Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154316

Қазақстандық және шетелдік биолог ғалымдар

Қазақстандық және шетелдік биолог ғалымдар:

1) Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин(1891-1938). Қазақстаннан шыққан тұңғыш биолог-ғалымдардың бірі,ботаника жөнінде "Өсімдіктану" атты оқу құралын 1927,1930-жылдары басып шығарды. Ол 20 жасында ауыл шаруашылық мектебін бітіріп,егіс және мал шаруашылығының маманы атанды.

2)Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов(1883-1939). Тұңғыш рет ана тілінде жаратылыстану ғылымы бойынша оқу құралдарын жазды."Жануарлар"оқулығы 1922 жылы Ташкентте басылып шықты.

3)Абдулғазиз Ыбырайұлы Жандеркин(1905-1983). Зоотехник,биология ғылымының кандидаты. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Қазақтың арқар-меринос қойын,жүндес ешкі қолтұқымын шығаруда ғылыми еңбек еткендердің бірі.

4)Бағрам Мұсаұлы Мусин(1906-1978). Зоотехник,ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты,Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі. Қазақтың ақбас сиырын шығаруға қатысқаны үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын алған.

5)Биология ғылымдарының докторы,академик Н.В.Павлов Қазақстан Республикасының өсімдіктердің жаңа 130 түрін ашқан.

6)Жануарлар мен өсімдіктер туралы "Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын" жазған Е.В.Гвоздев,Ш.Ж.Әлиев,А.Б.Бақбергенов және т.б

7)С.Г.Навашин өсімдіктің ұрығын ашқан.

8)К.А.Тимирязев фотосинтезде хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған.
 
10.09.2016 10:01