды (салыстыру үшін: Украйнада-29%, Ресейде -33 %).            (Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев // Қаржы //  Алматы, 2003, бет 214).
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайындағы салық саясатының негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған қоғамдық қорлары арқылы халықтың нақты табыстарының едәуір бөлігін қалыптастырудың өзін ақтамаған қағидатынан бас тарту болып табылады. Бұл еңбек белсенділігінің күшеюіндегі экономикалық ынталылықтың уәждемелік механизмі арқылы халықтың еңбекке жарамды бөлігінің табыстарын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік жасайды. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің неғұрлым тиімді және берік әлеуметтік қорғалуы қамтамасыз етіледі.   
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы
Салық, алым, баж және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес, төлеушілердің бюджетке, немесе, бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарнамалары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу факторы бола отырып, салықтар мына жағдайларды жүзеге асырады: бөлу жүйесінде пайда болатын қателіктерді жоюға мүмкіндік туғызады, адамдардың осы немесе басқа әрекеттердің дамуын ынталандырады.
Мемлекетке түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.   
Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтың элементтері белгіленеді:
• салықтың субъектісі, немесе, салық төлеуші – арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы, басқа тұлғаға жүктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы – салықты ақиқат төлейтін тұлға белгіленеді;
• салықтың объектісі – салық есептелетін табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер т.б. )
• табыстың көзі – есебінен салық төленетін табыс;
• салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).
Тұрақты, пропорционалдық, прогрессивтік, регрессивтік салық ставкалары болады.
     Тұрақты ставкалар – табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.
Пропорционалдықтар – салық объектісіне , оның жіктелуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.
Прогрессивттік ставкалар – табыстың өсіп отыруына байланысты прогрессивтік салықтың орташа ставкасы өсіп отырады. Салық салудың прогрессивтік ставкасы бойынша, салық төлеуші табыстың үлкен абсолюттік көлемін төлеп қоймайды, ол оның үлкен үлесін төлейді.Прогрессивтік салықтардың зардабын үлкен табысы бар адамдар тартады.
Регрессивттік ставкалар – табыстың өсіп отыруына сәйкес регрессивтік салықтың орташа ставкасы төмендейді. Регрессивтік салықтар үлкен табыстары барларға пайдалы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді.
Төлем жасау қабілеттілігіне байланысты салықтар тікелей және данамаға бөлінеді.
Тікелей салықтарды салық субъектілері тікелей төлейді. Олар заңды және физикалық тұлғалардан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:
• азаматтарға салынатын табыс салығы және корпорациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;
• мүлік салығы, осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке), әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік салықтар және әлеуметтік жарналар деп аталатындар) салынатын салықтар; пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар.
Жанама салықтар – бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Бұлар жарым-жартылай, немесе, толық тауар, немесе, қызметтер бағасына аударылады. Жанама салықтардың негізгі түрлері:
• үстеме құнға салынатын салық, акциздер (тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар);
