Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15419

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл тағдыры – ел тағдыры

 

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік:

Оқушыларды өз ана тілінің  қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.

2. Дамытушылық:

Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой-өрісін дамыту.

3. Тәрбиелік:

Тіл тазалығын сақтау ,мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

 

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді ...

Ғабит Мүсірепов.

 

« Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең таза  тілдердің бірі» - деген француз ғалымы А. Жорри де Манси

 

А) Философиялық сұрақ.

1) Тілді неліктен мұра етіп қалдырған?

 

Ә) Мәселелік сұрақтар.

1) Тілден қымбат қазына жоқ  дегенге келісесіңдер ме?

2) Ана тілін неліктен қымбат қазынаға теңейді?

 

Б) Жеңіл сұрақтар.

1) Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

2)Тілді үйрену не үшін керек?

3) Сенің досың қазақша сөйлей ме?

4) Үйде ата- анаңмен қай тілде сөйлесесің?

5) Полиглот деген кім?

 

Қазақ тілі- мемлекеттік тіл.

Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі.

Ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.

 

Мемлекеттік тілді –дамытамыз.

Орыс тілін- қолдаймыз.

Ағылшын тілін -үйренеміз.

 

Сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша мәтіндегі «Қазына» сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жасау.

 

Татар ғалымы А. Саади қазақ тілі жөнінде: « Қазіргі ең таза , ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол  қазақ тілі және қазақ әдебиеті»- деген.

 

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді…

Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады.

Ана тілі дегеніміз – баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік  мәселесі.

 

 

 

 

 

 

 

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (til-tagdyry-el-tagdyry.zip)Тіл тағдыры – ел тағдыры532 Kb
 
24.11.2015 12:33