Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155357

Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы

Поэзия өнер мүлкі ретінде қыр-сыры мол жан-сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуіндегі эстетикалық арсеналдары түрліше. Негізгі объект алдымен талант қырларында жатыр. Айту мәнері шабыт көзінде жатыр. Лирика – белгілі бір уақыт пен ортаның жемісі, сол орта мен уақыт перзентінің көңіл-күйі , жан тебірінісі. Оның бойындағы барша қасиет – қадірді нақты мезгіл рухы, дәуір мазмұны айқындамақ. Ендеше біздегі лирика – замандасымыздың рухани өмірінің, сезім әлемінің, ой дүниесінің көрікті сурет екені даусыз. Лирикадағы басты образ – лирикалық қаһарман. Бұл образдың түп негізі - ақынның өзі болғанмен лирикалық кейіпкер – жинақталған, дараланған, яғни толық мағынадағы әдеби бейне санатына көтерілген, ақынның ғана емес, оның замандастары атынан сөйлеу хақына ие болған тұлға, яғни ақын мен оқырман, өлең мен оқырман проблемасына белгілі дәрежеде, сол лирикалық қаһарман мен оқырман арасындағы қарым-қатынас тұрғысынан қараймыз.

Әдебиеттің негізгі құралы – тіл. Ұста металды, суретші бояуды қандай жақын білсе, ақын тілді сондай жақсы білуі керек. Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды. Өмір картинкасын, адам образын жасамайды. Тиіс – сан сөздің жиынтығы, ал сөздердің ішінде терең ой, сұлу сын, нәзік сезім, асқақ көңіл, өжет ерлік тағы басқа адам мінезіне тән ерекшеліктерді көркем суреттейді.
Ақын өзінің шығармаларында көркем образ жасауда сөзбен сурет салуды өзіне тән өзгеше мәнер, машық танытып, көрікті құралдарын өте шебер қолданады.

Мұқағали құбылтулары мен айшықтауларында қолдана – қолдана әбден жауыр болған көріктеу құралдары жоқ, ақын мен өзінше ізденіп, бейнелі сөздерді жаңарта, жаңғырта қолданады. Ақынның қиыннан қиыс тараған объектіні өмір құбылыстарын ықшамды, бейнені әрі нақты затты көрсетеді.
Қай өлеңін алып қарайық, олардың әрқайсысында троп атаулының құбылып, құлпырып, олардың жылы лебімен, терең әсері өзара өріліп, өзгеше өнеге алған, үйлесім тапқан Абай айтқандай «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақ тың суындай» айрықша гармонияға көшіп отырады. М.Мақатаев туған халқының ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерінен мол сусындаған, өзгеше өнеге алған, оның өлеңдері халықтық ұлттық сипаты да айқын, дәстүрге өз жаңалығын қосып, сөз өнерін біршама байыта білген.
М.Мақатаев поэзиясында өмір құбылыстарын көз алдына қаз – қалпында еш қоспасыз түрлі әдістерді қолдана отырып, көркем суреттейді.
Өмір құбылысын суреттеуде эпитет, теңеуді ақын өлеңдерінде өте шебер қолдана біліп, көркем шығуына септігін тигізген, өлеңдерінде өте жиі қолданған. Адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының сөз арқылы ерекшелендіріп, белгілерін анық көз алдыңа елес арқылы түрлі қозғалысқа ендіріп, адамның ой – қиялына, сезіміне әсер етіп, ақылымен бірге сенде құбылып, өзгеріп, өсіп, қуанып, қайғырып отырасың. Мысалы:
Ақ қайыңдар, тал теректер… алтын сары сырғалар,
Туған жердің кеудесінде тұнжырайды жылғалар.
Қайда кеткен жасыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?
Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылған?
/Тағы да күз/
Тәкаппар таулар жатқан жан – жағында,
Барып қайт салқын жайлау, малды айылға.
/Бұзылған үй/
Тәкаппар таулар жатқан жан-жағында, барып қайт салқын жайлау, малды ауылға.
Бұзылған үй.