• мұрагерлік салық;
• жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.
Дамыған елдердегі салық салу тәжірибесіне жүгінсек, салықтардың жетекші екі түрі болады. Мұның негізін табыс салығы – азаматтар және заңды тұлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогрессивтік салық салу және үстеме құнға салынатын салық құрайды. 
Табысқа салынатын салықтар физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы  және  заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы деп ажыратылады.
Индивидуалдық табыс салығы – бұл жеке табыстар салығы, салық төлеуші физикалық тұлғаның табыстарынан (әдетте жылдық) алынатын алым болып табылады. Төлемдер жыл бойы жасалынады, бірақ түпкі есеп жыл аяғында жасалады. Салықтың бұл түрі тікелей прогресивтік салыққа жатады. Әр елдердің салық жүйелерінің ортақ ұқсастықтары болады, бірақ солардың әрқайсысында өздерінің ерекше салық ставкалары мен салық салуға жатпайтын, салық несиелері мен төлем даталары болады. Осымен қатар, салық жүйелерінің көбінде серіктестіктер салық салудың жеке объектісі деп саналмайды. Олар арқылы пайда серіктестіктің мүшелеріне салынады.
Соңғы жылдары табыс салығының ставкасын төмендеу тенденциясы байқалып отыр. Көп экономистердің тұжырымдауы бойынша, «әділетті» салық жүйесі үшін табыс салығының ашық бейнеленген прогрессивтік ставкалары қажет, яғни байлар кедейлермен салыстырғанда үлкен салық төлеу керек.
Заңды тұлғаларға табыс салығы – корпорациялардың пайдасына салынатын салық. Көп елдерде бұл тікелей прогрессивтік салық болып табылады. Осы салық корпорация заңды тұлға болса ғана алынады.
Корпоративтік салық фирмалардың салық төлемдердің басым көбін құрайды. Салық фирманың таза пайдасына (жалпы түскен түсімнен барлық шығындар мен зияндары алып тастағанда қалғандар) салынады. Дивиденд түрінде акйионерлер арасында бөлінуге тиісті таза пайданың бөлігіне салық салу әр елде әр түрде жүреді. Алынған дивидендтер физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы объектісіне жатады. Мұның нәтижесінде бір сомаға екі рет салық салынады – бастапқыда, фирманың пайдасының бөлігі деп осыдан кейін, салық салу жүйесінің көзқарасы бойынша, акционерлердің табысына айналан, бөлінетін пайда деп, оған жеке табыс салығы салынады.
Салықтың дамыған елдердің көбінде қолданылатын маңызы жағынан екінші түрі – қосылған құнға салынатын салық. Еңбек процесінде өздерінің қарамағына келіп түскен еңбек заттарына құн қосқан салық төлеушілеріне, олардың қосқан құнына салық салынады. Бірақ салық төлеушілердің әрқайсысы осы соманы түпкі тұтынушыға жылжып отыратын өзінің тауарының бағасына қосады. Қосымша құн салығы тауарлар мен қызметтер сататын фирмаларға сатылатын тауар құнының 5-тен 38% көлеміне салынады және осы салық көп қолданылатын тауарлар мен қызметтерге салынады.
Дамыған елдердің салық жүйесі салықтарды кәсіпкерлікті қолдап ынталандыру үшін пайдаланады. Осы мақсатпен белгілі жеңілдіктер қолданылады. Олардың маңыздысына инвестициялық салық несиесі, тездетілген амортизация, жер қойнауының әлсіреуіне жеңілдік беру жатады. Мән жағынан инвестициялық несие жеке бизнесті мемлекеттің капиталдық салыммен қаржыландыруы болып табылады. Мазмұны жағынан инвестициялық салық несиесі салықтың жеңілдікке жатады. Ол ескірген жабдықтарды айырбастау және жаңа техника енгізуді талап етеді.
Жанама салықтың қатарында кеден , баж алымдары жатады.Олар тауарларды мемлекеттік шекарадан әрі бері өткенде төленетін салықтар. Қазіргі кезенде, әсіресе шет елдер тауарлардан алынатын кеден салығының маңызы зор. Кеден салығының механизмі
     
