Фотоэффект тақырыбына есептер шығару
Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155329

Фотоэффект тақырыбына есептер шығару

Фотоэффект тақырыбына есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

білім  беру: Фотоэффектінің кванттық теориясына арналған заңдылықтар мен формулаларды талдай отырып, есеп шығаруға үйрету. Теориялық алған білімдерін практикалық түрде қолдануға үйрету.

дамыту: Фотоэффектінің  заңдарын еске түсіре отырып, Эйнштейннің фотоэффект үшін жазған теңдеуінің физикалық мағынасын аша отырып, фотоэффектінің  заңдарына, фотонның  импульсін, массасын, энергиясын есептеуді үйрету.

тәрбиелеу:табиғат заңдарының жүйелілігін саралай келіп, басты мақсат ғылым жетістігін дұрыс ұғына отырып, оны пайдалана білуге тәрбиелеу.   Мысалдар келтіру арқылы, фотоэффектінің қолданылуымен таныстырып, оқушыларды  ізденімпаздыққа, мақсатқа жетуге ұмтылуға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Практикалық  сабақ.

Көрнекілік құрал жабдықтар: Интерактивті тақта, сурет пен формулалар, үлестірмелі тапсырмалар, ActivOte құралдарымен жұмыс.

Болжап отырған нәтиже:

оқушы білуі тиіс: фотоэффектінің заңдарын, олардың ғылыми тұжырымдамасын оқи білуге және қолдана алуы тиіс. Фотондар мен оның энергиясы, импульсінің бар болуының ғылыми тұжырымдамасына баға бере алуы тиіс. Теориялық алған білімдерін практикалық түрде қолдануға үйренуі тиіс.

оқушылар үйренуі тиіс: фотоэффектінің заңдарын түрлендіре отырып жаза білуге, фотондар мен оның энергиясы, импульсін пайдаланып  есеп шығара  білуге тиіс.

Ұйымдастыру кезеңі(2’):Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру мен сабақты  ұйымдастыру.

Үй тапсырмасын тексеру(8’):

Фотоэффект деп қандай құбылысты айтамыз?

Фотоэффектінің тәжірибелік заңдарын айтып беріңдер.

Фотон деген не?

Фотоэффект дегеніміз–түскен жарықтың әсерінен заттан(металдан және сұйықтардан)  электрондардың  ұшып шығу құбылысы

І заңы:Фотоэлектрондардың максимал жылдамдығы түскен жарықтың интенсивтілігіне  тәуелді емес, ол тек жарықтың жиілігіне тәуелді.             υ ~ v

ІІ заңы: Қанығу фототок күші  максимал жылдамдығы түскен жарықтың интенсивтілігіне пропорционал өседі, бірақ жарықтың жиілігіне тәуелді емес.             υмах ~ Іинтенс.

ІІІ заңы: Әр металл үшін  фотоэффектінің қызыл шекарасы, яғни одан төменгі жиілікте фотоэффект байқалмайтын шекті ең аз жиілік νmin             υмах ~ Іинтенс.

Есеп шығару

A - деңгей

Толқын ұзындығы  λ=5,0*10-7 м. Фотонның энергиясын анықта (h=6,63*10-34 Дж*с; c= 3*108 м/с).

В - деңгей

Егер тежеуші кернеудің 1В мәнінде   фототок тоқтайтын болса, онда фотоэлектрондардың максимал жылдамдығы қандай болғаны (е=1,6*10-19Кл; ме= 9,1*10-31 кг).

С – деңгей(1)

Электрондардың металдан шығу жұмысы А 3,3*10-19 Дж. Фотоэффектінің қызыл шекарасын анықта υмин(h=6,63*10-34 Дж*с; )

С – деңгей(2)

UT=3B потенциалдар айырымында толығымен тежелетін электрондарды жұлып шығаратын жарықтың жиілігі (Фотоэффект басталатын жиілік)  υ0 = 6*1014 Гц; һ=6,63*10-34Дж*c;

 

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (Fotoeffekt-taқyryby.zip)Фотоэффект тақырыбына есептер шығару220 Kb
 
25.11.2015 12:34