Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154390

Бердібек Соқпақбаев “Менің атым- Қожа”

Бердібек Соқпақбаев “Менің атым- Қожа”

 

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға жазушы өмірі,әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру,толықтыру;

2.Оқушылардың ой-өрісін,қызығушылығын ояту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

3.Оқушыларды тәртіптілікке,адамгершілікке тәрбиелеу;

 

Бердібек Соқпақбаев

“... Алыстан арбалап материал тасымаймын,

архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді,өзім байқап- түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын .

Бір сөзбен айтсам:

өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме  ұқсайды.”

 

Сабақтың жоспары:

Қызығушылықты ояту:

1.Проблемалық сұрақтар

Мағынаны ажырату:         Таныстыру.

Топтастыру

Ролдегі оқушылар:              Топтың өз көрінісін  сахналауы

2.Сауаттылық хаты:             РАФТ

3. Қай топ ұғымтал?              9 жұмбақ

4. Менің білетінім                  Кино кейіпкелері

Ой-толғаныс:

5. Сэнкуэн әдісі:                      5 жолды өлең

Үйге тапсырма:                       “Бақытты шақ-балалық”

6. Бағалау;Рефлексия

 

'Бердібек Соқпақбаев' — қазақ балалар жазушысы. Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге келді.

Ата-анасынан ерте айрылған ол кісілердің қолында жүрген. Балалық шағындағы басынан өткен қиындықтар мен жоқшылық жайлы «Балалық шаққа саяхат» кітабында бейнеленген. 1950 жылы «Бұлақ» атты тұңғыш жинағы шықты. Балаларға арнап «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Гауһар» т.б. повестер, «Кездесу», «Бозтөбе» поэмаларын жазған. «Қазақфильм» студиясында «Менің атым Қожа» повесі бойынша фильм түсірілді.

Абай атындағы Қазақ педагогтық институтының филология факультетін бітірген. Бірнеше жыл ауылда мұғалім болып еңбек етті. «Қазақфильм» киностудиясында редактор болып, «Қазақ әдебиеті», «Балдырған» басылымдарында қызмет етті. Кейін Қазақстан жазушылар одағында балалар әдебиеті бойынша әдеби консультант қызметін атқарды.

 

Чемпион» повесі (1951)

«Алыстағы ауылда» повесі (1953)

«Менің атым Қожа» повесі (1957)

«Балалық шаққа саяхат» повесі (1960)

«Өлгендер қайтып келмейді» романы (1967 — 1 т., 1974 — 2 т.)

«Қайдасың, Гауһар?» (1966)

Оның сценариі бойынша 1967 жылы қойылған «Менің атым Қожа» фильмі Францияның Канн қаласында жасөспірімдерге арналған халықаралық кинофестивалінің жүлдесіне ие болды.

 

Бұл қай сәт?

“Төбемнен жай түскендей болды. Не істерімді білмеген қалпымда орнымнан сүйретіліп түрегеле бердім. Маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін,ай!”

 

Бұл қай сәт?

“Есікті аша бергенімде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды.Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.”

 

Бұл қай сәт?

“Маңдайдан буым бұрқырап,есік алдына шықтым.  Сәйбек    көрінбейді. Омырауымды ағытып,желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?”

 
24.11.2015 14:59