Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Покупаем ваши эссе, сочинения, рефераты и т.д за: 200, 300..500 тг     >> Узнать подробности...

Банк рефератов KZ

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ


155166

Көліктер

Тақырыбы: “Көліктер"

Мақсаты:

1) Білімділік: Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.

2) Дамытушылық:  Сөз қорын байыту, ойлау қабілетін дамыту, толық жауап беруге дағдыландыру.

3) Тәрбиелік: ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Іс-әрекет түрі:  ойын сабағы

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету, қайталату.«Миға шабуыл», дидактикалық ойындар.

Көрнекіліктер:  әр түрлі көліктер  суреті, жұмбақтар

Техникалық жабдықтар: интербелсенді тақта, компьютер, слайд

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Арайланып таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң, балалар,

Қайырлы таң, қонақтар!

2.Өткен тақырыпты пысықтау:

«Менің Қазақстаным» викторинасы

-Біздің ұлтымыз кім?

-Біздің елордамыз қалай аталады?

-Қазақстан Республикасының Президенті кім?

-Қазақстанда қандай қалалар бар?

3.Жаңа тақырыпқа көшу

-Балалар, біз осы қалаларға қалай барамыз?

Дұрыс, көлікпен барамыз.

Бүгінгі тақырыбымыз-“Көліктер” деп аталады.

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

-Балалар, ертеде түйе, ат пен арба, есек, ағаштан жасалған қайықтан

басқа еш қандай көлік болмаған. Бұл көлік түрлерімен

алыс жерге жету үшін адамдар бірнеше күннен бірнеше

айға дейін жолда жүрген. Сол кезде адамдар  «Құс сияқты ұшсам екен»,

«Тезірек жетсем екен»- деп армандаған. Сол армандарын  адамдар

ертегілерде орындаған

5.Дәптермен жұмыс:

М.Әлімбаевтің «Троллейбус» өлеңімен танысамыз.

Бағанға іләнген

Аспалы сым жолы бар,

Көшелерде жүгірген

Троллейбус жолығар.

Сым жолымен зулайды,

Басқа жаққа бұрмайды.

6.Сергіту сәті

Ішік, пима қолғап бар

Арада жоқ тоңғақтар

Баста қалың малақай

Біз тоңбаймыз, алақай.

7. Жұмбақ шешу.

Төбесінде ебелек,

Ұшады өзі керемет.

Табанында жолы бар,

Төбесінде қолы бар.

Құстан аумайды,

Көкке заулайды.

8.“Ұшты-ұшты” ойыны

Ұшты-ұшты, арба ұшты

Ұшты-ұшты,  ұшақ ұшты

Ұшты-ұшты,  қайық ұшты

Ұшты-ұшты, трамвай ұшты

Ұшты-ұшты, тікұшақ ұшты

Ұшты-ұшты, пойыз ұшты.

9. Рефлексия:

-Қандай көлік түрлерімен таныстық?

-Көліктің маңызы қандай?

-Сендерге сабақ ұнады ма?

-Жұлдызшаларымызды санайық!

10. Қорытындылау.

 

-Құрметті балалар, сендер сабаққа жақсы қатысқандарың үшін мен сендерге сыйлық тартамын. Мына суретті алып, үйде бояңдар және ата-аналарыңа бүгін не үйренгендеріңді айтып барыңдар.

 

 
15.02.2016 16:43