1.3 Салық салудың принциптері мен түрлері
Салық салу жүйесінің басты буыны – бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған корпорациядан алынатын салық. Салық акционерлік қоғамның таза пайдасынан алынады, яғни жалпы пайдадан басқаларды шегергеннен кейін мысалы, жедел амортизация, табиғи кендердің азаюы, қайырымдылық қоры төлемдері және т.б. шығындар. Көптеген елдерде корпорация пайдаларына салық салу ставка пропорциялары арқылы жүреді.
Салық салу тарихында жоғары пайдаға салық салу деген де бар. Ол пайданың белгілі мөлшерден артық болуына байланысты салынады. Мұндай шара әдетте төтенше жағдайларда, соғыс, экономикалық күйзеліс кездерінде қолданылады. Табыс салығының қатарына мүлік салығы және капиталды пайдаланумен байланысты атқарылған істер салығы да жатады. Бірінші жағдайда салық мүліктің құнына қарай (жер, құрылыс) әрбір адамнан және заңды тұлғалардан алынады.
Капитал ісінен алынатын салық корпорациялардаың бағалы қағаздарды сату, сатып алуынан түскен табыстардан алынады. Тікелей табыс салықтарымен қатар жанама салықтар да маңызды рөл атқарады.Олар тауарлар немесе қызмет көрсету бағаларына қосылады. Бұл салықты тауарды тұтынушылар төлейді. Қаржы ресурстарын бюджетке шоғырландырудың басты құралы тікелей салықтар, алайда жанама салықтардың да рөлі кеміген жоқ.
Жанама салықтар бүгінде үш түрде көрінеді: акциздер, фискалды, монопольді салықтар және кеден салығы. Бұлардың ішіндегі ең бастысы – акциздер. Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтеріне қосылады. Әрбір елдің ерекшеліктеріне қарай акциздер халық тұтынатын тауарларға, транспорт, байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету түріне салынады. Қазіргі кезде акциздің бір түрі – қосымша құнға салық салу кенінен дамуда. Бұл жағдайда салық тауарды өткізгенен түскен барлық түсімге салынбай, тек осы кезендегі өндірістік қызметтік нәтижесінде қосылған құнға салынады.
Фискалды, монопольды салық мемлекеттің монопольды өндіретін тауарларына салынатын жанама салық. Нақты елдердің ерекшеліктеріне қарай олардың қатарына темекі бұйымдары, алкогольдік ішімдіктер, сусындар, тұз және т.б. басқа болуы мүмкін. Фискалды, монопольды түсімдері әдетте мемлекеттік бюджетке, біраз бөлігі жергілікті үкметтің бюджетіне түседі.
Жанама салықтың қатарына кеден, баж алымдары жатады. Олар тауарларды мемлекеттік шекарадан әрі-бері алып өткенде төленетін салықтар. Қазіргі кезеңде, әсіресе шет елдер тауарларынан алынатын кеден салығының маңызы зор. Кеден салығының механизмі арқылы мемлекет белгілі тауарлардың шеттен әкелінуін тежеп, өзінің ішкі рыногын шетелдік бәсекеден қорғайды. Қазіргі мемлекеттердің финанс жүйесінде маңызды рөлді орталық үкіметтің салықтарымен қатар жетгілікті жерлердің салықтары да атқарады. Олардың ішіндегі ең бастылары: меншік салықтары, әр түрлі жанама салықтар.
Жергілікті әкімшіліктің қажеттіліктерін өтеуге өз салықтары жетіспегендіктен көптеген елдерде орталық үкіметтің жергілікті органдарға субвенция (көмек) беруі үшін белгілі сомалар бөлінеді. Жалпы өзінің табиғаты жағынан субвенция дегеніміз орталық үкіметке түсетін салықтың бір бөлігі, ол жергілікті бюджетке бөлініп беріледі.
Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін ынталандыруға, капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен пайдаланылады. Осы мақсатта салықты корпорация қызметтерінің түрлеріне қарай пайдалану жөнінде түрлі жеңілдіктер беріледі. Мұндай шараларға мысалы, өндіруші компанияларды (әсіресе мұнай мен газ өнеркәсібінде олардың табиғи қорларының азаюына байланысты) салық арқылы ынталандыру жүйесі жатады. Бұл ережеге сәйкес өндіруші компаниялар пайдалы қазбалар көзінің азаюына және өндіріс жағдайларының қиындауына байланысты салық төлемейді. Салықтық жеңілдіктер беру арқылы мемлекет өндіргіш күштерді аймақтық орналастыруға, инфрақұрылым объектілерін салуға және т.б. айтарлықтай әсер ете алады. Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, сонымен қатар барлық шаруашылық конъюннктураға ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Бүкіл экономикалық конъюктураны ынталандырудың ірі шараларына мысалы, 80-жылдарда АҚШ үкіметінің басына келген Рейген әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американ экономисі А. Лаффердің есебі алынған. Олсалықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді. Лаффердің айынша корпорациялар табысына шектен тыс салық ставкасын көтеру олардың күрделі қаржыға деген ынтасын жояды, ғылыми-техникалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.
Мемлекттік бюджет пен салық ставкасының арасындағы тәуелділік графикалық бейнесі – Лаффердің қисық сызығы деп аталады. Суретте ордината сызығында салынған ставкаларын (R), абциссада мемлекеттік бюджетке түсетіндер (Y) бейнеленген. Салық ставкасы өскенде мемлекет табысы салық салудың нәтижесінде ұлғаяды. Салық ставкасының қолайлы мөлшері (R) мемлекеттік бюджетке жергілікті түсімдерді қамтамасыз етеді(Y). Салықты одан әрі көбейту еңбек пен кәсіпкерлік ынтасын төмендетіп, 100 пайыздық салық салу мемлекеттік табысты нөлге теңейді, өйткені ешкім де тегін жұмыс істегісі келмейді. Басқаша айтқанда болашақта шектен тыс салықты азайту қор жинауды, инвестицияны, жұмыспен қамтуды арттырып жиынтық табыстың көлемін ұлғайтады. Нәтижесінде салықтық түсімдердің нәтижелілігі өседі, тапшылық азаяды, инфляция бәсеңдейді. Әрине Лаффердің қисық сызығының тиімділігі тек еркін рынок механизмінің қалыпты жағдайында ғана мүмкін болады. Бұл теорияға сын тұрғысынан терең талдау жасамай, мынаны ғана атап өтуге болады.                           Лаффердің қисық сызығының тиімділігі тек еркін рынок механизмінің қалыпты жағдайында ғана мүмкін болады. Жалпы рыноктық экономика жағдайында инвестицияға салық ставкасынан басқа да факторлар ықпал етеді. Бұлардың ішіндегі ең бастылары циклдық ерекшеліктер және компания тауарларына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы, олардың пайдаларының өсуі.