Эпитетті қолданғанда ақын жай қолдана салмаған. Белгілі мақсатпен қолданады. Ақынның қолданған эпитеттері, суреттеген нәрсесіне өзінің қатынасын көрсетіп тұр. Келтірілген мысалдағы ақынның қолданылып отырған эпитеттері, олардың табиғатпен байланысын көрсетеді. «Ақ жайық», «Жасыл алқап, жасыл орман», «Жасыл маң», «Тәкаппар тау» ойланбай алына салған нәрсе емес.
Табиғатты қайта жасаушы, табиғаттың адам өмірімен тығыз байланысты жасырмас бөлігі екендігін, уақыттың өзі табиғат құбылуларымен, құбылыстарымен өлшеулі, шекті екенін көрсетіп отыр. Тәкаппар мен салқын қандылық адам мінезіне тән ерекшеліктер, ақын оны жаңаша табиғаттың ерекшелігіне суреттеу арқылы, табиғатты басқа қырынан көрсеткендей, жаңаша қырын ашқандай соны леп еседі.
Келесі өлеңдерінде:
Арым міне, сүттей аппақ алдымен көп жылап тұр,
Жаутаңдаған жанарыңда жалғыз ғана сұрақ тұр.
/Міне, тағы ашу келіп, алқымына тығылды/
Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар, сенде менің.
Қайрат құмдар – бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар – бусанып терлегенім.
/Кең дүние төсіңді аш мен келемін/
бұл үзінділердегі «жаутаңдаған жанар», «кең дүние, бұйрат құмдар, бура бұлттар» эпитет, адамға берер әсері алдыңғы өлеңдерден өзге. Өйткені, ақын мұнда алдыңғы үзіндіде адамдық арының таза екендігін дәлелдейді. Жаутаңдаған жанардан сұрақтың тұрғанын, күмән келтірудің ізі тұрғандығын эпитет арқылы әсерлі етіп көрсетті.
Кең дүние – тұрақты эпитет, ал әдебиетте бұйра сөзін жаңаша «т» дауыссызды қосу арқылы қолданған, түйенің бурасы болушы еді, бұл жерде сол бурадай, үлкен деген мағынада жаңаша мағына білдіріп, жаңа тіркес өніп тұр.
Ақын өлеңдерінде бір құбылысты, нәрсені суреттеу барысында, өзгеше белгілерін көрсетпей-ақ, оны екінші нәрсемен салыстырып суреттеуде теңеуді өте ұтымды қолданған.
Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара,
Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?
Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған
Күлкің қайда күмістей сыңғырлаған?
Жүзің неге ымырттай тұнжыраған?
/Қайран жеңгем/
Келтірілген өлеңдердің үзінділері арқылы екі нәрсенің кеңейтіп нәрсемен теңелетін нәрсенің сыртқы ұқсастығы болғандықтан теңелгені көрінеді.
Тек сыртқы жағы емес, оның түпкі қызығы ақынның көздеген мақсатымен байланысты болып тұрғандай.
Ақын бұл жерде «қанат» сөзіне – дай жұрнағын қосу арқылы теңеуді білдіріп тұр, қас кірпігін қарлығаштың қанатындай, - деп қаралығын, түсін білдіріп тұр.
«Күмістей, ымырттай» күмістің сыңғырындай ерекше үнге теңесе, күннің батуы, сәл қараңғылық басуы көңіл-күйінің болмайтынын айтып тұр.
Сонымен қатар ақын басқа да өлеңдерінде теңеудің соны түрлерін, жаңа сөз тіркестерін енгізді. Мысалы:
Бұл ғасыр – менің жүрек сағатымдай,
Тамырым бірге онымен соғатындай,
Амалсыз, абайсызда қалғып кетсем,
Ғасырым бірге ұйықтап қалатындай.
/Менің ғасырым/
Кез-келген ақын өз ғасырын, әлеуметтік жағдайын суреттесе, мұғалім өз ғасырын суреттейді, өзімен бірге тыныс алып, өмір сүруде, сырғуда, жылжуда. Ақынның жүрек сағатындай онымен бірге соғатындай, егер ақын ұйықтаса онымен бірге ұйықтап қалатындай
Ақынның келесі тек өлеңдеріндегі «Құлын-тайдай тең өскен құрбыларынан», «Жүрегім жүйкем бар тұлғам
Бір күнде сымдай тартылған»
/Жүрегім жүйкем бар тұлғам/
Өзеніне асыққан бұлақтайын,
Енесіне жүгірген лақтайын,
Жайқалайын жаныңа құрақтайын,
Енді мен де саған кеп тұрақтайын.
Асқар тауға соғылған дауылдайын,
Ақтарылған аспаннан жауындайын,
Дамылдайын, саған кеп дамылдайын,
Ауа бермей аулаққа сағымдайын.
/ Өзеніне асыққан бұлақтайын/
Алдыңғы өлеңдер – дай жұрнағы арқылы теңеу әдісін қолданса, ал, кейінгі үзінділерде ақын – тайын, дайын жұрнақтары арқылы теңеу тәсілін өте ұтымды пайдаланған.
Сол сияқты ақын өлеңнің соңында, басында, ортасында қолдансын нәзік сезімнің сырын көркем өре түседі. Ақынның зат есімнің етістіктің соңынан жалғау арқылы ашпақ ойын дәл жеткізеді. Мысалы:
«Тағыдай тауда өскен тарлан едім», «Кезбе бұлттай кей ойлар көгімдей», «Қорғасындай бір салмақ қорғасындай кетер емес денемнен», «Осындағы тағыдай, бұлттай, қорғасындай сөздері теңеу болып тұр».
Тәсілдердің қай-қайсысы болсын орнымен, өте шебер қолдана білген.
