Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155200

Әлем әдебиетіндегі сыншыл реализм

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. Аманжолов атындағы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ






РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Әлем әдебиетіндегі сыншыл реализм 






Орындаған: Алдабергенұлы Д.
   
Тексерген: Адайханов Ж. А.












Өскемен
2005


Жоспар



Кіріспе: Реализм туралы түсінік
Негізгі: Абай және орыс ақын жазушыларының реалистік шығармаларының үндестігі
Қорытынды: Сыншы реализм өмір шындығы






















КІРІСПЕ
Реализм (латынша relis – заттылық, шындық) - әдебиет пен өмірдегі кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық, сипат белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Реализм әдісі суреткерден өмір құбылыстарын, маңызды қоғамды мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы, сан алуан жайларды мейілінше кең қамтып, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын терең ашып көрсетуді, қарапайым адамдардың бейнесін сипаттауға жете назар аударуды талап етеді. Егер Романтизм әдісі көбінесе сирек кездесетін ерекше жағдайларға назар аударса Реализм айналадағы нақты өмір құбылыстарын толық көрсету қажеттігін мойындайды. Реалистік принцип жаңа дәуір әдебиеті мен көркем өнерде жаңа сипатқа ме болып әдебиеттің халықтық демократияшылдық принциптерімен жалғасын тапты. Реализм өмірде болатын, үнемі кездесетін нақтылы іс – жағдайларды, адамның іс - әрекеттерін бейнелеуді басты мақсат санайды дегенде, әрине қиялға бой ұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейне тұлғалар жасау дейміз. Реалистік әдіс орыс әдебиетінде Пушкин творчествосы арқылы биік дәрежеге көтерілді. Реализм әдісін одан әрі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш. Құдайбердиев, М. Дулаттов т.б. реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті.