                                                         

      
       Лаффердің қисық сызығы.                     
II. Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.
2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетке алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 14-інде Қазақстан Республикасы Презмдентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сында №440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Салықтардың, олардың төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша былайша жіктеледі:
Салық салу объектілері бойынша;
Салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;
Пайдалану тәртібі бойынша;
Объектінің экономикалық белгісі бойынша.
Салықты алатыын және оған билік жасайтын органға қарай орталық (жалпымемлекеттік) және жергілікті салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджеттерде шоғырландырылады және жалпымемлекттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты (арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады және әеттегідей түрлі арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.
Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар – бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Бірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу объектілерінің нақты табыстылығының есепке алмай табыстылық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.
Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты жәнежерсалығын төлеушілер салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-інші наурызына дейін береді.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда салық жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға біржолғы ірі сатып алуды іске асырғандар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялары табыс етеді.
Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген  мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға хұқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін ұзарту салық төлеу мерзімін өзгертпейді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейді).
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент – арнаулы салық режімін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат. 
Салық есебінің екі әдісі қолданылады:
1) кассалық әдіс;
2) есептеу әдісі.
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылдаған. Төлеушілер үшін оның кемшілігі – салық төлемдері жеткізілім тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс, бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.
    Қазақстан Республикасының салықтарның, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды:
1. Салықтар:    
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құнға салынатын салық.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
6. Әлеуметтік салық.
7. Жер салығы.
8. Көлік құралдарына салынатын салық.
9. Мүлікке салынатын салық.
2. Алымдар:
1.Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
2.Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
3.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
4.Радиоэлектрондық  құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
6.Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
9. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. Елтаңбалық алым.
12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
13. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
3. Төлемақылар:
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
7. Раиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
4. Мемлекеттік баж.
5. Кеден төлемдері:  
1. Кеден бажы.
2. Кеден алымдары.
3. Төлемақы.
4. Алымдар.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет жүйесі туралы» Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының – Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комитеттерін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарнамаларының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
«Салық» және «Салық салу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда – бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісінде – экономикалық-құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу) процесі.
2.2  Салық алуды ұйымдастыру
Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты аттарын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылоды.(1-сызба «салық механизмінің элементтері» 33-бет)
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі , салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі, салық мөлшерлемесі, үлес, салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.
Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол – салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылуы мүмкін.
Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.
Салық объектісі. Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі тувндайды.
Салық базасы. Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:
Табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады.
Тауарға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын қамтиды;
Капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады.
Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесі – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулурінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.
Салық кезеңі. Жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі, ол аяқталған соң салық базасы анықталады және бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
