Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155366

Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы

Ортағасырлық Еуропа философиясы өзінің бар ақыл-ойын христиан дінінің қасаң қағидаларын негіздеуге салып, дін ілімінің қызметшісіне айналды.

Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Европа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, таралуына байланысты «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушы-лар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне бай-ланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады.

1. б.з. II ғасырдан бастап, Апологетика деп аталатын діни философиялық ілім пайда болды.

2. III-VI ғ.ғ. Патристикалық ілімнің белең алған кезеңі.

3.  Схолистикалық кезең

Апологетика

Апологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық сала. Апологетиканың мақсаты – ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап,сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы (оның ішінде ғажайыптар мен сәуегейліктер туралы)  ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау.

Апологетика- әлдебір нәрсене әділетсіздіктен қорғау, сол нәрсені мадақтау ұғымына сәйкес. Өкілдері – Юстин Мученик, Тециан, Тертуллиан Квинт Септилий Флоренц.

Патристика. Схоластика.

Патристика (лат. Pater-әке) –2-8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін "шіркеу әкелерін” мадақтау, қостау. Өкілдері – Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин.

Схоластика (гр. Scholosticos- мектептік) – орта ғасырлық "мектептік философия”, оның өкілдері – схоластар христиандық дін ілімін рационалды (зерделі) түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты. Бұл үшін олар Платонның, Аристотельдің философиялық көзқарастарын пайдаланды. Ортағасырлық Схоластика универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды. Өз тарихында Схоластика бірнеше кезеңге бөлінеді:

Осы дәуірдегі философия ілім “схоластика” (“мектептік ілім”) деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:

а) Балауса схоластика (ІХ – ХІІ ғасырлар). Бұл кезеңде ғылым, философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.;

ә) Кемелденген схоластика (ХІІІ ғасыр) Бұл кезеңде Аристотель еңбектері көпшілік арасына тарап, []философиялық теология ілімі]] қалыптасып, кең етек алды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.;

б) Құлдырау кезеңі (ХІV – ХV ғасырлар). Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде (әл-Фараби мен ибн Рушдтың “қосақиқаттылық” тұжырымдамалары негізінде), теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан, т.б.

Аврелий Августин (13.11.354 Солтүстік Африкадағы Тагаста қаласында туған — 28.8.430 Солтүстік Африкадағы Гиппонда қайтыс болған) — көне рим философы, христиан теологы, батыс патристикасының өкілі. Басында манихей дінін қабылдаған. 387 жылы шоқыну рәсімінен өтті. 395 жылдан бастап Гиппон епископы. Аврелий Августин - гиппон епископы (солтүстік Африка), христиандық ойшыл, теолог, философ, патристиканың ірі өкілі. «Край каласы туралы» енбегінде белгілі «ұғыну үшін сенемін, сену үшін ұғынамын» формуласын негіздейді. Оның дүниеге көзқарасы «Сенімсіз білім жоқ, акиқат жоқ принципіне» бағынады.

 
14.04.2016 20:25