Абай және орыс ақын жазушылардың реалистік шығармаларының үндестігі
Абай творчествосының көркемдік әдіс ретінде реализм жайында М. Әуезовтың, Қ. Жұмашевтің, М. С. Сильченконың, М. Қаратаевтың, Ә.Тәжібаевтың т.б. зерттеу еңбектерінде үлкен – кіші көлемде, әр қилы дәрежеде сөз болып отырады. Олардың бәрі де Абай реализімінің өз тұсындағы және ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындары үшін ең құнарлы ұғым мектеп ұлы мектеп болғандығын атап көрсетеді. Әдебиетші ғалым М. С. Сильченко: Абайдың халық шырымен творчестволық қарым – қатынасының тарихи маңызын айта келіп: «Халық лирикасының ілгерімін тенденциялары ағартушы ақынның талант күшімен шыңғыра түсті. Бұл Абайдың көркемдік әдісі – сыншыл реализмге оның елеулі бір қыры ретінде кірігіп кетті» деген пікіріне көңіл аударған жөн. Сондықтан Абай шығармаларын салыстырғанда оның әдебиеттегі ескі дәстүрлерге қалай күрескенін білмейінше, оның реализімін түсіне қою қиын. Шын мәніндегі релистік әдебиет жасауды мақсат тұтқан Абай ең алдымен «мал үшін тілін безеп, жанын жалдап жүрген ескі дәстүрдің ақындарын қатты сынап, мін, кемшіліктерін халық алдында масқара етеді. 
Абай творчествосын тұтас алсақ, оның өлеңдері сыршылдыққы, шыншылдыққы толы мол қазына. Бірақ ұлы Абайдың реализмге келу жолы – оқтай түзу, кең кесілген жол емес. В. Г. Белинский айтқандай, өмірдің мін – мүлтіксіз идеалдың шағын ғана өз туындыларының тақырыбы етіп алған ақын қандай жетістіктерге жетсе, жоққа шығару, сынау тәсілін қолданған ақын да сондай жетістікке жете алады. Абайдың сатирасының түп негізі Гоголь, Салтыков, Некрасовқа қабысып жатады. Абайдың көп өлеңдері Пушкинмен, Лермонтовпен үндес. Үндес болғанда алған тақырыбын суреттеді, дүниені сезінуі үндес, бірақ еліктеу, табыну жоқ. Солай болған соң, «бірі жамау, бірі құрау» өлең авторларына сынай қараған Абай реалистік поэзияның жақсы үлгілерін қазақ әдебиетіне енгізіп отырады. Оны орыс, шығыс әдебиеттеріндегі қалпында емес, қазақ рухына төл тұмардай қабыса кететін етіп енгізеді. Абайда еліктеу жоқтың қасы, керісінше үндестік барын дәлелдейтін өлеңдер жетерлік. Абайдың «Жаз», «Күз», «Қыс» өлеңдері Пушкин, Некрасовта кездесетін осы аттас лирикаға үндес. Бұл жөнінде Некрасовтың «Мороз воеводасы» мен Абайдың «Қысын» теңдестіруге әбден болады. Қыс мезгілі Абайда ел шаруасына кәрін төккен қатал сыншы бейнесінде алынады. Әсіресе кедей – кепшіктер үшін ызғары қатты. «Ақ киімді денелі ақ сақалды» болған соң – ақ оқушы қыс бейнесін алыстан іздеп әуре болмайды, елес қумайды, тек өмірде болатын дайын суретті, қыстың адам бейнесіне көшкен аллегориялық бейнесін елестетеді.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларын қор қылма итке малды. – 
дегенде Абай қыстың «түсі суық» жамылғысын ашып, мол баққан шаруаны қыс әлегінен сақтандырады. «Құр жібер мына антұрған кәрі шалды» - дегенде өмір құбылысын сезіну жағынан, өз ойын өзінше дәл суреттей алу жағынан орыс классиктері мен Абайдың үндестігі барынша айқын танылады. Некрасовтың бейнелеуінде қыс суреті ел сүйген, жауынгер бейнесінде алынса, Абайдың әлек салғыш «Қысы» ашқарақ, араны ашылған «Кәрі құда» бейнесінде суреттеледі. Орыс халқының ұғымында халықтың мәні бар. Қатты қыс орыс шаруалары үшін игілік пен молшылықтың нышанын аңғартады. Ең алдымен қыс қатты болып, қар қалың болған жылдары егін бітік өседі, түсім де мол шығады. Екіншіден, қыс айларында орыс шаруаларының қолы босап, бой жазып тынығатын кездері. Ұлы екі ақынды қыс бейнесінің осындай екі алуан сипат алуы екі елдің тұрмыс жағдайларының өзгешеліктерінен туған. Шыныда да, мал баққан, көшпелі қазақтар үшін қыс кәрлі, жұттың жұтын жетектей келеді де, шаруаны шайқалтып, ауыр күйзеліске соқтырады. Мұны ауызша әдебиетте «қылышын сүйретіп қыс келді» деген мақалмен толықтай суреттей аламыз. Демек, басқа ақын – суреткерлер секілді Абай да табиғат көріністерін әлеуметтік өмірден бөліп алмайды, қайта оның сырларын ашатын фон ретінде енгізеді. Ол адамды да, оны қоршаған табиғатты да тұтас байланыстыра отырып, реалистік арнадан ауытқымайды. Бұл ретте В.Т.Белинскийдің «Ақын неғұрлым данышпан болған сайын табиғатқа тереңірек араласып, оны құшағына тұтас қамтып алады. Сөйтіп бізге табиғатты өмірмен барынша байланыстыра алып көрсетеді» - деген сөзін келтіре аламыз. Орыс ақындарымен қатар Абайдың сыншыл, реалистік лирикаларын аса көркем, өзгеше шыншыл еткен сипаттардың бірі осы деуге толық қақыңыз бар.
Қазақ поэзиясының өзіне дейінгі – халін басқа елдердің әлдеқашан басып өткен кезеңі деп тапқан ұлы ақынымыз реалистік пейзаждардың жақсы, озық үлгілерін қазақ әдебиетіне молынан кіргізіп отырады. Оны орыс әдебиетінің ұлы классиктері Пушкин, Лермонтов, Некрасовта кездесетін қалпында емес, қазақ әдебиетінің ұлттық ерекшелігіне қабыса кететін етіп, өз ойын өзінше дәл суреттеу арқылы асқан шеберлікпен кіргізді. Абайдың «Күз бен қыс жайындағы өлеңдерінің идеялығы, олардың реалистік стилі», - деп жазады ғалым М. С. Сильченко – «Абай көзқарасының материалистік қырларының және оның демократтық идеяларының тереңдігін көрсетеді», - деген. Абайдың орыс ұлтының шығармашыл өкілдерімен үндестік, ұқсастығының тағы бір қыры мына жайдан да анық байқалады. Абайдың халықтығы, оның реализімінің ең басты түйіні өз халқына сын көзбен қараушылық. Иісі қазақ баласының бойындағы жаман қылықты өлтіре сынаған Абай туған халқын бар жүрегімен сүйген, оның іргелі ел болуын аңсаған, көптеген өлеңдерінде өз халқының ауыр тағдыры қапастығына, қараңғылығына күйзеледі, жаны ауырады. Н .Г. Чернышевский бір жерде өзінің ұлы халқына «Жалкая нация, нация рабов» дейді. Бұған В. И. Ленин Чернышевский өзінің халқын жанындай сүйгендіктен айтып, соны жоюға бар шығармашылығын арнаған Абай ескілік мерездерді, рушылдықтың кесірлерді, өткір зілмен мінеп, жанға батыра бетке басады.