Салықпұл – субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы. 
Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:
Салық салынбайтын минимум – салық салудан толық босатылатын салық объектісінің  ең аз бөлігі;
Табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер (асыраудағы жандарға, мүгедектерге – халықтан алынатын табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметтік объектілерді ұстауға, табиғат қорғаушараларына жұмсалатын шығындардың сомасынан – пайдаға салынатын салық боойынша және т.т.);
Салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, халықтан алынатын табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);
Салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық мөлшерлемесін төмендету.
Салық жеңілдіктеріне сонымен қатар төлеу мерзцмцн ұзарту және салық бойынша бересіні есептеп шығару да жатады.
Жеңілдік кезеңі – салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс-әрекет ететін уақыты.
Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері – билік пен басқару органдарының салық заңнамасымен реттеледі.
Салықтық бақылау– салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылауы.
Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
• Салық төлеушілерді тіркеу есебі;
• Салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объектілерді есепке алу;
• Бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу;
• Қосылған құнға салынатын салықты төлеушілерді есепке алу;
• Салық тексерістері;
• Камералық бақылау;
• Салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметінің мониторингі;
• Фискалдық жады бар бақылау касса-машиналарын қолдану ережелері;
• Акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және сату тәртібін сақтауды тексеру;
• Уәкілетті органдарға бақылау жасау.
Кедендік бақылау агенттігі өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуімен байланысты төленуге тиіс салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өндіріп алу жөніндегі салықтық бақылауды Салық кодексыне және кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Салық құпиясын салық төлеуші және оның қаржы-шаруашылық қызметі туралы салық службасы органдары алған кез келеген мәліметтер құрайды.
Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын, төмендеткен табымтарын төлеттіріп алу бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айыппұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады.
2.3 Қазақстан Республикасының салық түрлері.
Қазақстан Республикасының салықтары екі түрге бөлінеді. Олар: жергілікті және мемлекеттік. Салықтар: жанама салығы, корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік салық, меншікке салынатын салық, жер салығы, мүлікке салынатын салықтар,.   
     Жанама салықтар – жоғарыда атап өткеніміздей, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін.
Жанама салықтың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын салық - ҚҚС  болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады. Салық салу объектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар қамтылуы мүмкін. ҚҚС дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады. ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады. 2001 жылы мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасына бұл төлемнің үлес салмағы 21,8 пайызын құрады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) бойынша қосылған құнға салынатын салық деп тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өндіру және лоардың айналасы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнның бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды айтады. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес мағлұмдамануға тиісті, Қазақстан аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда салық салынатын импорт болып табылады. Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес белгіленген импортталатын тауардың кедендік құны, сондай-ақ қосылған құнға салынатын салықты қоспағанда, Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары қосылады.
Корпорациялық табыс салығы  бюджет түсімдерінде едәуір орын алады.(23,2%) Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекттік мекемелерді қоспағанда  Қазақстан Республикасы резидент-заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейді.
Корпорациялық табыс салығын салу механизмі заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкйияларды, төлеу уақытын айқындайды. Салық салынатын табыс, төлем көзінен салық салынатын табыс және Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.
Резидент-заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиіс табымтардан тұрады. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық заңнамасына сәйкес анықталады, оған тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады.
Жеке табыс салығы. Бұл төлем бойынша қаражаттардың түсімі (2001 жылға дейін – жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) барлық салық төлемдерінің 9% алады.
Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу объектісі төлем көзінен салынбайтын табыстар болып табылады.
Салық агенттері жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзінен салық салынатын табыс төленетін күннен кешіктірмей жүргізедіі. Олар салық төлеушілердің тұрған жері бойынша есепті айдың табысын төлеудің соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының щегінен тыс жерлерде төленген жеке табыс салығының сомасы белгіленген тәртіппен Қазақстанда салық төлеу кезінде есепке жатқызылады.
Жерқойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері. Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты бірқатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруге болады. Оларға үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауын пайдаланушылардйң арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланғаны үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын және шаруашылық қызметте пайдаланылатын материалды, шикізатты, минералды ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады.
Техногендік минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса, Қазақстан Республикасыда жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайдаға салынатын салығы мен арнаулы төлемдерді төлеушілер болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленген салық режімі тек қана Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға жасалатын келісімшартта айқындалады.
Әлеуметтік салық – мемлекетке алынатын салықтардың бірі. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеументтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізлген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорның 28% мөлшерінде белгіленді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылды.
Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетке 17% алады.
Қазақстан республикасының резидент-заңды тұлғалары шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады.
Жұмыс беруші төлейтін ақшалай немесе заттай нысандағы кез келген табыстар нысанындағы оның қызметкерлерге төлейтін шығыстары резидент-заңды тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік салық салу объектісі, ал жеке кәсіпкелер, жеке нотариустар, адвокаттар үшін олардың өздерін қоса алғанда, қызметкерлер саны бұл салық салудың объектісі болып табылады.
Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтарға жер салығы, мүлікке салынатын салық, көлік құралдарын салынатын салық жатады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.
Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің таьыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар – меншіктің мөлшерлері бойынша белгіленетіндіктен физкалдық мақсаттан басқа бұл салықтардың меншікті прайдаланудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.
Мнешікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтыұ жауаптылықты біркелкі етіп, бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.
Жер салығы 1992 жылы енгізілді. Жерге салынатын салықты енгізу мынандай мақсаттарды көздейді: экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалану және жерге орналастыру, жердің құнарлығын арттыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүргізу үшін, сонымен бірге аумақтың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру. Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның ішінде жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болады. Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің аланы салық базасы болып табылады. Салық әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық  базасына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану жолымен есептеледі. Қорғаныс қажеті үшін берілген жерлерге салынатын салықты алу тәртібін Үкімет белгілейді. Бюджетке жер салығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша төленеді.
Мүлікке салынатын салықтар тура нақтылы салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық объектісі бар заңды тұлғалар мен меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүліктеріне салынатын салықты төлеушілер болып табылады. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрлымдық бөлімшелері салық төлеушілер ретінде қарастырылады.
Мүлікке салынатын салықты төлеудің көзі табыстың мүлікті пайдаланудың нәтижесі болып табылатындығына немесе өзге де әдістермен  алынатындығына  қарамастан олардың табысы болып есептеледі. 
2.4 Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары.
Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлің мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады.
Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның  оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқауымызға болады. Салықтардың реттеуші ролі негізінен мынадай шараларға жауап беруі қажет: мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мемлекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Осыған сәйкес, салық жүйесінің алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі шикізатты экспорттаушыларға салынатын салықтардың тиімділігін арттыру болып табылады.
Үкімет басшысының хабарлағанындай, 1999 жылдың қорытындысы бойынша, мұнайды экспорттаудан тек салық түрінде ғана мемлекеттік бюджетімізге 500 миллион АҚШ доллары шамасындағы қаржы түспей қалған. Мұндай көлемдегі қаржы республикалық бюджетіміздің төрттен бір бөлігіндей мөлшерді құрайды. Егер бұл көрсеткіш тек қана мұнай саласында орын алған болса, онда еліміздің бүкіл шикізатын экспорттаудан түспей қалған қаражаттың мөлшері қандай болар еді?
Осындай көлеңкелі экономиканың келеңсіз әрекеттерінен еліміздегі күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерге аса зәру болып отырған тұрғындардың бөлігі көп зардаптар шегуде. Екінші жағынан, салық салынатын базаның кемуінен, экспорттаушы емес экономиканың басқа салаларында қызмет атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығы арта түсуде.