Айталық, айқындау, яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын. Мұғалім өз өлеңдерінде бұрын-соңды қолданылып, ығыр болған эпитеттерді қайталамай, өзіндік ерекшелікпен жаңа пішінді, соны мағыналы эпитеттерді қолданған, тудырған. Мысалы:
Тәкаппар таулар жатқан жан-жағында,
Барып қайт салқын жайлау, малды ауылға
/Бұзылған үй/
Арым, міне, сүттей аппақ алдыма кеп жылап тұр,
Жаутаңдаған жанарында жалғыз ғана сұрақ тұр.
/Арым, міне, сүттей аппақ/
Қап-қара түнді көрдім де,
Жап-жарық таңға кездестім.
/Қап-қара түн/
Ақ қайыңдар, тал теректер… алтын сары сырғалар,
Туған жердің кеудесінде тұнжырайды жылғалар.
Қайда кеткен жамыл алқап, жасыл орман, жасыл маң?
Қайда кеткен жақұт гүлдер паң далаға шашылған?
/Тағы да күз/
Сені аңсаймын, қайнаған ақ бастаулар,
Ақ бас таулар – самайын ақ басқандар.
Сені аңсаймын, қазіргі ақ бас шалдар,
Бұрынғы өреден құрт ап қашқандар
/Нені аңсаймын/
Қоңыраулатқан аспанды,
Найзағай шаншып өткенде.
/Есіңе мені алғайсың/
Талас жоқ бұл эпитеттер өлеңдерге тың ажар беріп тұр. Осы өлеңдердегі «Тәкаппар таулар», салқын жайлау «қандай әсерлі?, өлеңге айқын мағына бітірген, сөздегі суретті дәлдеп, ойдың ықпалын күшейткен. Біз биік тау, аласа тау немесе жасыл жайлауды білуші едік, мұндағы ақынның қолданған тіркесі өте әсерлі шыққан.
Жаутаңдаған жанар, жасыл алқап, жасыл оран, жақұт гүл, паң дала, ақ бас таулар және т.б. әрқайсысы ақынның асқақ жыры. Су жаңа нұсқалылықты эпитет көлегейлеп көрсетпей тұрған жоқ, қайта айқындап, аша түсіп тұр, тіпті әр эпитет өзі тұрған жерге не сұлу сипат, не соны сыр дарытқан. Оқырманның көз алдында терең мағына бітіріп, бір шумаққа бір құшақ мазмұн берген.
Ақындар поэзияда өз ойының әсемдігі үшін емес, әсерлілігі үшін құбылту тәсілін яғни троп түрлерін қолданады. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрама мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті керделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Әдеби тілдің құдылыстаудың, ажарлаудың алғашқы, ең қарапайым түрі.
Мұғалім өлеңдерінде суретші қолындағы бояу секілді, шіні тауып оның құбылта білген. Құбылған сөз әсерлілік үстіне адам баласының танымын байытуға, сөз әсерлілік үстіне адам баласының танымын байыта түсіп, оны түрлеңдеп құбылту арқылы тіршіліктің сан-алуан сырын тануға септігін тигізеді.
Құдылтудың түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтудың бірі – ауыстыру, яғни метафора. Ақын өлеңдерінің мәні өңдерінде өзгертіп айтып суреттеп отырған затты не құбылысты айқындап, ажарлы, көрікті, әсерлі шығу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа былай отырып, суреттеп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдету арқылы әсерін күшейте қолданған.
Мақатаев поэзиясы атан түйенінің жүйесі көтерген бір ғана тақырып төңірегіне тоқтасқан. Ол адам мен заман, туған халқының тағдыры мен тарихы зерделей зерттеп, тереңнен толғап жазуға өлеңін де өзін де қатар бағыштаған ақиық ақынның туған халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтау жолында өз жыр күмбезін - өмірлік ескерткішін өз қолынан орнатып кеткен ұлы перзентіміз, ұлы ақынымыз екені уақыт сынынан өткен тарихи шындық. Халқының бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен боздақтардың кесек тұлғалы образдарын өрнектей отырып, ақын Райымбек сынды халық барының ел алдындағы азаматтық борышын адал арындауының ұлтымыз үшін қаншалықты мәртебе екенін еске салады. Сөйтіп, ерлік дастанында елдің нағыз халықтың мақтанышы марапатталып, оның жас ұрпақтың өмірінде жалғасын табуын діттеген арман – тілегін айдай әлемге айғақтап тұр. Бір сөзбен тұжырымдар болсақ, аталмыш поэма – дәуірлік шығарма. Мақатаев жоңғар шапқыншылығы жөніндегі шығармасында қазақ қауымын осы тарихи шайқас – қилы кезеңнің жаңа қырын ашты.
Мұқағали Мақатаев – қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны.
Туған халқының арман – мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанның жыршысы болған ақиық ақынның екінші өмір мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр.
Өлмес өнері - өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы шындық. Енді ел-жұрты ақынның алдындағы борышын өтеуде.
Қазақ халқының бір ғана Абай болса, Мұқағалиы да жалғыз. Сол шындықты шын жүректен түсінсек қана тарлан талан, жыр жампозы Мұқағалиды ұлттық мақтанышымыз екенін мойындаймыз.