Адам деген атым бар, 
Адам қылмас халқым бар.
Өтірік пен өсекке,
Бәйге атындай аңқылдар – 
деп келетін өлең шумағына көз жүгіртсек Абай жалпы халықты емес, ел мазасын кетірген қулар мен сұмдарды уытты сынның нысанасына іледі.
Ұлы орыс халқының ең бір керемет күшті жері - өзін-өзі қатты сынай білуінде. Бұл ретте орыстың көркем классикалық әдебиеті адам айтқысыз тарихы роль атқарады. Гоголь мен Гончаров, Салтыков пен Толстой орыс халқының денесінен қаншама тікенек алды, қаншама шаңын жуды. Ұрыса отырып міней отырып, халқын аспанға көтереді. Ал олар болса туған халқын үлкен жүрегімен сүйетін адамдар еді. Абайдың да халық тәрбиесіндегі негізгі құралының бірі – халқын айтып емірену, сол елді бүлдіруші, бұзушы жандарды «улы сия, ащы тілмен» күйрете сынау. Одан халық өспесе, кемімейтінін Абай да мейілінше жақсы түйсінген.
Реалистік әдебиеттің міндеті - өмір құбылысын, заман сипатын шынайы бейнелеу. Абай тозығы кетіп қаусаған феодалдық қоғамға: «Несі өмір, несі жұрт?, Өңшең қырт, Бас қаңғырт» деп өз кесімін айтып, болашаққа зер сала қарайды. Мұнда Абайдың феодалдық қоғамынан мүлде безінумен бірге, сол қоғамның болашағы жоқтығын сезінген сыншыл реализм әдісі де анық танылады. Бұл Абай реализімінің демократияшылдығын ғана емес, сонымен бірге, оның халықшыл бағытын да әйгілей түседі, әріректе Гоголь, Гончаров, Шедрин суреттегенде орыс чиновниктерінің жаман мінезінен жирену тәсілінің Абай творчествосындағы қазақ шындығы тудырған өмір объектісі еді. Абай өзінің сыншылдық өлеңдерінде Гогольдің, Гончаровтың, С, Шедриннің, Толстойдың тамаша үлгілерімен халықтың сана – сезіміне қатты әсер етіп отырды. Гогольдің «Өлі жандары» мен «Ревизорын» оқығанда көз алдымызға кілең бір помещиктер, бірінен бірі өткен жексұрындар шыға келері анық. Шындығында да Пушкинді былай қойғанда орыс әдебиетінде әлеуметтік тіршілікті Гогольдің осы екі шығармасындай суреттеген шығарма болған емес.
Ұлы Абайдың қазақ даласындағы озбырлық пен зұлымдықты әшкерлеп сықық етуі, қазақ қоғамындағы үстем топтың іс - әрекетін саралап көрсетеді, олардың қолы бос, жұмыссыз ерігіп отырғанын сынады, қазақ кедейлерінің аянышты халіне жаны ашып, күйзелу сарыны көп ретте оны орыстың ұлы жазушысы Гогольмен жақындастырады.
Гоголь өзінің «Өлі жандарында» қолынан іс – келмейтін, майда тілді не онда, не мұнда жоқ, тоғышар, тұрақсыз Маниловты, ар – ұяттан безген ұсқынсыз Собакеевичті, сараңдық пен арамза пиғылдың иегері Плюшкин мен Коробочканы, маскүнем, құмарпаз, зорлықшыл, өтірік десе жүзі жанбайтын Ноздревті, қулық – сұмдық пен айлакерліктің символы – Чичиковты, қысқаша айтсақ, сол кездегі орыс қоғамындағы үстем тап өкілдерінің әр түрлі типтерінің барлық шындығын саралап көрсетіп, жұрт алдына жайып салған болса, ұлы ақын Абай қазақ байларының бір тобы – ауыл аралап, ас ішуден қолы тимейтіндігін, енді бір тобы – қырқын мінсе, қыр аспайтын қырт мақтанның соңында күпілдеп бос жүргенін, қысқасы «сабырсыз, арсыз, еріншектерді», домалақ арыз жазуға жаны құмарларды өсек пен өтірікті жүндей сабап, ел арасын жауықтырушылардың, орынсыз бос сөзге үйір желауыздарды құлағынан тізіп әшкерелеп, олардың ешбір тындырлы жоқ іс - әрекеттерінің шын сиқын ашып береді. Сөйтіп қазақ даласының Маниловтері мен Чичиковтерін өлтіре сынады және де бұл данышпан жазушылар өз халқын жақсы көргендіктен де біреуі россия қоғамын, біреуі қазақ қоғамын сынап өз әдебиетіндегі сыншыл реализмді дамытты. 
Абайдың болыс билерді сынап жазған өлеңдерінде Гоголь сыншылдығының әсері сайрап жатады. Патшалық чиновниктердің елге келуі дәл Городничиге «Ревизордың» келуіндей қорқынышты да үрейлі оқиға болып көрінетіні даусыз. Ояз начальнигі келгенде немесе губернатор келерде қазақ ішіндегі болыс, байларда да зәр – иман қалмайтын, не істерін білмей қатты сасатын «Күлембайға» деген өлеңінде осы жайтты:
Жай жүргенде бір күні,
Атшабар келді лүпілдеп:
«Ояз шықты, сияз бар»
«Ылау» деп «үй» деп дікілдеп,
Сасып қалды күн тығыз,
Жүрек кетті лүпілдеп – деп аса жіті байқағыштығымен шебер суреттеген. Сол секілді Салтыков Шедринде «Господа Головлевы» деген шығармасында орыс дворяндарының ол өмірдің құмарсыз, кертатпа өмірге айналғанын Идюшка мен Арина Петровналардың сипатын жасау арқылы көрсетеді. Шіріп бүлінуге арналған дворян өмірін бұлай етіп көрсетуі – сыншылдық реализм әдісінің тамаша жемісі еді. Өйткені Шедрин көрсетіп отырған сол дворяндар өмірінің айрықша бір өзгешелігі – семьялық азғындықты тудырған сол қоғамның зымиян аярлығында еді. Осылар сияқты Абай да өз заманының шаруаға қыры жоқ, «Сырын түземей, сыртын түзеген», «бар өнері – қу борбай, сымпыс шолақ», «ел жігіттерін»:
«Бір ар шөпке шапаны сондай шап – шақ,
Мүшесінен буынып басады алшақ.
Қарсы алдына жымырып келтірем деп,
Ақ тұмақтың құлағы салтақ – салтақ.
Жазды күні ақ бөркі бүктелмейді – ақ,
Қолында бір сабау бар ол дағы аппақ.
Керегеге сабайды шаншып қойып,
Бөркін іліп қарайды жалтақ – жалтақ.
Осындай сидақ жігіт елде көп – ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ», - деп жер жебіріне шен шенейді. Шаншып қойған сабауға ілінген бөркіне жалтақ – жалтақ қарап, мәз болған жігіттің «Арын сатып, ант ұрып іздегені – Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас» - екенін түсіндіре кетеді. Міне Абайдың тұрлаусыз, ынтасыз кейіпкерлері мен Гончаровтың өз шұлығын өзі киюге ерінер тоғышар Обломовтары әрқайсысы өз қоғамдарының ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, бір – бірінен аумайды. Осы тұрғыдан алғанда, Абайдың кейіпкерлері мен Гоголь, Гончаров, Шедрин кейіпкерлерінің әрқайсысының өзіне тән ұлттық психологиясы өзгеше бола тұра, сонымен бірге, бұлардың бір – біріне ұқсас келуі – қоғамдық формациялардың адамды – адам қанауға негізделуінде еді.

