Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Добавляйте или присылайте работы на сайт и получайте призы!           >> Узнaть подробности...

Банк рефератов KZ

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ


155487

Cаттар Ерубаев

Cаттар Ерубаев: Өмірі мен қызметінің кей белестері.

1914. қазан -Түркістан қаласы маңындағы “Шошқакөл”
деген жерде (Түркістан ауданының 21- ауылында) дүниеге келді.
-Түркістан қаласында Абай атындағы үш класты бастауыш қазақ мектебінде оқыды.Түркістанның “Алшын мәлләсі“(маһалла) деген бөлігінде ағасы Есімнің қолында тұрды. (Елубайдан-Асқар, Асқардың үлкен әйелі Пәтеннен- Есім, кіші әйелі Бападан -Саттар).
1925 -Ленин атындағы орыс мектебінің 3 класында оқиды.
1927, қаңтар, 17 -Коммунистік жастар одағына өтеді.
1928 -Түркістан темір жол оқуына (ФЗО) түседі.
1929 –Шымкент кәсіптік-байланыс (проф-связь)оқуын оқиды.
-Ағарту халық коммисариятының (Казнаркомпрос) дайындық курсына қабылданады.
1930 -Ленинградқа оқуға кетеді. Баспасөзде жария болған мәліметтерде –Ленинградтың тарих-философия лингвистика институтына 1930 жылы түсті, кейін бұл институт Ленинград университетінің филология факултетіне қосылып кетті делінеді.
1931 –осы жылы “Жаршы” журналының 1-санында –зерттеушілер баспасөз бетінде жарияланған тұңғыш шығармасы деп ұйғарған-“П.П.” атты шағын сатиралық әңгімесі басылды.
1935, мамыр -Алматыға оралды.
-мәдениет қызметкерлерінің I-сьезіне қатысады.
-Ленинград университетінің аспирантурасына түседі.
-Қазақстанның XV жылдығы құрметіне шыққан әдеби жинаққа аудармалары енді, суреті басылды.
1936, қыркүйек -денсаулығының нашарлауына байланысты Ленинградтан аспирантураны аяқтамай оралып, Қазақ педагогика институтына орналасады, қазақ әдебиеті кафедрасына доценті болады, әдебиет тарихы мен теориясынан дәріс оқиды.
-“Әдебиет христоматиясын” (М. Жанғалимен бірге) әзірлеп, баспаға өткізеді.
1937, ақпан,22 -ҚазПИ дирекциясы оны “Каменского плато” курортына емделуге жібереді
маусым, 2 -Алматы туберкулез диспансерінде қайтыс болды.
5.6.1937ж. “Лениншіл жас” “Қазақ әдебиеті” газеттерінде некрологтар берілді.Қаланың батысындағы зиратқа жерленді. Бұл күнде ол қабірстан тегістеліп,үстіне үйлер салынып кеткен.
1939 - “Менің құрдастарым” романы жіне “Келесі соғыс туралы” новелласы жеке кітап болып шықты.
1952 -“Менің құрдастарымнің” екінші басылымы жарық көрді.
1957 -Шығармалары Т. Кәкішевтің құрастыруымен,
алғы сөзімен шығарылады.
1961 -Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының
тұңғыш лауреаты.
1968 -Николай Островский атындағы сыйлық беріліп, есімі Бүкілодақтық мемориалдық тақтаға жазылды.
1974 -Түркістан қаласында туғанына 60 жыл толуы
атап өтілді
1979 -шығармалары толықтырылып,(құрастырған, алғы сөзін жазған Т. Кәкішев) “Жалын” баспасынан жарық көрді

 
08.10.2010 12:04