Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154377

Фразеологизм

Мемлекеттік тіл – менің тілім

Фразеологизм

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: оқушылардың мемлекеттік тіл, ҚР “Тіл туралы Заңы”және де ойды айшықты жеткізу құралы фразеологизмдер турасында білім дағдысын қалыптастыру, таным көкжиегін кеңейту;

Ә) тәрбиелік: мемлекеттік тіл мәртебесінің биіктеуіне үлес қосуға , оны сүюге, асылымызды ардақтауға баулу;

б) дамытушылық: теория мен практиканы ұштастыру, сөздік қорын молайту, еркін, айшықты сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Технология: Тірек сызба

Әдісі: диалогтік, баяндау, көрнекілік, сұрақ-жауап, шығармашылық, интеллектуалдық ойын

Құрал-жабдық: интерактивті тақта, Заңдар түпнұсқасы

Қосымша әдебиеттер:

ҚР Тіл туралы Заңы

ҚР конституциясы

Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік

Қазақша-орысша аударма сөздік

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қастысымын тексеру.

2. Сабаққа назар аударту.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Қазақ тілі туралы өлеңді жатқа мәнерлеп оқу.

(Оқушылардың берілген тақырып аясындағы өлеңдерді

жатқа айтуы)

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

“Орамал тастамақ” ойыны.  Бір-біріне тіл туралы

мақал-мәтелдер айтып, орамал лақтырады. Қағып

алған оқушы мақал айтып, келесі оқушыға лақтырады.

 

Жаңа сабақ

Тақырыппен танысу

Топтастыру

Оқулықпен жұмыс

Сөздік жұмыс

Мәтінмен жұмыс

Шығармашылық диктант

“Сөз мерген”

Домино

 

Фразеологизм – қазақ әдеби тілінің айшықты да, мәнерлі де бай тіркестер топтамасы. Бұлар өзінің бейнелілік, әсерлілік, экспрессивті-эмоциялық, суреттеме қасиетімен көзге түседі.     Осындай көркем, пәрменді, бояуы қанық алуан түрлі тұрақты тіркестерді халық орынды пайдаланып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.

Фразеология мәселесіне арналған ғылыми зерттеулер, еңбектер көп. Бірақ, әлі де болса, фразеологизмнің кейбір теориялық мәселелері жөнінде бір тұжырымға тоқтам жасай алмай келе жатқан пікір

алалықтары да баршылық.

Айталық, кейбір зерттеуші ғалымдар фразеологизмге тек идиомдарды жатқызады да, фразеология көлемін тым тарылтады. Бұған жүгінсек, тілімізде идиомнан басқа да сан түрлі бейнелі тиянақты тіркестер сырттап қалады. Ал енді бір топ зерттеушілер фразеология көлемін өте молайтып, тілге тиянақты тіркес атаулыны түгелдей (күрделі атаулады) қамтиды да, фразеологизмнің бас белгілері анықтамасынан шалғайлап кетеді.

 

Проф. А.И. Ефимов, Г.Х. Ахунзянов мақал- мәтелдерді, қанатты сөздерді фразеологизмнің айрықша бір түрі деп қарастырады. «Мақал мен мәтелде, қанатты сөздер фразеологизмдердің  қатарына жатқызылғанда, олардың сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында жұмсалатынын, құрамының тұрақтылығы ескеріледі.

Мақал-мәтелдер – талай ғасыр жемісі. Сондықтан әбден ой елегінен өтіп екшелеген,сөйтіп тұрақталған тіркестер.

Афоризм, қанатты сөздер – ұлы адамдардың артқыға қалдырған өнеге, өсиеттері. Олар да тілде жиі қолданыс тауып тұрақталған, мақал, мәтелдер сияқты түйдегімен тұтас бір-ақ айтылады. »

Біз де осы ғалымдардың пікірін құптаймыз.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (frazeologizm.zip)Фразеологизм172 Kb
 
20.11.2015 22:09