Аталған кемшіліктерді жою үшін, ең алдымен салық заңына жаңадан өзгертулер енгізу аса қажет. Кіріс министрінің атап өткеніндей, жаңадан қабылданған салық кодексінде айтарлықтай өзгерістер енгізілмеген, демек, жіберілген кемшіліктер алдағы уақытта да жіберілуі мүмкін. Әрине енгізілген өзгерістер әбден саралануы және салық жылының басынан бастап іске асуы қажет. Салық төлеушілер үшін салық жүйесінің ең болмағанда үш-бес жылға дейін тұрақты болып қалуы аса маңызды шарт болып табылады. Тұрақсыз экономика жағдайында бұлай болу әрине мүмкін емес, әсіресе жалпы ішкі өнімнің мөлшері дүниежүзілік бағаға тәуелді жағдайында бұл өте қмынға соғады.
Жер қойнауындағы табиғи байлықтарды өндірушілердің табыстары әлемдік бағаға байланысты екенін ескере отырып, оларға салынатын табыс салығына прогрессивті ставканы енгізген дұрыс болар еді. Егер шикізаттың қалыптасқан бағасы орташа көрсеткіштен жоғары болып қалыптасса, онда осындай шикізатты экспорттаушы кәсіпкерлер бағаның артық мөлшеріндегідей пайызды қосымша табыс табады. Бұл артық табыс мөлшері қазіргі салық заңында кәсіпорындардың ішкі пайда нормаларына сәйкес үстеме пайда салығы арқылы алынып отыр. Бұл аталған салықтың кемшілігі мынада: ішкі пайда нормасын анықтау кезінде оның мөлшеріне әр түрлі себептер мен субьективті жағдайлар әсер етуі мүмкін және пайда нормасын қайта-қайта қарастырып отыру қажет, өйткені шикізаттың әлемдік бағасы күн сайын өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
Аталған кемшіліктерді жою үшін шикізатты өндірушілерге салынатын табыс салығының базасын кәсіпорынның ішкі пайда нормасынан шикізаттың сатылу уақытындағы қалыптасқан әлемдік бағасы мен шикізатты өндіру мен тасымалдауға кеткен шығындардың айырмасына ауыстыру керек. Бұл арада неліктен шикізаттың сатылу бағасы емес, сатылған уақыттағы қалыптасқан әлемдік баға алынып отыр? Оған себеп, кез келген шикізатты болсын, дацын өнімдерді болсын экспорттаушы кәсіпорындар сатылу бағасын жасалған келісім шарттарда төмендетіп жазып, сөйтіп табыс мөлшерін азайтып көрсетуі әбден мүмкін, ал белгілі бір уақытта қалыптасқан шикізат бағасын кемітіп көрсету мүмкін емес және оның дұрыстығын тексеру онша қиынға соқпайды. Сонымен қатар шикізаттың өзіндік құны мен тасымал шығынын анықтау көп жағдайда тұрақты болып қалады. Бұл арада экспорттаушы кәсіпорындардың келіспейтін жақтары орын алуы мүмкін, мәселен, Қазақстан шикізаты сапасының төмендігі. Шын мәнінде туындайтын қайшылықтарды реттестіру қиын емес.
Егер экспортталатын шикізаттың әлемдік бағасы күрт төмендепкетсе, онда мәселе қалай шешілмек деген сұрақтың қойылуы сөзсіз. Оған жауап беру үшін, мұндай экспорттың еліміз үшін маңыздылығын сарапқа салуымыз қажет. Егер әлемдік бағаның төмендеуіне қарамастан шикізатты еліміз үшін маңызды болып қала берсе, онда өндіруші кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмек көрсету аса қажет. Салық салу жағынан шмкізатты экспорттаушылар үшін көмекті табыс салығы ставкасын да азайту қажет. Мұндай әрекет шикізатты өндірушілер мен экспорттаушылар үшін едәуір көмек болар еді.
Сонымен, шикізатты экспорттаушыларға қолданылып келген үстеме пайдаға салынатын салықты алып тастап, бір ғана прогрессивті табыс салығын қолданған дұрыс болар еді.
Аса бір ойландырып жүрген мәселенің бірі – жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтардың мөлшері. Қазіргі таңда кәсіпорындарда қызмет атқаратын жеке тұлғалардың жалақыларына екі түрлі: табыс салығы және әлеуметтік салық салынады. Сонымен қатар жалақының он пайызы зейнетақы қорына аударылады. Мәселенің жайын жалақыны төлейтін заңды тұлғалар жағынан қарайтын болсақ, онда жалақы үлестіру барысында кәсіпорындардың қосымша қаржыға шықындалуын байқаймыз. Бұл қызметкерлердің еңбек ақысын көтеруге кәсіпорындар мүдделі емес деген сөз. Жалақы мөлшерін көбейткен күннің өзінде кәсіпорындар әр түрлі жолдармен нақты жалақы мөлшерін азайтып көрсетуде. Осыған байланысты Қазақстан салық жүйесінің алдында қалайша еліміздің азаматтарының орташа жалақы мөлшерін көтеруге болады және кәсіпорындарды қандай жолдармен жалақыны көтеруге ынталандыруға болады деген мәселелер тұр.
Республикамызда өмір сүріп отырған жалақылары төмен азаматтар үшін салық заңымызда жеңілдіктер қарастырылмаған деуге болады. Мысалы, салық заңында жеке тұлғалардың табыстарына қолданылатын шегерімдердің мөлшері барлық жеке тұлғалар үшін бірдей – бірайлық есептеу көрсеткіші діңгейінде және әрбір бір айлық есептеу көрсеткішінен төмен табыс табатын немесе мүлдем табысы жоқ әрбір жанұя мүшесі үшін бір айлық есепьеу көрсеткіші мөлшерінде шегерім жасауға рұқсат етіледі. Яғни жалақы мөлшері 45000 тенге болатын және жалақысы 4500 тенгені құрайтын жеке тұлғалардың табыстарына қолданылатын шегерімдердің шамасы бірдей. Бұл әрине әділдікке жатпайды, алсалықтардың классикалық үлгісі бойынша әділдік принцмпі алдыңғы орынға ие болуы қажет.
Осындай объективті және субъективті жақтарды ескере отырып, келесі ұсыныстарды қозғауға болады. Біріншісі жеке тұлғаларға қолданылатын шегерімнің мөлшерін өзгерту және оны тек табысы төменгілерге ғана қолдану, екіншісі, табыс салығынан ең төменгі жалақы алушыларды босату.
Сонымен, егер республикамыздың салық жүйесіндегі жеке тұлғаларға салынатын табыс салығына осындай өзгерістерді енгізетін болса, табысы өте төмен дәрежедегі азаматтарыға едәуір көмек  болар еді.
Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстарды жүзеге асыру қиынға соқпайды, ал олардан түсетіе экономикалық тиімділік айтарлықтай болары анық.                                   
 