Қолданылатын әдебиеттер:

1. Шыққан «Мұқағали» атты естеліктер кітабы жайлы /Ег.Қаз. 1996-9 ақпан/
2. Қаулынбайұлы Т. «Болашаққа аттанған жырлар» /М.М. өлеңдеріндегі имандылық иірімдері/ Қазақ елі – 1998-6 наурыз
3. М.Мақатаев «Әйелдер-ай» өлең Қаз мұғалімі 1998-2 наурыз
4. М.Мақатаев «Әйелдер-ай» өлең Қазақ елі 1998-6 наурыз
5. М.Мақатаев «Ажал алдында тұрғандаймын» Ақиық ақын Мақатаевтың 1874 жылы ҚКОП Оп.Ком 1 – хатшысы Д.А.Қонаевқа жазған хаты. Егемен Қазақстан 1998 -30 қаңтар, 1795, 1931 – 37
6. М.Мақатаев «Кешірген қала» Жас Алаш 1998-10 ақпан
7. Асылбекова А. «Өмір дегенің – бір күндік сәуле екен ғой және Мұқағалиды еске түсіру» Егемен Қазақстан, 1998-7 ақпан
8. Сүгіров С. «Хан тәңірдей асқақ туған піріміз немесе ақын рухымен сырласу» Алматы ақшамы, 1998-4 ақпан

 
13.05.2011 21:54