Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154235

Тіл дамытуға арналған тапсырмалар

Фонетиканы, морфологияны қайталауға, бекітуге арналған тапсырмалар топтамасы;

Тіл дамытуға арналған тапсырмалар.

 

Сабақтың мақсаты:

а) Тіл дыбыстары және олардың жіктелуін меңгерту. Фонетика бойынша өткен тақырыпты бекітуге арналған сергіту сәтін өткізу;

б) Қосымшаларды қайталау, жұрнақтар мен жалғауларға шолу жасау және осы тақырыпты ойын элементтері арқылы бекіту;

Сынып оқушыларын топтаса, бірлесе жұмыс істеуге шақыру.

Оқушылардың сөз байлығын дамыту, қазақ тілінде жетік сөйлеуге дағдыландыру. Суреттер арқылы сөйлемдер құрап, өз беттерімен жұмыс істеуге үйрету. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

 

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР

Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.

Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Дауысты дыбыстар тілдің қатысу қалпына қарай: жуан және жіңішке; жақтың ашылу қалпына қарай: ашық және қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай: еріндік және езулік дауысты дыбыстар болып табылады.

Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у

Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, ү, і, и.

Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е.

Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и.

Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.

Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і, и

 

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР

Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді.

1. Қатаң дауыссыздар: к, қ, х, п, ф, с, т, ш, щ, ч, ц.

2. Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з, Һ.

3. Үнді дауыссыздар: й, л, р, у; м, н, ң.

 

«АДАСҚАҚ»  ойыны

Жалғаулар: -лық, -лік, -лар, -лер, -дай,-дей, -ның,

-нің, -хана, -қой, -стан, - мын, -мін, -ар, - ер.

Жұрнақтар:  -лық, -лік, -лар, -лер, -дай,-дей, -ның, - нің, -хана, -қой, -стан, - мын, -мін, -ар, - ер.

Септік жалғаулары: -ның, -мін, -ден, -нің, -ға, -сыз, -ге, -қа, -сің,  -ке, - сың,  -дан, -тан, -тен, -сіз, -мын.

Жіктік жалғаулары: -ның, -мін, -ден, -нің, -ға, -сыз,

-ге, -қа, -сің,  -ке, - сың,  -дан, -тан, -тен, -сіз, -мын.

 

«АДАСҚАҚ»  ойыны (жауабы)

Жалғаулар: -лар, -лер, -ның, - нің, - мын, -мін.

Жұрнақтар:  -лық, -лік, -дай,-дей, -хана, -қой,

-стан,- ар, - ер.

Септік жалғаулары: -ның, -ден, -нің, -ға, -ге, -қа,

-ке, -дан, -тан, -тен.

Жіктік жалғаулары: -мін, -сыз, -сің, - сың, -сіз, -мын.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (fonetika.zip)Тіл дамытуға арналған тапсырмалар254 Kb
 
20.11.2015 21:41