    
 
 
 
      
 
 
Қорытынды
Сонымен тақырыбымды қорыта келсем, салық – мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі. Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Сонымен қатар салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.
Мемлекетке түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.
1991ж. желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделген. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,    18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.
Салық төлеушілердің жекелеген санаттары – арнаулы салық режімі – шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, заңды тұлғалар – ауыл шаруышылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін белгіленетін және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ ол бойынша  салық есептемесін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының салық түрлері: жанама салықтар, корпорациялық табыс салығы, қосымша құн салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік салық, меншікке салынатын салықтар, жер салығы, мүлікке салынатын салықтар. 

1-сызба. Салық механизмінің элементтері

 

 

 

 

   Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. А.Д.Байдүйсенов. // Қаржы және қаражат // 2001, №4, 32-36-беттер.
2. Ә.Е.Өтембаев.  “Экономикалық өсімге кепіл болатын құжат” // Егемен Қазақстан // 2001, 22 қараша  2-бет.
3. Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов. //Нарықтық экономика негіздері// Алматы, 2000 ж.
4. Б.Медешов. //Нарықтық экономика теориясына кіріспе // Алматы, 1998 ж.
5. Г.Д.Митюгина. “Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша жеңілдіктер ” // Бухгалтер бюллетені // 2000 ж.,  №47 қараша   6-7-беттер.
6. Е.Б.Жатқанбаев. //Аралас экономика негіздері// Алматы, 2000 ж.
7. Е.Смайлов. “Салық мәдениеті – салықты дұрыс төлеп, адал өмір сүру” //Егемен Қазақстан //  2002 ж., 7 маусым 3-бет.
8. З.Кәкімжанов. “Салық кодексіндегі соңғы өзгерістер еліміздің экономикасына оң әсер ететін болады” // Егемен Қазақстан // 2002 ж.,          22-қаңтар, 2 бет.
9. Н.Чернягина. “Көлікке салынатын салық” // Бухгалтер бюллетені // 2000 ж., №9 ақпан 5-7-беттер.
10.  Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі //Салық кодексі// Алматы, 2004.
11.  С.Құлпыбаев, Қ.Қ.Ілиясов. // Қаржы //  Алматы, 2003 .
12.  Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Есқалиев. //Экономикалық теория негіздері// Алматы, 2004, 391-395-беттер.

 

 
01.03.2011 15:38