Сыншыл реализм өмір шындығы
Әдетте, өткен дәуірде өмір кешкен ақын – жазушылардың жазғандарын жеке талдап айта салу оңай да, шеберлікті, өзіне - өзі үлкен талап етіп қойған әдеби бағытын дұрыс тану көп еңбекті керек етеді. Бұлай дейтініміз қандай әдеби ағын болмасын, тіпті әр елдікі, халықтыкі десек те ұқсастық, ерекшелік болатындығы аңғарылады. «Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа» десек те өзгешеліктері мен бірге үндестігі болатынын білдік... Себебі қоғамы ұқсас болған елде қарама – қайшылық та, үстем топқа деген наразылық та бірдей болатыны даусыз. Біз жоғарыдағы орыс ақын – жазушылары мен Абай шығармаларын салыстыра қарағанымызда мейлі орыс, қоғамы болсын, мейлі қазақ қоғамы болсын ұқсастық барын ұқтық. Ал айырмашылығы әр ұлттың ұлттық менталиментіне ғана тірелгендей. Сыншыл реализм - өмір шындығын нақты көрсете алатын әдеби ағым болғандықтан осы ағымға қалай сілтеген ақын – жазушылардың көздеген мүдде тұрғысынан шыққаны айқын. Өйткені өмір шындығы әр елде кездесетін, әр халықтың арасынан табылатын шындық. Сол шындықты ашына айтқан сыншыл реалистік жазушылардың бұл ретте өз елінің көзін ашуды көздеген мақсаттары үшін еңбек еткені рас.  
СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (Алем адебиети.zip)?лем ?дебиетіндегі сыншыл реализм13 Kb
 
30.05.2009 12:44