Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155304

Бата

 БАТА
Қазақ халқының әдет-ғұрпында ақ тілек ізгі ниет білдіру есте жоқ ескі заманнан бері бар үрдіс. Ол өлең, көркем қара сөзбен айтылып, ауыз әдебиетінің бір жанры болып қалыптасқан. Бата өмірдің пайдалы да тәрбиелік жақтарын алға тартып, күнделікті тіршілікте жаңсақ қадам, жаман әрекеттен сақтандыра отырып, адамдық іс қара-кет, асыл мінез-құлықта сәт-сапар, оң жол тілейтін өсиет сөз іспетті. Айталық, белгілі бір істі бастарда, ұзақ жолға шығарда ақсақалдардың ақ батасын алу — қазақтың ежелгі дәстүрі. Ислам дініне қараған кезден бері ол өлгенге Құран оқу, аят оқу сияқты діни сенімдермен ұштастырылды. Қазақтар әдетте дүние салған адамның жылына дейін оның туыстарына көңіл айтады,бата жасап,өлікке бағыштап дұға оқытады. Мұны әркімнің "Құдай алдындағы парызы" деп есептеген. Бүгінгі батаның тәрбиелік маңызы зор - от басына амандық,, ұзақ өмір, бақыт, т.б. тілек түрінде айтылады.
БАУЫРЫНА САЛУ
(Бала асырап алу салты)
Біреудің нәрестесін бауырына салу, яғни бала асырап алу — қазақтың ежелден келе жатқан ғұрпы. Бала асырап алу, негізінен, өз кіндігінен ұрпақ болмаған жағдайда жүзеге асырылған. Қазақта "ку бас" атанудан өткен қорлық жоқ. Сондыктан да өз кіндігінен нәресте болмаса немесе балалары құтаймай, шетіней берсе, ондай шаңырақ жақын-жуықтарының бірімен келісімге келіп, баласын бауырына салатын болған.
Қазақ салтына орай, бала асырап алушы, әдетте, той жасап, ер бала болса — асықты жілік, қыз бала асырап алатын болса — тоқпақ жілік ұстау ғұрпын істеген. Баланың қолына жілік ұстату олардың көпшілік алдындағы анты, уәдесі іспетті болған. Жұрт аддында балаға жілік ұстату арқылы екі жақ та бала алу, бала беру ісіне ризашылығын танытады.
Бір есте болатын нәрсе, сол асырап алынған бала кейін қайтыс болған жағдайда, оның туған әке-шешесінің аты айтылып, жаназасы шығарылады.
Қазақ арасында немерелерін ата-әкелерінің "бауырына салып" алатын дәстүр де кеңінен ұшырасады. Бұл, әрине, немересін өз баласы деп санайтын ата мен әженің жарасымды өзімшілдігі. Мұндай дәстүр бала асырап алды деп аталынбайды. Кәдуілгі туыстық дәстүрлі қарым-қатынастың шынайы көрінісі ғана.
БӘСІРЕ
Қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, онымен қатар мал төлдесе, сол жаңа туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салты бар. Жұртшылық ұғымы бойынша, дүниеге шыр етіп келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондық-тан оны мінбейді, сойылмайды, тіпті, өзге біреуге сатпайды. Баланың өзіне ғана арналған бәсіре деп, маңына шыбын жолатпай, бұла қып өсіреді.
Есейе келе, бәсіресі бар балалар өздерінің құрбылары алдында: "Менің бәсірем , әне!" - деп кеудесі биік жүреді әрі малға деген ықыласы, пейілі түзу болады.
СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (БАТА.zip)БАТА4 Kb
 
30.05.2009 13:01