Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155158

Тұрақты тіркестер

Тұрақты тіркестер

 

Сабақтың мақсаты

а) Білімділік: Оқушыларға тұрақты сөз тіркестерінің

біртұтас тілдік құбылыс екенін түсіндіру;

ә) Дамытушылық: Тұрақты тіркесті сөздік қорларына енгізіп, тіл байлықтарын дамыту;

б) Тәрбиелік: Тұрақты сөз тіркесін сөйлеу мен жазу дағдысына енгізуге тәрбиелеу;

Сабақтың әдісі: СТО элементтері, сұрақ-жауап, ізденіс

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін-өзі тану.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, әдістеме, дидактикалық материалдар, грамматикалық ойындар, І. Кеңесбаев «Фразеологиялық сөздік» кітабы, таблица.

 

Сабақтың барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;

ә) зейіндерін сабаққа аудару.

 

Мысалы: Оқу инемен құдық қазғандай(қиын)

Көзі ашық(оқыған), көкірегі ояу(сапалы) азаматтар елге қызмет етеді.

Бірінші сөйлемдегі «оқу инемен құдық қазғандай» деген тұрақты тіркестер тұтас бір мағынаны білдіріп, қандай деген бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады.

Екінші сөйлемдегі «көзі ашық», «көкірегі ояу» деген тұрақты тіркестер де тұтас  бір мағынаны білдіріп,  қандай деген бір сұраққа жауап беріп, сөйлемде бірыңғай баяндауыш қызметін атқарады.

 

Мағыналас сөздерді табу

 

(Синонимдік тұрақты тіркестер)

1.Үріп ауызға салғандай, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар.

2.Ит арқасы қиянда, ит өлген жер.

3.Зәре-құты қалмау, көзі шарасынан шығу.

4.Мұрнынан шаншылып жүру, сүрініп жығылу.

5.Жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар.

6. Қоян жүрек, су жүрек.

 

Қарама-қарсы мағынадағы сыңарын табу

(Антонимдік тұрақты тіркес)

 

1.Бетінен оты шығу                         Ат ізін салмау

2.Ат ізін құрғатпау                            Беті шімірікпеу

3.Ит өлген жер                                   Көңілі тасу

4.Құлақ аспау                                     Таяқ тастам жер

6.Көңілі басылу                                 Құлақ қою

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (Tyrakty-tіrkester.zip)Тұрақты тіркестер334 Kb
 
23.11.2015 12:46